Жүрек пен қан тамыр жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2013 в 07:23, реферат

Описание работы

Бронхылық демікпе (БД) – тыныс алу жолдарының созылмалы қабыну ауруы, жасушалар (тоқ жасушалар, эозинофильдер, Т- лимфоциттер) мен аллергия және қабыну медиаторларының қатысуымен, бейімділігі бар адамдарда гиперрективтілік пен бронхтардың өзгермелі обструкциясымен қоса жүреді, және ентігу ұстамасымен, жөтел, сырылдардың пайда болуымен немесе жиі түнде және таңертең ерте тыныс алудың қиындауымен көрініс береді.

Содержание работы

Анықтамасы, эпидемиологиясы
Этиологиясы, патогенезі
Жіктелуі, клиникасы
Диагностикасы. Пикфлоуметрияның маңызы
Асқынулары
Ем, небулайзерлі терапия
Алдын - алуы. «Астма - мектебінің» ролі
Болжамы

Файлы: 1 файл

Мик.docx

— 33.05 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 
 
 
 
Жоспары: 

  1. Анықтамасы, эпидемиологиясы
  2. Этиологиясы, патогенезі
  3. Жіктелуі, клиникасы
  4. Диагностикасы. Пикфлоуметрияның маңызы
  5. Асқынулары
  6. Ем, небулайзерлі терапия
  7. Алдын - алуы. «Астма - мектебінің» ролі
  8. Болжамы

 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бронхылық демікпе (БД) – тыныс алу жолдарының созылмалы қабыну ауруы, жасушалар (тоқ жасушалар, эозинофильдер, Т- лимфоциттер) мен аллергия және қабыну медиаторларының қатысуымен, бейімділігі бар адамдарда гиперрективтілік пен бронхтардың өзгермелі обструкциясымен қоса жүреді, және ентігу ұстамасымен, жөтел, сырылдардың пайда болуымен немесе жиі түнде және таңертең ерте тыныс алудың қиындауымен көрініс береді. 
Бұл анықтама жүрек, өкпе және қан Ұлттық институты мен БҰҰ “Бронхылық демікпе” туралы біріккен баяндамасындағы негізге сәйкес келеді. Глобальді стратегия (1993). 
Қазіргі көзқарастар бойынша БД негізінде бронхтардағы созылмалы қабыну процессі жатыр, бронхтар обструкциясының 4 компонентімен (түрімен) байланысқан:

*Жедел обструкция – бронхтардың тегіс бұлшық еттерінің спазмамен байланысты.

  • Жеделдеу обструкция – бронхтардың шырышты қабықтарының ісінуі нәтижесіндегі.
  • Созылмалы обструкция – бронхтардың бітелуі, көбінесе терминалды бөлімдерінің тұтқыр секретпен бітелуі.
  • Қайтымсыз (склерозды) – аурудың ұзақ және ауыр ағымындағы бронх қабырғасында склерозды дамуы нәтижесінде.

Эпидемиологиясы.Соңғы жылдардағы эпидемиологиялық зерттеулерге сүйенсек, жер шары тұрғындарының 4-10% әртүрлі  дәрежедегі БД зардап шегеді.

Этиологиясы. 
Бейімдеуші факторлар: 
Қазіргі кезде БД дамуына бейімдеуші факторлардың негізгілері деп санайды: 

  • Тұқымқуалаушылық
  • Атопия
  • Бронхтардың гиперреактивтілігі

Тұқымқуалаушылық: БД тұқымқуалаушылығы46,3% науқастарда кездеседі (П.К. Булатов, Г.Б. Федосеев, 1975). Л.Г. Чугалин мәліметтері бойынша (1985), егер ата-анасының біреуі БД ауырса, баланың БД ауыру мүмкіндігі 20-30% құрайды, егер ата-анасы екеуі де ауырса, онда ол 75% жетеді. Жалпы алғанда, балада БД дамуының қаупі, егер ата-анасында атопия белгілері болса, 2-3 есе жоғары, ана-анасында бұл белгілері жоқ балаларға қарағанда. 
 
Қазіргі кезде БД бейімділіктің компенді тұқымқуалаушылық түрі жобалануда. БД бейімділіктің генетикалық маркерлері болып белгілі бір НLА – антигендері саналады. 
БД науқастарда сау адамдармен салыстырғанда В13, В21, В35, және ДRантигендері жиірек кездеседі. БД науқастарда А2, В7, В8, В12, В27, ДRантигендерінің де жиі болуы туралы мәліметтер бар. Бұл ентігулердің болуы БД дамуының қаупін айтарлықтай БД дамуында «қорғаныш» антигендері болып саналады. 
Атопия: Атопия – сыртқы орта аллергендерінің әсеріне жауап ретінде организмнің көп мөлшерде антиденелерді өндіру қабілеті. Бұл кезде науқастардың қанда ІдЕ деңгейі жоғары, аллергенмен тері сынамалары оң болады, анамнезінде әртүрлі аллергия көріністері болады. Атопия БД науқастарды және олардың туыстарында өте жиі кездеседі. ІдЕ синтездеу қабілеті генетикалық бақылауда болады және тұқым қуалаушылықпен тасымалданады. 
Бронхтардың гиперреактивтілігі: Бронхтардың гиперреактивтілігі – тітіркену әсеріне бронхтардың жоғары реакциясы, бұл кезде бронзоспазманың дамуы мүмкін. Осы әсерлер көптеген сау адамдарда бронхоспастикалық реакция тудырмайды. Бронхтардың гиперреактивтілікке қабілетінің де тұқым қуалаушылықпен берілетілі дәлелденген.

Демікпемен ауыратын адамда тұншығу ұстамасы жиі болады. Дем алысында, сыртқа дем шығарғанда, шуыл немесе сырыл болады. Ішке қарай дем тартқанда бұғана және қабырға арасындағы тері ауаны қиналып тартқаннан ішке қарай сорылып, жабысады. Егер науқасқа ауа жетіспесе, оның тырнақтары мен еріні көгереді, мойын тамырлары білеуленіп тұрады. Әдетте ыстығы көтерілмейді.

Демікпе көбіне бала кезден басталып, өмір бойы қол үзбей қояды. Ол жұқпалы емес, бірақ ата-анасы демікпемен ауыратын балаларда бұл ауру жиі кездеседі. Демікпеге тән нәрсе жылдың белгілі бір айында немесе түнінде өршиді. Ауру ұзаққа созылса, ол [[өкпе эмфиземасы|өкпеэмфиземасына]] ұласады.

Демікпе ұстамасы аллергиялық реакциялардың салдарынан да болуы мүмкін. Балаларда демікпе әдетте салқын тиюден басталады. Кейбір жағдайларда, көңіл-күйдің бұзылуынан да немесе мазасыз жағдайлардан да демікпе ұстамасы болуы мүмкін.

Демікпе алдында — тыныстың демікпесі болып өткен организмдегі хал-жай, күшті жөтел ұстайды: көбінесе тыныс жолдарының қабынып, қызарып ауруы түрінде немесе ұзаққа созылған өкпенің қабынуы түрінде, мұрынныңаллергиялық ауруы немесе мұрын ауруының қалыптан тыс ауытқуы түрінде дамиды.  Демікпелік күй — кәдуілгі демікпеге қарсы препараттармен тәулік бойына басылмайтын бронх демікпeсінің созылыңқы ұстамасы.

 

Бронхтық инфекциялық  емес аллергиялық демікпе — инфекциялық емeс аллергендер туғызады.

Емдеу жолдары


  • Егер демікпе үйде өршитін болса, онда науқас сыртқа, ауасы таза жерге шығуы керек; өзіңіз сабырлы болыңыз, науқасқа майда сөйлеп, жігер беріңіз.
  • Сұйықты барынша көп беріңіз. Ол шырышты сілекейді босатып, тынысты кеңейтеді. Бу ингаляциясын жасаудың да көмегі бар.
  • Ұстама жеңіл болса, эфедрин, теофиллин немесе сольбутамол беріңіз.
  • Ауыр жағдайларда эфедрин немесе теофиллинді қосып, сольбутамол беріңіз.
  • Науқастың жағдайы тым ауыр болса, эфинефрин (адреналин) айдаңыз.
  • Температура көтерілген жағдайда немесе ұстама 3 күннен астамға созылса, тетрациклин немесе эритромицин капсулдарын беріңіз.
  • Демікпенің аскаридадан болуы өте сирек жағдайда ғана. Егер сізде жас балада аска-рида болуы мүмкін-ау деген күдік болса, онда оған пилеразин беріп көріңіз.
  • Егер сонда да науқастың беті бері қарамаса, онда дәрігерге барыңыз.

Алдын алу


Демікпемен ауыратындар  өзінде тұншығу ұстамасын туғызатын  заттардан аулақ болуға тиіс. Демікпемен ауыратын адамдардың үйі мен жұмыс орны таза болуы керек. құсты немесе басқа да аңдарды үйде үстауға болмайды. Желдетіп алу үшін науқастың керуетін терезе алдына қою керек Кейде ашық ауада ұйықтау да жақсы. Сілекейді босату үшін күніне кем дегенде 8 стақан су ішіңіз. Демікпемен ауыратын адамға ауасы таза жерге қоныс аударғаны жөн. Егер сіз демікпе болсаңыз, темекі шекпеңіз. Темекі шегу сіздің өкпеңізді одан сайын бұзады.

Экзогенді этиологиялық факторлар. Тұрмыстық аллергендер: тұрмыстық аллергендер ішінде негізгі болып үй шаңы саналады; эпидермальді: эпидермис, қайызғақ, жануарлар жүні (ит, мысық, жылқы, шошқа, қоян, лабораториялық жануарлар), құстардың және адам шаштары мен эпидермис аллергендері жатады, инсекті: жәндіктердің аллергендері жатады (бал арасы, ара, маса, шіркей, тарақан және т.б), тозаңды: көптеген өсімдіктердің тозаңдары аллергия тудырушы қасиетке ие және аллергоздарды шақырады – полиеноздар (аллергиялық ринит, коньюктивит, БД). Олардың антигендік қасиеттері құрамындағы ақуыздармен байланысты. Полиеноздар өсімдіктердің 200 түрлерімен шақырылуы мүмкін, тозаңның өлшемі 30 мкм. дейін және тыныс жолдарына терең еніп, бронхылық демікпені шақырады, саңырауқұлақты: БД науқастардың 70-75% саңырауқұлақтарға аллергиясы анықталады (Г.Б. Федосеев және соавт., 1996). Жиі аллергендер болып Реnісіllium, Aspergillus, Mucor, Candida туыстығының саңырауқұлақтары табылады, тағамдық: бронхылық демікпемен ересектердің 1-4%-де тағамдық аллергендер себеп болады. Жиі тағамдық аллерген болып табылатындар: сүт, тауық жұмыртқасы, бидай ұны (40 антиген бар), балық, ет, дәрілік:антигендер БД науқастардың 10%асқынулар мен ағымының нашарлауының себебі болуы мүмкін (Нunt, 1992). Дәрілік заттар БД тікелей себебі де болуы мүмкін, кәсіби: Bardana (1992), Brooks (1993) мәліметтері бойынша науқастардың 2-15% БД себебі болып өндірістік факторлар табылады. Қазіргі кезде кәсіби (өндірістік) БД дамуын шақыратын 200-ге жуық заттар белгілі. 
Эндогенді этиологиялық факторлар: Эндогенді факторлар аллерген болмайды және аллергия емес БД дамуын шақырады. 
Эндогенді факторларға келесілерді жатқызуға болады: 

  • Аспирин әсерінен арахидон қышқылының метоболизмінің нашарлауы.
  • Физикалық күш әсеріне, бронхтардың гиперреактивтілігі (физикалық күш астмасы дамиды).Нервті – психикалық факторлар - өте сирек кездесетін нервті – психикалық варинтабронхылық демікпенің себебі болуы мүмкін. Дисгормональді бұзылыстар – бүйрек үсті безінің глюкокартикоидты функциясының жеткіліксіздігі мен аналық безінің дисфункциясымен байланысты. БД арнайы түрлерінің дамуында негізгі роль атқарады. 
    Бронхылық демікпенің даму себебі болатын факторлар респираторлы инфекциялар, ауалы поллютанттар, темекі шегушілік пен пассивті шегушілік. 
    Патогенезі: Жоғарыда айтылғандай, қазіргі кездегі көзқарастар бойынша бронхылық демікпенің морфологиялық негізі болып бронхтардың қабырғасының созылмалы қабынуы мен бронхтардың шырышты қабаттарында белсенген эозинофильдердің, тоқ жасушалардың, Т-лимфоциттердің санының көбеюі базальді мембрананың қалыңдауы мен субэпитемиальді фиброз дамуы саналады. Осы қабынулық өзгерістер нәтижесінде бронхылық гиперреактивтілігі мен бронхобструктивті синдром дамиды. 
    Жіктелуі: БД қазіргі кездегі жіктелуі, бір жағынан этиологиясы бойынша, екінші жағынан ауырлық дәрежесі бойынша қарастырылады. 
    Алдын-алу: БД біріншілік алдын-алу тұқым қуалаушылығы немесе атопиясы бар адамдарға, бронхтардың гиперреактивтілігімен көрініс беретін, аллергендерден аулақ болу, дәрілік заттарды қолдануды минимумға дейін төмендету, кәсіби зияндылықтары бар өндірістерде жұмыс істемеу, инфекцияларды болдырмау, ауалы поллютанттармен қатынасты төмендету, темекі мен пассивті шегуді болдырмау. 
    БД екіншілік алдын-алу бронхылық демікпенің сәйкес ауырлық көріністерін ұзақ сатылы терапия жүргізу. Бұл үшін науқастарды ауру ағымын өзіндік бақылауға және сәйкес терапияны өткізуді бақылауға үйрету үлкен мағынаға ие. Бұл мақсатта «астма мектептері» бар, онда дәрігер науқасты пикфлуометрді қолдануды үйретеді, аурудың ауырлығымен қажетті емді анықтау үшін. Егер науқас демікпе симптомдары жеткілікті дәрежеде бақылай алса, егер ол дәрілерді дұрыс қолданса, дәрігер кеңесін орындап отырса, асқынуды шақыратын аллергендер мен басқа да факторлармен қатынасты болдырмаса, ол жағдайда бронхлық демікпенің ағымын бақылауға, біртіндеп оның жеңілдеу сатыға ауыстыруға болады, бұның бәрі науқастың өмірінің сапасын, жұмысқа қабілеттілігін, жоғарғы белсенділігін сақтауға жәнеде науқастық өмірін ұзартуға септігін тигізеді.  
    Демікпенің статустың емі 
     
    1. глюкокортикоидтық ем  
    І сатыдан преднизолон вена ішінен 60-90 мг әр 2-3 сағат сайын, қосымша 15-20 мг ішкізіледі; 
    ІІ сатыда преднезолон 90-120 мг вене ішіне әр 1-1,5 сағат сайын және 15-20 мг ішкізеді. Жеңілдік болмаса- глюкокортикойдтың дозасын көбейтіп гедропортизонды 125-250 мг әр 6 сағат сайын енгізеді. 
    ІІІ сатыда преднизолон 120-150 мг әр сағат сайын, гидрокортизон 125-250 мг 4 сағат сайын енгізіледі.  
    2. Метилксентиндер. Эуфиллин 6 мг/кг бастап (2,4% ертіндісін, шамамен 15 мл өте жай, 10-15минут көлемінде вена ішіне енгізеді), әрі қарай сағатына 1 мг/кг есебімен, жағдайы жақсарғанша салады (1 сағатта 2,5 мл). Егер науқас бұрын ұзақ әсерлі теофиллинді қолданған немесе егде жаста болса, эуфиллинді аздау дозада енгізіледі.  
    Қақырықтың түсуін жеңілдету үшін 2-2,5л, одан да артық гидратация жүргізіледі. Гидратация жүргізгенде диурез сағатына 80 мл аз болып мойын веналары ісінсе және оң қарынша шамасыздығы, өкпенің ісінуі басталса- диуретиктер салынады. Қақырық түсуін жеңілдету үшін және ацидозбен күресу мақсатымен (қанның рН 7,2 төмендей бастаса) 4% натрий бикарбонаты 200 мл№ ерітіндісін тамшылатып енгізеді. Қақырықты сүйылтатын дәрмектер (амброксол вена ішіне 1 мл күніне 3 рет, ацитилцистеин 0,5-1 мл тәулікке 3 рет) салынады, массаж жасалады. Артериялық қысым жоғарыласа- клофелин 1 таб. Тілдің астына, коринфар, дроперидол қолданылады, ол десенсибилизациялау, қабынуға қарсы әсер ететеді және дегидрация күйінде тромбоэмболиялық асқынулардың алдын алады.  
    Бактериялық инфекциядан күдіктенгенде антибиотиктер тағайындалады, бірақ астмалық статуста немесе оның даму қаупінде гентамицинді қолданбайды, өйткені ол нерв-бұлшықеттік байланысты бұзады.  
    Обструкциямен күресу үшін иптратропиум бромидінің ингаляциясын (антихолинэнергиялық дәрмек) күніне 4 рет жасайды және сонымен бір уақытта сальбутомолды вена ішіне 2,5 мкг/кг дозада немесе тербуталин 5-10 мкг/кг әр 4-6 сағат сайын тері астына салады. Тыныс шамасыздығы ауырлай түссе, онда әр 15 минут сайын адреналинді 0,10 мг/кг тері астына салады немесе 0,05-0,1 мкг/кг/мин вена ішіне баяу тамшылатады. Ем әсер етпей, тыныс шамасыздығы күшейіп РаО2<60 мм сын. бағ., Ра СО>70 мм сын. бағ. болса, онда интубация жасап, науқасты өкпенің жасанды вентиляциясына көшіреді, бронхтардың лаважын жасайды.  
     
     

 

Әдебиеттер:   
 
 

  1. Б.Н. Аитбембет Ішкі аурулардың пропедевтикасы оқу құралы «Кітап» Алматы.. 2005ж
  2. Қаражанова Л.К. Ішкі аурулар семиотикасы негіздері, Семей. 2007.
  3. Жаманқұлов Қ. А. Ішкі аурулар. Алматы, 2007.
  4. Қаражанова Л.К., Мусина А.А., Карибаев Қ.Р. Дәнекер тіннің диффузды аурулары. Семей, 2000. 
  5. Б.С. Калимұрзина Ішкі аурулар І, ІІ том Асем истем 2005
  6. Пропедевтика внутренний болезней, под редакции Василенко, А.Л. Требенева М:. 
  7. Н.А.Мухин. В.С. Моисеев Пропедевтика внутренний болезней, Москва 20

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ          УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

                       СӨЖ

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Бронх астмасы.

 

 

 

 

 

                                                                                            Орындаған:

                                                                                                        Тексерген:  


Информация о работе Жүрек пен қан тамыр жүйесі