Журек аурулары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2013 в 14:28, реферат

Описание работы

Жүрек аурулары, әр түрлі аурулардың асқынуынан немесе жүрек және қантамыр жүйесі қызметі бұзылуы мен зақымдануынан пайда болатын аурулар. Жүрек ауруларының жиі кездесетін түрлері: ревматизм, гипертония, жүрек ақауы, жүрек демікпесі, жүрек және қан тамыр неврозы, миокард инфарктысы, гипотония, т.б. Жүрек ақауы – жүрек қарыншалары мен жүрекшелерінің арасындағы қан өтетін саңылау тарылып, жүрек қызметінің бұзылуы. Мұның туа және жүре пайда болатын түрлері бар. Туа пайда болған жүрек ақауы көбіне ұрықтың дамуы кезінде, жүректің қалыпты жетілмеуінен болады. Жүре пайда болатын жүрек ақауы, негізінен, баспа, мерез, т.б. аурулардың асқынуынан болады. Бұл жағдайда жүректің ішкі қабаты қабынып, қақпақшалар беріштеніп, кішірейіп, жүрекше арасындағы саңылауды толық жаба алмайды.

Содержание работы

Жүрек аурулары
НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
А) Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі
Б) Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі
В) Қанайналым жүйесінің патофизиологиясы
ҚОРТЫНДЫ БӨЛІМ:
Миокард инфаркты

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word (2).docx

— 34.53 Кб (Скачать файл)

ЖОСПАРЫ

 КІРІСПЕ БӨЛІМ: 
         

        Жүрек аурулары

НЕГІЗГІ БӨЛІМ:

     А)   Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі

     Б)   Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі

     В)   Қанайналым жүйесінің патофизиологиясы 

ҚОРТЫНДЫ БӨЛІМ:

         Миокард инфаркты

 
          

КІРІСПЕ бөлім...

Жүрек аурулары

 

Жүрек аурулары, әр түрлі аурулардың асқынуынан немесе жүрек және қантамыр жүйесі қызметі бұзылуы мен зақымдануынан пайда болатын аурулар. Жүрек ауруларының жиі кездесетін түрлері: ревматизм, гипертония, жүрек ақауы, жүрек демікпесі, жүрек және қан тамыр неврозы, миокард инфарктысы, гипотония, т.б. Жүрек ақауы – жүрек қарыншалары мен жүрекшелерінің арасындағы қан өтетін саңылау тарылып, жүрек қызметінің бұзылуы. Мұның туа және жүре пайда болатын түрлері бар. Туа пайда болған жүрек ақауы көбіне ұрықтың дамуы кезінде, жүректің қалыпты жетілмеуінен болады. Жүре пайда болатын жүрек ақауы, негізінен, баспа, мерез, т.б. аурулардың асқынуынан болады. Бұл жағдайда жүректің ішкі қабаты қабынып, қақпақшалар беріштеніп, кішірейіп, жүрекше арасындағы саңылауды толық жаба алмайды. Сондықтан қарынша жиырылғанда қан жүрекшеге қайта құйылып, оны кернеп әлсіретеді. Қан айналысы бұзылып, жүрек қызметі нашарлайды. Адам алғашқы кезде ауруын сезбейді. Ауру асқынған кезде науқас ентігеді, жүрегі қағып, шаншып, қан айналысы төмендейді, қол-аяғы ісінеді. Жүрек және қан тамыр неврозы – жүрек және қантамыр жүйесі қызметінің бұзылуы мен зақымдануы. Бұлар үш топқа бөлінеді. Бірінші тобы – жалпы невроз (неврастения, истерия, т.б.). Бұл кезде жүректің соғуы бұзылады. Клиникалық белгісі: адамның беті қызарады, сұрланады, басы ауырады. Екінші тобы – гипертония, гипотония аурулары. Бұл аурулар мидың жүрек пен қан тамырының жұмысын реттейтін жүйке орталығы қызметінің бұзылуынан, сондай-ақ, ми қыртысының ауруға шалдығуынан пайда болады. Үшінші тобына вегетативтік жүйке жүйесін зақымдап, кейін ми қыртысына таралатын жүйке аурулары жатады. Ауру көбіне адамның жеке органдарында дамып, кейін жұлын және симпатикалық жүйке жүйесінің басты бөлімдеріне таралады. Бұған Меньер, Рейно аурулары, Вольфра – Паркинсон – Уайт синдромы, бас сақинасы, стенокардия, жүрек аритмиясы, жүрек тосқауылдары, т.б. жатады. Бұлардан басқа да Жүрек Аурулары бар. Мысалы, Жүрек демікпесі; қ. Демікпе. [1] Жүрек пен қантамырлар жүйесінің аурулары әр түрлі жағдайларға байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

                            НЕГІЗГІ бөлім...

            

             ЖҮРЕК ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ 
 
    Жүрек кызметінің жеткіліксіздігі жүректің өзінің аурулары кезінде дамиды. Жүрек бір соққанында 60—75 мл қан шығарса, бір минөтте 4,5—5 л, бір тәулікте 7200 л, бір жылда — 263 тонна қан айдайды. Бұл көрсетілгендер қалыпты жағдайда болса, ал ауыр қол жұмысын жасағанда немесе спортпен шұғылданғанда бұлардың барлығы 3—4 еседен астам көбейеді.  
 
Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі мына патогенездік жолдармен дамуы мүмкін:

  1. Шамадан тыс артық қызмет атқарудан, жүректің зорығуынан;
  2. Миокардтың бірінші бүліністерінен;
  3. Перикард қызметінің бұзылыстарынан;
  4. Жүрек ырғағының ауыр бұзылыстарынан;
  5. Осы көрсетілгендердін біріккен бұзхылыстарынан.

 
    Миокардтаарнайы зат алмасу және құрылымдық өзгерістер пайда болып жүректің массасы мен жұмыс атқару қабілеті көтеріледі. Миокардтың гипертрофиясы дамиды. 
 
    Жүректің икемделістік (компенсациялық) қызметі көтерілуі кезінде миокардтағы зат алмасу, құрылымдық және функциялық өзгерістер үш сатыда өтеді (Ф.З.Меерсон): 
 
    1.Апаттық саты жүрек қызметінің жоғарылауынан кейін тікелей дамиды. Бұл сатыда ет массаларының мөлшеріне атқаратын жұмыс көлемінің ұлғаюына байланысты РНК мен нәруыздың түзілуі артады. Бұл мына тізбек бойынша жүреді. Жүрек қызметінің қарқыны артуы – АДФ/АТФ арақатынасы көтерілуі – митохонрияларда АТФ молкуласы түзілуінің артуы – кардиомиоциттердің гендік құрылымдарының әсерленуі – РНК мен нәруыздар түзілуінің көбеюі. 
 
Сонымен кардиомиоциттерде РНК мен нәруыздар түзілуінің артуы жүректің гипертрофиясына әкеледі. 
 
   2. Қалыптасқан гипертрофия және салыстырмалы тұрақты гиперфункция сатысы дамиды. Бұл сатыда миокардтың массасы 1-2 есе үлкейеді, оның метаболизмінде, құрылымында және гемодинамикасында пайда болған өзгерістер, оттегін пайдалану, энергия түзу қалыпты деңгейге жақындайды және жаңа жұмыс жағдайына бейімделіп, ұзақ мерзімде әдеттегі жағдайда ұсталып тұрады. Спортшыларда бұндай өзгерген жүрек бірнеше есе үлкен жұмыс атқара алады. 
 
 
    3. Біртіндеп әлсіреу және үдемелі кардиосклероз сатысы. Бұл сатыда эат алмасудың және миокард құрылымының терең өзгерістері пайда болады. Ет талшықтарының біршамасы тіршілігін жоғалтады, олардың орнына дәнекер тін өседі. Жүректің реттелу құралы бұзылады. Компенсациялық мүмкіншіліктері үдемелі әлсірейді, созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігіне әкеледі, ары қарай жалпы қанайналымының жеткіліксіздігі дамиды..Созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігі кезінде қанның минуттық көлемі азаю мүмкін.Кейде бұл көрсеткіш жүректің жиі жиырылуымен теңгеріліп тұруы ықтимал.Созылмалы жүрен қызметінің жеткіліксіздігі артериялдық қан қысымының төмендеүіне әкелүі мүмкін.  

 

 

               ҚАНАЙНАЛЫМ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ 
 
 
Қанайналымның жеткіліксіздігі деп белгілі бір жүктемелерден кейін немесе тіпті тыныштық жағдайлардың өзінде ағзалар мен тіндердің мұқтаждығына сәйкес айналымдағы қанның тиісті мөлшерімен қамтамасыз етілмеуіне әкелетін жағдайды айтады. Осының нәтижесінде ағзалар мен тіндер оттегімен, қоректік заттармен қамтамасыз етілмейді және олардан зат алмасудың соңғы өнімдері сыртқа шығарылмайды. 
 
 
       Қанайналым жеткіліксіздігінің түрлері. 
 
Қанайналым жеткіліксіздігі мына түрлерде байқалуы мүмкін:

  1. Айналымдағы қанның көлемі қатты азаюынан дамитын гиповолемиялық қанайналым жеткіліксіздігі:

 

  1. Жүректің өзінің қызметі бұзылудан немесе жүрек әлсіздігінен дамитын жүрек қызметінің жеткіліксіздігі;

3.  Қан тамырлары қызметінің бұзылуынан, тамыр қызметі жеткіліксіздігі; 

4.  Жүрек-қан тамырлары қызметтерінің біріккен жеткіліксіздігі.

 
    Қанайналым жеткіліксіздігі: қауырт (тез дамитын) және созылмалы (баяу дамитын) болып екіге бөлінеді. 
 
    Қауырт қанайналым жеткіліксіздігі тез дамитын жүрек аурулары, қан тамырлары қызметтерінің жеткіліксіздігі кездерінде немесе олардың біріккен жеткіліксіздігінде дамиды. Қауырт миокардтың инфаркты, ауыр жүрек аритмиялары, кардиогендік шок, коллапс, жүрек демікпесі немесе өкпенің ісінуі қанайналым жеткіліксіздігін дамытып, адамның тез жан тапсыруына әкелуі мүмкін. 
 
 
 
Қанайналым жеткіліксіздігінің клиникалық көріністері. 
 
 
    Қанаішалым жеткіліксіздігіне бірқатар тұлғалық (субъективтік) әйгіленімдер мен дәлелімді (объективтік) әйгіленістер тән. Тұлғалық әйгіленімдерге әлсіздік, тез шаршау, ауа жетіспеуі т.с.с. жатса, дәлелімді әйгіленістерге алқыну, цианоз, тахикардия, ісіну ж.б. жатады. 
 
   Алқыну — қанайналым жеткіліксіздігінен ағзалар мен тіндерде оттегі азайып, көмірқышқыл газы көбейіп мидағы тыныс алу орталығын қоздырады. 
 
Цианоз — қанайналым жеткіліксіздігінен тамырларда қанның ағу жылдамдығы баяулап, қанда тотықсызданған гемоглобиннің артық жиналып қалуынан дамиды. Сол себептен саусақ ұштарында, мұрында, бетте, еріндерде көгілдір түс пайда болады. Бұны акроцианоз дейді. 
 
Тахикардия — қанайналым жеткіліксіздігінен қуыс көктамырларда және оң жүрекше қуысында қан іркіліп, жиналып қалады. Осыдан симпатикалық нерв жүйесінің қозымдылығы ұлғаяды, тамырлардың қимылдық орталығы қозады. Бұл кезде тамырлардың ішінде қанның ағу жылдамдығы ұлғаяды, ағзалар мен тіндерге оның тасымалдануы жақсарады. 
 
Ісіну немесе организмде сұйық пен натрий иондарының жиналып қалуы ҚЖ тән белгілерінің бірі. Алғашқы ҚЖ сатыларында жасырын ісіну болады, өйткені денеде 5 л-ге дейін сұйықтың жиналуы жәй көзге байқалмауы мүмкін. Төсек тартып жатқан аурулардың астыңғы жақтарында, артынан бүкіл денеде тері асты торшаларын қамтитын ісінулер (анасарка) пайда болады. Сонымен қатар сұйықтар организмнің сероздық қуыстарында жиналады (гидроторакс, гидроперикардиум, іш шемені). Ісінудің нәтижесінде артынан бауыр циррозы дамиды. 
      

                           ҚОРЫТЫНДЫ бөлім... 
             

                 Миокард инфаркты. 
 
 
      Коронарлық қанайналымның жеткіліксіздігінен жүрек етінде ишемиялық некроз пайда болуын миокардтың инфаркты дейді. Оның негізгі пайда болу себебі болып көпшілік жағдайларда (90%-ға жуығы) тромбозбен ушыққан коронарлық артериялардың атеросклерозы есептелінеді. Кейде миокардтың инфаркты коронарлық артериялардың спазмы нәтижесінде, кейде олардың тромбылардан үзілген эмболмен бітелуінен дамуы мүмкін. 
 
      Адамда миокардтың инфаркты дамуына қолайлы жағдай болып тұқым қуалаушылыққа бейімділік, артериялық гипертензия, семіру, қантты диабет және аз қозғалыспен атқарылатын ой жұмысы, темекі шегу ж. б. есептеледі. 
 
Миокардтың инфаркты дамуының келесі патогенездік түрлері болуы мүмкін:

 
     1.  Коронарлық қанайналымының 3/4-тен астамын төмендететін тамырдың тарылуы.

  1. Тыныштық жағдайда байқалмайтын, бірақ азғантай физикалық немесе жан-дүниелік (психикалық) күш-қуат жұмсағанда жүрек етінің ишемиясына әкелетін коронарлық артериялардың шамалы тарылуы (стеноз).

 

  1. Тым артық күш-қуат жұмсағанда немесе жан-дүниелік күйзеілістер кездерінде коронарлық артерияларда атеросклероздық өзгерістер болмай-ақ, қанның жүрекке ағып келу мүмкіншілігі мен миокардтың оттегіге мұқтаждығы арасында сәйкессіздік пайда болып, жүрек етін бүліндіруі мүмкін. Оның негізінде коронарлық артериялардың қатты жиырылуы (спазмы) болуы ықтимал.

 
    Миокардтағы некроз ошағы жалпы жүрек қызметіне қолайсыз әсер етеді, жүректің ырғағы бұзылады, оның насостық қызметі төмендейді. Бұл бұзылыстардың дәрежесі мен түрлері инфарктың мөлшеріне және орналасқан жеріне байланысты. 
 
    Миокард инфаркты трансмуралдық (жүректің барлық қабаты бүлінген), интрамуралдық (миокардтың іші бүлінтен), субэндокардтық (эндокард асты), субэпикардтық (эпикард асты бүлінген) болады және жиі сол қарыншада орналасады. Ол майда ошақты немесе ірі ошақты болуы мүмкін. 
 
   Жүректе ишемияның әсерінен қозудың қосымша эктопиялық ошағы пайда болуы мүмкін, олар экстрасистолия, ұстамалы тахикардия дамуына әкеледі. Жүректің бүлінген бөліктерінде серпіндердің өткізгіштігі нашарлап, бөгеттер пайда болады. Бұлар көптеген эктопиялық ошақтармен бірігіп, қозудың кері бағытта айналуына қарыншалардың фибрилляциясына әкеліп, миокардтың инфаркты кезінде науқас адамның тым ерте дүниеден қайтуының негізгі себебі болады. 
 
    Миокард инфарктында қатты ауыру сезімі кеуденің сол жағында және төс астында болады және ол қатты қобалжу, қорқу сезімімен қабаттасады. Ауыру сезімі сол жақ қолға, жауырынға, иыққа, астыңғы жаққа, тіске берілуі мүмкін. Кейде клиникада миокард инфарктының ауырмайтын түрін де жиі кездестіруге болады. 
 
   Тіршілігінен айрылған жүрек жасушаларының ішіндегі заттар қанға түседі.  
 
    Ірі ошақты миокард инфаркты жүрек аневризмасына, тромбоэмболияға, бүлінген жүрек етінің жыртылуына әкелуі мүмкін. 
 
    Миокард инфаркты кезіндегі бүдінген ет тінінің орны дәнекер тін жасушаларымен толтырылады, тыртық пайда болады. Соңғысының жиырылғыштық қасиеті ет талшықтарына қарағанда төмен болғандықтан жүрек ішіндегі қысыммен артық керіліп, жүрек аневризмасына (тыртық тіннің жүрек сыртына бұртиып, керіліп кетуі) әкеледі. 
 
    Миокард инфарктының ең қауіпті асқынуының бір түрі — ол тромбоэмболия даму мүмкіншілігі. Бүлінген тіннен, қантромбоциттерінен ж. б. жасушалардан жүрек қуыстарында қан қатпалары (тромбылар) пайда болады: Содан бұл қан қатпаларының бөлшектері үзіліп кетіп, эмболға айналуы мүмкін. Бұл эмбол жиі үлкен қанайналым шеңберіне тарап, орналасқан жеріне қарай науқас адамның тез өліміне әкелуі мүмкін, 
 
    Жүрек қабырғасының жыртылуы үлкен трансмуралдық миокард инфарктынан болуы мүмкін. Бұл кезде науқас тез өліп кетеді. Егер ол біртіндеп дамыса, қан перикард қуысына құйылып, жүректің сыртынан қысылып қалуына және ауыр кардиогендік шок дамуына әкеледі.


Информация о работе Журек аурулары