Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2014 в 10:51, реферат
Ірі қара шаруашылығы - мал шаруашылығының өнімді көп беретін саласы. Ірі қараның арғы тегі ертеде Еуразия құрлығының далалы, орманды далалы өңірінде таралған жабайы тур . Ол бұдан 7-10 мың жыл бұрын Жерорта теңізі маңындағы елдерде қолға үйретілген. Ірі тұлғалы, денесінің биіктігі 2 м шамасында, мүйізі алға қарай бағытталып, ұзын болып келеді. Ерте кездерде көп аулағандықтан, тұрлар саны азайып, XVII ғасырдың басында біржола жойылып кеткен
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Ірі қара шаруашылығы
2.Етті бағыттағы қолтұқымдар
3.Ірі қара малының сүт өнімділігі
4.Ірі қараның ауруы
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Қазақстан Республикасынын Білім және Ғылым Министірлігі
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Кафедра:
Тақырыбы: Ірі қара мал шаруашылығы
Орындаған: ҚУАТБЕК А
Қабылдаған:
Алматы 2013 жыл
Жоспары:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Ірі қара шаруашылығы
2.Етті бағыттағы қолтұқымдар
3.Ірі қара малының сүт өнімділігі
4.Ірі қараның ауруы
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Ірі қара шаруашылығы.
Ірі қара шаруашылығы - мал шаруашылығының өнімді көп беретін саласы. Ірі қараның арғы тегі ертеде Еуразия құрлығының далалы, орманды далалы өңірінде таралған жабайы тур . Ол бұдан 7-10 мың жыл бұрын Жерорта теңізі маңындағы елдерде қолға үйретілген. Ірі тұлғалы, денесінің биіктігі 2 м шамасында, мүйізі алға қарай бағытталып, ұзын болып келеді. Ерте кездерде көп аулағандықтан, тұрлар саны азайып, XVII ғасырдың басында біржола жойылып кеткен. Ірі қара өсіру қоңыржай белдеудің табиғи және мәдени жайылымдармен жақсы қамтамасыз етілген орман, орманды дала, дала аймақтарында жақсы жолға қойылған. Дүниежүзі бойынша ірі қараның мал басы 1,3 млрд-қа жетіп отыр. Өндірілетін сүттің барлығын дерлік, ал еттің 35%-ын осы ірі қара малы береді. Интенсивті сүтті және етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы дамыған елдерге тән, оларда мал қолда да, жайылымда да бағылады. Өнімділік өте жоғары болғандықтан, бұл шаруашылық саласы жылдан-жылға өркендеуде. Етті бағыттағы мал көбінесе қоңыржай және субтропиктік белдеулердің неғұрлым құрғақ аудандарында таралған. Онда экстенсивті отарлап жайылымда бағу және көшпелі мал шаруашылығы басым келеді. Дүниежүзінде етті ең көп өндіретін елдер қатарына АҚШ, Қытай, Бразилия, Аргентина және Ресей жатады.
Мүйізді ірі қара мал шаруашылығы - дүние жүзінде ең кең тараған мал шаруашылығының саласы. Сүт, ет, былғарылық тері өңдірудің негізгі көзі. Сүт тағамдарының 90% сиыр сүтінен, тұтынатын еттің 40-44% сиыр етінен өңдіріледі. Қазақстаңда мүйізді ірі қара мал өсірумен ежелден айналысқан. Қазіргі уақытта да елімізде жетік дамыған мал шаруашылығының саласы.Мүйізді ірі қара мал шаруашылығы сүтті және етті бағыттарға бөлінеді. Сүтті бағыты суармалы дала мен тау бөктерлерінде, ірі қалалар мен өндіріс орталықтарының төңірегінде шоғырланса, етті бағыты - табиғи жайылымы мол шөлейтті дала, шөлді аймақтарда дамыған. Екі бағытта да жергілікті жер жағдайына жақсы бейімделген отандық тұқымдар шығарылған, сонымен қатар басқа елдерден көптеген ірі қара тұқымдары әкелініп жерсіндірілген (қ. Симментал с., Қырдың қызыл с., Латвияның қоңыр с., Қалмақ с., Санта-Гертруда с., т.б.).[1]Негізгі өнім түрлеріне байланысты ірі қара тұқымдарын сүтті, сүтті-етті және етті бағытқа бөледі.
Сиыр - сүтқоректілер класының жұптұяқтылар
отрядына жататын күдір тұқымдастар өкілі.
Қазіргі кезде дүние жүзінде сиырдың 250-ге жуық әр түрлі қолтұқымдары
өсіріледі. Сиырдың еті, сүті және терісі басқа да өнімдері
күнделікті тұрмысымызда қажетімізді
өтеп келеді.
Ірі қарадан алынатын негізгі өнім сүті мен еті болғандықтан, сиырдың
қолтұқымдары негізінен 2 бағытта өсіріледі.
Біздің республикамызда сүтті бағытта қырдың қызыл сиыры, әулиеата сиыры, латвия буырыл
сиыры, қара ала сиыр тұқымы, сүтті-етті бағытта алатау, симменталь тұқымдары; етті бағытта қалмақ сиыры, қазақтың ақбас сиыры, санта-гертруда, галлювей
тұқымдары, өсіріледі. Енді соларға қысқаша болса да тоқталып өтейік.
Қырдың қызыл сиыры ТМД-да сан жағынан екінші, ал Қазақ-станда бірінші орын алады.
Негізінен Солтүстік Қазақстан, Көк-шетау, Қостанай, Ақмола облыстарында өсіріледі. Дене бітімі ке-лісті,
конституциясы мықты, жеңіл де берік сүйекті келеді. Сүтті. Сақа сиырлары 420—500 кг, жаңа туылған бұзаулары —30—36 кг тартады. Дұрыс азықтардырып өсірген жағдайда олардың салмағы 6 айлығында 160—180 кг, 18 айлағында 320—350 килограмға жетеді.
Сүт өнімділігі —2000 килограмнан
4500 килограмға дейін, майлы 3,6—3,8%.Қазақстан жерінің қуаң да ыстық ауа райына төзімді келеді. Басқа тұқымдармен осы жағдайда салыстырғанда ауруға төзімді, тіршілікке бейім.
Әулиеата тұқымы
Жергілікті қазақ және қырғыз сиырын голланд малымен будандастыру
жолымен алынтан. Тұқымдық аудандастыру жоспары бойынша Қазақстанның оңтүстігіңдегі негізгі тұқым. Басқа тұқымдарға қарағанда ыстыққа, бірқатар ауруларға (приплазмоз, тейлериоз және т. б.) төзімді келеді.
Дене бітімі келісті, терісі мен сүйектері жұқа, емшектері орташа, біркелкі
дамыған. Түсі негізінен қара ала. Сақа сиырлары 440—470 кг, жаңа туылған бұзаулары 26—30 кг тартады. Алты
айлықтарында 160—170 килограмға жетеді. Сүттілігі — 2500— 3000 кг, сүтінің майлылыгы —3,9—4,1%.
Латвияның бурыл сиыры республикамыздың Ақмола, Торғай облыстарында өсіріледі. Дене бітімі орташа,
сүтті мал. Сақа сиыр-ларыңың салмағы 450—520 кг, жаңа туылған бұзауларының сал-мағы 29—37 кг, алты айлықтарында —160—180 кг, 12 айлығында —250 кг тартады. Конституциясы
мықты.
Қара ала сиыр
Дүние жүзінде де, оның ішінде Қазақстанда да ең көп тараған ірі қара тұқымы. Өте мол өнімді, дене бітімі жақсы мал. Сүйегі мықты, арқасы түзу, бөксесі кең, аяқтары түк, желіндері жақсы жетілген. Сақа сиырларының салмағы 450—600 кг, жаңа туылған бұзауларының салмағы 35—40 кг. Сүттілігі — 3500—6000 кг. Бірақ сүтінің майлылығы небары 3,2—3,7%. Сүттілігімен қатар еттілігі де жақсы. .Бұл Қазақстанда сүтті бағыттағы тұқымдар арасында төртінші орынды алады.
Алатау сиыры
Жергілікті қазақ және қырғыз ірі қарасын швиц, кастрома тұқымымен будандастыру жолымен
шығарылған. Іле Алатауының табиғатына жақсы бейімделген, сүт және ет өнімділігі қатар ұштастырылран мол өнімді түқымдарға жатады. Басы үлкен, кеудесі терең, жауырыны, арқасы, белі кең. Тұяқтары қатты, сүйегі мықты. Бұлшық еттері жақсы дамыған. Түсі негізінен бурыл. Желіні
орташа дамыған, Сақа сиырларының салмағы 500— 550 кг тартады. Сүттілігі —2800—3500 кг, сүтінің майлылығы — 3,8—4,0%. Таулы жайылымдарда
жақсы жайылып, қоңданады
Еттілігі тым тәуір, сойыс шығымы 53—60%. Алматы, Талдықорған, Шығыс Қазақстан, Семей облыстарының негізгі жоспарлы тұқымы.
Симментал тұқымы саны жағынан Қазақстанда екінші орын алады. Негізінен
Ертіс өңірінде (Павлодар, Шығыс Қазақстан, Семей облыстары), сонымен қатар Орал облысында, Қостанай және Қостанай облысының бірқатар аудандарында өсіріледі.
Дене бітімі әдемі, сүйегі мықты, бұлшық, еттері жақсы дамыған. Желіндері дөңгелек немесе тостаған тәріздес келген ірі мал. Сақа сиырлары 550—600 кг, жаңа туылған бұзаулары 35—45 кг, 6 айлық бұзаулары —190—220 кг, 18 айлық баспақтары 440— 450 кг, ал өзгешелері 500—600 кг тартады.
Сүттілігі 2500—3500 кг, сүтінің майлылығы—3,8—4,0%, еті дәмді болады.
Қалмақ сиыры шөл және шөлейт жағдайда әбден бейімделген етті бағыттағы ірі қара өкілі. Конституциясы мықты, тұлғасы кең де терең, бұлшық, еттері жақсы жетілген, орта салмақты. Сақа сиырларының салмағы 520—550 кг, жаңа туылған бұзаулары 20— 25 кг, 8 айлық (етті тұқымдардың төлін енесінен айыратын мерзімі)
бұзаулары 200—220 кг тартады. Сүттілігі 1100—1500 кг, сүтінің майлылығы 4,1—4,5%. Табиғи жайылымда жақсы жетіліп, сойыс шығымы 55—60 процентке жетеді.
Қазақтың ақ бас сиыры ТМД-да алғаш болып шығарылған арнаулы етті бағыттағы ірі қара тұқымы. Жергілікті қазақ және қалмақ сиырын герефорд тұқымымен шағылыстыру жолыменсұрыптап алынған. Жергілікті жердің табиғи өзгешеліктері мен азықтық ерекшеліктеріне әбден бейімделген. Денесі созылыңқы да кең. Терісі қалың май жинауға бейім. Жазда ыстыкқа, қыста аязға өте төзімді. Сақа сиырларының салмағы 500—550 кг, жаңа туылғанн бұзауларының салмағы —27—30 кг тартады. 8 ай енесін
еміп өскенде . 220—240 килограмға жетеді. Сүттілігі—1250— 1500 кг, сүтінің майлылығы 3,8—4,0%. Табиғи жайылымда өте тез жетіліп, бұлшық ет талшықтарының арасына май жинайды. Еті өте дәмді. Сойыс шығымы 55—65 процентке жетеді.
Санта-гертруда тұқымы Алматы, Қызылорда, Талдықорган, облысының шаруашылықтарында шоғырланған. Тез жетілгіш етті бағыттағы ірі қара. Еттілік белгілері жақсы дамыған, ірі. Сақа сиырлары 550—600 кг, жаңа туылған бұзаулары 29—30 кг, 8 ай-лығында 220—240 кг тартады. Сойыс
шығымы 60—65 процентке жетеді.
Галловей малы 60—70 жылдар
аралығында Англиядан сатьш алыньш,
Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарына шоғырландырылған. Қара түсті келеді. ¥зын жүні (20 см) тығыз, мұқыл (мүйізсіз) мал. Конституциясы өте мьқты, ұзақ тіршілік етеді. ¥зын жүні қатты аяздардан жақсы қорғайтындықтан жыл бойы биік таулы жайылымдарда
баққан пайдалы. Сақа сиырлары 450—500 кг, жаңа туылған бұзаулары 24—27 кг, 8 айында 180—220
кг тартады. Сойыс шығымы 58—60%. Еті өте дәмді де құнарлы.
Қалмақ сиыры жыл бойы тек табиғи жайылымда жайылуға бейімделген, ыстық пен суыққа өте төзімді. Көшпелі жағдайдың сұрыптауынан өтіп, шыдамдылығы шыңдалған. Қысқа қарай түбіт жүні көбейіп, жазға қарай керісінше түлейді. Сөйтіп түбіт жүнінің орнына қылшық жүні шығады. Терісі қалың болғандықтан шыбын-шіркей, масадан зәбір көрмейді. Өйткені шыбын-шіркейдің тұмсығы теріні тескенмен қан тамырларына жетпейді. Осыдан
барып қан арқылы тарайтын ауруларға шалдықпайды.
Сақа сиырларының салмағы 350—550 кг, бұқаларыныкі — 800—850 кг. Бұзаулары баяу өседі. 18 айлық өгізшелер 400— 450 кг, тайынша-қашарлары 340 кг тартады. Сойыс
шығымы 60—65 процент. Республикамыздың батыс және оңтүстік облыстарында өсіруге болады.
Ірі қара еліміздің мал
шаруашылығы экономикасында маңызды
орын алады. Халық шаруашылығына
түсетін қаржының тең жартысына
жуығын ірі қара шаруашылығы береді.
Ірі қарадан ет, сүт және одан жасалатын
тағамдар (май, құрт, ірімшік, қышқыл сүт
тағамдары) жәнежеңіл өнеркәсіп өндірісіне
қажет шикізат алынады. Сонымен қатар,
ірі қара органикалық тыңайтқыш – көңмен
қамтамасыз ете алады.
Ірі қара терісінің аяқ киім ұлтаны және
жоғары сапалы былғары дайндалады. Ірі
қара мүйізінен тарақ, түйме әр түрлі әшекей
жасалады. Қанынан қан ұнтағын, альбумин,
қан шұжығын дайындайды. Сүйегінен желім,
сүйек ұнтағын, ал қылшық жүнінен шетка,
қылқалам жасайды. Ірі қара ірі азықты
(пішен, сабан, топан) тиімді пайдаланып,
жұмсалған азықты сүтпен, қосымша салмақпен
тиімді ақтай алады. Малдың бұл тұқымы
жер таңдамайды, тез жерсінетіндігінен
кез-келген жерде өсіріледі.
Бұрын Қазақстанда ірі қараның басым көпшілігі
жергілікті қазақы мал болды да, солтүстік
облыстардың кейбір аудандарында ғана
қырдың қызыл сиыры, Жетісуда және оңтүстік
облыстарда швиц тұқымы мен қара ала тұқым
малы өсірілді.
Қазақстанда отызыншы жылдардың басында
герфорд, швиц, симментал, қырдың қызыл
сиыры және қара сиыр тұқымы көптен әкелінді
де, олармен жергілікті ірі қараны будандастыру
кеңінен жүргізілді.
Мал өнімділігі бірнеше жағдайларға байланысты
келеді. Осы орайда ауызға малдың шыққан
тегі оралады. Бұл тұқымның асылдығына
келіп саяды. Содан кейін тұқымдық қасиеттерінің
тіршілікте дамып, іске асуы да қалыс қалмауға
тиіс. Осы жағдайларға ең алдымен жас кезінде
азықтандырып, күту жатады.
Ірі қараның Безноитиозы
Безноитиоз жіті,жітілеу
және созылмалы түрде өтетін Isosporinae
төменгі тұқымдасына жататын,
Қоздырғышы: Besnoitia besnoition ,Besnoitia benettі.
Пикорнавирустар — құрамында РНҚ бар, липопротеид қабығы жоқ вирус тұкымдастығы, РНҚ м. с. 2500000—2800000. Жалғыз тізбекті, ауру туғызғыш. Вириондарының диаметрі 25—40 нм. Цитоплазмада көбейеді. 4 туыстыққа бөлінеді: 1) Энтеровирустар адамдарды зақымдайды, бұларға ішек вирустарынан басқа полиомиелит және А гепатиті вирустары енеді; 2) Риновирустар — адамда жәие ірі қара малдарда тыныс жолдары ауруларын туғызады; 3) Кардиовирустар — кеміргіштерден бөлініп алынған; 4) Афтовирустарға маңызы зор мал аурулары қоздырғыштарының бірі — аусыл вирусы жатады. Пикорнавирустар тасымалдаушылар көмегінсіз жуғады.
Конглютинин — қан торшалары мен бактерияларды бір-біріне желімдейтін қабілеті бар зат.Конглютинин антиген бола алмайды. Конглютинин ретінде кейбір химиялык зат- тарды (гуммиарабик, макродекс, декстран, альбумин, пектин) және жануарлардың (ірі қара мал, жылқы, қоян, теңіз шошқасы) қан сарысулары қолданылады.[1]Конглютинин Са2+ иондарының қатынасуымен үшінші компоненттің углеводтарымен байланысып, комплементпен қапталған бөлшектердің түйіршіктерін құрайды. Ірі қара және жылқы қанында конглютинин мөлшері өте жоғары. Сондықтанда ол конглютинация реакциясында антиген-антидене комплексімен жанасатын комплементті анықтауға қолданылады. Бұл раекция арқылы маңқа және бруцелез аурулары анықталады.
Трихомоноз – адамның, малдың, құстың жұқпалы ауруы. Қоздырғышы – қарапайым трохомонада. Мүйізді ірі қара малда жиі кездеседі. Трихомоноз сау малға шағылыс не қолдан ұрықтандыру кезінде жұғады. Трихомонозбен ауырған сиыр мен бұзаудың қынабы қабынып, сілекейлі қабатында түйіндер пайда болады. Ауруға шалдыққан мал қысыр қалып, буаз мал ерте іш тастайды. Бұқалардың жыныс мүшесі мен жыныс безі қабынады, жыныстық белсенділігі төмендейді. Емі: ауырған малдың жатынына аммарген, фурацилин, трихопол, фурамон, т.б. ерітінділерін тері астына, нитрофуран, т.б. дәрілерді ішіне егеді. Аурудың алдын алу үшін ауруға шалдыққан малдарды оңашалап, ауру таратушы малды анықтайды.
Гемагглютинин — кейбір вирустардың (грипп, қызылша, адам және ірі қара мал парагрипі, Ньюкасл ауруларының вирустары) сыртқы құрылымына кіретін гликопротеид. Адам мен жануарлардың қызыл қан түйіршіктерінің агглютинациясын туғызады.
Қорытынды:
Сиырдың дене бітімі олардың өнімділік бағытына (сүт, ет) байланысты болады. Сүт бағытындағы Сиырдың денесі ұзын, сүйегі салыстырмалы түрде жіңішке, терісі жұқа, жұмсақ, түгі жылтыр, қарыны кең, басы мен мойыны ұзын, құрсағы мен желіні үлкен болады. Ет бағытындағы Сиырдың тұрқы төртпақ әрі кең, омыраулы, аяғы мен мойыны қысқалау, желіні кішілеу, сүтті малға қарағанда бұлшық еттері жақсы жетілген, терісі қалың әрі жұмсақ, тері астындағы май қабаты жақсы дамыған. Сиырдың барлығының да түгінің ұзындығы мен қалыңдығы бірдей, денесін тегіс жабады, тек қарыны, шабы мен желін айналасының түгі жіңішке әрі сирек болады. Мойын астындағы терісі қатпарланған, мүйіздері қуыс әрі қысқа, тұмсығының алдыңғы жағында мұрын айнасы болады. Асқазаны төрт камералы (месқарын, жұмыршақ, қатпаршақ, ұлтабар), соның арқасында олардың көп мөлшерде ірі сабақты шөпті қорытуға мүмкіндігі бар. Жағының жоғарғы жағында күрек тістері болмайды, желіні төрт емшекті.[1]
Сиырдың жынысы мен жасына байланысты жас төлін — бұзау, алты айға толғанға дейінгі төлін (еркек, ұрғашысын) — баспақ, бір жастағы төлін (еркек, ұрғашысын) — тайынша, бір жастағы ұрғашысын — қашар, бір жас пен екі жас аралығындағы ұрғашысын — құнажын, екі жас пен үш жас аралығындағысын (еркек, ұрғашысын) — дөнежін, еркегін — бұқа, піштірілген еркегін — өгіз деп атайды.
Швейцария, Альп тауларында жайылатын сиыр