Ірі және ұсақ қара малдарының инфекциялық ауруларын балау және күрес шаралары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2014 в 20:08, лекция

Описание работы

Шешек (Variola, оспа) – дененің ыстығы көтеріліп, тері мен кілегейлі қабықтарда күлдіреген бөріткендер пайда болуымен ерекшеленетін жүғьштал ауру.
Тарихи деректер. Шешек туралы алғашқы деректер б.д.д. 3700 ж бұрын Мысыр, Үндістан, Қытайда белгілі болды. Европа елдеріне бүл ауру Таяу Шығыстан б.д.д. 5-7 ғасырда әкелінді. Оны жүқпалы ауру ретінде Ә.Ибн Сина түңғыш рет толық сипаттап, қызылшадан (корь) ажыратты.

Файлы: 1 файл

№5 тақырып. Ірі және ұсақ қара малдарының инфекциялық ауруларын балау және күрес шаралары.docx

— 34.60 Кб (Скачать файл)

№5 тақырып

Ірі және ұсақ қара малдарының инфекциялық ауруларын балау және күрес шаралары

 

Шешек (Variola, оспа) – дененің ыстығы көтеріліп, тері мен кілегейлі қабықтарда күлдіреген бөріткендер пайда болуымен ерекшеленетін жүғьштал ауру.

Тарихи деректер. Шешек туралы алғашқы деректер б.д.д. 3700 ж бұрын Мысыр, Үндістан, Қытайда белгілі болды. Европа елдеріне бүл ауру Таяу Шығыстан б.д.д. 5-7 ғасырда әкелінді. Оны жүқпалы ауру ретінде Ә.Ибн Сина түңғыш рет толық сипаттап, қызылшадан (корь) ажыратты. Адамда шешекті қолдан егу ерте заманнан белгілі болса да, бүл әдіс Э.Дженнердің 1976 ж. сиырдан адамға егу жөніндегі тәжірибесінен кейін ғана кеңінен тарап, жалпы жүқпалы ауруларға қарсы жасанды иммундеуге түрткі болды

Қоздырушысы. Шешек вирустары Poxviridae (ағылшынша род:-шешек) тұқымдастығының Chordopoxvirinae тұқым тармағына жатады.

Қойдың, ешкінің, шошқаның және тауықтың шешек вирустары өз иелері үшін ғана зардапты.

Індеттік ерекшеліктері. Шешекпен барлық сүт қоректі жануарлар және құстар ауырады. Қыста және көктемнің басында жиі байқалып, ауыр өтеді. Әсіресе, жас төл, асыл тұқымды малдар және көрікті құстар тез шалдығады. Ауру қоздырушысы қан сорушы жәндіктермен берілуі мүмкін. Өйткені олардың денесінде 100 күнге дейін сақталады. Сонымен қатар, төлге сүт пен плацента арқылы, ал балапанға жұмыртқа арқылы беріледі.

Дерттенуі. Вирус денеге тері арқылы және ауыз бен тыныс жолдарының кілегейлі қабықтары арқылы енеді. Теріден оның жарақаттанған немесе сызат түскен жерлерінен өтеді, ал А гиповитаминозы кезінде зақымданбаған теріден де өтуіне мүмкіндігі бар. Қанда вирустың көбеюіне байланысты аурудың бастапқы кезеңі дененің ыстығы көтерілін, көрінетін кілегейлі кабықтардың қызарып, танаудан сұйықтың бөлінуі арқылы байқалады. Аурудың одан әрі өрбуі қоздырушысының эпителийге әуестігінен туындайтын теріде экзентема (қызамық) пайда болуына байланысты. Шешек бөртпесі деп аталатын бұл құбылыстар бірнеше сатыдан тұрады: розеола – ауру жұққаннан кейінгі 172 тәулік ішінде байқалатын қызарған дақтар; папула – келесі 1-3 күнде пайда болатын бөріткендер; везикула – бөріткендердің 5-6 күнде қолдырап, сарғыш түсті сүйыққа толуы; пустула – везикуланың ішіндегі сұйықтың 2-3 күнде түсі күңгірттеніп, іріңге айналуы; круста – папуланьң жарылып, сүйықтың сыртқа шығып, қарақошқылданған қабыршақ пайда болып, астыңғы сау эпителийдің жетіліп, 5-6 күн ішінде қабыршақтың түсіп, орнына тыртық пайда болуы.

Балау. Диагноз қою үшін індеттанулық деректер, клиникалық зерттеулердің, биосынаманың, шешек алғаш шыққан дерттенген немесе биосынама қойғанда вирусты енгізген жерден алынған жағындыны микроскоппен қараудың нәтижиелері негізге алынады.

Шешек кәдімгідей түрде өткенде оны балау қиын емес. Ауырған малды мұқият тексергенде шешектің әрбір сатысына тән көріністерді табуға болады.

Емі. Ауырған жануарларды тез арада қүрғақ, жылы қоражайға оқшаулагі, құнарлы, жеңіл қорытылатын жемшөп береді. Суаратын суға йодты калий қосады. Қосалқы инфекциялардың асқынбауы үшін антибиотиктер мен химио-терапевтикалық дәрілер қолданады. Ауруы тым асқынып кеткен малды сояды.

Терідегі шешек шыққан жерлеріне мырыш, бор, йодоформ жақпа майларын жағады.

Иммунитет. Шешекпен ауырып жазылған жануарларда іс жүзінде өмірлік берік иммунитет қалыптасады. Ондай жануарлардың қан сарысуында

телімді антиденелер болады, ал ұлпаларда, әсіресе, теріде телімді төзімділік қалыптасады. Қойдың шешегінде қарсы КСРО-да 1944 жылдан бері аллюминий сутотықты формолвакцина-қолданады. Онымен ешкіні де егуте болады. Ешкіге арналған Тәжікстанда даярлаған аллюминий сутотықты формолглицерин вакцина бар. Сонымен қатар, қойды шешектен, братзодтан, энтеротоксемиядан сақтайтын поливалентті вакцина бар. 1978 ж басгап вирустың әлсіретілген штаммын торша өскіндісінде өсіріліп даярланған тірі вакцина қолданылады. Бұл препарат залалсыз, иммуногендігі жоғары. Егілген малдың төзімділігі 3-5 күннен кейін қалыптасып, 9-12 айға жетеді.

Дауалау және күресу шаралары. Шешектің алдын алу үшін ветеринариялық-санитариялық шарларды қатаң сақтау қажет. Жаңадан әкелінген малды карантинде ұстап, алысқа айдағанда басқа малмен жанасуына жол бермеу керек, шешек егілген адамның 14 күнге дейін малды күтіп, жанасуына болмайды. Сау емес шаруашылықтағы барлық мал егілуге тиіс. Қораны 3% күйдіргіш ңатрий ерітіндісімен немесе 20% жаңадан сөдірілген әк тұнбасымен дезинфекциялайды.

 

Рифт даласының қызбасы (Рифт алабының безгегi) – трансмисссивті жолмен жұғатын, көбінесе жіті түрде өтетін зооноздық арбовирустық аса кауіпті ауру. Басты белгілері –жалпы интоксикациялау, некротикалық гепатит, көз және жүйке жүесінің зақымдануы, буаз малдардың іш тастауы.

Қоздырушысы – Bunyaviridae тұқымдастығының Phlebovirus Rift-Valley туыстастығына жатады. Қазіргі кезде осы вирустың 35 түрі бар. Ол Оңтүстік және Шығыс Африка аумағында тарайды. Осы вирус  Culex pipiens, Eretmapodites chrysogaster, Aedes cabbalus, Aedes circurnluteolus, Culex theiler масаларында алғаш рет байқалынған.  Вирустың табиғатын ең алғаш 1935 жылы Доубней мен Гудзон анықтаған. Вирионның көлемі – 60-75 нм.

Індеттік ерекшеліктері. Аурудың жасырын кезеңі 24 сағаттан 3-5 күнге дейін созылады. Ірі қара мал, енеке және түйелерде ауру симптомсыз өтіп, буаз малдар жаппай іш тастайды (85%), сүті азаяды, ке»де қан аралас іші өтеді. Бұл малдардың өлімге ұшырауы 20%-дан аспайды. Қошақан мен лақтардың өлім-жетімі 95%-ға жетеді. Ауру ағымы өте жіті, жіті және жітілеу түрде өтеді.

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Өлексклкрді жарып тексергенде, бауырдың жалпы некрозға ұшырағаны (ақ некротикалық ошақтардың диаметрлері 1 мм-ден асады), ісінгені, ұлғайғаны, жұмсарғаны, түссіздегені, капсулалаының астына қан құйылғандықтары байқалады. Іш тасталған төлдердің бауырының түсі қоңыр-сарғыш түсті болады. Қозыларда катаральды-геморрагиялық гастроэнтерит, терілері қанталған, сыртқы және ішкі серозды қабықтары нүктелі қанталаған, лимфа бездері ісінген және некрозға ұшыраған. Жиі жағдайда ұрық бездері зақымданады, олар ұлғайған, консистенциясы жұмсарған, қанталаған, түсі қою-қызыл болады.

Рифт алқабының қызбасын қойлардың катаральды қызбасынан, ауру ағындары өте ұқсас келетін Вессельборн және Найроби ауруларынан, қойлардың энтеротоксимиясынан, бруцеллезден, кампилобактериоздан, трихомоноздан, ұсақ малдардың хламидиоздық іш тастауынан, сальмонеллезден және тағы басқа аурулардан ажырату қажет.

Емі. Ауру малды жедел бөліп алып сояды. Аурудың тез тарау қаупі болғандықтан емдеуге тиым салынады.

Иммунитет. Осы дерттен ауырып жазылған және егілген малда иммунитет қалыптасады. Қазіргі уақытта АҚШ және ОАР елдерінде тірі вакцина қолданылады. Ол бір жылға дейін иммунитетті береді.

 

Оба (лат. pestіs – кенеттен басып кіру) – аса қауіпті зоонозды табиғи ошақты карантиндік жұқпалы ауру.  

Ірі қара малдың обасы ауыз қуысында ойық жараның пайда болуымен, кілегейлі қабықтардың, әсіресе ішек қарынның кілегейлі қабықтарының ісініп өлеттенуі, диареямен, ринитпен, конъюнктивитпен, дене қызуының көтерілуімен ерекшеленетін, жіті өтетін жұғымтал вирустық ауру. Табиғи жағдайда сиырдың обасымен сиырдан басқа енеке, қодас және буйбол ауырады. Сирек жағдайда қой, ешкі, түйе және басқа жабайы күйіс қайыратын хайуанаттар да ауырады. Бұл ауруға жылқы, есек, қашыр, ит, мысық, құс және адам төзімді. 

Аурудың қоздырғышы парамиксовирус тұқымдастығына жататын вирус. Сиыр обасының вирусінің штаммдары антигендік және иммуногендік қатынастары біртектес, олардың тек уыттылығы жағынан ғана айырмашылығы бар.

 Сиырдың обасына диагноз аурудың жұғымталдығымен, тез таралуымен ерекшеленетін індеттанулық, дене қызуы, кілегей қабықтарының зақымдануы, арықтау байқалатын клиникалық деректер, сондай-ақ патологоанатомиялық және зертханалық зерттеулер нәтижелері негізінде қойылады.

Сиыр обасының алдын алу шараларына мемлекеттің аумағын шеттен аурудың қоздырғышының енуінен қорғау, шекарамен шектес зоналарда бейім жануарларды жылда вакцинамен егу, қолайсыз пункттерде карантиндік және басқа ветеринариялық санитариялық шаралар қатаң сақталып ал сиыр обасы шыға қалған жағдайда ауру және ауруға күдікті жануарлар сойылып жойылады.

Қазақстан Республикасының аумағын сиыр обасының қоздырғышының енуінен қорғаудағы ветеринариялық санитариялық шараларды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомстволық бағыныштағы мекемелері жергілікті билік органдарымен бірге жүзеге асырады.

Шекаралас аумақта, немесе Қазақстан Республикасының басқа аудандарында сиыр обасына күдік болған жағдайда, шаруашылық субъектілерінің басшылары және шаруашылық субъектілеріне қызмет көрсететін ветеринариялық маман ол туралы атқару органына, ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторына хабарлауы тиіс және үкімет органынан өкілдер мен облыстың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы келгенше тез арада аурудың таралмауына шара қолдануға тиіс.

Барлық ауру және ауруға күдікті малдар өлтіріледі, олардың өлекселері өртеледі. Ауырған мал тұрған және өлген малдардың өлекселері жатқан жер 2% күйдіргіш натрийдің ерітіндісімен (70-80 о ) дезинфекцияланады. Қалған сау деп есептелінетін малдарды (табындағы, топтағы, фермадағы, шаруашылықтағы) жеке топқа бөліп оқшауланады, шаруашылық ішінде мал араластырылмайды.

 

Сиырдың жүғымтал плевропневмониясы

Сиырдың жүғымтал плеврогіневмониясы (мәлік, ала өкпе, Pleuropneumonia contagiosa bovum, повальное воспаление легких крупного рогатого скота) - өкпенің беріштеніп қабынуы, экссудативті плеврит арқылы ерекшеленетін аса жүғымтал ауру.

Тарихи деректер. Ауруды алғаш рет Буржел (1765) сипаттады, ал оның жүқпалы екендігін Хаберст (1792) дәлелдеді. Виллемс (1850-1852) ауырған сиырдың өкпесіндегі сөлді сау сиырды иммундеу үшін пайдалануға болатындығын көрсетті. Қоздырушысын француз ғалымдары Нокар мен Ғу (1898) ашып, сүзгіден өтіп кететін плевропневмотропты микроб ретінде сипаттады.

Қоздырушысы - Mycoplasma mycoides var. mycoides микроорганизмдердің жүйеленуі бойынша Molicutes класының Mycoplasmatales қатарына жатады. Аса полиморфты дөңгелек, сопақша таяқша, бүршіктенген түрде болады. Үлкендігі 0,2-0,8 мкм, бактериологиялық сүзгілерден өтіп кетеді.

Індеттік ерекшеліктері. Сиырдың жүғымтал плевропневмониясымен табиғи жағдайда сиырдан басқа буйвол, қодас, бизон, енеке (зебу) ауырады.

Ауру малдың сөлін тері астына жіберсе сол жердегі шелде жайылған флегмоналық қабыну байқалады. Маңындағы сөл безі зақымданып, организм тұтастай уланады. Жұқтырылған бұзау 15-17 күнде өледі.

Ауру малдың денесінен қоздырушы танаудан аққан сора, жөтелген кездегі шашыраған сұйықтық, ара-тұра несеп, сүт, шарана арқылы бөлініп шығады. Аурудың берілуінің ең ықтимал мүмкіндігі респираторлық жолмен жүғуы. Жұқпалы плевропневмонияның микоплазмасы өкпенің беріштенген ошақтарында жылдан аса уақыт сақталады. Малдан малға жұғуы тығыз, нашар желдетілетін қорада тезірек өтеді.

Ауруға шалдығу көрсеткіші 70%, ал өлім көрсеткіші 20%-ға жетеді.

Дерттенуі. Мәліктің қоздырушысы жануар денесіне тыныс жолдары арқылы еніп, ұсақ бронхалардың бойында орын тебеді. Орналасқан жерінде қабыну процесін тудырып, өкпедегі бөлікше аралық дэнекер ұлпаны зақымдап, оны домбықтырады. Сөл тамырлары бітеліп, нәтижесінде крупозды пневмония өрбіп, осы ауруға тән өкпенің бауырлану процесінің әр түрлі стадиялары байқалады.

Қабыну, қан және сөл тамырларының бітелуі нәтижесінде өкпенің зақымданған бөлігінің анемиялық өліеттенуі байқалады.

Жұқпалы плевропневмониямен ауырған малдың айығуы ұзаққа созылып, толықтай жазыльш кешейді

Жасырын кезеңі 2-4 апта, кейде 4-6 айға созылады. Ауру аса жіті, жіті, жітіден төмен, созылмалы және кэдімгідей емес түрде өтеді.

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Өкпедегі ңегізгі өзгерістер көкірек қуысында байқалады. Әдетте олар бұл ауруға тән құбылыстар ретінде патологиялық-анатомиялық диагноз қою үшін толық негіз бола алады. Көбінесе өкпенің біреуі ғана зақымданып, процесс соның артқы немесе ортаңғы бөлігінде шоғырланады. Зақымданған телім бұдырайып тұрады, басып көргенде тығыз болады. Тіліп қарағанда әр жері бауырланудың әр түрлі сатысында болады да, өкпенің ішінен дэнекер ұлпадан тұратык талшықтар өтеді. Бұл жолақтанған талшықтар қызыл-сары түсті болып, ортасында кеңіген сөл тамырлары көзге түседі. Осының бәрі өкпе ұлпасын тілгенде мрамор суретті көрініс береді. Аурудың соңғы кезеңінде өкпенің өліеттенуінен пайда болған секвестрлер кезігеді. Олардың сыртын дэнекер ұлпалардан тұратын қабыршак қаптайды. Плевраның зақымдануы жиі ұшырайды. Басқа ағзаларда әдетте өзгеріс болмайды. Кейбір жағдайда суланған немесе фибринді перикардит, ал бұзаулардын буыны суланған фибринді қабынуға ұшырайды, тері асты шелінде іркілдеген жалқақтар ұшырасады.

Балау. Тірі кезінде балау қиыншылық тудыратындықтан бірнеше ауруға күдікті малды сояды. Бұл мақсатта биосынама жақсы нәтиже береді. Ол үшін ауруданcay шаруашылықтан әкелінген бұзаулардың тері астына өлген малдың өкпе сөлін немесе көкірек қуысындағы экссудатты жібереді.

Бактериологиялық зерттеуге плевраның экссудатын немесе өкпенің зақымданған телімінің сөлін пайдалануға болады. Мәлікті пастереллезден, туберкулезден, парагрипптен, эхинококкоздан, жұқпайтын крупозды пневмониядан, жарақатты перикардиттен ажырату керек.

Емі. Ауру малды жедел бөліп алып сояды. Аурудың тез тарау қаупі болғандықтан емдеуге тиым салынады.

Иммунитет. Мәлікпен ауырып жазылған жэне егілген малда иммунитет қалыптасады.

Информация о работе Ірі және ұсақ қара малдарының инфекциялық ауруларын балау және күрес шаралары