Ұрғашы малда жыныстық қызметтің реттелуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 18:13, реферат

Описание работы

Малдың төлін өсіру бүгінгі таңдағы ең қиын да әрі өте көп күш жұмсауды, терең білімді қажет ететін жұмыс. Қазақ басқа көшпенділер сияқты ежелден мал баққан, мал өсірудің қыр-сырын жете білген халық. Дегенмен, бұрынғы кеңес өкіметінің тұсында, тоқырау заманында мал шаруашылығын өндірістік негізде жүргіземіз деп ірі сүт кешендерін салып, қойшылар бригадасын құрып, тағы басқада көптеген жұмыстардың атқарылғанына қарамастан, мал басының саны қысқарып, одан алынатын өнім күрт төмендеп кетті. Республикамызда жыл сайын аналық мал басының 30-40пайызынан төл алынбай қалады. Оған жаңа туған төлдің шығынға ұшырауын қосып есептесек, мұның республикамыздың халық шаруашылығына келтіретін зияны орсан зор.

Содержание работы

Кіріспе
Негізгі бөлім
Ұрғашы малдың жыныстық органдарының анатомиясы
Ұрғашы малдың жыныстық органдарының физиологиясы
Ұрғашы малдың организміндегі жыныстық үрдістердің нейрогуморалді реттелуі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

реферат биотех.docx

— 35.75 Кб (Скачать файл)

Шылым ағу феномені басқа  феномендерден бұрын басталады да, кейін аяқталады. Күзде, қыстығ суықт күндері бұл үрдіс қысқы мерзімде, баяу өтеді, ал көктемде жаздың жылы күндері керісінше, өте айқын, қарқынды 3-4 күнге созылады.

Шылым ағу үрдісінің маңызы өте зор, біріншіден оның санитарлық маңызы бар. Сұйық неғұрлым көп ақса, жыныстық жолдар соғұрлым тазара түседі, екіншіден сыртқа бөлініп жатқан кілегейлі сұйық аталық ұрык торшалары (спермийлер) үшін, яғни олардың жылдам қозғалуы өте қолайлы (реотаксис) орта болып табылады.

Шылым ағу үрдісі басталған  соң 1-1,5 тәуліктен соң-ақ, малдың мінез-құлқы  да өзгере бастайды, сөйтіп екінші феномен  басталады.

Жыныстық қозу (жалпы реакция) феномені малдың мінез-құлқының өзгеруімен сипатталады. Мысалы, сиыр мазасызданып, бір орынында тұра алмайды, жиі-жиі мөңіреп аяғымен жер тарпиды, жем-шөпке қарамайды, сүтті кеміп кетеді. Биелерде құлынның іші өседі. Жайылымдарда жүргенде, аулаға шығарғанда басқа сиырларға асылып шағылысқандағыдай әрекет жасайды, өзінің үстіне басқа сиырлар асылғанда қарсыласпай тыныш тұрады, бірақ бұқаны жолатпайды.т Жыныстық қозу феномені 15-20 сағаттай созылады, кейде бұл феномен мүлде байқалмайды.

Күйлеу (libido sexsualis) феномені ұрғашы малдың шағылысуға,  ұрықтануға дайын екенін көрсетеді. Күйленген мал еркек малды өзі іздеп барып, оған жақындап шағылысуға ыңғайланып тұрады, еркек мал үстіне секіргенде қозғалмай тұрады. Сиырларда күйлеу феномені орта есеппен 20 сағатқа созылады. Қыстың күндері 10-13 сағат қана болса, жазғытұрым бір тәулікке жетуі мүмкін. Әсіресе, таңертеңгілікте далаға шыққанда анық білінеді. Малдың күйленгенін күйттеуші аталықтар (бұқа, қошқар, айғыр қабан,) қолдану арқылы анықтаған дұрыс.

Овуляция (ovulation) феномені пісіп жетілген фолликулдің жарылып, оның ішінен фолликулярлы сұйықпен бірге аналық ұрық торшасының бөлініп щығу үрдісін айтады.

Ірі малдың овуляция үрдісін тік ішек арқылы аналық безді ұстап, сипап білуге болады. Күйлеп жүрген малдың аналық безінде көлемі 0,6-1,0 см, сырты жылтыр былқылдаған күлдіреуік байқалады. Ол өсе келе аналық бездің пішінін өзгертіп жібереді, дөңгелек шар тәрізді немесе сопақша үш бұрышты, алмұрт пішінді бола береді. Пісіп жетілген фолликулдың қабырғасы коллагенезі ферментінің әсерімен әбден жұқарады, ішкі қысым арта түседі де, фолликула жарылады. Бұл үрдістің өтуі фолликул қоздырғыш гормонмен лютендеуші гормонның тікелей әсер етуімен іске асады. Пісіп жетілген фолликулдің аумағы 1,5-2 см жетеді. Биенікі тіпті, үлкен 4-5 см жетуі мүмкін. Сиырда овуляция малдың күйлеуі тоқтаған соң, 10-15 сағаттан кейін өтеді. Егер ол аталық малмен жанасып, шағылысқа түсетін болып жатса, оның күйлеуі де, овуляциясы да тез өтеді.

Арық немесе ауру малдың овуляциясы көп кешігіп өтеді, 30 пайыз жағдайда овуляция болмай қаладым (ановуляторлық цикл).

Овуляциядан кейін аналық ұрық безінің көлемі кішірейіп, жұмсарады. Жарылған фолликулдің орны шұңқыр, оған қан толып, ұйиды, фолликулярлық эпителийдің торшаларымен араласа өсіп, оған лютеинді фермент сіңіп, сары денеге айналады.

Овуляциядан кейін 4-5 күннен кейін-ақ сары дене (corpus luteun) аналық ұрық безінің үстінен бұртиып біліне бастайды.

Егерде овуляциядан кейін  мал тоқтап кетіп, буаз болса, сары дене мал төлдегенге дейін өзінің қызметін тоқтатпай сақталып қалады. Мұндай сары денені буаздықтың сары денесі деп атайды. Ал егерде мал буаз болмай жыныстық цикл қайталанатын болса, пайда болған сары дене 7-10 күннің ішінде ыдырап сіңіп кетеді де, аналық ұрық безінде қайтадан фолликулдер өсіп жетіле бастайды. Мұндай жағдайда сары денені жыныстық циклдің сары денесі деп атайды. Буаздықтың сары денесі мал төлдегеннен кейін 30 күннің ішінде, ал жыныстық циклдің сары денесі 15-20 күннің ішінде ыдырап сіңіп кетпей тұрып қалса, ондай сары денені тұрып қалған немесе персистенттік сары дене деп атайды. Бұл жыныстық жүйедегі қандай да бір патологияның белгісі.

Овогенез деп аналық ұрық безінде аналық ұрық торшасының пайда болып, өсіп-даму үрдісін айтады. Ұрық торшасы аналық ұрық безінің сыртқы қыртысты қабатында примордиалдік фолликулдердің арасында пайда болады. Овоцитті сыртынан бір қабат фолликулярлық торшалар қоршап тұрады. Бұл – алғашқы фолликула. Овоциттер эмбрионалдық кезеңде-ақ пайда бола бастайды. Бұл үрдіс жыныстық жетілу мерзімінде біршама қарқынды, ал одан кейін сәл баяулап қартайғанға жүріп отырады. Примордиалдық фолликулдердің жалпы саны сиырларды бірнеше ондаған мыңға жетеді, оның тек аз ғана бөлігі толық пісіп-жетіліп, овуляциямен аяқталады да, қалған фолликулдер атрезияға ұшырайды. Атрезия деп фолликулдің дамуы тоқтап, ішіндегі ұрық торшасы өліп, фолликулярлық сұйықтың ыдырап сіңіп кетуін айтады. Бұл – кәдімгі физиологиялық құбылыс.

Овоциттің төңірегіндегі  қоршап тұрған бір қатар фолликулярлы эпителий бірнеше қатар болып  көбейе бастайды, фолликула өсіп үлкейе береді, оның ортасына фолликулярлы клеткаларды  шетке ығыстырып кең қуысқа айналады. Фолликула ұрық безінің терең  қабатынан бетіне қарай жақындай береді. Фолликулдің қабырғасы ішкі және сыртқы қабаттан тұрады.  Ішкі қабатында фолликулярлы эпителий орналасқан, ол экстрогендік гормон (фолликулин), бөліп  шығарады сыртқы қабаты тығыз дәнекер  ұлпадан, қан тамырларынан тұрады. Пісіп  жетілген фолликулдің көлемі сиырда 1,5 см, биеде 4-5 см болады.

Фолликулдің өсіп жетілуімен қатар ұрық торшасы да өсіп жетіледі. Бұл кезде овоциттің құрамында  және оның ядросында күрделі өзгерістер болады. Овоцит екі рет бөлінеді. Бірінші бөлінгенде одан екінші дәрежедегі овоцит және бірінші бағыттаушы дене тарайды. Осыдан кейін (көбінесе, овуляциядан кейін) екінші дәрежедегі овоцит екінші рет бөлінеді, оның нәтижесінде үшінші дәрежедегі овоцит және екінші бағыттаушы дене бөлініп шығады. Осы үшінші дәрежедегі овоцит жетілген ұрық торшасы болып саналады, оның ядросында хромосомалар саны жартылай ғана (гаплоидті сан) болады.

Көп төлді жануарлардың аналық ұрық безінде бір мезгілде бірнеше  фолликулдер пісіп жетіледі де, овуляция үрдісі ұзаққа созылады.

Жыныстық циклдің қайталануы барлық малда, жануарлада бірдей емес. Сондықтан жыныстық цикліне өтуіне қарай барлық жануарларда полициклді және моноциклді жануарлар деп екіге бөлеміз.

Полициклді – жануарладың  жыныстық циклі бір жылдың ішінде белгілі уақыт аралығында бірнеше  рет, яғни әр 18-22 күн сайын қайталанып отырады. Бұған негізінен үй жануарлары, демек, сиыр, бие, мегежін жатады.

Моноциклді - жануарладың  жыныстық циклі жылына бір немесе екі рет қана қайталанады. Оларға ит, мысық және жабайы аңдар жатады. Ал түйе, қой мен ешкіні полициклді жануарларға жатқыза отырып, олардың жыныстық маусымы бар екендігін көрсете кетуіміз керек. Қой, ешкілер күзде күйлейді, ал түйе көбінесе, қаңтар айынан бастап сәуір-мамыр айларына дейін бірнеше рет күйлейді.

Тежелу  сатысы шылым ағу және жыныстық қозу феномендерінің бәсеңдеп барып басылуымен сипатталады. Кеше ғана күйлеп жүрген мал еркек малды теуіп-тістеп жолатпайды. Шылым ағу тоқтаған, жыныс органдарының кілегейлі қабатының қызарғаны басылып бозғылт тартқан, домбығып ісінгені де әлсіреген, жатыр мойыны жабық, қынаптағы кілегейлі қабатының эпителийі көшіп түсіп, астынан жаңа торшалар пайда болады. Мал тыныштанып, жем-шөпке тәбеті бұрынғы қалыпқа түседі. Сөйтіп, қозу сатысындағы байқалған эволюциялық үрдістер тоқтап, орнына инволюциялық үрдістер келеді.

Теңелу сатысы. Тежелу сатысының жалғасы болып табылады, бұл едәуір ұзақ уақытқа, жаңа циклдің басталуына дейін созылады. Малдың мінез-құлқында айтарлықтай өзгеріс болмайды, аталық малға қарамайды, болмаса, оған жоламай қашып жүреді. Ұрық безінде әртүрлі даму сатысындағы фолликулдер де, сары дене де байқала береді. Жатыр мойыны жабық. Бұл – тек сырттай қарағандаға тыныштық. Ал жыныстық органдарда көзге көрінбейтін гистологиялық, биохимиялық өзгерістер, үрдістер жүріп жатады.

Әдетте, жыныстық цикл жаңа буаздыққа әкеліп соқтыруы керек, буаздық  аяқталып мал төлдегеннен кейін  қайтадан жаңа цикл басталады. Жыныстық циклдің басталуын, оның өту барысын, оған әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды  білу, әр аналық малдан жыл сайын  төл алып отыру үшін қажет.

 

Ұрғашы малдың организміндегі жыныстық үрдістердің  нейрогуморалді реттелуі

Жыныстық  цикл басталып, оның дұрыс өтуі үшін сыртқы ортаның әсерімен қатар гонадроптық және гонадальдық гормондар қажет.

Гонадропты гормондар: фолликул стимулдеуші гормон (ФСГ), лютеиндеуші гормон (ЛГ) және лютеотроптық гормон (ЛТГ) немесе лактогендік гормондар гипофизде түзіліп шығады да, қан арқылы аналық ұрық безіне және сүт безіне әсер етеді, яғни фолликулдердің өсіп жетілуін, овогенез үрдісінің жүруін қамтамасыз етеді. Аналық ұрық безінде овуляция болып, сол жарылған фолликулдің орнында сары дененің пайда болуы да осы гормондардың әсері.

Гонадальдық гормондар аналық ұрық безінде түзіледі, оған: фолликуоин (эстрогендік гормон) және сары дененің гормоны прогестерон жатады.

Сыртқы орта факторлары дегеніміз – күн сәулесі, ауаның температурасы, жем-шөп және еркек мал. Осы ішкі,сыртқы факторлардың бір-біріне тигізетін әсерін бір ретке келтіріп отыратын орын – орталық жүйке жүйесі.

Қазіргі ғылыми зерттеулер нәтижесіне сүйенетін болсақ, жыныстық цикл мынандай тәртіппен өтеді: күн сәулесі – көздің, терінің рецепторын, азықпен келіп түскен стерондар – ас қорыту органдарының рецепторын қоздырады, еркек малдың – иісі, сыртқы тұрпаты, дауысы, олардың аталық малға тән қылықтары, ұрғашы малға жанасуы, сол сияқты тағы басқа да қарым-қатынасы тиісті сезімтал рецепторларды қоздырып, сол арқылы импульстер ми қыртысындағы тиісті орталықтарға барып жиналады. Ол жерде сарапталып, талданған импульстер гипоталамус арқылы гипофизге жетіп, ФСГ гормонын бөліп шығаруға мәжбүр етеді. Бұл гормон қан арқылы аналық ұрық безіне әсер етіп фолликулдердің өсіп жетілуін дамуына ықпал етеді. Фолликулдердің ішінде фолликулин (эстрогендік гормон) түзіліп, қан арқылы миға, жыныстық жүйеге әсер етіп, соның салдарынан жыныстық циклдің қозу сатысы басталады. Жыныстық циклдің қозу сатысында: шылым ағу, жалпы реакция, күйлеу және овуляция феномендері бірінен соң бірі, тізбектеліп өтеді. Қанның құрамындағы эстрогендік гормондар өте көп болғанда, ФСГ гормонының орнына гипофиз ЛГ (лютеиндеуші) гормонын бөліп шығара бастайды. ЛГ гормонының әсері мен овуляция үрдісі жүзеге асып жарылған фолликулдің орнына сары дене пайда болады. Сары дене өзінің прогестерон деген гормонын шығара бастайды. Прогестеронның әсері мен жатыр келесі буаздыққа дайындалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

М. Н. Жоланов, Қ. У. Қойбағаров, О.Т. Төребеков «Мал көбеюі биотехнологиясы», Алматы, 2009.

Ш. Қ. Қалтаев, Б. Д. Жукин, М.Н. Жоланов, Қ.У. Қойбағаров «Ветеринариялық акушерлік, гинекология және көбею биотехникасы», Алматы, 2011.

 

 

 


Информация о работе Ұрғашы малда жыныстық қызметтің реттелуі