Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2015 в 21:25, реферат
Әкімшілік құқықтың пәні туралы сұраққа неғұрлым нақты түрдегі жауапты оның жинақталған анықтамасынан табуға болады.
Әкімшілік құқық-құқықтық нормалардың жиынтығы, солардың көмегімен мемлекет атқарушы билікті нақты жүзеге асыруға байланысты және сол туралы пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Бұл анықтама кейбір түсініктемелер беруді керек етеді, олар бірінші кезекте және әсіресе әкімшілік-құқықтық реттеу пәніне жататын қоғамдық қатынастардың мән-мағынасын анықтаумен байланысты.
КІРІСПЕ.................................................................................................................3-4
1 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ................................5-12
1.1 Әкімшілік құқықтың пәні..........................................................................5-9
1.2 Басқарушылық қатынастар.....................................................................9-11
1.3 Әкімшілік кұқықтың функциялары.......................................................11-12
2 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚТЫҢ ӘДІСТЕРІ....................................................13-17
2.1 Әкімшілік құқық әдісінің ұғымы және түрлері ....................................13-14
2.2 Әкімшілік құқық әдісінің ерекшеліктері................................................14-17
3 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР............ ....................................18-23
3.1 Әкімшілік құқықтың субъектілері..........................................................18-20
3.2 Әкімшілік құқықтың жүйесі....................................................................20-21
3.3 Әкімшілік құқықтың ҚР-сы құқығы жүйесіндегі орны.........................22-23
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................24-25
ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ.............................................................
2.2 Әкімшілік құқық әдісінің ерекшеліктері
Әкімшілік құқық шындығында құқықтық реттеудің барлық әдістерін пайдаланады. Сонымен бірге басқарушылық қатынастарға құқықтық ықпал жасаудың қандай да бір құралдарын таңдауға осы қатынастарда іске асырылатын атқарушы билік өзінің барлық айырықша ерекшеліктерімен шешуші әсер етеді. Бұл орайда ең маңыздысы мынада, қоғамдық қатынастардың ерекше түрін заң арқылы байланыстыру процесі пайда болады, осылардың шегінде бір тарап басқарушы рөлінде, ал екіншісі — басқарылушы рөлінде болады. [11]
Соған сәйкес әкімшілік құқықпен реттелетін қатынастарда басқарылатындардың еркінің бірыңғай басқарушы ерікке белгілі бір шамада бағынуы әрқашанда едәуір немесе шамалы деңгейде көрініс табады, оны білдіруші заңдық биліктік өкілеттіктер берілген атқарушы биліктің қандай да болмасын субъектісі болып табылады. Бұл объектінің бұлайша іс-әрекет етуінің себебі, ол мемлекет атынан өкілдік етеді және жариялы мүддені білдіреді. Осыдан бұл қатынастарда тараптардың заңды түрдегі теңсіздігі де туындайды. Тараптары бір құқықтық дәрежеде болатын, мысалы, азаматтық-құқықтық мәмілелермен салыстырғанда, басқарушылық қатынастарда атқарушы билік субъектісінің ерік білдіруі басқарылатын тараптың ерік білдіруімен бірдей болуы мүмкін емес. Міне не себепті әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастарды биліктік қатынастар деп жиі сипаттайды. Бұл формуланың ар жағында жасырын не бар? Ол басқарушылық қатынастар мәжбүрлеу құралдарының көмегімен реттеледі дегенді білдірмей ме? Әрине олай емес, сондықтан да әкімшілік-құқықтық реттеудің сипаты мен тәсіліне тікелей әсер ететін ерекше шарттарын бөлу қажет.
Әкімшілік-құқықтық реттеуге тұтастай алғанда нұсқама (өкім ету) мен тыйым неғұрлым тән. Бұл түсінікті де, өйткені реттелетін қогамдық қатынастардың міндетті түрдегі қатысушысы мемлекеттік өкілеттіктің ресми өкілі болып табылады. Оған жататын нұсқама нысанындағы өкім етушілік құқықтар көлемін іске асыру мүмкіндігі құқықпен тап соған берілген, олар екінші тарапқа міндетті болып табылады. Мысалы, кәсіпорынның немесе мекеменің басшысының бұйрығы өзі басқаратын қызметкерлер үшін міндетті, ал министрліктің нормативтік актісіне барлық адамдар мен ұйымдар өздерінің меншік нысанына қарамастан, егер олар осы министрлікке қарасты қызмет аясында жұмыс істейтін болса, бағынуға міндетті. [11]
Бұл жағдай немен түсіндіріледі? Ең алдымен мынамен, қандай да болмасын атқарушы органға немесе лауазымды адамға тиісті заңдық биліктік өкілеттіктерді шындығында іске асыру белгілі болып отыр, ал бұл негізінен алғанда басқарушылар мен басқарылушылар арасындағы қарым-қатынастардың шарттық түрін болғызбайды. Мұны, мысалы, мынадай факт растайды, әкімшілік-құқықтық реттеуді жүзеге асырғанда реттелетін қатынастың бір тарабының ерік білдіруіне жетекші рөл беріледі.
Әкімшілік құқықпен реттелетін нақты басқарушылық қатынастарда тиісінше мынадай көрініс байқалады. Бір жағдайларда қатынастың қатысушысында, қандай да бір атқарушы органның өкілеттіктеріне ұқсас келетін (мысалы, осындай орган және азаматтың арасындағы қатынастарда) өкілеттіктері жалпы болмайды. Басқа жағдайларда бір тараптың заңдық биліктік өкілеттіктерінің көлемі мемлекеттік-басқарушылық қызмет субъектісінің рөлінде болатын органдікінен (лауазымды адамдыкінен) аз болады (мысалы, жоғары және төменгі тұрған атқарушы органдардың арасындағы қатынастарда). Мысалы, министрлікте оған қарасты мемлекеттік кәсіпорынның басшысынан өкім етушілік өкілеттіктерінің көлемі, әрине, көп. Ал бұл, өз кезегінде мынаны білдіреді, мемлекеттік басқару аясында реттеудің мынадай механизмі қалыптасады, ондағы азаматтардың, кәсіпорындардың, мекемелердің, мемлекеттік емес құрылымдардың, т.с.с. мүдделеріне қатысты болатын заңдық акт (ерік білдіру) олардың өзара ерік білдіруінің (шарттың) нәтижесі болып табылмайды. Оны тек қана өкілетті атқарушы орган немесе лауазымды адам шығарады. Оларға әкімшілік құқықтың нормаларына сәйкес, бұған дейін атап көрсетілгендей, құзырет беріледі, соның шегінде олар біржақты тәртіппен белгілі бір зандық міндетті шешімдер қабылдауға құқылы. Демек, бұл сияқты шешімдер органның (лауазымды адамның) қарауынша емес, құқықтық белгілеулердің (заң, заңға тәуелді кұқықтық норма) негізінде қабылданады. Сондықтан олар кімге жолданса, соған міндетті болады. Әрине, олар осы шешімдерді қабылдайтын атқарушы органның немесе лауазымды адамның өзіне де бірдей өлшемде міндетті. Басқарушылық қоғамдық қатынастағы тараптардың ең толық көрініс тапқан заңдық өзара қарым-қатынастары осындай. Шындығында, сипатталған реттеу механизмі мемлекеттік тәртіп пен заңдылық талаптарының мазмұнынан тікелей туындайды. Соларға сәйкес мемлекет басқарушылық тәжірибеде пайда болатын мәселелерді, олардың кімнің ынтасы бойынша туындауына қарамастан, біржақты тәртіппен, бірақ міндетті түрде заң мен заңдарға тәуелді әкімшілік-құқықтық нормалардың негізінде шешуге өкілетті мемлекеттік басқару аясында ресмисаты (инстанция) белгілейді. [10]
Бұл сияқты сатылардың қажеттігі түсінікті. Азамат, мысалы, қандай да бір әкімшілік-басқарушылық қызметтердің заңсыз іс-әрекетіне өзінің шағымын өзі шеше алмайды. Сондықтан, ол бойынша заңды түрде міндетті болатын шешім қабылдауға кім ресми өкілетті екенін белгілеу керек; әйтпесе шағымды шешілген деп санауға болмайды. Шағым бойынша шешім азамат пен атқарушы органның арасындағы келісім тәртібімен емес, тек қана өкілетті органның алдын-ала заңмен немесе заңға тәуелді нормамен белгіленген өзінің биліктік құзыретін іске асыру ретінде қабылданады. Мысалы, бұл сияқты шағымдар бойынша шешімдерді кімнің іс-әрекеттеріне (құқықтық актілерін қоса) шағым жасалынса, соның жоғары тұрған органы (лауазымды адамы) қабылдайды деп белгіленген.
Басқарушылық қоғамдық қатынастарды реттеудің басқа түрлерінде де осындай жағдай байқалады. Мәселен, лицензияларды, белгілі бір қызмет түрімен (мысалы, кәсіпкерлікпен) айналысу үшін өкілетті атқарушы органдар береді; бірқатар мемлекеттік емес құрылымдарды тіркеуді ҚР-сы Әділет министрлігі органдары жүзеге асырады деп белгіленген, т.с.с.Атқарушы билік органдарының әр түрлі деңгейінің арасындағы қарым-қатынастарында сатылы біріне-бірі бағыныш принципі қолданылады, соған сәйкес төменгі тұрған органның кейбір мәселелерді, жоғарғы тұрған органның құзыретіне жатқызылғандықтан, өзі істеуге құқығы жоқ. Ол осы мәселені өкілетті саты алдында қоюға бастама көтере алады. Бірақ біржақты заңды түрдегі міндетті нұсқамалардың болуы әкімшілік-құқықтық реттеуді басқарушылық қатынастардың екінші тарабын мәжбүрлеуге тіремейді. Мәжбүрлеу реттелетін қоғамдық қатынастарға және оның қатысушыларына заңдық ықпал жасаудың ең соңғы түрі. Ол тек қана атқарушы органдардың (лауазымды адамдардың) нұсқамаларында тұжырымдалған талаптардан бас тартқан кезде, ал ең жалпы нысанда құқықтық нормаларды бұзған жағдайда пайдаланылады. Мұндай жағдайларда заңдық жауапкершілік қағида болады. Демек, біржақты нұсқамалардың заңдық міндеттілігі мәжбүрлеу мен тепе-тең емес. Тағы бір ескеретін жағдай, атқарушы билік субъектісінің ерік білдіруінің біржақты және міндетті болуы тек әкімшілік құқықтың нормаларымен белгіленген тікелей нұсқамалар мен тыйымдар үшін ғана тән емес. Әкімшілік әдістің бұл ерекшеліктері ерік беру үшін де тән, өйткені оларды пайдалану тиісті әкімшілік-құқықтық нормалармен бұйырылады. Әкімшілік-құқықтық реттеудегі ерік беру кұралдарын пайдаланудың механизмі мынадай. [13]
Біріншіден, құқықтық нормалар реттелетін басқарушылық қатынастардың тараптарына тиісті мінез - құлықтың бір түрін тандауға мүмкіншілік беруі мүмкін. Көпшілігінде бұл әдіс лауазымды адамдардың мінез-құлқын реттеу үшін пайдаланылады, бұл орайда олардың әкімшілік — құқықтық нормамен ұсынылған таңдаудан бас тартуға құқысы жоқ. Мәселен, ӘҚБТК (7-тарау) былай деп белгілеген, құқық бұзушыларға әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдануға өкілеттік берілген лауазымды адам немесе орган мына сияқты шаралардың (мысалы, ескерту немесе әкімшілік айыппұл салу) бірін таңдап алуға немесе оны жауапкершіліктен босату туралы мәселені шешуге құқылы. [14]
Екіншіден, құқықтық нормалар басқарушылық қатынастардың тараптарына өзінің қалауы бойынша іс-әрекет жасауға (немесе жасамауға) мүмкіншілік беруі мүмкін. Әдетте, бұл субъективтік құқықтарды жүзеге асырғанда болады. Мысалы, азамат қандай да бір лауазымды адамның іс-әрекетін заңсыз деп санаған жағдайда, оған шағым беру керек пе, жоқ па, ол мәселені өзі шешеді. Сосын, шағымды қандай жолмен — әкімшілік немесе сот арқылы беру туралы мәселені де оның өзі дербес шешеді. Шындығында бұл сияқты ерік беру әдісінің белгілі бір іс-әрекеттерді жасауға ресми, яғни әкімшілік құқық нормасымен қаралған, рұқсат беру сипаты бар. Биліктік қатынастардың ерекшеліктері осындай. Олардың сипаттамасына тағы да бір елеулі қосымша жасау керек. Ол мынадай мәселе, әкімшілік құқық та белгілі бір жағдайларда тараптардың заңдық тепе-тендігіне құрылған басқарушылық қатынастардың пайда болу мүмкіншілігін қарайды. [15]
3 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР
3.1Әкімшілік құқықтың субъектілері
Әкімшілік құқықтың субъектісі деп ҚР-ның қолданылып жүрген заңнамаларына сәйкес әкімшілік құқықпен реттелетін басқарушылық қоғамдық қатынастардың қатысушылары (тараптары) бола алатын адам немесе ұйым түсініледі. Бұл сияқты субъектілер тобы әр түрлі. Бірақта мұндай субъект болу үшін ерекше заңдық қасиеті болуы қажет. Бұл қасиет-әкімшілік құқық-субъектілігі. Әкімшілік құқық субъектілігі дербес құқықтық маңызы бар екі элементтен тұрады: әкімшілік құқық қабілеттіліктен және әкімшілік әрекет қабілеттіліктен.
Әкімшілік құқық қабілеттілік — жалпы құқық қабілеттіліктің көрінісі, яғни әкімшілік — құқықтық нормалармен белгіленген және қорғалатын қандай да бір субъектінің әкімшілік-құқықтық міндеттер мен құқықтарды иеленетін, сондай-ақ мемлекеттік басқару аясында оларды жүзеге асыру үшін заңдық жауапкершілікте болатын мүмкіндігі. Бұларға тән белгі нақты әкімшілік-құқықтық қатынастарға шынайы түрдегі қатысудың өзі емес, соларға қатысушы бола алатын мүмкіндігі. Құқық қабілеттілік осындай ұғымында жеке немесе заңды тұлғаның әкімшілік құқықпен реттелетін басқарушылық қатынастарға қатысуы үшін алғы шарт болып табылады. Сондықтан әкімшілік құқықтың субъектілері мен әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектілерін теңдестіруге болмайды, олардың арасында айтарлықтай айырмашылық бар.
Әкімшілік құқықтың субъектілері әкімшілік құқық субъектілігінің екінші элементін, яғни әкімшілік әрекет қабілеттілікті иеленген кезде әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады. Бұл адамның немесе ұйымның өзінің іс-әрекеттерімен құқықтар иемденуді, өзіне заңдық міндеттер алуды, сондай-ақ өзінің іс-әрекеттері үшін жауап беретіндігін болжайды. Нақтылап айтқанда сөз адамның немесе ұйымның өзінің әкімшілік құқық қабілеттілігін нақты әкімшілік-құқықтық қатынастар шеңберінде жүзеге асыратын іскерлік қабілеттілігі туралы болып отыр. Құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілік әкімшілік құқық субъектілігінің статиқалық (тұрақты) және динамикалық (өзгермелі) белгілері ретінде ара қатыста болады. Бірақ практикада олардың арасына айқын шек қою әрқашанда мүмкін емес. Мысалы, әкімшілік-құқықтық реттеуге бірқатар жағдайларда олардың бөлінбейтіндігі тән. Мұндай жағдайда құқық субъектілігінің осы екі элементі бір мезгілде жиі пайда болады (осы белгісімен, мысалы, азаматтық құқықтан айырылады). Бұл ең алдымен атқарушы органдарға қатысты болатын жағдай, өйткені олардың әкімшлік құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі бір мезгілде, яғни құрған және құзыретін заңды түрде бекіткен кезден бастап пайда болады. Сонымен бұл органдардың әкімшілік құқық қабілеттілігі олардың нақ сол құзыретінде көрініс табады, ал бектілген өкілеттіктерінде олардың әрекет қабілеттілігі, яғни әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатыса алатын қабілеттілігі көрініс табады. Мысалы, ҚР-сы Конституциясының 66-б-да бекітілген Үкіметтің құзыреті және соған сәйкес келетін өкілеттіктері оның әкімшілік құқықтың субъектісі ретіндегі құқық - және әрекет қабілеттілігін бір мезгілде көрсетеді. [8]
Мына жағдайға ерекше көңіл аудару қажет, атқарушы органдар (лауазымды адамдар) үшін әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатысу шындығында олардың тікелей заңдық міндеті болып табылады, өйткені ол олардың құзыретін, сонымен бірге демек, құқық қабілеттілігін де нақты жүзеге асырудың негізгі құралы болып табылады. Бұл мәселе мемлекеттік және мемлекеттік емес сектордың кәсіпорындары, мекемелері мен ұйымдары жөнінде де осыған ұқсас шешіледі. Бірақ әкімшілік әрекет қабілеттілікті мұндай жағдайларда кәсіпорынның немесе мекеменің өзі емес, олардың әкімшілігі, яғни атқарушы органы жүзеге асырады. Осы сияқты ҚР-ының, өзін де, оның жергілікті әкімшілік-аумақтарын да әкімшілік құқықтың субъектілері ретінде қарауға болады. Бірақ олар нақты әкімшілік-құқықтық қатынастарға тікелей қатыспайды. Әкімшілік әрекет қабілеттілік олардың өкілі болып табылатын атқарушы билік органдарына тиісті болады. Бұл, сонымен бірге, әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектісі, мысалы, республика немесе облыс емес, олардың әкімшілігі болып табылатынын білдіреді. Бұл қоғамдық бірлестіктерге де дәл осылай қатысты болады (партияның өзі емес, оның жарғылық басқару органдары).
Азаматтық-құқықтық реттеуге сипатты болатын міндеттер мен құқықтар қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес заңды тұлға ретінде кәсіпорынға беріледі. Соған сәйкес, кәсіпорынның әкімшілігі азаматтық құқық қабілеттіліктің субъектісі болып табылмайды. Бірақ тап сол әкімшілік кәсіпорынның азаматтық-құқықтық әрекет кабілеттілігін жүзеге асырады. Әкімшілік және азаматтық құқық және әрекет қабілеттілігінің мұндай айырықша арақатынасы ең алдымен мынаған байланысты, кәсіпорын мемлекеттік орган, тіпті — атқарушы биліктің субъектісі болып табылмайды. Сондықтан да оған, яғни кәсіпорынға, әкмішілік-құқықтық мәртебенің негізін құрайтын, басқарушылық құзырет берілмеген. Осыған байланысты ол, әкімшілік құқықтың субъектісі болғанмен, әкімшілік-құқықтық қатынастардың тікелей қатысушысы да бола алмайды. Осы тұрғыдан алғанда мемлекеттік емес сипаты бар әр түрлі коммерциялық құрылымдарды дәл осылай сипаттауға болады. Жалғыз айырмашылық белгісі — әкімшілік құқық — және әрекет қабілеттілігі оларды мемлекеттік тіркеген кезден бастап пайда болады. Бұл жағдай әкімшілік құқықтың және әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектілері ретінде қоғамдық бірлестіктердің мәртебесін айқындау үшін де маңызды. Кейде әкімшілік құқық — және әрекет қабілеттілік тура келмейді, бұл әкімшілік құқықтың субъектілері және әкімшілік-құқықтық қатынастардың қатысушылары ретінде азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесіне тән жағдай: құқық-қабілеттілік туған кезден, ал әрекет қабілеттілік, әдетте, 16 жастан бастап пайда болады.