Әкімшілік жауапкершілік әкімшілік мәжбүрлеудің бір түрі ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2015 в 19:43, реферат

Описание работы

Республикада қоғамдық тәртіпті, басқару тәртібін орнату, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру, азаматтардың демалу мен еңбек етуі үшін колайлы жағдайлар туғызу мақсатында сақталуы кажетті болатын ережелер өте көп. Ондай ережелерге жолда жүру, санитарлық, мал дәрігерлік, өртке қарсы, кедендік, кауіпсіздік, табиғи ресурстарды қорғау ережелері жатады.Егер осы ережелердің бұзылуы үлкен қоғамдық зиян келтіретін болса, онда олар қылмыстық жауапкершілік ты туғызады. Көпшілік құқық бұзушылықтар мардымсыз қоғамдык зиян келтіреді. Сондықтан ондай кұқық бұзушылықтар әкімшілік құқық бұзушылықтар деп саналады және әкімшілік жауапкершілік ты тудырады.

Файлы: 1 файл

document.docx

— 51.81 Кб (Скачать файл)

1-ТАҚЫРЫП. ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҒЫНАСЫ.

1.1. Әкімшілік жауапкершілік әкімшілік мәжбүрлеудің бір түрі ретінде.

 Республикада қоғамдық  тәртіпті, басқару тәртібін орнату, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын  жүзеге асыру, азаматтардың демалу  мен еңбек етуі үшін колайлы  жағдайлар туғызу мақсатында  сақталуы кажетті болатын ережелер  өте көп. Ондай ережелерге жолда  жүру, санитарлық, мал дәрігерлік, өртке  қарсы, кедендік, кауіпсіздік, табиғи  ресурстарды қорғау ережелері  жатады.Егер осы ережелердің бұзылуы  үлкен қоғамдық зиян келтіретін  болса, онда олар қылмыстық жауапкершілік ты туғызады. Көпшілік құқық бұзушылықтар мардымсыз қоғамдык зиян келтіреді. Сондықтан ондай кұқық бұзушылықтар әкімшілік құқық бұзушылықтар деп саналады және әкімшілік жауапкершілік ты тудырады.

     Әкімшілік  жауапкершілік қылмыстық, азаматтық және тәртіптік жауапкершілік тармен қатар заңдық жауапкершілік тардың бір түрі болып табылады. Оны мемлекет жауапкершілік тың негіздерін, бұзушыларға қолданылуы мүмкін болатын шараларды, құқық бұзушылық туралы істерді қараудың және осы шаралардың орындалу тәртібін айқындайтын құқықтық нормалар шығару жолымен белгілейді.

 

1.2. Әкімшілік жауапкершілік заңи жауапкершілік тың бір түрі ретінде.

 

Әкімшілік жауапкершілік ты заңдық жауапкершілік тың барлық түрлері үшін жалпы ортақ болатын кейбір белгілері сипаттайды. Біріншіден, ол мемлекеттік мәжбүрлеу болып табылады. өйткені биліктік өкілеттіктер мемлекеттік билік органдары арқылы жүзеге асырылады. Екіншіден, бұл заңдылық пен құқықтық әділеттіліктің жалпы қағидаларына бағынатын құқықтық мәжбүрлеу.Үшіншіден, ол құқық бұзушылар үшін құқықтық норманың санкциясында қаралған жағымсыз салдарлардың туындауына әкеп соқтырады. Төртіншіден, әкімшілік жауапкершілік тың шараларына әрекет пен бұзушыға мемлекет атынан берілетін қорытынды құқықтық баға болады.

Әкімшілік жауапкершілік ты заңдық жауапкершілік тың барлық түрлері үшін жалпы ортақ болатын кейбір белгілері сипаттайды.

  1)Ол мемлекеттік мәжбүрлеу  болып табылады.Өйткені ол биліктік  өкілеттіктер мемлекеттік билік  органдары арқылы жүзеге асырылады.

  2)Бұл заңдылық пен  құқықтық  әділеттіліктің жалпы  қпғидаларына бағынатын құқықтық  мәжбүрлеу.Әкімшілік жауапкершілік онын көлемі мен шегін құқықтық регламентациялау, нақты әкімшілік жазалардаын негіздемелері,мазмұныны жүзеге асырудың процессуалдық нысандарын нормтивтік белгілеу негізінде қолданылады.Әкімшілік жауапкершілік тың құрмдақ элементтерін реттейтін нормалар жиынтығы әкімшілік құқықтын дербес институты болып табылады.

  3)Ол құқық бұзушылар  үшін құқықтық норманың санкциясында  қаралған жағымсыз салдарладың  туындауына әкеліп соғады. Әкімшілік  жауапкершілік шаралары өзінің мазмұны бойынша ӘҚБтК- те қаралған бұзушылардың құқықтары мен бостандықтарын жоюдан немесе шектеуден көрініс табады, өйткені басқаша жолмен бір тұлғаларға мәжбүрлеп ықпал жасау мүмкін емес.Құқық бұзушы үшін жағымсыз салдарлар моральдық яғни ескерту, материалдық яғни айыппұл, тәркілеу, өтемін төлеп алып қою немесе дене күшін жұмсау сипаты бар әкімшілік қамауға алу кемтарлық көру немесе шектеулер түрінде туындауы мүмкін.

  4)Әкімшілік жауапкершілік тың шараларында әрекет пен бұзушыға мемлекет атынан берілетін қорытынды құқықтық баға болады.Нақ осы әкімшілік жаза құқық бұзушылармен күресуде соңғы инстанция болып табылады, сөйтіп куәгер жасалынған бұзушылықтын сипаты мен қоғамдық қауіптілікке сәйкес әкімшілік жазаға тартылады.

Жалпы алғанда заңдық жауапкершілік тың және соның ішінде әкімшілік жауапкершілік тың және соның ішінде әкімшілік жауапкершілік тың бұл белгісі оның ерекшелігін өте айқын білдіреді, атап айтқанда: мемлекеттің атынан кінәлі мінез –құлықты айыптау, құқық бұзушыны мемлекеттік тұрғыдан ұялту.

  5)Заңдық жауапкершілік әрқашанда құқық бұзушылықтың нәтижесі ретінде қаралып келеді, яғни бұл, тапсырылған іс үшін, алға қойылған міндетті орындау үшін жауапкершілік ретінде түсініледі, ол құқықтық міндет немесе борыш ұғымымен сәйкес болған кезде,дұрыс деп аталатын жауапкершілік тан айырмасы, өткенге мән беретін  ретроспектті немесе жағымсыз жауапкершілік .

 Әкімшілік мәжбүрлеудің бірнеше айрықша белгілері бар, олар оны мемлекеттік мәжбүрлеудің дербес бір түрі ретінде бөлуіне мүмкіндік береді. Әкімшілік мәжбүрлеуді сипаттайтын негізгі белгілеріне мыналар жатады.Әкімшілік мәжбүрлеу мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше түрі болып табылады, онын міндеті көпшілігінде мемлекеттік басқару аясында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды қорғау.Әкімшілік мәжбүрлеу шараларын тиісті органдар мен лауазымды адамдар атқарушы билікті іске асыру процесінде пайдаланады, бұл олардың мемлекеттік –биліктік өкілеттіктері көрінісінің нәтижесі болып табылады.Әкімшілік ықпал етудің барлық шараларына биліктік-мәжбүрлеу сипаты тән.Әкімшілік мәжбүрлеудің бұл белгісін ерекше атап айту қажет, өйткені кейбір авторлар әкімшілік ықпал жасаудың бірқатар шараларының : карантин қоюдың ,кедендік тексерудің мәжбүрлеу сипатын мойындамайды, оларды құқықтық тыйым салумен және міндеттермен, құқықты міндеттейтін нормаларының өздерімен теңдестіріледі,олар әрине, мәжбүрлеу шаралары болып табылмайды. Сонымен бірге, карантин, кедендік тексеру және өзге де осы сияқты мәжбүрлеу шаралары туралы айтқанда , жалпы тыйым емес, құқық нормаларының диспозициялары емес, керісінше мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың тікелей жедел қызметінен, адамдардың мінез-құлқына, олардың еркіне тікелей ықпал ететін нақты актілерінде карантин аумағындағы адамдардың обсерваторға орналастырылуы, жолаушылардың жеке басына тексеру жүргізу, т.б көрініс табатын мемлекеттік мәжбүрлеудің нақты шаралары еске алынып отыр.Сонымен бірге өздеріне арналған белгіленген ережелерді карантин режимін, тексеру тәртібін, және солармен байланысты нақты мемлекеттік әрекеттерді тиісті субьектілердің өз еріктерімен және саналы түрде орындаулары олардың обьективтік мәжбүрлік мазмұнын- олардың жеке басының бостандығына, жеке басы мен мүліктік тиіспеушілігіне қатал құқықтық шектеулер болуын жоймайды.Әкімшілік мәжбүрлеу өзінің мазмұны бойынша жеке басылық, ұйымдастырушылық немесе  мүліктік сипаты бар шектеулер болып табылады, яғни, олар қандай да бір жағымсыз салдарлар нысанында адамдардың сана сезімі мен мінез-құлқына сырттай мемлекеттік-құқықтық психикалық немесе күштеп ықпал етуден тұрады.

1.3. Әкімшілік жауапкершілік тың түсінігі және оның ерекшеліктері

   Әкімшілік  жауапкершілік – бұл әкімшілік-құқықтық санкцияларды жүзеге асыру, уәкілетті органның немесе лауазымды адамның құқық бұзушылық жасаған азаматтар мен заңды тұлғаларға әкімшілік шаралар қолдануы.

Әкімшілік жауапкершілік — азаматтар мен лауазымды адамдардың өздерінің әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттері үшін заң алдындағы жауапкершілігінің бір түрі. Кінәлі адамдар өзі құқық бұзған уақытта және территорияда қолданылатын заңдар негізінде әкімшілік жауапкершілік қа тартылады. Қазақстан Республикасында 1984 жылы 24 наурызда қабылданған (1995 жылы 1 сәуірде бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізген) “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі” қолданылады. Осы құжат бойынша әкімшілік жауапкершілік қа құқық бұзған сәтте 16 жасқа толған азаматтар ғана тартылады. Әскери қызметшілер мен әскери жиындарға шақырылатындар, ішкі істер органдарының қызметкерлері әкімшілік құқықты бұзған ретте тәртіптік жарғылар бойынша жазаланады. Қазақстан Республика Парламентінің депутаттарын — сәйкесті Парламент палатасының, жергілікті мәслихат депутаттарын — сәйкесті өкілетті органның келісімінсіз, ал Қазақстан Республикасының судьяларын Қазақстан Республика Президентінің келісімінсіз Әкімшілік жауапкершілік қа  тартуға болмайды. Сондай-ақ республикадағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды, өзінің іс-әрекетіне есеп бере алмайтын, есі дұрыс емес адамдарды т.б. әкімшілік жауапкершілік а  тартуға қатысты мәселелер қолданыстағы әкімшілік кодексте егжей-тегжейлі көзделген.      

 Әкімшілік  құқық бұзушылық жасаған  кінәлі адамға өкілетті мемлекеттік органдар әкімшілік жауапкершілік   түрінде  мемлекеттік  мәжбүрлеу шараларын қолданады. Әкімшілік жауапкершілік ты  сот және Парламент, Президент, Үкімет, заңды негізде  мемлекеттік жергілікті өкілді және атқарушы органдарда белгілеуге құқылы. Әкімшілік жауапкершілік ті реттейтін негізгі нормативті-құқықтық акт - ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі (2001 жылы 30 қаңтарда қабылданған). Әкімшілік жауапкершілік қа мынадай белгілер тән:

1) құқықтық тәртіпті бұзудан  қорғау  құралы болып табылады;

2) әкімшілік жауапкершілік ты заңдар, заң күшіндегі  актілер немесе олардың әкімшілік  құқық бұзушылық туралы нормалары белгілейді;

3) әкімшілік жауапкершілік тың негізі - әкімшілік құқық бұзушылық;

4) әкімшілік құқық бұзушылық  жасағаны үшін әкімшілік жаза  қарастырылған;

5) әкімшілік жазаны  мемлекеттік басқару органдары және олардың лауазымды тұлғалары өздеріне бағынышты емес құқық бұзушыларға қолданады;

6) әкімшілік жазаны қолданғанда  бас бостандығынан айырлмайды  және жұмыстан шығару негізі  болып табылмайды;

7) әкімшілік жауапкершілік шараларын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша  реттейтін заңға сәйкес қолданады.     

Әкімшілік жауапкершілік қа  әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде 16 жасқа толған  тұлғалар тартылады.    

 Кәмелетке толмағандардың  әкімшілік - құқықтық жауапкершілік қе тартылуына келер болсақ,  16 жастан 18 жасқа дейінгі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған  тұлғаларға кәмелетке  толмағандардың істері  бойынша Комиссия туралы жағдаймен қарастырылған шаралар қолданылады. Қазіргі уақытта  Қазақстан кәмелетке жасы толмағандардың құқық бұзушылықтарын қарау үшін Ювеналдық юстиция енгізіліп отыр.

Әскери қызметкерлердің жауапкершілігі. Әскери қызметкерлер және  әскери міндетін өтеуге шақырылғандар, Ішкі Істер органдарының қатардағы  және басшылық ету құрамындағы  тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық жасағанда  тәртіптік жарғылары бойынша жауапкершілік ке тартылады. Осы аталған  тұлғалар жер қойнауын, жер  және су ресурстарын, атмосфераны, жан-жануарлар мен өсімдік әлемін тиімді пайдалану және қорғау ережелері мен нормаларын  бұзғаны үшін, жол жүру режелерін, кедендік ережелерді, карантин бойынша ережелерді бұзғаны үшін және контрабанда үшін жалпы негізде   әкімшілік  жауапкершілік қа тартылады.        

 Осы аталған тұлғаларға  әкімшілік қамау қолданылмайды.      

 Шетел азаматтары мен  азаматтығы жоқ тұлғалардың жауапкершілігі. ҚР территориясындағы шетел азаматтары  және азаматтығы жоқ тұлғалар  жалпы негізде  әкімшілік жауапкершілік ке ҚР азаматтары сияқты тартылады. Ал диплматиялық қорғаншылықты пайдаланатын тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде әкімшілік жауапкершілік ке тарту ҚР заңдарына және сәйкес елмен жасасқан халықаралық шарттарға сай жүзеге асырылады.

 

 

 

1.4. Әкімшілік жауапкершілік туралы заңнамалардың жүйеcі. Полицейлік құқық.

Нормативтік актілерді жүйеге келтірудің мақсаты құқықтық материалдарды тәртіпке келтіріліп, оларды белгілі бөлімдермен таралауға орналастыру, яғни саралау болып табылады. Қажет болған әкімшілік жауапкершілік туралы заңды іздестіріп табу ісін жеңілдету үшін жүйелеу ыңғайлы және ол заңдылық талаптарын орындау шарты қызметін атқарады және бұл құқықтағы кездесіп қалуы мүмкін кемшіліктердің қарама-қайшылықтарды болдырмау жолын қарастыру болып табылады.

Әкімшілік жауапкершілік туралы заңнамаларды бір жүйеге келтіруге заң шығарушылар, құқық қолданушылар және барлық азаматтар да мұқтаж.

Жалпы, құқық теориясына сәйкес заңнамаларды жүйеге келтірудің қазіргі уақытта үш түрі белгілі. Олар:

1. Инкорпорация;

2. Кодификация;

3. Консолидация.

Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеу – құқық нормаларын тәртіпке келтіруге және жүйеге келтіруге және бұл өңдеу оларды біртұтас келісілген жүйеге келтіруге бағытталған әрекеттер.  
Қазіргі кезде нормативтік актілерді жүйелеудің мынадай түрлері қолданылады: кодификация, инкорпорация, консоли-дация.  
Кодификация – мемлекеттің құқықтық-шығармашылық органдарының жаңа жинақталған, жүйеленген нормативті-құқықтық актілерді, әрекеттегі заңдарды терең және жан-жақты өңдеу арқылы құратын әрекеттері.  
Кодификациялық жұмыстар – олардың терең талдануы-ның бағытына байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді: жалпыға бірдей (заңдардың көпшілік бөлігі негізгі өңдеуге жарайды және нәтижесінде жинақталған кодификацияланған актілер заңдардың негізгі сапалары бойынша құрылады); сапалық белгі – белгілі сапалық құқық нормаларын не қосымша сапалық заңдарды қайта өңдеу және біріктіру (қылмыстық кодекс, азаматтық кодекс, азаматтық іс жүргізу кодексі, т.б.).  
Арнайыланған – әр түрлі нормативтік актілердегі шашыл-ған нормативтік не басқадай жекелеген құқық институтын және оларды тұтас кодификацияланған актіде біріктіру (орман кодексі, әскери кодекс, әкімшілік құқық бұзушылардың кодексі).  
Кодификация – кодекстерді, уставтарды және заңдар негізін құрумен белгілі болады:  
• Кодекс – құқық нормаларының қатаң түрде белгілен-ген тәртіппен заңды актілерді біріктіруші, қоғамдық қатынастардың қандай болмасын саласын (аясын) реттеуші;  
• Устав (ереже) – жекелеген ведомстволардың, министр-ліктердің, ұйымдардың жұмысын реттеуші нормалары бар акті;  
• Заңдардың негіздері – одақтық (федералды) мемлеке-тіне белгілі аядағы мемлекеттік басқарудағы не құқық саласындағы маңызды ережелерді белгілейтін нормативті-құқықтық акт.  
Инкорпорация – жүйелеудің нысаны, бұл процесте әрекеттегі нормативтік-құқықтық актілер тұтас бір жинаққа бірігеді не белгілі тәртіппен мазмұндарын өзгертпей жинақ болады (әрекеттегі заңдарды сырттай өңдеу).  
Нормативті-құқықтық актілердің инкорпорациясы субъектілеріне байланысты арнайылыққа және арнайы еместікке бөлінеді.  
Арнайы инкорпорация арнайы өкілеттігі бар мемлекеттік органдармен шығарылады және өзіне тән «құқықтың қайнар көзі» ретінде қызмет етеді. Инкорпорацияның мынандай түрлері болады:  
• Хронологиялық инкорпорация бұл процесте норма-тивтік-құқықтық актілердің қабылдану тәртібіне байланысты құқық салаларынан тәуелсіз топтасады (мысалы, мынандай басылымдарды «Собрание законодательства РФ», «Собрание актов Президента и Правительства РФ» әр түрлі жекелеген министр-ліктердің және ведомстволардың), жинақтардың ерекше түріне Заңдар жинағы (Свод законов) жатады. 
• Пәндік инкорпорация сапалық белгі бойынша нормативтік материалды топтастыру түрінде жүргізіледі, яғни құқықтық институттар мен мемлекеттік әрекеттер аясында, т.б.  
Арнайыланған емес дегеніміз – ұйымдар не жекелеген адамдар өздерінің ынтасымен және өздерінің тәрбиелік мақсаттарымен әрекеттегі нормативтік актілерді тәртіпке келтіруі. Сондықтан оны өз қызметі үшін пайдаланушылар үшін міндеттілік сипатта болмайды. Бұл заңдарды сырттай өңдеу, яғни ведомстволар, ғалымдар және тәжірибешілер қолдануы үшін жасаған әр түрлі пәндік-тақырыптық заңдардың жинақтарына анықтама шығаруы.  
Консолидация – қоғамдық қатынастардың бір және бірнеше шеңберде әрекет ететін бірнеше нормативтік-құқықтық актілердің қосылып жинақталған біртұтас нормативтік-құқықтық актіге айналуы және актілердің мазмұндары өзгерусіз қалады.  
Көбінесе құқықтық тәжірибеде көптеген әр түрлі кездерде қабылданып, қоғамдық қатынастардың біржақты аясын реттейтін нормативтік актілерді, сондайға өкілеттілігі бар құқықтық шығармашылық органдары не лауазымды адамдар бірге жинап, солардың негізінде біртұтас нормативті актілер жасайды. Мұндай жағдайда бұрынғы құқықтық ұйғарымдар сыртқы жағының көрінісінен өзгеріп белгілі редакциялық өзгерістерге түсетіні түсінікті, бірақ олардың бастапқы мазмұны және бағыты өзгермейді. Сонымен, нормативтік-құқықтық актілерді консолидациялау қандай болмасын қоғамдық қатынастар қалпындағы көпшілік әр түрлі нормативтік ұйғарымдарды алып тастау мақсатында және құқықтық реттеудегі бірлікті қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.

Информация о работе Әкімшілік жауапкершілік әкімшілік мәжбүрлеудің бір түрі ретінде