Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2015 в 23:50, курсовая работа
Айыпты сипатта болады. Бұл белгінің мәні сонда, құқықбұзушыда оның жасаған әрекеттеріне байланысты жаңа заңды міндеттер пайда болады (құқықбұзғанға дейін болмаған). Құқықбұзушылық заңды факт, ерекше – қорғаушылық құқықтық қатынастардың тууына әсер етеді (құқықбұзушымен мемлекеттің арасындағы), сол қалыпта осы міндеттер пайда болады.
Кіріспе.....................................................................................................................................3
1.Құқық Бұзушылық түсінігі және түрлері
1.1 Құқық бұзушылық:түсінігі, оның заңдық құрамы.........................................................5
1.2 Құқық бұзушылықтың түрлері…………………………………………………….........7
2. Құқық бұзушылық және заң алдындағы жауаптылық
2.1 Заң жауапкершілігінің түсінігі және түрлері………………….....................................9
2.2 Заң жауапкершілігінің қағидалары……………………………...................................15
2.3 Қазақстан Республикасының құқық бұзушылықты алдын алу шаралары……………………………………………………................................................24
Қорытынды………………………………………………………………….......................27
Қолданылған әдебиеттер тізімі……………………………………....................................29
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі
Құлсары гуманитарлық –
«Құқық бұзушылық және заң алдындағы жауаптылық»
Мамандық «0201000 – Құқықтану»
Құлсары 2015
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі
Құлсары гуманитарлық – техникалық колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Құқық бұзушылық және заң алдындағы жауаптылық»
«Мемлекет және құқық теориясының негіздері пәні бойынша»
2 курс студенті _________________ Сарсенғалиева А.Ж.
Жетекші_______________________
Норма бақылаушы________________ Абилхайрова Г.З
Құлсары 2015 жыл
Жоспары
Кіріспе.......................
1.Құқық Бұзушылық түсінігі және түрлері
1.1 Құқық бұзушылық:түсінігі,
оның заңдық құрамы............
1.2 Құқық бұзушылықтың
түрлері……………………………………………………...
2. Құқық бұзушылық және заң алдындағы жауаптылық
2.1 Заң жауапкершілігінің
түсінігі және түрлері…………………..
2.2 Заң жауапкершілігінің
қағидалары…………………………….........
2.3 Қазақстан Республикасының
құқық бұзушылықты алдын алу
шаралары……………………………………………………..
Қорытынды………………………………………………………
Қолданылған әдебиеттер тізімі……………………………………..........
Кіріспе
Заң алдындағы жауапкершілік, бір жағынан, жалпы әлеуметтік жауапкершіліктің түрі, басқа түрлер басқа әлеуметтік нормалардың негізінде пайда болады – саяси, мораль нормаларының, корпоративті нормалардың т.с.с.
Басқа жағынан, заң алдындағы жауапкершілік құқықтық мәжбүрлеу шарасының түрі, сонымен бірге ол көбірек қаттылау түрі, көбірек деңгейде субъектінң құқықтық жағдайына тиістілі бар.
Заңды жауапкершіліктің белгілері:
Ретроспективті сипатта, яғни алдыда өтіп кеткен тәртіпке деген реакция, өткен тәртіпке (не кейбір оқыйғада – созылмалы). Субъект алда болатын тәртіптеріне заңды жауапкершілікке тартылмайды.
Заңды жауапкершіліктің негізіндегі тәртіп, міндетті түрде ерекше болуы қажет, яғни бойында құқық бұзудың белгісін ұстауы керек. Кінәлі тәртіп болуы керек. Кінәсіз заңды жауапкершілік болуы мүмкін емес.
Заңды жаупкершілік құқықбұзушының тәртіпін әр уақытта мемлекеттік және қоғамдық талқылауымен (негативті бағалау) байланысты.
Айыпты сипатта болады. Бұл белгінің мәні сонда, құқықбұзушыда оның жасаған әрекеттеріне байланысты жаңа заңды міндеттер пайда болады (құқықбұзғанға дейін болмаған). Құқықбұзушылық заңды факт, ерекше – қорғаушылық құқықтық қатынастардың тууына әсер етеді (құқықбұзушымен мемлекеттің арасындағы), сол қалыпта осы міндеттер пайда болады.
Заңды жаупкершілік көнтерлілік сипатта болады. Қандай да болмасын міндеттілік-аутпалық, бірақ құқықбұзу нәтижесінде ерекше міндеттер пайда болады – өзіне тиісті және басқа бағдарламаларынан айырғанға көтерімділік көрсету (көну).
Заңды жауапкершілікті жүктеу тәртібі заңмен белгіленеді, яғни заң бұл процесстің белгілі процедуралық нысандарын белгілейді.
Егер айтылған белгілерді есепке алсақ, онда заңды жауапкершілікті құқықтық қатнаспен саластыруға (қорғаушылық) және ерекше заңды міндеттілікпен. Егер құқықбұзушылық мемлекетпен сезілмесе не болмаса белгіленбеген болса (не тауып алынбаған) құқықбұзушы ештеңеге жаупты емес) керісінше, ол жасалған құқықбұзушылықтың игілігімен пайдалануына болады). Сондықтан, оның айтсақ, заңды жауапкершілік – өзі міндеттілік емес, қорғаушы құқықтық қатнастағы оны іс жүзіне асыру процессі.
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАНДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК
асыз етудің бірден-бір әдісі — азаматтарды шынайы түрде мемлекеттің алдындағы, құқықтары мен міндеттерінің қамтамасыз етілгендігі жөнінде сендіре білу болып табылады.
Занды жауапкершіліктің тәрбиелік ықпалының тиімділігінің алғы шарты — құқық бұзушыны қоғам, ұжым болып жазалау. Сендіру тек күштеу әдістерінің орынды үйлесімділігі ғана заңды жауапкершіліктің жоғары деңгейде әрекет етуін қамтамасыз етеді.
Занды жауапкершіліктің түрлерін оның жүзеге асырылу тәртібі, нысанымен шатастырмау керек. Заңды жауапкершілік тұрлі нысанда жүзеге асуы мүмкін. Мәселен, азаматтық құқықтық жауапкершілік — соттық, әкімшілік тәртіпте жүзеге асырылады. Ал жауапкершіліктің кейбір түрлері, мәселен, қылмыстық — тек соттық тәртіпте іске асады.
Сонымен, құқық бұзушылықты — құқық нормаларын, оның қағидаларын, ол жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау және оған жол берген адам міндетті түрде занды жауапкершілікке тартылады. Тура жауаптан босататын мән — жайлардың да орын алатынын ескерген жөн.
1. Қажетті қорғану. Әркімнің жеке өміріне өзінің және от басының құпиясына қол сұғылмауына, абыройы мен ар намысын қорғауына құқығы бар ( ҚР Конституциясы 10-6). Қажетті қорғану деп заң қорғайтын мүддені қылмыскердің қол сүғуына оған зиян келтіру арқылы қорғануды айтамыз. Қажетті қорғану қылмыскердің озбырлығына қарсы қолданылатын әрекет. Осындай әрекеттің нәтижесінде қылмыскердің денесіне жарақат түсуі мүмкін. Ол тіпті өлуі де мүмкін. Адам қылмыскердің зорлығынан қашып күгылуы мүмкін. Алайда, қылмыстың объектісі болған адам, қылмыскерден қашпай, оған бар күшімен қарсылық көрсетсе, бұл қажетті қорғану болып табылады. Ол занды болуы үшін заң қорғайтын мүддеге төнген қауіпті әрекетке тойтарыс беруге бағытталуы керек. Қажетті қорғану арқылы азамат өзінің жеке басын, өмірін, денсаулығын, мүлкін, саяси әлеуметтік басқа да құқықтарын қорғай алады. Қажеттік қорғану арқылы қылмыстық жауапқа тарту жасына толмаған баланың да әрекетінен қорғануға жол беріледі.
Занды қызмет міндеттерін атқарып жүрген лауазым иесі өз өміріне қауіп төнсе ғана қорғануды қолданады, басқа жағдайда қажетті қорғануды қолдануға болмайды. Егерде лауазым иесінің әрекеті заңсыз болып көрінсе, (қамап қою, ұстап тұру, т.с.с.) азамат оған қарсыласпай, заңсыз деген әрекетке шағым бере алады. Лауазым иесінің заң қорғайтын мүддеге көрінеу қылмыстық қол сұғуына ғана қарсыласуға болады, мәселен, милиция қызметкері мас күйінде бұзақылық жасап, біреудің өміріне, денсаулығына қауіп төнген жағдайда қажетті қорғану мүмкіндігі пайда болады (милиционер қажетсіз жағдайда құралын пайдаланса, кісілерді қорқытса т.с.с). Қажетті қорғану болуы үшін қылмыс басталуы (тонай бастау, ұра бастау) немесе қылмыс қаупі тікелей төну керек. Егер қылмыс жасалып болса, қылмыс қаупі өтіп кетсе, қажетті қорғануды қолдануға болмайды.
Қорғану қылмыстың түріне және қауіптілігіне сәйкес келсе ғана заңды деп танылады. Қорғану тәсілінің қылмыстық әрекетке сәйкестігі туралы мәселені сот қарап, шешеді. Жәбірленуші қорғану әрекетін қолданғанда оның шегінен шығып кетуі мүмкін. Әрине, қажетті қорғанудың шегі өте жұқа әрі уақыты байқала бермейді. Әсіресе, қылмыс қаупі төнгенде оны ойлап, білу қиын. Өйткені шабуылға тап болған адам сасқалақтайды, үрейленеді. Осының салдарынан ол қылмыскердің әрекетіне сәйкес емес тәсілдер қолданып, оның қылмысына лайықсыз зиян келтіруі мүмкін. Кейбір жағдайда қажетті қорғаныстың шегінен шығуға жол беріледі (абыройына қол сүққан қылмыскерді әйелдің өлтіруі, тонаушыға қарсы қару қолдану т.с.с). Болған жағдайлардың барлығын жан-жақты тергеп мәселені шешетін сот.
2. Мәжбүрлі қажеттілік күйінде жасалған өрекет завды және қоғамға қауіпті емес деп табылады. Мәжбүрлі қажеттілік жағдайында заң қорғайтын екі мүдде бірімен-бірі айқасады. Осы айқасудың нәтижесінде тек біреуінің сақталуы мүмкін болғандықтан, екіншісі құрбан болады. Заң қорғайтын мүддеге қауіп адамның әрекетінен, сәтсіз жағдайдан (көшеде тайып құлап, аяқ қолын мертіктіру), табиғи апаттан (жер сілкіну, су тасу, өрт, т.с.с.) болуы мүмкін. Мәжбүрлі қажеттілік жағдайында қауіп нағыз анық болуы керек. Мәселен, сүзеген сиыр адамға тура ұмтылғанда, оны атып өлтірді делік. Бұл адамды жануарды өлтіріп, зиян келтіргені үшін мүліктік жауапқа тартуға болмайды. Мәжбүрлі қажеттілік жағдайда келтірілген зиян занды деп танылады:
- Егер төнген қауіптен сол сәтте қорғайтын мүддеге зиян келтірмей бетін қайтаруға болмаса.
- Егер келтірілген зиян бетін қайтарған зияннан әлде қайда кем болса (үлкен үйді, өрттен сақтап қалу үшін жанып жатқан төбесін қирату, жараланған адамды жедел емханаға жеткізу үшін біреудің көлігін рұқсатсыз айдап кету т.с.с).
Әдетте жасалған құқық бұзушылыққа байланысты жауапкершілікті тағайындау барысында істелген әрекеттің түрі, ауырлығы, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріледі.
Сонымен, құқық бұзушылық жайында қандай ой қорытуға болады?
Құқық бұзушылықты болдырмаудың бірден-бір шарты құқықтық және қоғамдық тәртібінің сақталуына келіп тірелмек. Қоғам құқықтық тәртібіне негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, өмір сүре алады деген сөз. Өйткені қоғамдағы толып жатқан қарым-қатынастың басым көпшілігі құқық арқылы басқарылып, құқыктық іс-әрекет арқылы реттеліп отырады. Яғни, әрбір азамат өз мүддесін, мақсатын, тәртіпке сәйкес дамытады. Сол арқылы іске асыруға тырысады. Осы шарт орындалғанда ғана қоғамда құқықтық тәртіп қалыптасып, нығаяды. Толығымен құқықтық тәртіп орнайды:
- Жеке адамның бостандығы,
құқығы толық түрде
- Қоғамдағы тәртіптің жағдайы жақсарады, нығаяды.
- Қоғамның саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени-идеологиялық негізі дамып нығая түседі.
- Демократия дамып, құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам құруға мүмкіндік туады.
Ендеше, қоғамдық тәртіп орнатудың басты жолы — түрлі әлеуметтік нормалардың, былайша айтқанда, адамдардың мінез-құлідын реттейтін қағидалардың орын алуы. Қоғамдық төртіптің бір бөлігі бұл — дәстүрлік тәртіп. Әлеуметтік нормалардың ең негізгісі, алғашқы пайда болғаны — әдет-ғұрып, дәстүр қағидалары. Әр халықта олар ежелден-ақ қалыптасқан. Мәселен, кдзақ халқының әдеттерінің заң сияқты күші болған. Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы». Осындай әдеттердің күшімен қоғамда тәртіп орнатылған.
Әлеуметтік нормалардың маңызды түрі — әдептік нормалар. Ол әдептік тәртіпті реттейді. Әдептік нормалардың құқық сипаты болмайды. Олар адамға құқық бермейді, міндет жүктемейді. Негізінен адамның ар-ұятын, намысын қалыптастырып, солар арқылы қоғамдық тәртіп орнатуға ұйытқы болады. Әдептік нормалар құқықтық нормаларға түрткі-негіз болып отырған. Құқықтық нормалардың басым көпшілігі әдептік нормалардан нәр алады, соларға арқа сүйейді. Неғұрлым құқық нормаларға әдептік нормалар арқау болса, соғүрлым заңдардың әлеуметтік, адамгершілік мәні жоғары болады.
Қоғамдық ұйымдардағы тәртіп те қоғам бірлестіктерінің нормаларымен қамтамасыз етіледі. Жоғарыда айтып өткен қоғамдық тәртіптің әрбір бөлігі өзіне тән ережелермен реттеле келіп, нәтижесінде толыққанды қоғамдық тәртіп орнап, құқық бұзушылыққа қарсы үлкен тосқауыл орнатады
ЖОСПАРЫ:
1. Құқық бұзушылықтың себептері, мазмұны және түрлері
2. Занды жауапкершіліктің түсінігі, оның түрлері
Құқық бұзушылықтың себептері, мазмұны және түрлері
Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық бұзушылық — қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс. Құқық бұзушылық — заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. — Әрекет — бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.
Құқық бұзушылық құқықтық нормалар қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп қоғамның, жеке адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады. Құқықтық нормалардың талаптарын орындамау нәтижесінде тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді.
Азамат өзіне жүктелген міндеттерді орындаса немесе құқықтары мен бостандықтарын пайдалана алса, мұндай іс-әрекет азаматқа да, қоғамға да пайдасын тигізетіні сөзсіз. Азаматтар заңда белгіленген міндеттерін бұлжытпай орындаса, қоғамда зандылық орнап, құқықтық тәртіп сақталады. Азаматтар өз құқықтары мен бостандықтарын тиімді пайдалана алса, қоғамның жан-жақты дамуына, адамдардың түрмыс жағдайларының жақсаруына, халық мәдениетінің өркендеуіне тиісті жағдай туады.
Сондықтан әр мемлекет, оның аппараттары мен органдары қоғамда заңдылыққа, құқықтық тәртіпке нұқсан келтірмеуді қамтамасыз етеді. Олар жеке және заңды тұлғалардың іс-әрекеттерін қатаң бақылап отырады.
Информация о работе Құқық бұзушылық және заң алдындағы жауаптылық