Жанымды жегідей жеп қарттар үйі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 12:42, реферат

Описание работы

Қазақ – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткен халық, сондықтан да ешқашан жетімін жылатып, жесірін қаңғытпаған еді. Қарттар үйі, жетімдер интернаты деген ұғымдар қазақ қоғамы үшін жат болатын. Елімізде ежелде қазақ «қазына» деп есептеген қарияларымыздың көпшілігі қалған аз ғана өмірін қарттар үйінде өткізуде. Бұл жанды тітіркендірер, жүректі ауыртар жаман үрдіс ежелде қазақта, түркі халықтарында болмаған.

Файлы: 1 файл

Жанымды жегідей жеп қарттар үйі.doc

— 40.50 Кб (Скачать файл)

Жанымды жегідей жеп  қарттар үйі

 

Сәлеметсіздер ме Құрметті ұстаздар мен оқушылар.

 

Бүгінгі біздің талқылайтын тақырыбымыз: Қазіргі таңдағы қарттар үйі мәселесі

Қазақ – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткен халық, сондықтан  да ешқашан жетімін жылатып, жесірін қаңғытпаған еді. Қарттар үйі, жетімдер интернаты деген ұғымдар қазақ қоғамы үшін жат болатын. Елімізде ежелде қазақ «қазына» деп есептеген қарияларымыздың көпшілігі қалған аз ғана өмірін қарттар үйінде өткізуде. Бұл жанды тітіркендірер, жүректі ауыртар жаман үрдіс ежелде қазақта, түркі халықтарында болмаған. Өркениет дамыған XXI ғасыр өзімен бірге осындай жаман  дертті ала келді. 2008 жылғы ресми дерек  бойынша республикада 67 қарттар үйі бар екен. Онда 12 мың  қарт тіркелген.Әрі бұл көрсеткіш күннен–күнге өсуде.   Сөз жоқ, Кеңес өкіметі кезінде де қарттар үйі болды. Алайда, мамандардың  айтуынша, ол кезде бұл үйде қарттар өте аз болған. Соның ішінде қазақтың әже-ақсақалдары жоқ болған десе де болады. Бәрінен өкініштісі, елімізде қариялар үйінде баласы жоқ не болмаса балалары өмірден озып, сол себепті де осында түскен әже-аталарымыздан гөрі бес-алты ұл-қызы бар қазақтың қариялары көп екен.  Бұл— әрине, қорқынышты факт.

Сұрақтар:

Қаншама қара көздермізідің әке-шешсін қарттар үйіне апарып тастауынына  не себепші?

Оған кім кінәлі?

Қазіргі адамдардың құндылықтарын  өзгерткен нарық заманы ма, әлде қоғам ба?

Әлде мүмкін қызмет, жұмыс деп  жүріп өз баласына дұрыс ұлттық тәрбие бере алмаған ата-ананың өзі кінәлі ме? (Халық  «не ексең, соны орасың» деп бекер айтпаған болар).

Қарттайған әке-шешесін қарттар  үйіне тапсырғандарды кешіре аламызба?

Қарттар үйіне әке-шешесін тапсырған  адамдарды жазалау керек па? Ия,болса  оларға қандай жаза қолдануымыз керек?

 

 

 

Қарттар — халық қазынасы,  - дейді қазақ

Қарттар үйі… Атауы қатал болғанымен, мұнда ата-әжелердің аялы алақаны мен ақ батасы бар. Бұл үй мұңды көздерге, сарғайған сағынышқа, ұқсас тағдырларға, өзекті өртер өкінішке толы.Қарттар үйі… Бұл — қатты жүректі жібітетін, ұйықтап жатқан мейірім мен адамгершілікті оятатын орын.

Бүгінде қазақтың қарияларынан қадір кетіп тұр. Бейнетінің зейнетін көріп, төрде отырып ақыл айтар  шақта ата-анасын қарттар үйіне  апарып тастайтындар көбейді. Немерелерінің  маңдайынан бір иіскей алмай, қаншама  жан өмірден өтіп те жатыр. Жыл  өткен сайын Қазақстанда қарияларға арналған интернат-үйлердің саны көбейіп келеді, демек, сұраныс артып отыр. Өзге жетістіктерімізбен мақтансақ та, бұл мақтанатындай көрсеткіш емес...

 

 

Біз қалалық «Ардагерлер үйіне» барып, осы қабырғада өмір кешіп жатқан қарияларымыздың жағдайымен таныстық.  Осы үйдің табалдырығын аттап, ұзын дәлізбен жүріп өткенде, жүздерін қат-қабат әжім торлаған, ақ самайлы әже-аталарымызды көрдік. Олардың кәрілікке жетіп, қалтырап-дірілдегенде осында келіп тығылып, ажалын күтіп жатқандарын көргенде, қабырғаң қайыспауы мүмкін емес. Мұнда өз перзентіне қажет болмай, осы үкіметтің үйінде орнын тапқан ата-әжелеріміз көп екен. Олардың ішінде қазақ ата-әжелер де аз емес. Дегенмен, оларға қажетті жағдайдың бәрі ойластырылып,  жайлы өмір кешуге барынша мүмкіндік жасалған екен. Бірақ, бұл өз шаңырағында немерелерінің бал тілін естіп, иіскеп өмір кешкенге жетпесі белгілі. Әрине, өз перзенті теріс айналған қарияларымыздың жүрегін тілгілеп, қан жылатқан мұңын, жан азабын өздерінен артық сезініп, түсінетін адам жоқ. Олар сол азабын, мұңын жер қойнына бірге  алып кететіндігі де анық.

Мұндайда «Онша  тер емес еді-ау пәтерің де, Осында тастап кеттің әкелдің де, Сынаптай сыртын берсе туған балаң, Тірідей  өлгені ғой әкенің де» 

Әкең де осы жерде өлер енді,

Тәңірдің жазуына көнер енді.

Уа, жалған, сағынам ғой, тым болмаса,

Алып кеп, иіскетші немеремді.   деген олен шумақтары есіңе түседі.

    Осы үйдегі қарияларды қас-қабағына қарай сөзге тартқан едік. Сонда  өз баласынан жазықсыздан-жазықсыз  қанша қорлық көрсе де, өз перзентін шырылдап қорғап, олардың атына шаң жуытпайтындығына  таң қалдық.  Көбісі «балаларымызға кедергі болмайық  деп  өзіміз рұқсат сұрап келдік. Алайда, араласып тұрамыз» дегенді айтады. Бірақ, әрине бұған қанша сенгің келсе де жүрек шіркін сенбейді.  Бұл шаңырақты басқарып отырған директордың айтуынша, «қарттар үйі» деген ешкімге қажеті жоқ, тастанды деген мағынаны береді. Ал «ардагерлер үйі» десек, бұл— кезінде туған еліне, жеріне еңбегі сіңген ардагерлердің, яғни ата-әжелеріміздің тұрағы. Жүрекке жылы естіледі. Сол себепті осылай өзгертілген. Алайда, аты өзгертілгенімен, сипаты өзгермейтіні де белгілі. Әрине, өмір бар жерде  өлім де бар. Оны мұндағы қариялардың өздері де жақсы түсінеді. Өз бала-шағасының ортасында мерейі тасып отырған ата-әжелеріміз Алладан әлі де өмір беріп, немере-шөберелерінің қызығын көрсетуді тілесе, мұндағы қарияларымыз мына азапқа  толы өмірмен тезірек қош айтысуды тілейді екен. Оған олармен тілдескенде көз жеткізгендей болдық.      

Қарты бардың-қазынасы бар дейді  қазақ . Сол қазынаны қажетсінбей, атасыз үйлері – батасыз, анасыз үйлері – панасыз қалса да, жалтыраған байлықтың артында жүрген ұрпақ барын білдім. Болашақ бұлыңғыр көрінді. Себебі қартайғанда қараусыз, балаларының бағуынсыз қалған қаракөз жәудіреген көп жанар көрдік. Өркениетпен өркендеген сайын, рухани байлықтан суалып бара жатырмыз ба әлде?! Таз таранғанша, той тарқайдының кебін киіп қалмасақ болғаны...

 

Кәрінің бары – игі. Сол  қариялардың тасбаур тағдыр, безбүйрекбала  кесірінен жаттың жанында, жылы қабақсыз, жақынның мейірімінсіз жатқаны өкінішті. Елбасы Елбасы .Ә.Назарбаев та «Қартын ардақтай білген елдің рухы үстем, шаңырағ биік» деген сөзі есіме түсті. Ал қартынан бас тартқандардың шаңырағы шайқалмай, анасын айдалаға тастап, тыныш өмірге ие болып па?! Атасын аңыратып, армандарына жетіп пе?!

Пацғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Аллаһ разылығы – ата-ана  разылығында, Аллаһтың ашуы – ата-ананың ашуында жатыр»,-деген. Қартын төрінен  кетірмеген қазаққа өркениет қарияны  қазына деп қадірлеген дәстүрді бұзған дерт ала келгендей.

 

 

 

 

 

 

 

 

Әрбір адамға өз әке-шешесінен  жақын адам жоқ. Өкінішке қарай, өзін мына жарық дүниеге әкеліп, ақ сүтімен  емізіп, төрт ұйқысын төрт бөліп, сәбиін тербетіп, таң атқызған анасын,  мойнына мінгізіп еркелетіп, баласының бақыты, игілігі үшін бар күш-қуатын арнаған әкесін ұмытып, қартайған шағында өмір тәлкегіне лақтырып кеткен қатыгез балалар да арамызда жетерлік. Иә, оларды адамгершіліктен жұрдай, жүрегі жоқ пенделер демеске амалың жоқ.Құрметті жиналып отырған ұстаздар мен студенттер. Ақ жаулықты аналарымыз бен асқар таудай әкелерімізді қартайғанында әр қашан жанынан табылып,кішкене кезімізде бізді қалай аялап бағып-қақса қартайған шақтарында оларды алақанымызға салып,мәпелеп парызымызды өтейік.

 

Бүгін қария жылады,  
Жастықты еске бір алып.  
Баласын сүйді, қорғады,  
Бір күндей, бәрін еске алып.  
***  
Қалайша қарттар үйінде,  
Қалдым бүгін мен тозып?  
Жаутаңдап тосқан сезімге,  
Жақсылық тілеп, мың қосып.  
***  
Тамағы тоқ болса да,  
Жүрек тозып, ащиды.  
Кінә жоқ деп баламда,  
Тілек тілеп жасиды.  
***  
Әй заман ай, заман ай,  
Жетім бала, қарттар ай.  
Болмасын дүрлік осындай,  
Кешіре гөр бізді, бір Құдай.


Информация о работе Жанымды жегідей жеп қарттар үйі