Қазақ жылқылары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2014 в 12:58, реферат

Описание работы

Қазақ жылқысының тұқымдары ерте кездерденақ пайдаланылып, көптеп өсіріліп келеді. Бұлар осіп-өну ортасына қарай әр түрлі болып келеді.
Қазақ жылқылары онша ірі болмағанымен, шыдамдылық, еттілік, сүттілік, күш-көліктік жағынан жақсы жетілген. Қөшпелі тұрмысқа сәйкес қазақ халқы жылқыларды қысы-жазы бағуға қолайлы болуы үшін, үйірлерге бөліп, жақсы тұқымнан айғыр салатын болды.

Файлы: 1 файл

Қазақ жылқыларыWord 2007 Document (14).docx

— 55.17 Кб (Скачать файл)

Құлындайтын бие жайында айтылатын атаулар

Толғақ. Құлындайтын биенін от оттап, су ішпей, жатып-тұруынан, жүре тоқтап, құлындағанша беймазаланып жүруі. 
Тұмба. Буаз биенің құлындар алдындағы артынан білінетін құлын тынысы. 
Қағанақ. Құлындайтын биенің құлын тынысынан кейін келетін жұқа сірі қабықтағы түссіз мөлдір сұйық зат. 
Шарана. Жаңа туған жас құлын денесінің сыртындағы ақ сары шылым. 
Ақтон. Жаңа туған жас құлын денесінің сыртындағы ақ сары шылымның ақшыл жұқа қабы. 
Шу. Жаңа туған құлынның соңынан кешікпей түсетін биенің ішіндегі құлынның жолдасы.

Ат-айғырлар (еркек жылқылар)

Ат-айғырлар атаулары

Жылқы өсіруші шаруалар бойдақ жылқыларды айғыр және саяқ деп екіге бөледі

Айғыр атаулары

Айғыр атауларының өзін бірнеше жікке бөлуге болады:

Айғыр. Жылқының жыныс қуаты жетілген еркегі. Мінезіне, түр-түсіне қарай әр түрлі атайды. Айғырдың үйірінде 10-нан 30-ға дейін бие болады. 
Жасамалы. Үш-төрт жастан асқаны. Желқуық айғыр. Көктемде айғырдың көкке тойынып, үйіріне қараған кезін, күйін білдіреді. 
Сәурік айғыр. Үш-төрт жастағы піштірілмеген, әрі үйірге салынбағанын айтады. 
Құр айғыр. Өмірі жүген-құрық тимей, әбден семірген айғыр. 
Бұзғыш айғыр. Айғырдан шыққан биеге еріксіз шауып, немесе екі құлағын жымырып, басын жерге салып, биені сауырлап қуып жүріп, құлынын ағызып жібереді. 
Шақар айғыр. Өз үйіріндегі биелерді місе түтпай, басқа айғырдың бауырындағы үйірін тартып алып жүретін айғыр. 
Сыңар ен айғыр. Туысынан бір ен боп туған еркек жылқы. 
Шартық айғыр. Екі енінің бірі піштірілмей қалғаны. 
Азбан айғыр. Алты жасында піштірілген жылқы. Ол піштірілгенімен айғырлық әдетін қой- майды. Оқыранып биелердің есін шығарады. Бірақ бұрынғыдай биенің күйітін қандыра алмайды.

Саяқ (бойдақ) жылқылар атаулары

Бойдақ жылқылар. Піштірілген құнандар мен дөнендер және бестілер. 
Ат. Піштірілген еркек жылқы. 
Сақаат. Жас мөлшері он бір-он екіге келгендері. 
Арда емген. Құлын кұйінен бастап немесе құнанына дейін енесін еміп, ақ жілік болғаны. 
Еркек тел тай. Өз енесі мен телінген енесін, немесе екі енені бірдей еміп жүрген еркек жылқының бір жастағысы. 
Еркек кенже тай. Бір жасқа толмаған, былтырғы кеш туған құлын. 
Тоқтасқан ат. Жас мөлшерінің он екі-он үшке келгені. 
Ши арқа ат. Қөп міністен жауыр болып, ер батқан соң арқасының шиі шығып тұратын мініс көлігі. 
Мықырат. Шоқтықсыз келген жылкының тапалы. 
Қысыр емген. Айғырдан шығып, құлын тастаған биенің былтырғы құлыны бір жастан екі жасқа дейін енесін еміп өскені. 
Шобыр. Мініске, күш-келікке өте мықты келетін шабан ат. 
Тұғыр. Шобырдың ең жақсысы, мініске мықты ат. 
Мес ат (мәстек). Тоқ-аштығы білінбейтін жуан денелі, қарынды, сирақты, күшті боп келген ат.

Жылқының піштірілуі мен күш-келіктілігіне қарай аталуы.

Саяқтар. Бұл атау піштірілген тайлар мен құнандарды және дөнендерді (аттар да осының ішінде) бірыңғай беліп жібергендерін білдіреді. Кейде саяқ деп үйірден бөлініп, тоқтамай, лағып кететін бірлі-жарым биелерге де айтылады. 
Ығырат. Көп мініс көріп «ерғашты болған» деген ұғымды білдіреді. Ол жануар жүгеннің сылдыры шықса болды, қаша жөнеледі. Сондықтан ат қора түгілі, ауылға жоламай, малдан бөлек жайылады. 
Құр ат. Жүген-құрық тимей, әбден семірген ат. 
Сетер ат. Құлын күнінен бастап, қартайып өлгенше үстіне шабыннан басқа ештеме шықпаған, жүген-құрық тиіп, ер-тоқым салынбаған атты айтады. 
Уыз ағыздыру. Піштірілген кезде енін алмай, оның тек ішіндегі ұрығын ағызып жіберу. 
Піштіру (кестіру). Құнан, денен, бестілердің енін еткір кездікпен өте жылдам сылып тастау. 
Пішпе. Піштірілген жылқы.

 

 Құлын

Құлын атаулары

Қазақ халқы құлынды өсіп-өнуіне, тұқымына, мінезіне қарай бірнеше жіктерге бөліп, әр түрлі атаған.

Құлын (төл). Биелердің көктемде туған жас төлі. 
Құлыншақ. Құлынды еркелетіп атаған түрі. 
Күн қақты құлын. Енесі мініліп жүріп, жөнді ембей, сүттен қақтығып қалған құлын. 
Будан құлын. Әр тұқымнан туған құлын. 
Добыр аяқ құлын. Қыс айларында туған құлын. 
Мәйекті құлын. Енесінің сүтіне тойған, тоқ пейіл құлын. 
Марқа құлын. Қыс ішінде туған құлын. 
Кенже құлын. Май айының аяғында туған құлын. 
Қара құлақ құлын. Жас құлынның тез ширап, байлануға келгені. 
Жетім құлын. Енесі өліп, немесе енесін қасқыр жеп, жетім қалған құлын. 
Жабағы. Құлынның алты-жеті айға толғаны.

Құлында болатын мінезге байланысты атаулар

Шу асау құлын. Қашып қолға ұстатпайтын қашаған құлын. 
Еміншек құлын. Енесінің сүтсіз құлындағанынан немесе енесінің сүтке жарытпауынан тек емізік арқылы өсірілген құлынды айтады. 
Тіленшек құлын. Қолдан сүт ішіп үйреніп, көрінген кісінің соңынан еріп жүретін құлын. 
Асау құлын. Желіге байласа да жуасымайтын құлын.

 

 


Информация о работе Қазақ жылқылары