Қазақстан Республикасындағы президенттік республика ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2014 в 07:58, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті — Қазақстан Республикасының мемлекеттік басшысы және республиканың атқарушы өкімет билігінің біртүтас жүйесін басқарушысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға; сондай-ақ республика азаматтарының құқығы мен бостандықтарының, Конституциясы мен заңдарының сақталуына кепіл болады; ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады."Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі Заңы) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақ КСР заңы қабылданды.Осыған орай Қазақ КСР Конституциясы Президенттің мәртебесі мен өкілеттігі алғаш рет айқындалған "Қазақ КСР Президенті" жаңа тарауымен толықтырылды.

Содержание работы

КІРІСПЕ ................................................................................................................................2-3
І. Қазақстан Республикасындағы президенттік республика ерекшеліктері.................4-5
1.1. Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәртебесі..............................6-10
1.2. Қазақстан Республикасында Президенттің өкіметті жүзеге асырудың жолдары,
проблемалары және жетістіктері................................................................................ 11-18
ҚОРЫТЫНДЫ .......................................................................................................................19
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................................................. 20

Файлы: 1 файл

МАЗМҰНЫ.docx

— 50.17 Кб (Скачать файл)

а) Жаңадан  сайланған Республика Президенті қызметіне  кіріскен сәттен бастап;

ә) Президентті  қызметінен мерзімінен бұрын босатқан жағдайда;

б) Қызметінен кетірген жағдайда;

в) Президн  қайтыс болған жағдайда.

  Президент  өз міндеттерін  атқара алмайтын  барлық жағдайларда  оны уақытша  Парламент Сенатының  Төрағасы, Мәжіліс  Төрағасы не Республиканың  Премьер-Министрі  ауыстырады. Президент міндеттерін  атқару кезінде жоғарыда аталған  лауазымды тұлғалар:

Республика Парламентінтаратып жіберуге;

Республика Үкіметінің өкілеттігін тоқтатуға;

      Пезиденттің Конституциялық құқықтық мәртебесі 2000 жылдың 20 маусымындағы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы» Конституциялық заңы одан әрі дамытыды. Аталмыш заң Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің өз қызметін тоқтатқаннан кейінгі алатын құзыреттері мен кепілдіктерін анықтайды. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы» Конституциялық заңның қабылдануы Тұңғыш Президенттің Қазақстан ме млекеттілігін қалыптастыру мен дамытудағы айрықша тарихи рөлімен негізделеді. Аталмыш заңда еліміздің дамуындағы республикаының ішкі және сыртқы саясатын анықтаудағы сабақтастық мәселелері қамтамасыз етілген.

    Конституциялық  заңның 1-бабына сәйкес Қазақстан  Республикасының Тұңғыш Президенті  өмір бойы Қазақстан халқына  мемлекеттік органдар мен лауазымды  адамдарға мемлекеттік құрылыстың, елдің ішкі және сыртқы саясаты  мен қауіпсіздігінің аса маңызды  мәселелері бойынша бастамалар  жасауға хақылы. Тұңғыш Президенттің  Қазақстан Республикасының Парламенті  мен палаталарының алдында, Республика  Үкіметінің отырыстарында ел  үшін аса маңызды мәселелерді  талқылау кезінде сөз сөйлеу  құқығы бар. Сонымен қатар оған  Қазақстан халықтары Ассамблеясын  басқару, Қазақстан Республикасы  Конституциялық Кеңесінің, Қауіпсіздік  Кеңесінің құрамына кіру құқығы  тиесілі.Қазақстан Республикасының  Президенті туралы Конституциялық  заңның 3-бабы бойынша елімізідің  Тұіғыш Президентіне ешкімнің  тиіспеушілігіне кепілдік берілген.

1990 жылы 20 қарашада

1990 ж. 20 қарашада  қабылданған "Қазақ КСР-нда мемлекеттік  билік пен басқару қүрылымдарын  жетілдіру және Қазақ КСР Конституциясына  өзгертулер мен толықтырулар  енгізу туралы" Заңға[3] сәйкес  Қазақ КСРПрезиденті Қазақ КСР  жоғары атқарушы және өкімші  билік басшысы болып табылатындығы; Қазақ КСР Президентінің үсынысымен  Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі сайлаған  Қазақ КСР Вице-президенті лауазымы  құрылды; Қазақ КСР Министрлер  Кеңесі Қазақ КСР Министрлер  Кабинеті болып қайта құрылды. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің  Президиумы, Қазақ КСР Министрлер  Кеңесінің Төрағасы, Қазақ КСР  Министрлер Кеңесінің Төрағасының  бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары  лауазымдары таратылды. Заң Қазақ  КСР Премьер-министрі мен Қазақ  КСР мемлекеттік, шаруашылық, әлеуметтік  және мәдени құрылыстың негізгі  бағыттары жөніндегі мемлекеттік  кеңесшілер қызметтері құрылды.Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекет басшысы, оның ең жоғары лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Президент халықтар бірлігінің нышаны болып табылады, көпұлтты Қазақстан Республикасының халқы сайлайды, оның халық атынан сөйлеуге құқығы бар, ел ішінде және халықаралық қатынастарда мемлекет атынан өкілдік етеді. Конституцияға сәйкес республикада мемлекеттік билік біртұтас, бірақ, сонымен қатар билік үш: заң шығарушы, атқарушы және com тармақтарына бөлінеді.Заң шығарушы билікті — Парламент, атқарушы билікті — Үкімет, сот билігін — соттар жүзеге асырады. Әрқайсысы Конституция және заң арқылы белгіленген міндеттерін атқаруға тиісті. Мемлекеттік биліктің үш тармағы күнделікті қызметінде өзара тығыз және келісімді байланыста болуы керек. Президент мемлекет билігінің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Сондықтан Президент мемлекеттік биліктің кепілі болып табылады.Президент мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Ол, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, лауазымды және тағы баска тұлғалардың Конституция мен заңдардың талаптарын бұлжытпай сақтауын камтамасыз етеді. Президент адам мен азаматтардың құқығы мен бостандықтарының кепілі болып табылады. Президентті Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайлайды. Қазақстан Республикасының Президенті болып, тумысынан республика азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген және Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұрған республика азаматы сайлана алады.

2005 жылғы 4 желтоқсанда  Қазақстан Республикасы Президентінің  кезекті сайлауы болып өтті. Президент  болып Н.Ә. Назарбаев сайланды. Президент  халыққа ант берген сәттен  бастап қызметіне кірісті. Бұл  салтанатты сәт инаугурация (ұлықтау) деп аталады. Ол 2006 жылдың 11 қаңтарында  өтті.Республика Президентіне кең  ауқымды өкілеттіктер берілген. Бұл өкілеттіктер Конституция  мен "ҚР-ның Президенті туралы" Конституциялық заңда көрсетілген.Мемлекеттік  органдар арасындағы жанжалдарды  болдырмаудың елеулі механизмі  Президенттің вето (тыйым салу) құқығы. болып табылады. Вето құқығы: "Парламент  қабылдаған заңды Президент түзетуге  қайтара алады" дегенді білдіреді. Бұл "кейінге қалдырушылық ветосы" деп аталады.

Президенттің түзетуге қайтарған мына заңдарын көрсетейік: "Қазақ КСР-дағы меншік туралы" (1990 ж.), "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінін бақылау палатасы туралы" (1993 ж.), "Нотариат туралы" (1997 ж.) "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" (2005 ж.) және басқалары. Заңдарды түзетуге қайтарудың себептері: Конституция талаптарына сәйкес келмеуі, заңдарды талдаудың әлсіздігі, құқықтық сараптаманың төмен денгейі, заңдарды өмірде пайдаланудың мүмкін еместігі.Конституцияда Президент өкілдігін шектейтін жағдайлар да көзделген. Президенттің Парламент, мәслихат депутаты болуына, басқа да жалақылы қызмет атқаруына және кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы жоқ. Президент өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде саяси партиядағы қызметін тоқтатады. Президент өзінің міндеттерін атқаруы кезінде іс-әрекеті үшін тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда жауап береді жөне бұл үшін Қазақстан Республикасының Парламенті оны қызметінен кетіруі мүмкін. Бұл институт импичмент деп аталады.Қазақстан Республикасының Президенті Конституция мен заңдар негізінде және оларды орындау үшін Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер шығарады. Конституцияда көзделген ретте Президент зандық күші бар заңдар, сондай-ақ жарлықтар шығарады. Қазақстан Республикасы Парламентінің құқықтық мәртебесі Парламент республиканың заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді органы болып табылады. Ол қос палаталы, тұрақты негізде жұмыс істейтін — Сенат пен Мәжілістен тұрады. Сондықтан да біздің Парламентіміз кәсіби заң шығарушы орган ретінде қаралады.

Сенат әр облыстан, республикалық манызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасынын барлық актілеу органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жеті депутатын Сенат өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды.

Мәжіліс жетпіс жеті депутаттан тұрады. Алпыс жеті депутат республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және шамамен сайлаушылардын саны тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады. Он депутат партиялық тізім бойынша сайланады. Парламент өз жұмысын сессиялық тәртіппен жүзеге асырады. Сессия бірлескен және бөлек палаталардан, палаталар бюроларынан, тұрақты комитеттерден және палаталардың бірлескен комиссияларынан тұрады. Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысында республикалық бюджет қаралады және бекітіледі, оның орындалуы туралы Үкімет есеп береді.

Парламент депутаты бір мезгілде екі палатаның мүшесі бола алмайды. Сенат депутаттарының өкілеттілік мерзімі — алты жыл. Мәжіліс депутаттары бес жылға сайланады. Қазақстан Республикасыньың кемінде бес жыл азаматы болған, отыз жасқа толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс өтілі (стажы) бар, тиісті облыстың (яғни оны депутаттық я сайлайтын облыстың), республикалық маңызы бар қаланың не республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрған азаматы Сенат депутаты бола алады.

Қазақстан Республикасынын жасы жиырма беске толған азаматы Мәжіліс депутаты бола алады. Мәжіліс депутаттығына кандидат өзінің тұрақты қайсы жерде тұратын мекеніне қарамастан 67 сайлау округінің қалаған біреуінен дауысқа түсе алады. Парламенттің конституциялық-құқықтық мәртебесімен таныса отырып, мынадай жағдайды анықтаудың маңызы зор. Конституция түптегенде нақтылап мыналарды белгілейді:тек қана екі палатаның біріккен отырысында қандай мәселелер қаралады;қандай мәселелер тек кана әрбір палатаның құзыретіне жатады;қандай мәселелерді әрбір палата дербес, яғни басқа палатаның қатысуынсыз қарауы мүмкін;тұтас алғандағы Парламент құзыретіне жататын мәселелер палаталардың бөлек отырысында қалай қаралады.Парламент депутатының мәртебесін көтеру мақсатында депутаттық қызметке арнайы кепілдіктер беріледі.

Парламент депутатын оның өкілеттік мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын оларға қолдануға (қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттерді қоспағанда), тиісті палатаның келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.

Қазақ КСР Министрлер Кабинетін Қазақ КСР Президенті Қазақ КСР Премьер-министрі, министрлері, Қазақ КСР мемлекеттік комитеттер төрағалары құрамында құрылды. Қазақ КСР Президенті Қазақ КСР Министрлер Кабинеті қүрамынаҚазақ КСР мемлекеттік кеңесшілерін, Қазақ КСР-дің басқа да органдары мен үйымдарының басшыларын енгізуге құқықты болды. Қазақ КСР Премьер-министрі мен Министрлер Кабинетінің құрамын Қазақ КСР Президентінің үсынысы бойынша Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі бекітті. Қазақ КСР Президенті мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Аппараттары Қазақ КСР Президентінің Аппараты болып біріктірілді. Қазақ КСР Президент Кеңесі таратылды. Қазақ КСР Президенті жанынан консультативті-кеңестік орган — Республика Кеңесі құрылды. Республика Кеңесінің құрамына Қазақ КСР Вице-президенті, Қазақ КСР Премьер-министрі, облыстар мен Алматы қалалық Халық депутаттары кеңесінің, сондай-ақ Қазақ КСР Президенті тағайында- ған өзге де түлғалар лауазымдары бойынша кіреді. Қазақ КСР-да халықтық бақылау органдары таратылды. Қазақ КСР мемлекеттік билік пен басқару органдарының құрылымындағы атадған өзгертулердің қабылдануына байланысты сәйкес өзгертулер мен толықтырулар Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі Заңына) енгізілді.

Қазақ КСР, оның жоғары атқарушы және өкімдік билігінің басшысы Қазақ КСР Президенті болып табылды. Республика Президентінің өкілеттігі төмендегіше толықтырылды: Қазақ КСР Президенті Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің қызметіне басшылық етеді; Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің Премьер-министрін тағайындайды және оны Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне бекітуге үсынады; Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне КСРО Бас прокурорымен келісілген Қазақ КСР\Бас прокурорының кандидатурасы мен Қазақ КСР Бас прокуроры орынбасарларының кандидатураларын Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне үсынады; Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Төрағасы қызметіне кандидатуралар үсынады, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Төрағасынан басқа аталған лауазымдарды міндетінен босату туралы үсыныс енгізеді; облыстық және Алматы қалалық Халық депутаттары кеңестерінің төрағаларын олар өздерінің қызметтік міндеттерін тиісті орындамаған немесе әдепсіз қылықтар жасаған жағдайларда мерзімінен бүрын қызметтерінен босатады; Жоғарғы Кеңес алдына Қазақ КСР Министрлер Кабинетін отставкаға жіберу немесе отставкасын қабылдау туралы мәселе қояды, Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің мүшелерін қызметінен босатады және тағайындайды, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне бекітуге үсынады; Қазақ КСР министрліктерін, мемлекеттік комитеттері мен басқа да мемлекеттік басқару органдарын құрады және таратады.

Басшылары Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің құрамына кіретін Қазақ КСР мемлекеттік басқару органдарын құру мен тарату туралы шешімдер Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бекітуіне үсынылады; Қазақ КСР Министрлер Кабинеті қаулылары, Қазақ КСР Министрлер Кабинеті Премьер-министрінің өкімдері, министрліктер, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволар актілері Қазақ КСР Конституциясы мен Қазақ КСР заңдарына сәйкес келмеген жағдайда олардың күшін жояды немесе тоқтатады; қүқықтық саясатты айқындайды және қүқық қорғау қызметіне басшылық етеді. Қазақ КСР Президенті жанында консультативті-кеңестік орган — Республика Кеңесі қызмет етті, міндеті Қазақ КСР-інің ішкі және сыртқы саяси қызметінің негізгі бағыттарын іске асыру бойынша кепілдемелер дайындау болып табылды. Республика Кеңесінің құрамына Қазақ КСР Вице-президенті, Қазақ КСР Премьер-министрі, облыстар мен Алматы қалалық Халық депутаттары кеңесінің, сондай-ақ Қазақ КСР Президенті тағайындаған өзге де тұлғалар лауазымдары бойынша кірді. Қазақ КСР Вице-президенті Қазақ КСР Президентінің уәкілдік беруі бойынша оның жекелеген функцияларын орындайды және Президент жоқ кезде немесе Президенттің міндеттерін жүзеге асырута мүмкіндігі болмаған ретте оның қызметін атқарады. Егер Қазақ КСР Президенті нендей бір себептермен өзінің міндеттерін одан әрі атқара алмайтын болса, Қазақ КСР-інің жаңа Президенті сайланғанға дейін оның өкілеттігі Қазақ КСР Вице-президентіне, ал егер бүл мүмкін болмаса — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасына ауысатын болды.

1991 жылы 25 тамызда

1991 жылы 25 тамызда "Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі Заңына) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақ КСР Заңы қабылданды. Президентінің қүзіретіне қосымша өкілетгіктер жатқызылды: Қазақ КСР Президенті қажет болған жағдайда Қазақ КСР аумаіында орналасқан одақтық баіъшыстағы үйымдарды, кәсіпорындарды бірінші басшыларын тағайындайды және оларды қызметген босатады; Қазақ КСР Қауіпсіздік кеңесін басқарады, Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерін тағайьшдайды; егер одақгық органдардьщ шешімдері Қазақ КСР зандарына және жоғары атқарушы өкімет актілеріне қайшы келетін болса, олардың орындалуын тоқтата тұрады; Қазақ КСР аумағында орналасқан барлық ішкі әскерлерге басшылықгы жүзеге асырады. Қазақ КСР Президентінің өкілеттігі конституциялық рәсімдер сақтала отырып, ол отставкаға шыққан жағдайда, сондай-ақ өзге де себептермен өз өкілеттігін жүзеге асыруы мүмкін болмаған реттерде тоқтатылады. Соңғы жағдайда Қазақ КСР Президентінің өз міндеттерін жүзеге асыруы мүмкін еместігі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен белгіленеді.

Қазақ КСР Президенті сайланғанға дейін оның өкілеттігі,Қазақ КСР Конституциясының[4] 14-3 бабының 3-бөлігінің 8, 10 және 13- тармақтарында көзделгендерді қоспағанда, (облыстар мен Алматы қалалық Халық депутаттары кеңесі төрағаларын қызметтерінен мезгілінен бүрын босату; Қазақ КСР министрліктерін, мемлекеттік комитеттері мен басқа да мемлекеттік басқару органдарын қүру және тарату; сондай-ақ Қазақ КСР заңдарына қол қою процедурасы) Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Қазақ КСР вице- президентіне, ал егер бүл мүмкін болмаса — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасына беріледі.

1991 жылы 16 қазанда

"Қазақ  КСР Президентін сайлау туралы" Қазақ КСР Заңы[5] қабылданды. Заңның 1 бабына сәйкес Қазақ КСР Президентін  Қазақ КСР азаматтары жалпыға  бірдей, тең және төте сайлау  құқығы негізінде жасырын дауыс  беру арқылы бес жыл мерзімге  сайлайды. Қазақ КСР Президенті  болып Қазақ КСР отыз бес  жасқа толған және алпыс бес  жастан аспаған, Қазақ КСР аумағында  кемінде он жыл түрақты түрған, қазақ және орыс тілдерін меңгерген  азаматы сайлана алды. Бір адам  қатарынан екі мерзімнен артық  Қазақ КСР Президенті бола  алмады. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің  қаулысымен Қазақ КСР Президентін  сайлау 1991 ж. 1 желтоқсанына[6] белгіленді. Сайлау қорытындысын шығарғаннан  кейін Қазақ КСР-інің тұңғыш  жалпы халық сайлаған Президенті  Н. Ә. Назарбаев болды.

1991 жылы 10 желтоқсанда

"Қазақ  Кеңестік Социалистік Республи- касының атауын өзгерту туралы" Қазақ КСР Заңымен[7] Қазақ КСР  Қазақстан Республикасы болып  қайта аталды. ҚР Жоғарғы Кеңесі "Қазақстан Республикасы Президентінің  қызметке кірісуі туралы" қаулы[8] қабылдады, оған сәйкес Н. Ә. На- зарбаев 1991 ж. 10 желтоқсаннан бастап ҚР  Президенті қызметіне кірісті  деп есептелді.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы президенттік республика ерекшеліктері