Қазақстан Республикасының сот жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 17:51, реферат

Описание работы

Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етеді.
Сот билігі азаматтық, қылмыстық және заңда көзделген өзге де сот ісін жүргізу нысандары арқылы жүзеге асырылады. Сот әділеттілігін іске асыра отырып соттар, жаза тағайындау, жазадан бостату сияқты шешімдерді қабылдай отырып, құқықты қолданып, өзінің биліктік құзіретін жүзеге асырып, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін анықтай отырып, олардың мүдделерін , әділ, заң арқылы қорғауға тиіс орган.

Содержание работы

Кіріспе
Сот билігінің өкілеттілігі
Қазақстан Республикасындағы судьялардың мәртебесі
Елбасының сот саласына арналған халыққа жолдауы
Қазақстан Республикасының сот жүйесі
Сот жүйесінің бірлігі
Сот жүйесінің құрылымы және ерекшеліктері:
Аудандық және оларға теңестірілетін соттар;
Облыстық және оларға теңестірілетін соттар;
Жоғарғы Сот.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

срс 2 право.docx

— 431.78 Кб (Скачать файл)

С.Д.АСФЕНДИЯРОВ  АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ  УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ  С.Д.АСФЕНДИЯРОВА




Денсаулық сақтау мен фармациядағы менеджмент және маркетинг құқық негіздері кафедрасы

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: “Қазақстан Республикасының сот жүйесі”

 

 

 

 

                                                           Орындаған: Ізбағамбет М.

                                               Тобы: МПД11-001-1

            Қабылдаған: Байтекова Қ.Ж.

 

Алматы, 2012

Жоспар:

 

  1. Кіріспе
  2. Сот билігінің өкілеттілігі
  3. Қазақстан Республикасындағы судьялардың мәртебесі
  4. Елбасының сот саласына арналған халыққа жолдауы
  5. Қазақстан Республикасының сот жүйесі
  6. Сот жүйесінің бірлігі
  7. Сот жүйесінің құрылымы және ерекшеліктері:
    • Аудандық және оларға теңестірілетін соттар;
    • Облыстық және оларға теңестірілетін соттар;
    • Жоғарғы Сот.
  1. Қорытынды

    Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

  Құқық қорғау органдары жүйесіндегі маңызды орын алатын мемлекеттік органдардың бірі- соттар.

  Өздеріңізге белгілі Тәуілсіз егеменді мемлекеттерде міндетті түрде тәуелсіз сот билігі болады.

  Тәуілсіздік алып егеменді ел болғаннан күннен бастап- ақ Қазақстан республикасында өзінің тәуілсіз сот жүйесін құру басты бағытты бағдарламаларының бірі болды.

  Сот билігі Қазақстан  Республикасының атынан жүзеге  асырылады және азаматтар мен  ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары  мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етеді.

  Сот билігі азаматтық,  қылмыстық және заңда көзделген  өзге де сот ісін жүргізу  нысандары арқылы жүзеге асырылады.  Сот әділеттілігін іске асыра  отырып соттар, жаза тағайындау, жазадан бостату сияқты шешімдерді  қабылдай отырып, құқықты қолданып, өзінің биліктік құзіретін жүзеге асырып, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін анықтай отырып, олардың мүдделерін , әділ, заң арқылы қорғауға тиіс орган. 

 

Сот билігінің  өкілеттілігі

Қазақстандағы сот билігі біртұтас мемлекеттік биліктің дербес тармағы болып табылады. Ол Республика атынан жүзеге асырылады. Сот билігі өзіне азаматтардың, олардың бірлестіктерінің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құқықтармен заңды мүдделерін қорғауды, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік-құқықтык актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды. Сот билігі Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларды шешуде қолданылады. Соттар шешімдерінің, үкімдері мен өзге де қаулыларының бүкіл Қазақстан аумағында міндетті күші болады.

  Қазақстан Республикасында сот билігі тұрақты судьялар, сондай- ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртіппен қылмыстық сот ісін жүргізуге тартылған алқа заседательдері арқылы соттарға тиесілі.               Сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Ешқандай өзге органдар мен тұлғалар судья өкілеттілін немесе сот билігі қызметтерін иеленуге құқығы жоқ.

   Судьялар сот төрелігін  іске асыру кезінде тәуелсіз  және тек Конституция мен заңға  ғана бағынады. Судьялардың мәртебесі мен тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін заңдарды  немесе өзге де нормативтік құқық актілерді қабылдауға  жол берілмейді.

   Сот төрелігін  іске асыруда сот қызметіне қандай да бір араласуға жол берілмейді және заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.

 

 

  Сот шешімдері мен  судьялардың өз өкілеттіктерін  жүзеге асыру кезіндегі талаптарын  барлық мемлекеттік органдар  мен олардың лауазымды адамдары, жеке және заңды тұлғалар орындауға  міндетті. Сот шешімдері мен судьялардың  талаптарын орындамау заңмен  белгіленген жауапкершілікке әкеп  соғады.

 

 

 

Қазақстан Республикасы судьяларының мәртебесі

 

 

  Қазакстан Республикасының жасы жиырма беске толған, жоғары заң білімі, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі (стажы) бар және біліктілік емтиханын тапсырған азаматтары судья бола алады. Судья қызметін алғаш рет атқарып отырған адам ант қабылдайды. Соттардың тұрақты судьялардан тұратындығын атап көрсету қажет; судьялардың тәуелсіздігі мен олардың құқына қолсұғылмаушылығы Конституциямен және заңмен қорғалады. Судьяның өкілеттігі "Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" Конституциялық заңда көрсетілген негіздемелер бойынша ғана тоқтатылады.

  Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конститудия мен заңға ғана бағынады. Судьяға ешкімнің ешқандай ықпал етуге құқығы жок. Судья сот әділдігін іске асыру кезінде Конституция мен Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға міндетті, судьялық этика (әдеп) талаптарын сақтауға тиіс, заңсыз араласуға жол бермеу жөн. Судьялардың кеңесінің құпиясың сақтауға міндетті. Судья оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқара алмайды. Судьяны тұткынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, Республика Жоғарғы Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Судьялар мен оның отбасы мүшелері және мүлкі мемлекет тарапынан қорғалады.

Елбасының сот саласына арналған халыққа жолдауы

 

 Елбасымыздың 2010 жылғы халыққа арнаған Жолдауында құқық қорғау органдарына, оның ішінде сот саласына да қазіргі заман талабына сай қайта құрулар жүргізу қажеттігі атап өтілген болатын.

2010 жылдың 17 тамызында Ел  басшысының құқық қорғау және  сот органдары басшыларымен өткізген  кеңейтілген кеңесінде құқық  саласындағы қолға алынатын қайта  құрулардың нақты бағыттары көрсетіліп, Ел басының қолы қойылған жарлық  жарияланды.

Осы жарлыққа байланысты он жыл көлемінде нәтижелі жұмыс  істеген Жоғары сот жанындағы  сот әкімшілігі Комитеті таратылып, оның құзыреті ҚР Жоғарғы соттың ішіндегі сот қызметін ұйымдастыру және жабдықтау  жөніндегі департаментіне берілсе, сот шешімдерін орындау және соған  қатысты анықтама амалдарын жүргізу  құзыреті Әділет министрлігіне берілді.

 Осындай бағытты іс  шаралар нәтижесінде соттардың  тек өзінің ең басты міндеті  бейтарап сот төрелігін жүзеге  асырумен айналысуына мүмкіндіктер  жасалды.

 Қазіргі таңда соттар  жұмыстар ұйымдастыру және соттардың  материалдық-техникалық қажеттілігін  қамтамасыз ету міндеті жергілікті  жерлердегі облыстық соттардағы  сот кеңселері атқаратын болды.

Қазақстан Республикасының сот жүйесі

 

 

 Қазақстан Республикасының сот жүйесін — Жоғарғы Сот және жергілікті соттар құрайды.

Жоғарғы Сот Төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан  тұрады. 

Қазақстан Республикасының  Конституциясына сәйкес: Қазақстан  Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасын, алқалардың төрағаларың және Жоғарғы  Соттың судьяларын Республиканың Жоғарғы Сот Кеңесінің кепілдемесіне негізделген Республика Президентінің ұсынуымен Сенат сайлайды. Облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағаларың, алқаларының төрағаларын және облыстық соттар мен оларға теңестірілген соттардың судьяларын Жоғарғы Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша Президент тағайындайды. Басқа соттардың төрағалары мен судьяларын Әділет біліктілік алқасының кепілдемесіне негізделген Әділет министрінің ұсынуы бойынша Президент қызметке тағайындайды.

  Жоғарғы соттың органдары  мыналар:

  1. Қадағалау алқасы;
  2. Азаматтық істер жөніндегі алқа;
  3. Қылмыстық істер жөніндегі алқа;
  4. Соттың жалпы отырысы.

Жоғарғы Соттың жанынан ғылыми- конституциялық кеңес және баспа органы құрылады.  

  Жергілікті  соттарға  мыналар жатады:

     1) облыстық  және оларға теңестірілген соттар (Республика астанасының қалалық  соты, республикалық маңызы бар  қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған  сот-Қазақстан Республикасы Әскерлерінің  Әскери соты және басқалар );

      2) аудандық  және оларға теңестірілген соттар (қалалық , ауданаралық , мамандандырылған  сот-гарнизонның әскери соты және басқалар ).

  Қазақстан Республикасында мамандандырылған (әскери, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа) соттар құрылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының  Жоғарғы Соты мен жергілікті соттардың  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  елтаңбасы мен өзінің атауы бейнеленген  мөрі болады.

  Конституция қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол бермейді. Бірақ бұл мамандандырылған соттарды құруға болмайды дегенді білдірмейді. Сот билігі сот ісін жүргізудің заңмен белгіленген түрінде жүзеге асырылады. Соттардың адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін зандар мен өзге де нормативтік-құқыктық актілерді қолдануға құқы жоқ.                          

   Сот жүйесінің бірлігі

    Қазақстан Республикасының  сот жүйесінің бірлігі:

     1) Конститутцияда , осы Конститутциялық заңда, іс  жүргізу және өзге де заңдарда  белгіленген, барлық соттар мен  судьялар үшін ортақ және бірыңғай  сот төрелігі мен принциптерімен;

      2) сот билігін  барлық соттар үшін сот ісін  жүргізудің заңдарға белгіленген  бірыңғай нысандары арқылы жүзеге  асырумен;

      3) Қазақстан  Республикасының барлық соттарының  қолданыстағы құқықты қолданумен;

      4) заңдарда  судьялардың бірыңғай мәртебесін  баянды етумен;

      5) заңды  күшіне енген сот актілерін  Қазақстан Республикасының бүкіл  аумағында орындаудың міндеттілігімен;

      6) барлық  соттарды тек қана Республикалық  бюджет есебінен қаржыландырумен  қамтамасыз етіледі.

           Қазақстан Республикасындағы соттар  қызметінің тәртібін және судьялардың  мәртебесін белгілейтін заңдар  Қазақстан Республикасындағы сот  құрылысы мен судьялар мәртебесі  , сондай-ақ сот төрелігін іске  асыру тәртібі Қазақстан Республикасының  Конститутциясымен , осы Конститутциялық  заңмен және басқа да заң актілерімен белгіленеді.

 Сот жүйесінің құрылымы және ерекшеліктері

 Аудандық  және оларға теңестірілген соттар

Аудандық  және оларға теңестірілген соттарды құру

  1. Аудандық және оларға теңестірілген соттарды (бұдан әрі – аудандық  соттар) уәкілетті органның Жоғарғы Сот Төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті құрады, қайта ұйымдастыралы және таратады.

 Қазақстан Республикасының  Президенті бірнеше әкімшілік-  аумақтық бірліктерде бір аудандық  сот немесе бір әкімшілік –аумақтық  бірлікте бірнеше аудандық сот  құруы мүмкін.

2.Аудандық соттар үшін  судьялардың жалпы санын уәкілетті  органның ұсынысы бойынша Қазақстан  Республикасының Президенті бекітеді.

3. Әрбір аудандық сот  үшін судьялардың санын осы  сот төрағасының ұсынысы негізінде  уәкілетті орган белгілейді.

   

                     Аудандық соттың құрамы

  1. Аудандық сот Конституцияда және осы Конституциялық заңлы белгіленген тәртіппен тағайындалатын төрағадан және судьялардан тұрады.

 Егер аудандық сотта  штат бойынша бір судья (бірқұрамды  сот) көзделсе,ол осы соттың  төрағасы өкілеттігін атқарады.

  1. Аудандық сотта кеңсе құрылады, оның штат санын сот төрағасымен келісе отырып, облыс соттарының әкімшісі белгілейді.

 

            Аудандық  соттың өкілеттілігі

   1. Аудандық сот  бірінші инстанциядағы сот болып  табылады.

   2. Аудандық сот:

   1) өзінің қарауына  жатқызылған сот істерін және  материалдарын қарайды.

   2) сот статистикасын  жүргізеді;

   3) заңда көзделген  басқа да өкілеттіліктерді  жүзеге  асырады.

  

                    Аудандық соттың төрағасы

   1.Аудандық соттың  төрағасы судья болып табылады  және судья міндеттерін атқарумен  қатар:

   1) сот судьяларының  сот істерін қарауын ұйымдастырады;

   2) соттың кеңесіне  жалпы басшылықты жүзеге асырады;

   3) азаматтарды қабылдауды  жүргізеді;

   4) судья лауазымына  кандидаттардың тағылымдамадан  өтуін ұйымдастырады;

   5) сот статистикасын  жүргізу мен талдауды ұйымдастырады;

   6) өкімдер шығарады;

   7) заңда көзделген  басқа да өкілеттіліктерді жүзеге  асырады;

   2. Аудандық соттың  төрағасы уақытша орнында болмаған  жағдайда осы сот төрағасының  өкімі бойынша төраға міндеттерін атқару осы сот судьяларының біріне жүктеледі.

    Бірқұрамды сот  төрағасы уақытша орнында болмаған  жағдайда оның міндетін атқару  аумақтық уәкілетті орган басшысының  ұсынысы бойынша облыстық сот  төрағасының  өкімімен басқа  соттың судьяларының біріне жүктеледі.

Информация о работе Қазақстан Республикасының сот жүйесі