Кәмелетке толмағандардың қылмысы және оларды алдын-алу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2014 в 15:00, доклад

Описание работы

Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі құқық ғылымында аса маңызды орын алады. Себебі, кәмелетке толмағандардың қылмысын алдын алу өте қиын мәселелердің бірі. Өсіп келе жатқан жасөспірімдердің қылмысын алдын-алу үшін неғұрлым гумандық жолдарды қарастыру еліміздің алдында тұрған үлкен мәселе. Ересек адамға қолданылатын шаралардан бөлек, жасөспірімдерге, арнайы субъект ретінде бөлек жаза түрлерін қарастыру жөн болар. Өйткені оларға қолданылатын шара жазалаушы сипатта емес, ал түзету, тәрбиелеу шаралары болуы керек.

Файлы: 1 файл

доклад қылмыстық құқық.docx

— 19.49 Кб (Скачать файл)

Әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ

Халықаралық қатынастар факультеті

Халықаралық құқық кафедрасы

II курс студенті Сапар Маржан

Ғылыми жетекшісі:халықаралық құқық магистірі,

 аға оқытушы Амандосұлы Бағдат

 

«Кәмелетке толмағандардың қылмысы және оларды алдын-алу»

 

      Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі құқық ғылымында аса маңызды орын алады. Себебі, кәмелетке толмағандардың қылмысын алдын алу өте қиын мәселелердің бірі. Өсіп келе жатқан жасөспірімдердің қылмысын алдын-алу үшін неғұрлым гумандық жолдарды қарастыру еліміздің алдында тұрған үлкен мәселе. Ересек адамға қолданылатын шаралардан бөлек, жасөспірімдерге, арнайы субъект ретінде бөлек жаза түрлерін қарастыру жөн болар. Өйткені оларға қолданылатын шара жазалаушы сипатта емес, ал түзету, тәрбиелеу шаралары болуы керек.

      ҚР ҚК 78-бабының «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы» 1-тармағы бойынша «Осы бөлімнің күшi қолданылатын кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы 14 толған, бiрақ 18 толмаған адамдар танылады» - деп жазған . Ал 14 жасқа дейінгі балаларға қолданылатын жаза түрлері көрсетілмеген.  Кәмелетке толмаған баланың қылмыстық жауапкершілік жасына толмауы, іс-әрекеттің  қоғамға-қауіптілік дәрежесін  төмендететін фактор болып саналмайды. Керісінше, қылмыстық жауапкершілікті тудыруға мүмкіндік бермейтін мән-жай болғандықтан, оларға басқа да әсер ету шараларын қолдануды талап етеді. Мысалы, 11-18 жастағы қылмыс жасаған балаларды арнайы білім беру мекемелеріне, бір айдан бір жылға дейінгі мерзімге жібереді [1]. Бірақ, бұл балалардың осы арнайы мектептен шығып, тура жолға түскені екі талай. Бұған екі себеп бар. Біріншіден, балалар арнайы мектепте бастапқы айлар ғана қиналады, ал сосын бұл жерге де үйреніп кетеді, екіншіден, арнайы мектептен шыққан соң, бастапқы, қылмыс жасаған, ортасына оралады. Кәмелетке толмағандардың қылмысын алдын-алу үшін жасалған жұмыстардың тиімділігін зерттеген БҰҰ «балалар қоры» өкілеттілігі және заңдылық пен құқық қорғау проблемаларын бекіту жөніндегі ғылыми-практикалық орталықтың ұлттық зерттеуі, балаларды абақты орындарына жеткізетін жалғыздық және отбасындағы махаббаттың жоқтығында деген тұжырымға келді[2]. Расында да, отбасындағы күнделікті ұрыс-керіс, ішімдіктің ішілуі бала психикасына үлкен зардап тигізеді. Әрине, қылмыскерлердің барлығы отбасы жағдайы нашар отбасынан шықты деген дұрыс болмас. Отбасы жағдайы жақсы бала да қылмыскер бола алды. ОҚО-ның құқықтық статистика комитетінің бас прокуроры Айменова А.А. мақаласы бойынша, жағдайы жақсы, толық отбасыдан шыққан кәмелетке толмағандар бүкіл қылмыс жасаған жасөспірмдердің 86,47 %, ал толық емес отбасында тұратын жасөспірімдер 13,51%  құрады.[3] Кәмелетке толмаған бала қылмыс жасаса, барлығын ата-ананың кінәсінен көретініміз рас. Бірақ, барлығы да ата-анаға байланысты емес. Бұл проблемада, баланың қоршаған ортасы үлкен орын алады. Сондықтан бұл мәселені шешуге көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бірақ, біздің еліміз кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстарға жауапкершілікті 11 жастан арнайы мектептерге жабумен шешеді. Ал 11 жасқа толмаған балалар қылмысы жазалаусыз қалады. Бұл мәселені, мен Францияның тәжірбиесіне сүйене отырып шешуді ұсынамын. Егер де, бала онша ауыр емес, орташа ауырлықтағы қылмыс жасаса, оның әке-шешесі әкімшілік жауапкершілікке тартылса, ауыр, не аса ауыр қылмыс жасаса, қылмыстың ауырлығына қарай жаза түрін қолдану керек[4]. Себебі,10 жасар бала аса ауыр қылмыс жасаса, мысалы: Қарағанды қаласында болған оқиға. Үш кәмелетке толмаған 4-5 сынып оқушылары, 2 сынып оқушысын аса қатыгез жолмен өлтірді. Еліміздің ҚК 15-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік «адам өлтіру» үшін 14 жастан басталатындықтан, 2013 жылы 2 қазанда Қарағанды қаласының аудандық соты кәмелетке толмаған,бірақ 11жасқа толған қыздарды арнайы мектепке жіберсе, ал қылмыс жасау кезінде 9 жаста болған қыздың ата-анасын әкімшілік жауапкершілікке тартты [5].Сондықтан, 11 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстардың ауырлығына қарай, оларға жаза қолдану керек. Жазаны өтей алмаса, егерде қылмыс жасауының рецедивтері болса, кәмелетке толғанда өтейтіндейтіндей ету жөн болар . Бұл жолда Еуропа елдерінің тәжірбиесін атап өту тиіс, Ұлыбританияда қылмыстық жауапкершілік 10 жастан, ал Шотландияда 8 жастан, Ресейде 12 жастан басталады[6]. Жауапкершілік жасының төмендігін бұл елдер «жас болса да, аса ауыр қылмыс жасағандардан, қоғамды қорғау үшін » жасалған шара деп түсіндіреді. Ал Қазақстандағы жауапкершілік жасының тиімділігін зерттейтін болсақ, КСРО кезінде қылмыстық жауапкершілік 12 жастан ,ал 1997 жылдан бастап 16 жастан басталды. 1991 жылы 12744, 1997-2000 жылдары 7139 қылмыс түрлерін  жасөспірімдер жасаған[7]. Көріп тұрғанымыздай, заман дамығын сайын және жасөспірімдерге қолданылатын жаза түрлері гумандық болған сайын қылмыстың да мөлшері азаюда. Бірақ, қылмыс саны азайғаны, оның қауіптілік дәрежесінің төмендегенің көрсетпейді. Сондықтан оларға қолданатын тәрбиелік маңыздағы түзету жазаларын қарастыру жөн. Менің ойымша, бала қандай әрекет жасаса да өзінің істеген ісінің қоғамдық қауіптілігін түсіну керек.

       Жасөспірімдер арасындағы қылмыстықты жою мүмкін емес. Себебі, заң бар жерде, қылмыскер кәмелетке толса да, толмаса да қылмыс болады. Бірақ, жасөспірімдер қылмысының деңгейін айтарлықтай төмендетуге болады. Оның екі жолы бар. Біріншіден, қылмыстықты алдын алу: зорлау, қорлау, ұрлық туралы киноматография туындыларын көрсетпеу, яғни  ҚР «Мәдениет» туралы заңының 7 бабының  35 тармағын практика жүзінде өмірге келтіру; отбасыда сенім мен достықты орнату; кәмелетке толмаған баланың бос уақытын, пайдалы қосымша сабақтарға барумен шектеу т.б. Екіншіден, жазасын өтеген жасөспірімді тура жолға түсіру:  кәмелетке толмағандарға арналған арнайы мектептерде, түзету колонияларында барынша гумандық тәрбие беру; үнемі психологтармен жұмыс істеу; болашақта жұмыс орнына тұрғызуға көмек жасау; егерде, бала отбасы не айналасы оған кері әсер тигізсе, оны бұл ортадан шектеу; түзету орындарында әр түрлі курстар ашып, бала көңілін өнерге бөлу т.б. Қорыта келе, Станислав Ежи Лец айтқандай «кәмелетке толмағандардың болашағы күмәнді. Олардан әлі адал адам шығуы мүмкін».

  Қолданылған әдебиеттер

1. "Кәмелетке толмағандардың  арасындағы құқық бұзушылықтар  мен балалардың қадағалаусыз  және панасыз қалуының алдын  алу туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 13 бабы 

2. «Дети-преступники: осудить или пожалеть?» Елена СПАСЮК http://naviny.by/rubrics/society/2012/06/01/ic_articles_116_178034/ 

(01.06.2012 / 13:58)

3. «Несовершеннолетние преступники» Айменова А.А.

«Комитет по правовой статистике и специальным учетам генеральной прокуратуры Республики Казахстан» ресми сайты

http://pravstat.prokuror.kz/rus/sub/news/nesovershennoletnie-prestupniki

(26.02.2014/ 14:05)

4. «Особенности уголовной  ответственности и альтернативных  ей мер в отношении несовершеннолетних» ,Черненко, Ирина Владимировна , автореферат, Кемерова: 2006, 199/77 бет

5. «Қарағанды облысы кәмелетке толмағандар ісі  жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі»

http://juvencourt.kz/sot-zalynan/11-9-2013-650

(11.09.2013)

6.  «Уголовная ответственность несовершеннолетних: вопросы законодательной регламентации и назначения наказания», диссертация на соискание ученой степени юридических наук ,К.Р.Александрович, Ростов-на-Дону 2009,195/54 бет

7. «Несовершеннолетние преступники», Комитет по правовой статистике  и специальным учетам генеральной  прокуратуры Республики Казахстан

http://pravstat.prokuror.kz/rus/sub/news/nesovershennoletnie-prestupniki

(26.02.2014)

        Резюме. Виды преступления, которые делают несовершеннолетние. Соответствие возраста уголовного ответственности с применяемым к ним  уголовного наказанием. Способы предотвращение преступление среди несовершеннолетних.

       Summary. Types of crimes that make minors. Match age of criminal responsibility with criminal punishment. Methods of prevention of juvenile crime.

       

 


Информация о работе Кәмелетке толмағандардың қылмысы және оларды алдын-алу