Қылмысқа қатысушылық түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2014 в 19:30, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы егемен мемлекет ретінде халықаралық құқықтың дербес субъектісіне айналғанына он бес жылға жетер жетпес уақыт ғана өткен. Мыңдаған жылдарға созылатын адамзат тарихы үшін бұл мерзім теңіздегі тамшыдай ғана болсада біздің еліміз үшін өміршең маңызы бар жасампаз өзгерістер мен қайта құруларға толы жылдар болғандығы белгілі. Қоғамдық қатынастарды түбегейлі қайта құруды жүзеге асыру барысындағы мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі ол өзгерістердің құқықтық базасын жасақтау болып табылады. Осы бағытта Қазақстан Республикасында мемлекеттік маңызы бар көптеген шаралар жасақталып жүзеге асырылды. Құқықтану тарихының дәлелдеуі бойынша қоғамдық құбылыс ретіндегі құқықтың қайнар көздері болып: өзінің мақсаттары, қажеттіліктері және іс-әрекеттерімен адам және тұлғаның көрініс беру өрісі ретінде қоғам танылады.

Файлы: 1 файл

кылмыс саралау=.doc

— 433.50 Кб (Скачать файл)

Б.А. Куриновтың пікірінше қылмысты саралаудың жүргізілуінің өзі үш кезеңнен тұрады. «Бастапқыда іс-әрекеттің барынша жалпылама белгілері анықталады яғни, құқықтық қатынастың түрі анықталады». Екінші кезеңде «қылмыстық іс-әрекеттің топтық белгілерін анықтау жүзеге асырылады яғни қарастырылған қылмыстың қылмыстық кодекстің қандай тарауымен қамтылатындығы анықталды». Үшінші кезең «қылмыстың түрлік белгілерін айқындау және салыстырудан тұрады» [18, 56 б.].

Қылмыстық құқық оқулықтарының авторлары да қылмысты саралауды үш кезеңге бөледі, бірақ оларды басқаша түсіндіреді. Бірінші кезең жасалған іс - әрекеттің оқиғалық мән-жайларын толық және дұрыс анықтаудан тұрады. Екіншісі тиісті қылмыс құрамын сипаттайтын нақ сол қылмыстық - құқықтық норманы анықтау. Үшіншісі нақты жасалған іс - әрекеттің құрамын таңдап алынған нормада сипатталып жазылған қылмыс құрамымен салыстыруды қамтиды.

Қарастырылған кезеңдердің тек қарапайым кезегімен емес, біріккен түрде қылмысты саралаудың бірегей процессін құрайтын олардың логикалық мәнісінде берілетіндігін ескерте кетуіміз керек. Осыған байланысты екінші кезеңде жасалған әрекет үшін қылмыстық - құқықтық норманы тек формалды түрде анықтау ғана жүзеге асырылмай оның айқындылығы кеңістіктегі және уақыттағы әрекеті, түсіндіруінің дәлдігі тексеріледі. Үшінші кезеңде іс-әрекет пен қылмыс құрамының белгілері салыстырылады. Олардың ұқсастығы анықталғанда қылмысты саралау аяқталады және бұдан шығатын қорытынды тұлғаның іс-әрекетінде қылмыс бар немесе тұлға қылмыс құрамын орындады ендеше, оны қылмыстық жауапкершілікке тартуға және тұлғаның бұл жауапкершілікті тартуына барлық негіз бар.

Осыдан біз сілтеме жасаған оқулықтың авторларының түсінігінде нақты түрінде қылмысты саралау қылмыстық істі қозғаған сәттен басталады және үкім шығарумен түпкілікті аяқталады. Шын мәнінде бұл логикалық процесс тергеу мен қылмысты сот-тергеу органдарында тексеру барысында үздіксіз жүргізіледі. Қылмысты саралау теориясында саралау және объективті шындық мәселесі белгілі бір күрделілікті пайда қылады оның шешілуі әртүрлі пікірлердің туындауына себепші. Мәселенің мәнісі мында: қылмысты дұрыс саралау барысында обективті шындық анықталама? Тергеу және сот органдарымен жасалған іс-әрекеттің фактілік құрамын анықтау яғни, тек оқиғаны емес олардың құқықтық белгілерін анықтау қылмыстық заңды қолдануға негіз болады.

Негізінде қылмысты дұрыс саралау қылмыстық істі тексеру барысында тергеу мен сот арқылы анықталатын обективтік шындықтың мазмұнына кіреді.

Сот тергеу практикасында қылмысты дұрыс сараламаудың көптеген мысалдарын байқауға болады яғни, қылмыс жасаған тұлғаға ҚК-тің ауырырақ қылмыс түрі үшін жауап кершілік қарастырылған бабы таңылады. Мысалы ол ұрлық жасады (ҚК-ның 175-бап) бірақ ерекше құнды заттарды ұрлағаны үшін (ҚК-ның 180-бап) жауапкершілікке тартылады. Келтірілген мысалда қылмысты дұрыс сараламаудың түрлерінің бірі көрсетілген. Қылмысты дұрыс сараламаудың тағы бір түрі қылмыс жасаған тұлғаға қылмыстың жеңілдеу түрі үшін жауапкершілік көзделген баптың қолданылуы болып табылады. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 250-бабының орнына 209-бабын қолдану.

Қылмысты дұрыс сараламаудың үшінші түрі қолданылуға тиісті баптың, тиісті емес бөлігін және тармақшасын қолданудан көрінеді. Мысалы кінәлі адамға ҚК-ның 178-бабының бірінші бөлімінің орнына, екінші бөлім қолданылады.

Қылмысты дұрыс сараламаудың төртінші түрі қылмыстың бір түрін жасаған адамға ҚК-тің бірнеше бабын қолданудан көрініс табуы мүмкін. Мысалы бандитизім жасаған адамға 237-баппен қатар ҚК-тің 96, 179-баптарын қолдану. Қылмысты саралаудағы осындай қателіктерді әдебиетте басы артық саралау деп атау қалыптасқан.    

Қылмысты дұрыс сараламаудың келесі, бесінші түрі қылмыстың жиынтығын ҚК-тің бір бабымен немесе баптың бөлімімен саралау болып табылады. Мысалы атыс қаруын пайдаланып жасалған қарақшылық үшін ҚК-тің 179-бабының 2-бөлімінің 2-тармақшасы қолданылады дұрысында ҚК-тің 251-бабында қолданылуы тиіс болатын. Саралаудың соңғы түрі іс-әрекетінде қандайда болмасын қылмыс құрамының белгісі жоқ адамға қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы болып табылады. Осындай жағдайда іс-әрекетте қылмыс құрамы жоқ деп танылады. Енднше қылмыс жасамаған кінәсіз тұлға негізсіз қылмыстық жауапкершілкке тартылады ол өз кезегінде Қазақстан Республикасның Конститутциясының 77-бабында бекітілген адамның конституциялық құқықтарын өрескел бұзу болып табылады. Нақты қылмыс құрамының белгілері жоқ әрекетті құқық қорғау органдарының ҚК-тің әлдеқандай бабымен дұрыс сараламаудың барысында осындай жағдай орын алуы мүмкін .

Мысалы тұлға Қылмыстық кодекстің 162-бабымен жалдамалылық үшін жауапқа тартылады алайда оның материалдық сыйақы алу немесе өзге де бас пайдасы мақсатында іс-әрекет жасағандығы дәлелденбеген.

Өкінішке орай, көп жағдайда анықтама және алдын-ала тергеу органдарында айта қаларлықтай жиі кездесетін қылмысты дұрыс сараламау оқиғалары белгілі болмай қалады, саралаудағы қателіктерге істі сотта қарауда да жол беріледі.

Соның нәтижесінде анықтама және алдын ала тергеу органдарымен қылмыстың дұрыс сараланбауы сотта да қайталанып әділсотты емес үкімдердің шығуына жол беріледі. Кей реттерде қылмысты дұрыс сараламау оқиғаларының  кінәсіз адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту деп атауға болады. Қылмысты дұрыс сараламаудың осындай оқиғалары барлық қылмыстық істер бойынша үкімдерге шағым немесе наразылықтар келтірілмеуіне байланысты жоғарғы сот сатыларында да әрқашан анықтала бермейді.

Сондықтан үкімдердің басым бөлігі жоғарғы сот сатыларында тексеруден өтпестен күшіне енгізіледі және орындалады. Қазақстан Республикасының жаңа ҚІЖК-де қылмыстық заңды дұрыс қолданбауға байланысты қылмыстық іс қайта тергеуге жіберілетін, сот үкімі өзгерілетін немесе күшін жоятын нормалар қарастырылған. Олардың қатарына ҚІЖК-нің 303, 376, 416, 432, 436, 459-баптарын жатқызуға болады.

 

 

1.3 Қылмыс құрамы - қылмысты саралаудың заңи негіздемесі

 

 

Қылмыстық құқық теориясында қылмыстық заңды дұрыс қолдану үшін өте маңызды және әмбебап қылмыс құрамы туралы ілім бар. Бұл ілім тек заң ғылымдарының жетістігі негізінде ғана пайда болған жоқ. Онда философияның ұғымдары (объекті, себепті байланыс мәселелері).

Медицина ұғымдары (есі дұрыс еместік ұғымын анықтаумен байланысты мәселелер) психологиялық ұғымдар (қылмыстық жауаптылық басталатын ең төменгі жас мөлшерін анықтау кінә, пиғыл ұғымдары) пайдаланылады. Аталған ілімнің әмбебаптағы бұл ілімді әртүрлі сипаттағы қылмыстық заңдарға қолдануға болады. Қылмыстық құқықтық норма және жасалған іс - әрекеттің оқиғалық мән-жайы қылмысты саралау процессінде біріктірілетін құбылыстардың екі өрісі болып табылады. Аталған біріктіру осы құбылыстар үшін ортақ болып табылатын белгілерді табу жолымен жүзеге асырылады.

Саралау барысында қылмыстық - құқықтық норма тұтастай және жасалған нақты қылмыстың белгілерінің барлық жиынтығы толығынан пайдаланылмайды. Жасалған іс-әрекетті саралау үшін қажетті болып табылатын белгілердің бөлшегі қылмыс құрамы деген ұғыммен қамтылады.

Қылмыс құрамының атқаратын қызметін дұрыс ұғыну үшін ең алдымен оның белгілі бір қылмыс түрі үшін жауапкершілікті қарастыратын қылмыстық -құқықтық нормамен ара қатынасын айқындап алу қажет болады. Норма - бұл заң бабының мәтінімен әрдайым сәйкес келе бермейтін жүріс-тұрыс ережесі болып табылады. Қылмыстың белгілі бір түрі үшін (мысалы, ұрлық үшін) жауаптылықты қарастыратын қылмыстық - құқықтық норма тиісті іс - әрекетті жасауға тиым салуды ғана білдірмейді (норманың диспозициясы) және оны жасағаны үшін қолданылатын санкцияны және оны қолдану үшін шарттарды қарастырады (норманың гипотезасы).

Егер қылмыс құрамын, «қылмыстың қылмыстық заңда бекітілген белгілерін көрсететін қылмыс туралы заңнамалық ұғым-деп санайтын болсақ онда құрам ұғымының көлемі бойынша да, мазмұны бойынша да қылмыстық - құқықтық норма ұғымымен салыстырғанда тар көлемде екендігіне көз жеткізуге болады.

Біріншіден, норманың санкциясы құрам шеңберінің сыртында қалады. Екіншіден, құрам норманың диспозициясымен толық сәйкестікте бола бермейді. И.Ш. Борчашвилидың айтуынша «қылмыстық құқықтың нормасы жағымсыз іс-әрекеттерді жасамау туралы нақты бұйрықты білдіреді. Қылмыс құрамы болса қылмыс белгілерін сипаттап жазудан тұрады. Қылмыс құрамы өздігінен бұйыруды білдірмейді [25, 67 б.].

Қылмыс құрамының және қылмыстық - құқықтық норманың гипотезасының арақатынасы туралы мәселе онша айқын емес: бұл өз кезегінде қылмыстық құқықтығы гипотезаның рөлі туралы бірегей пікірдің болмауымен түсіндіріледі. Егер қылмыстық - құқықтық нормада гипотеза мен диспозиция бірігіп кетеді деп есептейтін пікірді басшылыққа алатын болсақ онда құрам түсінігі барынша тар ұғым болып шығады.

Себебі оның қылмыстық жауаптылықтың кейбір шарттарын қамтымайтындығы айқын. Егерде біз гипотезаны қылмыстық - құқықтық норманың дербес бөлшегі ретінде ажырататын болсақ онда гипотезасыз құрам өзінің мазмұны жағынан норманың диспозициясына өте жақын келеді. Қылмыстық - құқықтық норманың элементі ретінде құрамға заңшығарушымен тек өзінің жиынтығында берілген түрдегі қылмыстың мәнісін сипаттайтын оның болғандығын, сипатын және жалпы түрдегі оның қоғамдық қауіптілігін білдіретін белгілердің ғана кірістірілетіндігі туралы құқықтық әдебиеттерде бірнеше рет көрсетілген.

Я.М. Брайнин бұл тұжырымды кеңейте түскен. Ол «қылмыс құрамы рөлін тек іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілік сипатына ғана жатқызу оның маңызын төмендетеді» - деп дұрыс айтқан [24, 143 б.].

Шындығында құрам белгілері іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілігін ғана емес тұлғаның кінәсін де сипаттайды. Осы тұрғыдан алғанда құрамды «қоғамдық қауіпті іс-әрекетті қылмыстық заңнамаға сәйкес қылмыс және қылмыстық жазалануға жататын ретінде айқындайтын белгілер жиынтығы» - деп бағалайтын анықтама барынша дұрысырақ сияқты.

Әлдеқандай қылмыс құрамын сипаттайтын белгілерге бірдей шамада осы қылмыс туралы түсінікте кіреді. «Ұрлық құрамы» немесе «ұрлық түсінігі» дейтін болсақ өзіміз қолданған сөздердің айырмашылығына қарамастан тиісті қылмысты сипаттайтын қылмыстық - құқықтық белгілерді білдіреміз. Ендеше бұл құрам және белгілі бір түрдегі қылмыс түсінігі арасында айырмашылқ болмайды дегенді білдіреме? Жоқ білдірмейді. Қылмыс құрамында белгілер қылмыстың белгілі бір элементтеріне телінген, олар топтастырылған және айта қаларлықтай қатаң кезектілікпен бекітіледі ал қылмыс түсінігі үшін бұл міндетті болып табылмайды. Басқаша айтқанда қылмыстың құрамы және түсінігі олардың ішкі құрылымы бойынша, біртектес белгілердің тәртіпке келтірілу дәрежесі бойынша ажыратылады.

Құрам қылмыс белгілерінің жиынтығы ғана емес, олардың қатаң жүйесі болып табылады. Құрам қылмыс үшін сипатты болып табылатын оны құрайтын элементтердің ішкі байланысын көрсетеді. «Барлық қылмыстардың бірегей ортақ құрылымын табу және осы негізде қылмыстың объектісін, субъектісін, объективтік және субъективтік жақтарын сипаттайтын белгілердің негізгі төрт тобынан әрбір қылмыстың құрамын құрастыру қылмыстық құқық ғылымының үлкен жетістігі болып табылады» [26, 176 б.].

Қылмыс құрамының құрылымдық сипаты саралау үшін қағидалық маңызға ие болады, себебі оның кейбір ортақ принциптерін саралауға мүмкіндік береді.

Қылмыс құрамы тұлғаны берілген қылмысты жасаған деп тану үшін қажетті және жеткілікті болатын белгілердің жүйесі болып табылады. Олардың қажеттілігі мынада: құрамның барлық белгілерінің жиынтығынсыз тұлға қылмыс жасаған деп айыптала алмайды ендеше ол қылмыстық жауаптылыққа да тартыла алмайды.

Олар жеткілікті болып табылады себебі тиісті тұлғаға қылмыс жасағандығы туралы айып тағуға негіз болуы үшін әлдеқандай қосымша мәліметтерді анықтаудың қажеттілігі болмайды. Құрамды қылмыстың берілген түрінің қылмыстық заңда бекітілген ақпараттық нұсқасы деп айтуға болады. Бұл нұсқа өз кезегінде берілген түрдегі барлық қылмыстардың белгілерін қортындылау негізінде құралады. Нәтижесінде біз олардың негізгі ерекшеліктерінің үнемді, қысқа және жеткілікті түрдегі айқын сипаттамасына ие боламыз. Ақпараттық нұсқа заңгердің практикалық қызметінде екі жақты рөл атқарады. Біріншіден ол заңгерге заңның талаптары туралы мағұлмат береді. Мысалы, біз ҚР ҚК-ның 175-бабында қарастырылған ұрлық құрамы бұл қылмыстың мынадай белгілерін біріктіреді деп айтамыз. Екінші жағынан бұл нұсқа бізге жасалған нақты іс-әрекеттің өзіндік белгілері туралы ақпарат береді. Бірінші және екінші топтағы ақпараттың біріктірілуі, сәйкестендірілуі қылмысты саралау барысында жүзеге асырылады.

Құрамның екі жақты ақпараттық қызметіне байланысты терминология туралы мәселе туындайды. Құқықтық әдебиеттерде кей реттерде қылмыстың «заңдық» және «фактілік» құрамдары ұғымы пайдаланылады. Д.К. Каирова «заңгерлер қылмыс құрамы ұғымын қылмыстық заңнама бойынша белгілі бір қылмысты сипаттайтын белгілердің жиынтығын білгілеу үшін және осы белгілерге сәйкес келетін нақты іс-әрекетті белгілеу үшін қолданады» - деп тұжырымдаған [27, 142 б.].

Алайда Куринов В.А. бұл пікірге қосылмай, қылмыстық - құқықтық нормадағы белгілер жалпылама негізде тұжырымдалып, жеке құбылыс болып табылатын нақты қылмыс белгілерімен салыстырғанда дерексіздіктің (абстракция) жоғарғы деңгейіне жатқызылатындағын атап көрсеткен [18, 89 б.].

Нақты қылмыстың белгілері құқық нормасында бар белгілердің тиісті сыныбына кіретіндігіне байланысты ғана олардың сәйкестігі туралы айтуға болады. Сондықтан қылмыс құрамы түсінігін тек ғана нормативтік ұғымында қолдану керек.

Қылмыс құрамының жоғарыда атап көрсетілген ерекшеліктері оның құқықтық маңызын айқындайды. Ең алдымен ол құрамның қылмыс жасаған тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тартуға заңды негіз қызметін атқаратындығынан көрінеді. Егер нақты қылмыстың әрбір белгісі құрамның жалпы қортындыланған белгілерінің қатарына кіретін болса және оған дербес нәрсе ретінде нәрселердің тиісті сыныбына қатысты болса біз ол тұлғаның әрекеттерінде қылмыс құрамы бар деп айтамыз. Бір де болса белгінің сәйкес келмеуі қылмыстық жауаптылықтың туындауы үшін негіздің болмауына алып келеді. Аталған жағдайда қылмыстық қуғындау қозғала алмайды, ал қозғалға іс-әрекетте қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс жүргізудің кез келген сатысында қысқартылыуы тиіс. Жауаптылық қылмыстық заңнаманың Ерекше бөлімінің нақты бабы бойынша туындайды. Нақты осы түсінігінде қылмыс құрамын қылмыстық жауаптылықтың қажетті және бірден - бір негізі ретінде санау қажет, сондықтанда қылмыс құрамы қылмысты саралаудың заңды негізі болып табылады.

Информация о работе Қылмысқа қатысушылық түсінігі