Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2013 в 18:18, научная работа
Кінә-қылмыстың субъективтік жағының міндетті белгісі болып табылады,себебі қылмыстың құрамының өзге элементтері жасалған қылмыс уақиғасында болғанмен қасақаналық немесе абайсыздық түрінде бейнеленетін кінә болмаса,онда қылмыстың субъективтік жағы да жоқ деп танылады.
Қылмыстық заң-қылмыс құрамдарын анықтаудың заңды моделі ретінде қолданылатындықтан,осы заңда қарастырылған барлық қылмыстардың құрам белгілерін анықтауға негіз береді.
Сондықтан Қазақстан
Алайда қылмыстық құқық
1948 жылы желтоқсан айының 10 жұлдызында Бас Ассамблеяның 217(111)қабылдаған және жария етілген «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясының » 10 бабында көрсетілгендей, «Әр адамның өзінің құқықтары мен міндеттерін анықтау және оған тағылған қылмыстық айыптың негізділігін айқындау үшін толық теңдік негізінде өзінің ісін тәуелсіз және әділ соттың жария түрде,сондай-ақ,әділдіктің барлық талаптарын сақтай отырып қарауын талап етуге құқығы бар».
Судьялардың тәуелсіздігі,сот әділдігін заң мен сот алдындағы теңдік негіздерінде жүзеге асыру,қайта соттауға және қылмыстық ізге түсуге жол берілмеуі,сот ісін жүргізуді тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асыру,жариялылық,істің мән-жайын жан-жақты,толық және объективті зерттеу,дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау,қылмыстық сот ісін жүргізу тілі принциптері әрине әрбір істі болған адамның сотты талқылауы кезінде соттың әділ және заңды шешім қабылдауына тікелей әсерін тигізеді.Аталмыш принциптерімен қатар жүретін кінәсіздік презумпциясы сот жүйесі үшін ең бір фундаментальды принцип,ал,әрбір адам үшін негізгі құқықтардың бірі болып табылады.[6]
Кінәлінің өзі жасайтын іс-әрекетінің қоғамдық қауіпті салдары туралы түсінігінің айқындылығы мен дәрежесіне қарай қасақаналық анықталған және анықталмаған болып бөлінеді.Анықталған қасақаналық тұлғаның өзі жасайтын қоғамдық қауіпті әрекетінің немесе әрекетсіздігінің сипатын және салдардың мөлшерін анық түсінуімен сипатталады.Сонымен қатар,анықталған қасақаналық кінәлінің жалғыз ғана қылмысты салдардың орын алуын көре білуі,яғни қарапайым және кінәлі екі немесе одан да көп қылмысты салдардың орын алуын мүмкін екендігін көре білетін-екі ұшты болып келеді.Мысалы,пышағын жүрекке жұмсайтын кісі өлтіруші,өлімнің орын алатынын алдын ала біліп,қарапайым қасақаналықпен әрекеттенеді.Ал пышақты жәбірленушінің ішіне салатындар екі ұшты қасақаналықпен әрекет жасайды,себебі,осының салдарынан жәбірленушінің не өлетіндігін,не оның денсаулығына ауыр зақым келетіндігін біле тұра,бұл салдардың кез келгенінің орын алуына саналы түрде жол береді.
Анықталмаған қасақаналық кезінде кінәлі тұлға қылмысты салдарды көре білгенімен нақтыламаған.Бұл-қолданылуы әр түрлі салдарға әкеліп соқтыратын қарулар мен құралдарды пайдалана отыра,жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қол сұғушылық кезінде болуы мүмкін.Мысалы,жәбірленушінің басынан таяқпен ұру,аяқпен бастан,кеудеден,іштен ұру.Мұндай жағдайларда әр түрлі салдардың,өлімнен-денсаулыққа жеңіл зақым алуға дейін орын алуы мүмкін.Қылмыстық құқық теориясы мен сот тәжірибесі мұндай жағдайларда жауаптылықтың шын мәнінде келтірілген салдарға байланысты анықталатынына сенеді,себебі,кінәлі бұл салдардың кез келгенінің орын алатынын көре білді және олардың орын алуына саналы түрде жол береді.Алайда,мұндай бағалау тек анықталмаған қасақаналық анықталған жағдайда негізгі болып табылады.Егер нақты бір жағдайда,жәбірленушінің басынан таяқпен ұру кезінде оны өмірден айыруға бағытталған тікелей қасақаналық анықталса,жәбірленушіге шын мәнінде келтірілген онша ауыр емес зиянның өзінде(айталық,денсаулыққа орташа ауыр зақым келтіру)қасақана кісі өлтіруге оқталғандық деп бағалау керек.[7]
Әрбір істелген қылмыс белгілі бір объектіге қол сұғумен қатар оған белгілі бір зиян келтіру қаупін туғызады.Қылмыстық заң нормасымен қорғалатын объектіге қылмыстың қол сұқпауы мүмкін емес.Сондықтан да қылмыстық қол сұғушылықтың объектісін дұрыс анықтаудың теориялық,практикалық маңызы бар.
Қорыта келгенде,кінәсіздік –қылмыстық сот ісін жүргізудің принципі ғана емес,ол жауапкершіліктің барлық түрлеріне қатысты жалпы құқықтық принцип.Кінәсіздік презумпциясы әлі де дәлелденбеген нәрсені анықталды деп ешқашан санауға болмайтыны туралы көзқарасқа негізделген.Аталмыш принциптің терең ізгілік,адамгершілік мәні міне,осында.
Ең бастысы,баршамыздың іс-әрекетіміз бен мінез-құлқымыз,жүріс- тұрысымыз,имандылық пен адамгершілік принципінен ауытқымауы керек.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1.Заң Республикалық,ғылыми-
2. Е.Ә. Оңғарбаев, -Қазақстан
Республикасының қылмыстық
3.А.Н. Ағыбаев,-Қылмыстық
құқық.Алматы:Жеті жарғы,
4.Заң Республикалық
құқықтық ғылыми-практикалық
журналы,7/2006.(27- бет )Қылмыстық
заңнама бойынша кінәнің
екі нысанымен жасалған
5.Заң Республикалық
құқықтық ғылыми-практикалық
журналы,6/2006.(26-бет)
6. Заң Республикалық,ғылыми-
7. Заң Республикалық
құқықтық ғылыми-практикалық
журналы,9/2007.(26-бет)
Информация о работе Қылмыстық құқықтағы кінәні дәлелдеу мәселелері