Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2013 в 19:51, задача
Астана қаласы, Пушкин көшесі 55-үй, 21-пәтерде тұратын А.Н.Халиков 1996 жылы 23 мамыр туған, бұрын сотты болмаған.
15.05.2011 жылы сағат 13:00–де №2 мектеп ауласында (Астана қаласы Қарасай батыр көшесі) кәмелет жасқа толмаған Ибрагимов Елес Ақпанұлына 1997 ж.т. белгісіз біреулердің, оның иелігіндегі «Самсунг» телефонын алуға бағытталған қарақшылық шабуыл жасап, сонымен қатар жәбірленушінің денсаулығына зиян келтіріп, 37 500 теңге көлемінде материалдық зардап келтірген.
Айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы
ҚАУЛЫ
10 маусым 2011 жыл
Астана қаласы
Астана қалалық Сарыарқа аудандық ІІБ тергеу бөлімшесінің тергеушісі полиция лейтенанты А.Т.Турлакбаев №1921103 санды қылмыстық іс материалдарын қарап шығып,
АНЫҚТАДЫМ:
Астана қаласы, Пушкин көшесі 55-үй, 21-пәтерде тұратын А.Н.Халиков 1996 жылы 23 мамыр туған, бұрын сотты болмаған.
15.05.2011 жылы сағат 13:00–де №2 мектеп ауласында (Астана қаласы Қарасай батыр көшесі) кәмелет жасқа толмаған Ибрагимов Елес Ақпанұлына 1997 ж.т. белгісіз біреулердің, оның иелігіндегі «Самсунг» телефонын алуға бағытталған қарақшылық шабуыл жасап, сонымен қатар жәбірленушінің денсаулығына зиян келтіріп, 37 500 теңге көлемінде материалдық зардап келтірген.
Демек, А.Н.Халиков, ҚР ҚК-нің – 179-бап, 2-бөлік, «а» және «г» тармағындағы, яғни бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен ұштасқан шабуыл жасау, адамдардың алдын ала сөз байласуы болып табылатын қылмыстың белгілері бойынша қылмыстық іс-әрекет жасаған.
Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде, А.Н.Халиковқа айып тағуға қатысты жеткілікті дәлелдемелер жиналғандығын ескеріп, ҚР ҚІЖК-нің 202, 206, 207, 209-баптарын басшылыққа ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТТІМ:
Қаулы маған 10 маусым 2011 жылы жарияланды.
Айыпкер:
Сонымен қатар, маған ҚР ҚІЖК-нің 69-бабында көзделген менің құқықтарым түсіндірілді, яғни, заңға қайшы келмейтін құралдармен және тәсілдермен өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және қорғануға дайындалу үшін жеткілікті уақыты мен мүмкіндігі болуға, өзінің не үшін айыпталғандығын білуге және қзін айыпталушы ретінде тарту туралы қаулының көшірмесін алуға, қылмыстық ізге түсу органынан өзіне тиесілі құқықтар туралы дереу түсіндірме алуға, қылмыстық процесті жүргізуші органнан өзінің құқықтарын және мүдделерін қорғайтын іс жүргізу шешімдерін қабылдау туралы хабардар етілуге, бұлтартпау шараларын қолдану туралы қаулының көшірмесін алуға, өзіне тағылған айып бойынша түсініктеме мен айғақ беруге, айғақ беруден бас тартуға, дәлел ұсынуға, өтініш пен қарсылық мәлімдеуге, ана тілінде немесе өзі білетін айғақ беруге және түсінісуге, аудармашының тегін көмегін пайдалануға, қорғаушысы болуға, осы кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен өзінен алғашқы жауап алудың алдындағы кезден бастап қорғаушымен оңаша және құпия жолығуға, тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен өзінің өтініші бойынша немесе өзінің қорғаушысының не заңды өкілінің өтініші бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қатысуға, осы әрекеттердің хаттамаларымен танысуға, және оларға ескертулер беруге, сарапшының алдында мәселелер қоюға, сараптама тағайындау туралы қаулымен және сарапшының қорытындысымен танысуға, тергеу аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға және одан кез-келген мәліметті кез-келген көлемде көшіріп алуға, соттың, прокурордың, тергеушінің және анықтаушының іс-әрекеті мен шешіміне шағым беруге, ақтамайтын негіздер бойынша істі қысқартуға, қарсылық білдіруге, жария сот талқылауын талап ету құқықтарым түсіндірілді.
Айыпкер:
Заңды өкілі:
Қаулыны жариялап, құқықтарын түсіндірдім.
Астана қалалық Сарыарқа аудандық
полиция бөлімінің тергеушісі
полиция лейтенанты