Дәлелдемелерді қайнар көздері мен олардың іске қатыстылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 22:42, дипломная работа

Описание работы

Осыған байланысты қандай да бір іс жүргізу әрекеттің ісін дұрыс және тиімді жүргізуге қажетті тұлғаларды қылмыстық іске қатысу үшін таңдау мен тартуда қиындықтар жиі кездесіп отырады. Заңда бекітілген іс жүргізу қызметті жүзеге асырудың ережелері қаншама жетілдірілсе де олар процессуалдық іс-әрекеттердің тиісті түрде өтуімен қамтамасыз ететін тұлғалардың қылмыстық сот ісіне қатысуына байланысты барлық мәселелерді толығымен реттей алмайды.

Содержание работы

Кіріспе...................................................................................................................3-4
1-тарау.Қылмыстық сот ісін жүргізудегі заттай дәлелдемелер және дәлелдеу
құқығының түсінігі.Таным теориясы мен шындықтың ұғымы.
1.1. Қылмыстық сот ісін жүргізудегі заттай дәлелдемелер және дәлелдеу
құқығының түсінігі.....................................................................................5-7
1.2.Қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеу құқығы және оның дәлелдемелер
теориясындағы орны...................................................................................8-10
1.3. Қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеу процесінің түсінігі мен маңызы...11-15 1.4.Таным теориясы дәлелдеме теориясының негізі....................................16-18
1.5.Қылмыстық процестегі шындықтың ұғымы мен мазмұны..................19-21
1.6.Қылмыстық іс бойынша шындықты анықтаудың іс жүргізудегі
кепілдіктері................................................................................................22-25
2-тарау.Дәлелдемелерді қайнар көздері мен олардың іске қатыстылығы.
2.1.Дәлелдемелердің қайнар көздері...........................................................26-28
2.2.Дәлелдемелерді топтастыру....................................................................29-35
2.3Дәлелдемелердің қатыстылығы және іске жіберілуі.............................36-41
2.4.Дәлелдемелер мен жедел-іздестіру арқылы алынған процессуалдық емес
ақпараттың арақатынасы.........................................................................42-51
2.5.Техникалық құралдарды қолдана отырып жедел-іздестіру жолымен
алынған ақпаратты дәлелдемеге айналдырудың іс жүргізушілік
шарттары..................................................................................................52-54
Қорытынды......................................................................................55-
Пайдаланған әдебиеттер.........................................................................

Файлы: 1 файл

Дип.-Қылмыстық-сот-ісін-жүргізудегі-заттай-дәлелдеу.doc

— 413.00 Кб (Скачать файл)

Осындай іріктеу сипаты жедел-іздестіру қызметімен айналысуға құқығы бар баска да органдарға тән. Мұндай органдардың қатарында, бұрын атап етілгеніндей, "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Заңның 6-бабында ішкі істер органдары аталады, мұның, өзі мұндай құкық тікелей жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін орындайтын белімшелерде болатынын көздейді. Бұл жағдай "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Заңның 12-бабының 3-бөлі-гінде бір мәні регламенттеледі, онда: "Жедел-іздестіру шараларын жүргізуге құқығы бар кызметтердің, бөлімшелердің және қызметкерлер санаттарының тізбесін жедел-іздестіру қызметін жүргізуші органдардың басшылары белгілейді" деп жазылған.

Талданып отырған жағдайда жедел-іздестіру қызметінің субъектілері болып табылатын Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органы, Қазақстан Республикасы Президентінің күзет қызметі қазіргі уақытта анықтау оргаңдарының қызметін атқармайды. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын анықтау органдары мен органдардың мұндай саралануы анықтау субъектілері мен жедел-іздестіру қызметінің мақсаттары мен міндеттеріне байланысты. Ал шындығында жедел-іздестіру шараларын жүргізу негіздерінің тізбесі қылмыстық сот ісін жүргізу мақсаттарынан тысқары жатыр. Мәселен, "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Заңның 10-бабы мұндай негіздер ретінде мыналарды көздейді:

а) қозғалған қылмысты істің болуы;

ә) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарға келіп түскен: әзірленіп жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған құқық бұзушылық; жауапалу, тергеу және сот органдарынан немесе қылмыстық жазадан жалтарып жүрген адамдар; азаматтардың хабарсыз кетуі және танылмаған мәйітгердің табылуы; шет мемлекеттер мен халықаралық үйымдардың арнайы қызметгерінін барлау-бүлдіру әрекеттері туралы хабарламалар;

б) өздерінің қарауындағы қылмыстық істер бойынша тергеушінін жазбаша тапсырмалары және прокурордың нұсқаулары, соңдай-ақ соттың ұйғарымдары;

в) құқықтық көмек беру туралы шартқа (келісімге) сәйкес халықаралық құқық қорғау ұйымдарының және шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының сауал салулары;

г) қоғам, мемлекет мүддесі мен оның экономикалық және қорғаныс әлеуетін нығайту мүддесіне орай барлау акпараттарын алу қажеттігі жөніндегі хабарламалар негіз болады.

Анықтау мақсатына жедел-іздестіру шараларын жүргізу жолымен қол жеткізілуі мүмкін, бірақ жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру анықтау міндеттерін шешуге ғана бағытталмаған. Бұл орайда анықтау қылмыстың алдын ала тергеу нысаны ретінде түсіндіріледі, анықтау тиісті органдар мен лауазымды адамдардың қылмыстық іс жүргізу заңына негізделген қызметінен көрінеді, ол қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды қарауға және шешуге, қылмыстық істі қозғауға, ол бойынша тергеу жүргізуге, тергеушілердін тапсырмасы бойынша іздестіру және тергеу іс-қимылдарын жүзеге асыруға, сондай-ақ қылмыстарды болғызбау жөнінде шаралар қабылдауға бағытталған. Осыған байланысты жедел-іздестіру қызметінің мазмұнының маңызы аз емес. "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Заңның 1-бабында белгіленгеніндей "жедел-іздестіру кызметі — азаматтардың өмірін, денсаулығын, қүқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті қорғау, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арнаулы қызметтерінің қылмыстық қол сұғуынан, сондай-ақ барлау-бүлдіру әрекетінен қоғам мен мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік органдар" өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Заңға, Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен қалыптық кұжаттарына сәйкес жүзеге асыратын жария және жасырын жедел-іздестіру, ұйымдық және басқару шараларының ғылыми негізделген жүйесі".

Жедел-іздестіру қызметінің занды түрде бекітілген ұғымына түсінік беру оның дәстүрлі доктриналдық түсінігімен сәйкес келмейді. Мәселен, А. Н. Васильев жедел-іздестіру қызметінің мазмұнына мынадай ұғым береді: белгілі бір адамдар мен объектілерді бақылау, жария және жария емес көздерден мәліметтер жинау, іздестіру, бөгеттерді ұйымдастыру, іздестіру иттерін қолдану, құжаттар мен үй-жайларды тексеру, қандай да бір оқиғаның куәгерлерін анықтау және жөніндегі арнайы іс-шаралар. Проблемаға мұндай көзқарасты Р. С. Белкин де колдайды. Ол былай деп түсіндіреді: "Жедел-іздестіру қызметі дегеніміз—процессуалдық емес анықтау органдарының дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстарды анықтауға, қылмыскердің тұлғасы мен тұрғылықты орны, оның байланыстары туралы мәліметгер жинауға, объектілерді — дәлелдеу ақпаратының ықтимал иелерін белгілеу және олардың амандығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылы". Сонымен, дәстүрлі түсіндіру кезінде анықтау мен жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын субъектілерінің тізбесі сәйкес келіп қана қоймайды, сонымен бірге жедел-іздестіру қызметі мен жедел-іздестіру іс-шараларының ұғымдарын ішінара қосып жіберуге жол беріледі айтылғандардан мынадай қорытынды туындайды: жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын субъектілердің бәріне де анықтау жүргізу кұқығы берілмеген, қылмыстық іс жүргізу заңыңда анықтау органдары ретінде тіркелгендері ғана осындай міндетті жүзеге асыра алады.

Бұл жағдайдың қылмыстық сот ісін жүргізу мақсаттары мен міндеттері үшін ғана алынатын іс жүргізушілік емес акпаратты, әскери барлау, экономикалық және қорғаныс әлеуетін нығайту мақсатында жиналатын өзге де іс жүргізушілік емес ақпараттан саралау қажеттілігіне байланысты маңызы бар.

"Жедел-іздестіру  кызметі туралы" Заңда (11-бап) жалпы және арнайы жедел-іздестіру іс-шараларының тізбесі белгіленген. Мақсатына байланысты оларды іріктеу бет алды жүргізілмейді. Анықтау міндеттерін шешу үшін (қылмыстық сотісінжүргізудің) "Жедел-іздестіруқызметі туралы" Заңның 12-бабына сәйкес төмендегідей арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуі мүмкін:

а) ішкі істер органдары — сотталғаңдардың хат-хабарларын цензуралау; посылка және бандероль түрінде почта жөнелтілімдеріне бақылау жасау; телефонмен және өзге де сөйлеулерді тындау; компьютер жүйелерінен және өзге де техникалық құралдардан хабарламаларды алып тастау, байқау, соның ішінде арнаулы техникалық құралдарды (дыбыс-бейне жазбаларды, кино-сурет түсірілімдерін және басқа техникалық құралдарды), материалдар мен заттарды пайдалана отырып байқау; тұрғын және басқа жайларға, үйлерге, ғимараттарға, жер учаскелеріне, көлік және өзге техникалық құралдарға кіру және оларды тексеру;

ә) ұлттық қауіпсіздік органдары — почта жөнелтілімдерін бақылау; байланыстың почта-телеграф арналарында сыртқы белгілері бойынша жедел-іздестіру; телефонмен және өзге сөйлесулерді тындау; байланыстың техникалык арналарынан, компьютерлік жүйелерінен және өзге техникалық құралдардан хабарламаларды алып тастау, байқау, соның ішінде арнаулы техникалық; құралдарды (дыбыс-бейне жазбаларды, кино-сурет түсірілімдерін және басқа техникалық кұралдарды), материалдар мен заттарды пайдалана отырып байқау; тұрғын және басқа жайларға, үйлерге, ғимараттарға, жер учаскелеріне, көлік және өзге техникалық құралдарға кіру және оларды тексеру.

Басқа анықтау органдарына қатысты айтатын болсақ, оларға жалпы жедел-іздестіру шараларын жүргізу құқығы беріледі, олардың қатарына мыналар жатады: азаматтарға, кызмет адамдарына сұрақ қою, олардан ақпарат алу; азаматтармен жария және жария емес қатынастар орнату,оларды жедел-іздестіру қызметіне пайдалану; қылмысты ортаға қызметкерлерін енгізу; қылмыстық қызметті бейнелейтін мінез-құлық үлгілерін қолдану; құпия кәсіпорындар мен ұйымдарды пайдалану; жеткізілімдерге жедел бақылауды жүзеге асыру; арнайы техникалық құралдарды қолдану; есепке алу бойынша мекемелер, кәсіпорындар және ұйымдар жөнінде анықтамалар жинау және тексеру; сынама мен үлгілерді зерттеу үшін іріктеп алу;бақылау мақсатындағы сатып алу; іздестіру иттерін қолдану; белгілері бойынша тұлғаларды іздестіру және теңдестіру; заңға қарсы әрекеттерді табу, ресми емес тіркеу және іздерін алу, оларды алдын ала зерттеу; қылмыс жасап жатқан немесе жасаған адамдардың ізіне түсу және оны ұстау; ұсталған адамдарды жеке тексеруді жүзеге асыру және олардың қылмыстық қызметке қатысы болуы мүмкін заттарымен құжаттарын алып қою, сондай-ақ тұрғын үй-жайларды,жұмыс және өзге де орындарды тексеру, көлік құрамдарын тексеру; қарулы қылмыскерлерді ұстау жөніндегі операцияларды жүргізу; жедел қылмыстық есепке алу және қылмыстық тіркеу жүйелері бойынша тексеру.

Қылмыстық сот ісін жүргізу мақсаттарына қол жеткізу үшін жүргізілетін осы іс-шаралардың негізгі белгісі олардың процессуалдық емес сипатында.

Дәлелдемелерді іске жіберудің өлшемі оларды алудың және қылмыстық іс материалдарына қосудың іс жүргізушілік нысандарын сақтау болып табылады. Бұл нені білдіреді? Жедел-іздестіру іс-шараларының "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Заңында көзделген іс жүргізу жолымен алынған процессуалдық емес ақпараттың өзін дәлелдемелерді іске жіберу талаптары сақталмаса дәлелдеуге пайдалануға болмайды. Бұл ереже "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Заңның 14-бабында бекітілген, онда: "жедел-іздестіру қызметі үрдісінде алынған материалдар тергеу жұмыстарын әзірлеу және жүзеге асыру, қылмыстардың алдын алу, оларды болдырмау және ашу жөніндегі жедел-іздестіру шараларын жүргізу үшін, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу заңдарына сәйкес олар тексерілгеннен кейін қылмыстық іс бойынша айғақтар ретінде пайдаланылуы мүмкін" делінген. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде алынған материалдар, одарды қылмыстық іс жүргізу заңдарында көзделген нысанға келтірілгенге дейін не оларды қылмыстық процеске енгізу мүмкіндігі болмаған жағдайда ешқандай құқықтың салдары болмайды, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін шектеу үшін негіз болып табылмайды.

Жедел-іздестіру қызметі барысында алынған ақпаратты дәлелдемелер ретінде іске жіберудің анағұрлым маңызды өлшемдері заң шығарушының көзқарасы тұрғысынан мыналар болып табылады:мұндай акпаратқа заңда көзделген іс жүргізу нысанын беру; тиісінше әйгілеуге жататын іс жүргізу емес ақпаратты"Жедел-іздестіру кызметі туралы" Заңда көзделген жалпы және арнайы сипаттағы жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу жолымен алу (11, 12-баптар).

Іс жүргізу яғни, дәлелдемелік және іс жүргізуге жатпайтын, яғни жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде алынған акпараттардың ара жігін айырудың өлшемдері ретінде мыналар алынады; дәлелдемені (іс жүргізу ақпаратын) қылмыстық іс жүргізу заңы белгілеген көзден алу және іс жүргізу ақпараты емес өзге көздерден алу; дәлелдемелер тобынан іс жүргізу жолымен алынған ақпаратты алып тастау үшін құқықтық негіздердің болуы.

Дәлелдемелер тобынан іс жүргізу жолымен алынған ақпаратты алып тастау үшін құқықтық негіздер болғанның өзінде ол іс жүргізуге жатпайтын ақпараттар тобына өтеді деген сөз емес. Қылмыстық сот ісін жүргізуден алып тасталған ақпараттың тағдыры құқықтық негізге байланысты әр түрлі болуы мүмкін.

Дәлелдемелер сипатындағы ақпаратты алып тастаудың қүкықтық негіздері ретінде мыналар көрінеді: көзі белгісіз мәліметтерге негізделген дәлелдемелер ретінде қызмет ете алмайтын ережеге сәйкес; қорғаушының  міндеттерін орындауына байланысты айыпталушыдан (сезіктіден) өзіне мәлім болған істің мән-жайы туралы куәгер ретінде айыпталушының (сезіктінің) корғаушысынан (адвокаттан, кәсіподақ пен басқа да қоғамдық ұйымдардан) жауап алуға тыйым салу; іс үшін маңызы бар құбылысты дұрыс қабылдауға дене және психикалық кемістіктеріне байланысты жай-күйі көтермейтін және олар туралы дұрыс жауап бере алмайтын адамдардан куәгерлер ретінде жауап алуға тыйым салу; жеткілікті түрде анық немесе толық болмауы не қорытындының негізделмегендігі себептеріне байланысты сарапшы қорытындысын пайдаланудың мүмкін еместігі; сарапшылар арасындағы пікір алшақтығы жағдайында сараптама қорытындысын пайдаланудың мүмкін еместігі; сот ісін жүргізуге қатысушылардың қарсылығын білдіруге әкеліп соғатын жағдайлардың бар болуы; өзінің келісімінсіз адамнан өзіне, жұбайына (зайыбына) және жақын туысқандарына қарсы, сондай-ақ қызметкерлерінен, өзіне сенім білдіретін діндестеріне қарсы жауап алуға тыйым салу; дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы жасырын шағымдарды дәлелдемелерге емес, алдын ала тексеруден кейін қылмыстық іс қозғайтын себептерге ғана жатқызу.

Іс жүргізушілік талаптарды сақтаса да аталған көздерден алынған ақпарат, ақпарат иегерінің іс жүргізушілік жағдайының ерекшелігіне байланысты заң белгілеген шектеулерге сәйкес дәлелдеме ретінде танылмайды.

Тұтас алғанда мұндай ақпаратты жедел-іздестіру мақсатында пайдалану мүмкіндігі туралы мәселені шешу ол ақпаратты қылмыстық сот ісін жүргізуден шығарып тастау туралы құқықтық негіздердің сипатына байланысты болады. Психикалық ауытқудан зардап шегетін адамнан алынған ақпараттың жедел-іздестіру қызметі үшін маңызы болуы мүмкін емес.

Сонымен бірге Д. И. Бедняков атап көрсеткеніндей "дәлелдемелік және іс жүргізушілік ақпарат арасында еңсерілмейтін шекара жоқ, өйткені ол (іс жүргізушілік емес ақпарат) заңда белгіленген жағдайларда іс жүргізушілік (дәлелдемелік) болуы мүмкін не кейбір іс жүргізушілік шешімдерді қабылдаған кезде және тергеу іс-қимылы тактикасында пайдаланылуы мүмкін".

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.5.Техникалық құралдарды қолдана отырып жедел-іздестіру жолымен

алынған ақпаратты дәлелдемеге айналдырудың іс жүргізушілік

шарттары.

Жедел-іздестіру жолымен алынған дәлелдемелер мен іс жүргізуге жатпайтын ақпараттың арақатынасы туралы мәселенің практикалық үлкен маңызы бар. Әңгіме шығу тегі техникалық құралдарын қолдануға байланысты іс жүргізуге жатпайтын ақпарат туралы болғанда бұл проблеманың айрықша күрделілігі көзге түседі.

Қылмыстық сот ісін жүргізу мақсатында техникалық құралдарды қолдану қылмыстық іс жүргізу құқығынын, әр түрлі көздерімен регламенттеледі. Мәселен, ішкі істер органдары туралы Жарлықтың 11-бабында ішкі істер органдарының өздеріне жүктелген міндеттерді орындауы үшін оларға жария және жария емес жедел-іздестіру іс-шараларын, оның  ішінде азаматтарды ерікті негізде бірлесіп жұмыс істеуге тарта отырып, іс жүзіндегі деректерді жинау және зерттеу үшін техникалық құралдарды пайдалана отырып жүзеге асыруға; суретке түсіру, дыбыс жазу, кино және бейне түсірілім жүргізуге; анықтау барысында ғылыми-техникалық зерттеу жүргізуге құқығы бар екендігі айтылады.

Жалпы сипаттағы бұл нұсқама ҚІЖК-нің 129-бабында нақтыланады, ол бойынша қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген тәртіппен сенімділігі тексерілген, кино-сурет түсірілім, дыбыс-бейне жазба жолымен алынған кез келген іс жүзіндегі деректер қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.Қылмыстық іс қозғалғанға дейін, сондай-ақ алдын ала тергеу немесе жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында кино-сурет түсірілімді және бейне, дыбыс-бейне жазбаларды пайдалана отырып алынған іс жүзіндегі деректер дәлелдемелер болып танылатыны айтылады.Телефонмен сөйлесуді және өзге де әңгімелерді тындауға қатысты айтатын болсақ, бұл іс-қимылды жүргізудің процедурасын ҚІЖК-нің 237-бабы реттейді. Сонымен бірге заңда кино сурет түсірілімдерді және бейне, дыбыс-бейне жазбаларды пайдалана отырып алынған жедел-іздестіру ақпаратын дәлелдемелерге айналдырудың іс жүргізу құралдарына байланысты бөлігінде кемшіліктер бар.

Информация о работе Дәлелдемелерді қайнар көздері мен олардың іске қатыстылығы