Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру әрекеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2013 в 18:00, дипломная работа

Описание работы

Қылмыстарды тез және толық ашуда, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуде және қылмыстық жауапқа тартуда тергеу іс-әрекеттерімен бірге жедел-іздестіру әрекеттерінің де рөлі аз емес. Әдетте, қылмыстарды ашумен байланысты жұмыс осы жедел-іздестіру қызметі арқылы басталады. Кейде жедел-іздестіру әрекеттерін, әсіресе жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу нәтижесінде қылмыстық іс жүргізушілік іс-әрекеттер жүргізу кезінде алу мүмкін емес қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер алынады.

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................3


I-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ҰҒЫМЫ, ОНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ, ЖАРИЯ ЖӘНЕ ЖАСЫРЫН ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ ӘРЕКЕТТЕРІНЕ ЖІКТЕЛУІ.......................6
§1. Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру
әрекеттерінің ұғымы және оның белгілері...........................................................6
§2. Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру
әрекеттерінің жария және жасырын
жедел-іздестіру әрекеттеріне жіктелуі...............................................................22


ІІ-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ЖАРИЯ ЖӘНЕ ЖАСЫРЫН ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ ӘРЕКЕТТЕРІН ЖҮРГІЗУ................................................27
§3. Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру әрекеттерін
жүргізу негіздері....................................................................................................27
§4. Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру
әрекеттерін жүргізу шарттары.............................................................................35
§5. Қылмыстық процестегі жария және
жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізудің
ерекшеліктері.........................................................................................................39
§6. Қылмыстық процестегі жария және
жасырын жедел-іздестіру әрекеттерінің
нәтижелерін құжаттандыру..................................................................................51


ІІІ-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ ӘРЕКЕТТЕРІН ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫНДА АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫН САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІН ЖЕТІЛДІРУ...........................................................................................................55


ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................62


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................65

Файлы: 1 файл

Дип.-ҚЫЛМЫСТЫҚ-ПРОЦЕСТЕГІ-ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ-ӘРЕКЕТТЕРІ.doc

— 492.00 Кб (Скачать файл)

Тергеуші, прокурор мен соттың тапсырмасы бойынша жүргізілетін жедел-іздестіру әрекеттерінің түрі мен тактикасын тек жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органның лауазымды тұлғасы анықтайды. Тергеуші тек міндет қоюға, тапсырмаларды орындау мерзімдерін белгілеуге құқылы, бірақ тапсырманы орындау кезінде жүргізіліп жатқан жедел-іздестіру әрекеттерінің сипаты, ұйымдастыру мен тактикасы туралы нұсқаулар беруге құқылы емес.

Тапсырма деп жедел-іздестіру  әрекеттері немесе тергеу іс-әрекеттерін  жүргізу туралы тиісті лауазымды  адамның шығаратын жазбаша құжатты  қарастырған жөн. Тапсырма анықтаушының, тергеушінің, прокурордың қаулысымен (нұсқауымен) немесе сот ұйғарымымен рәсімделеді, онда істің мәні, анықталуға қажет мән-жайлар, іздестірілуі тапсырылып жатқан немесе оларға қатысты жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу қажет адамдар туралы деректер және т.б. қысқаша баяндалады.

Тергеушінің, прокурордың ауызша нұсқауы (тапсырмасы) жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу үшін негіз болып табылады.

Құқықтық көмек  туралы шартқа (келісімге) сәйкес халықаралық  құқық қорғау ұйымдарының және шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының сауал салулары бойынша жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша жүзеге асырылады. Жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуге Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарының шет мемлекеттердің осындай субъектілерімен жасаған шарттарына (келісімдеріне) сәйкес жол беріледі.

Мұндай сауал салулар жедел-іздестіру  әрекеттерін жүргізу үшін негіз болып табылады, өйткені оларда мәлімделген тарап нақты қылмыстық фактілерге, оларды жасаған, іздестіріліп жатқан және хабар-ошарсыз кеткен  адамдарға қатысты. 

Халықаралық сауал салуларына тиісті санкциялар бар қаулыларға тіркелуі мүмкін. Сұраушы жақтың мұндай құжат  материалдары Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарының қызметіне таралмайды. Олар жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізудің негізделгенін дәлелдейді.

  Қоғам, мемлекет мүддесі мен  оның экономикалық және қорғаныс  әлеуетін нығайту мүддесіне орай  барлау ақпараттарын алу қажеттігі жөніндегі хабарламалар жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу үшін негіз ретінде қылмыстық сипатқа ие емес, бірақ болжамдық жағынан ұлттық қауіпсіздікке қауіп тудыратын оқиғалар немесе іс-әрекеттер туралы ақпаратқа ие болуы мүмкін.

Оқиғалар деп ұлттық қауіпсіздіктің тиісті түріне зиян келтіруі мүмкін немесе қауіпті шақыруы мүмкін, шын болып жатқан немесе бұрын  орын алған фактілер, мән-жайлар, құбылыстар қарастырылуы мүмкін. Оқиғаларды адамдар  мінез-құлқымен туғызылған мән-жайлар ретінде қарастырып қана қоймай, сондай-ақ олардың еркінен тыс болып жатқан, бірақ кейін қауіпсіздікке зиян келтіруі мүмкін процестер ретінде де қарастырылуы мүмкін.

Көбінесе, қауіпсіздікке  қауіпті басқарылмайтын технологиялық  процестер (мысалы, ядролық реактор жұмысындағы келеңсіздіктер) не болмаса дербес алғанда қауіпті туғызбайтын, өзге іс-әрекеттермен немесе оқиғалармен жиынтықта оны шақыруы мүмкін іс-әрекеттер туғызуы мүмкін. Бұл, мысалы, электроэнергияны тоқтаусыз технологиялық циклді қондырғылар, өндірістер, цехтардан, химиялық сала немесе ядролық материалдарды, шығындарды, тазалау объектілерді және құрылыстарды, сондай-ақ т.б. пайдаланумен, сақтаумен байланысты объектілерден айыру.

Ұлттық қауіпсіздікке  төнетін қауіп-қатер – ұлттық мүдделерді іске асыруға кедергі жасайтын немесе оларға қауіп төндіретін, жағдайлардың, процестер мен факторлардың жиынтығы (1998 жылғы 26 маусымдағы №233-І «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» ҚР Заңының 1 бабы). Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі – елдің ұлттық мүдделерінің нақты және ықтимал қауіп-қатерден қорғалуының жай-күйі (1998 жылғы 26 маусымдағы №233-І «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» ҚР Заңының 1 бабы).

Жедел-іздестіру әрекеттерін  жүзеге асыру қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ең бір тиімді және қосалқы құралдары ретінде пайдаланылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентін, Парламенті мен Үкіметін оларға саясат, экономика, қорғаныс, ғылыми-техникалық және экология салаларында шешімдер қабылдау үшін қажетті барлау ақпаратымен қамтамасыз ету; қауіпсіздік саласындағы Қазақстан Республикасының саясатын жақсы жүзеге асыруға ықпал ететін жағдайларды қамтамасыз ету; елдің экономикалық дамуына, ғылыми-техникалық прогресіне және қауіпсіздігін әскери-техникалық қамтамасыз етуге жәрдемдесу мақсаттарына қызмет етеді.

Жедел-іздестіру қызметі  туралы Заңның 10 бабының 2 тармағы жедел-іздестіру  қызметін жүзеге асырушы органдардың  азаматтардың жеке басын сипаттайтын  және шешімдер қабылдау үшін қажетті  деректер жинауға құқығын белгілеген. Бұл құқық жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың өкілеттіктерінің шегімен шектелген.

Ішкі істер, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі, ұлттық қауіпсіздік, әскери барлау, қаржы полициясы, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметіне жұмысқа және қызметке қабылдау туралы шешімді осы органдардың басшылары қабылдайды, тиісінше осындай шешімді қабылдау үшін қажетті деректерді осы органдардың жедел бөлімшелері жүзеге асырады.

 Жедел-іздестіру  қызметін жүзеге асырушы органдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету әрбір жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың өкілеттігі, сондықтан бұл жөнінде деректер жинау сол органдардың жедел бөлімшелерімен жүзеге асырылады. Мұнда жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы орган тек өзінің ғана емес өзге де жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде деректер жинауға құқылы.

Мемлекеттік құпия болып табылатын мағлұматтарға  немесе тізбесін Қазақстан Республикасының  Үкіметі белгілейтін апат немесе экологиялық қауіпті аса жоғары объектілер мен ғимараттарды пайдалануға байланысты жұмыстарға рұқсат беру туралы шешім қабылдау ҚР ҰҚК-мен қабылданады, тиісінше шешім қабылдау үшін қажетті деректерді жинау бойынша жедел-іздестіру әрекеттері осы органдардың жедел аппараттарымен жүзеге асырылады.

Жедел-іздестіру  қызметіне қатысуға рұқсат беру немесе оны жүзеге асыру нәтижесінде  алынған материалдарды пайдалануға  рұқсат беру жедел-іздестіру әрекеттерін жүзеге асырған жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың құқығы, сондықтан оны тиісінше олардың жедел бөлімшелері жүзеге асырады.

Жеке детективтік  және күзет қызметімен айналысуға рұқсат беру тиісінше тексеру әрекеттерін жүргізу ішкі істер органдарының лицензиялық-рұқсат беру қызметі бөлімдерінің құзыретінде. Өйткені осы бөлімшелер жедел-іздестіру қызметінің субъектілері болып табылмайды, қажетті ақпаратты жинау мақсатында жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу ішкі істер органдарының жедел бөлімшелерімен жүзеге асырылады.  Лицензиялық-рұқсат беру қызметі бөлімшелерінің қызметкерлерімен әкімшілік-тексеру жұмысын жүзеге асыру берілген негіздер бойынша жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуге ұқсас емес. Жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуге негіз әкімшілік тексеру нәтижелері, көрінеу жалған мәләметтер берілгендігі, жалған құжаттар және т.б. туралы дәлелдейтін деректер бола алады.

 «Заңмен бекітілген  құқықтың орын алуы өздігінен  жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу  үшін тиісті негіздерді туғызбайды, себебі жедел-іздестіру қызметін  жүзеге асырушы органдары ие жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу құқығы оларды жүргізу негіздері бола алар еді. Жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу үшін негіз болып тиісті тұлғаларды мемлекеттік,  қызметтік, кәсіби мүдделерге қайшы іс-әрекет жасаудың болжамды мүмкіндігі болып отыр. Ол тиісті жұмыстарға, мәліметтерге, материалдарға немесе белгілі қызметке қатысуға рұқсат беріліп отырған адамдарға жоғары талаптарды қоюды, сондай-ақ рұқсат беруді рәсімдеуді, жұмысқа алуға, қызметтестік қатынастар орнату және ұстау, лицензия беру жол берілетіндігіне күмән туғызатын мәліметтер талап етеді.

Өздеріне қатысты шешімдер қабылданып жатқан тұлғалар жүргізілетін тексеру туралы біледі және оның жүргізілуіне алдын ала келісім береді, көбінесе, мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерге жедел-іздестіру қызметіне қатысуға, объектілерді пайдаланумен байланысты жұмыстарға және т.б. рұқсат беруді рәсімдеу кезінде. Осыдан шыға отырып, жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізудің тұлғаның тағы бір іс жүзіндегі негізі ретінде жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуге тұлғаның жеке келісімі бола алады».20 

Тексеру жедел-іздестіру  әрекеттерін жүргізу үшін негіздер болып тиісті тексеруді талап  ететін, іс жүзіндегі деректер қылмыс белгілеріне ие әрекеттің жасалуы  туралы, Қазақстан Республикасының  мемлекеттік, әскери, экономикалық немесе экологиялық қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін не болмаса оқиғалар немесе іс-әрекеттер туралы болжамдар болып табылмайды, керісінше тексеріліп отырған адамдардың сенімділігін, олардың жеке қасиеттерінің қойылған талаптарға сәйкестігін дәлелдеу, тиісті шешімдерді қабылдауға жол берілетіндігін және мақсаттылығын негіздейтін деректер алу қажеттігі. Осыған байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, мүмкін құқыққа қайшы мінез-құлықтың алдын алудың әрекеттері жасалады.

Тиісті шешімдерді қабылдау қажеттігі барлық жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуге негіз бола алмайды, керісінше тек жедел-іздестіру әрекеттерінің шектеулі тізіміне ғана тиісті шарттар сақталған жағдайда ғана орын алады.

Тексеру жедел-іздестіру  әрекеттерін жүргізу – ішкі істер, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі, ұлттық қауіпсіздік, әскери барлау, қаржы полициясы, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметіне жұмысқа және қызметке қабылдау; жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету; мемлекеттік құпия болып табылатын мағлұматтарға немесе тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін апат немесе экологиялық қауіпті аса жоғары объектілер мен ғимараттарды пайдалануға байланысты жұмыстарға рұқсат беру; жедел-іздестіру қызметіне қатысуға рұқсат беру немесе оны жүзеге асыру нәтижесінде алынған материалдарды пайдалануға рұқсат беру; жеке детективтік және күзет қызметімен айналысуға рұқсат беру үшін негіз бола алатын мән-жайларды анықтау. Бұл мақсат жеке болып табылады және жедел-іздестіру қызметінің қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қылмыстық қол сұғудан қамтамасыз етуден тұратын ортақ мақсатына сәйкес келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

§4. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ ӘРЕКЕТТЕРІН ЖҮРГІЗУДІҢ ШАРТТАРЫ

 

Жедел-іздестіру  әрекеттерін  жүргізу шарттары – жедел-іздестіру әрекеттерін бұлтартпай орындау заң шығарушы нақ бір жедел-іздестіру әрекетін әзірлеуге және жүзеге асыруға жағдай жасайды, олар жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу кезінде олардың тиімділігін арттыруға және жедел-іздестіру қызметі қағидаларының сақталуын кепілдеуге шақырылған жедел-іздестіру заңдарымен белгіленген арнайы ережелер.  Бұл шарттар жеке адамның мүдделерін қылмыстылыққа тиімді қарсылық көрсетуге мүдделі қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктерімен теңестіруге бағытталған.

Жедел-іздестіру қызметі туралы Заңның 12 бабына сәйкес жедел-іздестіру  әрекеттерін жүргізу шарттары келесідей:

  1. адамдардың азаматтығы, жынысы, ұлты, тұрғылықты жері, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, қандай қоғамдық бірлестіктерге жататындығы, дінге қатынасы мен саяси сенімі, егер заңмен өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының аумағында оларға қатысты жедел-іздестіру әрекетерін жүргізуге кедергі бола алмайды;
  2. жалпы жедел-іздестіру әрекеттерін өздеріне жүктелген міндеттерге сәйкес жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар жүргізеді және бұл шаралар олардың құзыреті шегінде шектеледі. Ішкі істер органдары жалпы жедел-іздестіру әрекеттерін Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде, қылмыстық-атқару жүйесі уәкілетті органының немесе оның аумақтық бөлімшесінің келісімі бойынша жүзеге асыруға құқылы;
  3. арнаулы жедел-іздестіру әрекеттері олар көбінесе жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтары мен мүдделерін қозғайтын болғандықтан, түрлері, көлемі және субъектілері бойынша шектеліп отырып жүзеге асырылады. Атап айтсақ:

- жедел-іздестіру қызметін  жүзеге асырушы органдардың барлығы  арнаулы жедел-іздестіру әрекеттерін толық көлемде жүзеге асырмайды:

а) ішкі істер, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі және қаржы полициясы – сотталғандардың хат-хабарларын цензуралау; посылка және бандероль түрінде пошта жөнелтілімдеріне бақылау жасау; бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздерді жасырын тыңдау және жазып алу, телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргізілетін сөлесулерді тыңдау және жазып алу, сондай-ақ телефон арқылы жүргізілетін сөйлесулер туралы мәліметтер алу; компьютер жүйелерінен және өзге техникалық құралдардан хабарламалар алып тастау; байқау, соның ішінде арнаулы техникалық құралдарды (дыбыс-, бейнежазбаларды, кино-, суреттүсірілімдерін және басқа техникалық құралдарды), жеке адамның өміріне, денсаулығына және айналадағы ортаға зиянын тигізбейтін заттарды және материалдарды пайдалана отырып байқау; тұрғын және басқа жайларға, үйлерге, ғимараттарға, жер учаскелеріне, көлік және өзге техникалық құралдарға кіру және оларды тексеру;

б) ұлттық қауіпсіздік органдары - пошта жөнелтілімдерін бақылау; байланыс желілеріндегі жедел іздеу; бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздерді жасырын тыңдау және жазып алу, телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргізілетін сөлесулерді тыңдау және жазып алу, сондай-ақ телефон арқылы жүргізілетін сөйлесулер туралы мәліметтер алу; байланыстың техникалық арналарынан, компьютер жүйелерінен және өзге техникалық құралдардан хабарламалар алып тастау; байқау, соның ішінде арнаулы техникалық құралдарды (дыбыс-, бейнежазбаларды, кино-, суреттүсірілімдерін және басқа техникалық құралдарды), жеке адамның өміріне, денсаулығына және айналадағы ортаға зиянын тигізбейтін заттарды және материалдарды пайдалана отырып байқау; тұрғын және басқа жайларға, үйлерге, ғимараттарға, жер учаскелеріне, көлік және өзге техникалық құралдарға кіру және оларды тексеру;

Информация о работе Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру әрекеттері