Жер құқығының əдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 09:54, реферат

Описание работы

Жерде туылған адам оның байлықтарын пайдаланбай өмір сүре алмайды. Ол жерден, оның табиғи ресурстарынан өзінің əлеуметтік жəне экономикалық қажеттіктерін қанағаттандыруға қажеттінің барлығын алады. Сонымен қатар, жер адам өмірінің орны мен жағдайы болып табылады. Сондықтан да, адамға оның барлық құрамдас бөліктері — атмосфералық ауа, өсімдіктер жəне жануарлар əлемі, су көздері, жер қойнауы, жердің үстіңгі қабаты, ауа кеңістігі қажет. Оған қоса, жер еңбек жəне өндіріс құралы, сонымен қатар, мемлекет аумағы, оның шектері болып табылады. Бұл қасиеттердің барлығы адамдардың, қоғамның жəне мемлекеттің арасында туындайтын жер қатынастарының сипатын анықтайды.

Содержание работы

Кіріспе
Жер құқығының пəні.

Негізгі бөлім
Жер құқығының əдістері.

Қорытынды

Файлы: 1 файл

Жер құқығы реферат.docx

— 24.46 Кб (Скачать файл)

Жоспар

 

    1. Кіріспе
    1. Жер құқығының пəні.

 

    1. Негізгі бөлім
    1. Жер құқығының əдістері.

 

    1. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 12-бабының

14-тармағына1 сəйкес жер — бұл Қазақстан Республикасының егемендігі белгіленетін шектегі аумақтық кеңістік, табиғи ресурс, жалпыға ортақ өндіріс құралы жəне кез келген еңбек процесінің аумақтық негізі.

Жерде туылған адам оның байлықтарын пайдаланбай өмір сүре алмайды. Ол жерден, оның табиғи ресурстарынан өзінің əлеуметтік жəне экономикалық қажеттіктерін қанағаттандыруға қажеттінің барлығын алады. Сонымен қатар, жер адам өмірінің орны мен жағдайы болып табылады. Сондықтан да, адамға оның барлық құрамдас бөліктері — атмосфералық ауа, өсімдіктер жəне жануарлар əлемі, су көздері, жер қойнауы, жердің үстіңгі қабаты, ауа кеңістігі қажет. Оған қоса, жер еңбек жəне өндіріс құралы, сонымен қатар, мемлекет аумағы, оның шектері болып табылады. Бұл қасиеттердің барлығы адамдардың, қоғамның жəне мемлекеттің арасында туындайтын жер қатынастарының сипатын анықтайды. Бұл қатынастар, өз кезегінде, жердің жəне оның табиғи ресурстарының жағдайына əсерін тигізеді. Бұл процеске назар аудару жер ресурстарын ұтымды, тиімді жəне мақсатты пайдалану жəне оларды қорғау мақсаттарында жер қатынастарын құқықтық құралдармен реттеу қажеттігін түсінуге алып келді. Жер құқығы КСРО-да пайда болды, кейін Қазақстан Республикасының жер құқығы осы құқықтың негізінде пайда болды. Мемлекетіміз тəуелсіздік алған бірінші күннен бастап жерді Қазақстан Республикасының меншігі ретінде жариялады, ол халықтың өмірі мен қызметінің негізі ретінде пайдаланылуға тиіс болды. Жаңа Жер кодексі жер заңнамасының жəне барлық жер қатынастарының негізін анықтайтын жаңа құқықтық акт болып табылды.

 

 Жер құқығының пəні.

 

Құқықтың жəне жер құқығының  жалпы теориясына сəйкес жер құқығының  пəні болып объектісі жер болып  табылатын ерікті қоғамдық жер қатынастары  табылады. Жер материалдық өндірістің процесіне жəне адамның басқа  да əлеуметтік қызметі саласына қатысты бола отырып, өзінің пайдалану мақсаттарына байланысты əртүрлі функцияларды атқарады.

Жер ауыл жəне орман шаруашылығында тек жалпы еңбек жағдайы ретінде ғана емес, сонымен қатар, өндірістің басты, негізгі құралы ретінде де қызмет етеді. Жердің мұндай қызмет етуінің басты шарты болып оның құнарлығы табылады. Əдетте құнарлыққа жердің үстіңгі қабаты — топырақ ие болады, мұнда өсімдіктер үшін қажетті дымқылдық пен қоректі заттар (фосфор, азот, калий жəне т.б.) болады, жəне де олар өсімдіктердің өзіне сіңіруі үшін жарамды болуы тиіс. Жердің құнарлығы белгілі бір дəрежеде оның құндылығын, пайдалылығын жəне бұл жерден ауыл шаруашылық жəне орман өнімдерін алу мүмкіндігін анықтайды. Сонымен қатар, жердегі қоректі заттардың құрамын арттырған жəне оны ұтымды пайдаланған жағдайда ол өз сапасын жоғалтпайды.

Өнеркəсіп кəсіпорындары, көлік, энергетика, құрылыс жəне басқа да өндіріс салалары үшін жер кеңістіктік базис, ғимараттардың, құрылымдардың, коммуникация объектілерінің, көлік жолдарының орналасқан орны болып табылады.

Жердің айрықша ерекшеліктері  болып оның көлемінің шектелгендігі, орналасу орнының тұрақтылығы, ауыспайтындығы жəне жылжымайтындығы табылады. Сонымен қатар, жер өз құрамы, құнарлығы, ландшафттығы, өсіп-өну мүмкіндігі, экологиялық, рекреациялық жəне шаруашылық мақсаттары бойынша біртектес емес.

Жердің басқа да табиғи ресурстармен, əсіресе, су ресурстарымен,  жер  қойнауымен,   өсімдіктер  əлемімен,  соның ішінде, орманмен, байланысының мəні ерекше. Олар үшін де жер орналасқан орны жəне өмір сүру жағдайы болып табылады.

Осылардың барлығы жер  қатынастарын құқықтық реттеудің мазмұнына əсер етеді.

Жермен  байланысты қызметтерді жүзеге асыратын қатынастарды, яғни, экологиялық қатынастарды; əлеуметтік қатынастарды — адамның тіршілік ету көзі жəне қажетті жағдайы ретінде; саяси қатынастарды — мемлекеттің аумақтық үстемдік ету шегі ретінде; экономикалық қатынастарды — шаруашылық қызметтің объектісі ретінде; мемлекеттік органдардың жерді қорғау мен пайдалану саласындағы функцияларымен байланысты басқару қатынастарын реттеу тиісті сəйкес экологиялық, конституциялық, азаматтық, əкімшілік жəне жер құқығымен реттеледі.

Сонымен, жер құқығының  пəні болып жерге меншік құқығын  орнықтыруға, жерді басқаруға, пайдалануға, жəне қорғауға байланысты пайда болатын, жер туралы заңнаманың нормаларымен реттелетін қатынастар табылады.

Ресей əдебиеттеріндегі көзқарасқа сəйкес жер құқығы дегеніміз — бұл кешенді құқық саласы1, себебі, жер қатынастары бірнеше құқық салаларының нормаларымен реттеледі, ал «Экологиялық құқық» оқулығында жер құқығы экологиялық құқықтың саласы деп көрсетілген, бұл көзқарасқа сəйкес экологиялық құқықтың пəні болып шартты түрде үш бөлікке бөлуге болатын қоғамдық қатынастар табылады, олар: табиғат қорғаушы құқық, табиғи ресурстық құқық жəне əкімшілік, азаматтық, қылмыстық құқықтың нормалары.2

Бұл көзқарастармен келісу қиын, себебі, аталған  оқулықтардың авторлары жер құқығының нормаларына басқа құқық салаларының (азаматтық, əкімшілік, қылмыстық жəне т.б. құқық салалары) нормаларын да жатқызады, бұны олар жер құқығының жоғарыдағы құқық салаларымен тығыз байланыстығымен негіздейді. Жер құқығы Қазақстан Республикасының құқық жүйесінің   бөлігі   ретінде   басқа   құқық   салаларымен   тығыз байланыста екені даусыз. Бұл байланыс жер туралы заңнамада белгілі бір жер қатынастарын реттеу нормасы болмаған жағдайда, оларды басқа құқық салаларының заңнамаларымен реттеу мүмкіндігі туған жағдайда туындайды. Нақты үлгі ретінде жер туралы заңнама нормаларын бұзғандығы үшін жауаптылыққа əкімшілік құқықтың нормалары бойынша тартуды атауға болады.3 Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) 1-бабына сəйкес, егер табиғи ресурстарды пайдалану жер туралы заңнамамен реттелмесе, азаматтық заңнаманың нормалары қолданылады.

 

Жер құқығының əдістері. 

 

Əдіс дегеніміз пəнді құрайтын қоғамдық қатынастарға 
құқықтық əсер ету құралы. Жер құқығында құқықтық реттеу əдісі 
ретінде Қазақстан Республикасының жер заңдарының мақсаттары 
мен    міндеттерін    ескере    отырып, реттелетін    қоғамдық

қатынастарға мемлекеттің құқықтық əсер етуінің экологиялық, императивтік жəне диспозитивтік тəсілдері.

Жер құқығы басқа да құқық салалары сияқты өзіне тəн құқықтық реттеу əдістеріне ие, олар реттелетін қатынастардан жəне оларға құқықтық нормаларды сақтамаған жағдайда мемлекеттік мəжбүрлеу шараларын қолданудан туындайды. Жер қатынастарына қатысушыларға белгілі бір əрекеттерді жасауға берілген мүмкіндіктері немесе белгілі бір əрекеттерді жасауға тыйым салу түріндегі аталған құқықтары мен міндеттері өз мəн бойынша олардың жүріс-тұрысының үлгісі болып табылады.

Жер құқығы қатынастарын құқықтық реттеуде объектінің сипаты мен оның құқықтық жағдайы  ескеріледі. Мысалы, жер, бір жағынан, бұл — табиғат объектісі, ал екінші жағынан — меншік объектісі, мүліктің бір түрі жəне басқару объектісі; осы жағдайлар жерді қорғау мен пайдалануға қатысты қатынастарды реттеу əдістерінің ерекшеліктерін анықтайды.

Жер қатынастарын мемлекеттік басқару функцияларын (есеп, кадастр, мониторинг жүргізу) жүзеге асыру үшін жер қатынастарын реттеудің императивтік əдісі қолданылады.

Жерге меншік құқығын жəне жер пайдалану құқығын жүзеге асыру үшін диспозитивтік (латын сөзі «диспоноре » — «таңдаймын») əдіс қолданылады, ол меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жер учаскелерін пайдаланумен байланысты шаруашылық мəселелерін дербес шешуге мүмкіндік береді.

Жердің (жер учаскесінің) құқықтық режимін  орнықтыру кезінде сумен қамтамасыз етудің табиғи жағдайлары (дымқылдығы), оның табиғи құнарлығы жəне т.б. ескеріледі.

Жер қатынастарын реттеуде экологиялық  əдісті императивтік жəне диспозитивтік əдістермен бірге де, дербес өзін бөлек те қолдануға болады.

Экологиялық əдісті қолданудың нақты  үлгісі ретінде «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заңды алуға  болады. Бұл заң субъектілерге құқықтар беру жəне оларға міндеттер жүктеу кезінде осы қорғалатын аумақтардағы табиғи жағдайларды ескереді. Табиғи жағдайларды есепке алмай тұрып мұндай аумақтардағы жер құқығы субъектілерінің құқықтық режимін, əсіресе, олардың құқықтары мен міндеттерін анықтау мүмкін емес. Сондықтан да, экологиялық əдіс императивтік жəне диспозитивтік əдістерді қолдану барысында міндетті түрде пайдаланылады. Бұл əдіс құқықтың тыйым салушы нормалары анықталған жағдайларда қолданылуы мүмкін.

 

Жер құқығы əдістерінің түрлері:

  1. диспозитивтік;
  1. императивтік.

 

Диспозитивтік əдістің  түрлері:

  1. ұсынушы;
  2. санкциялаушы;
  1. құқық беруші.

Императивтік əдістің  түрлері:

1) құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен 
міндеттерін орнықтырушы;

2) тыйым салушы (шекараларды, жер құқығы қатынастары 
қатысушыларының тиісті жүріс-тұрысын анықтау);

3) экологиялық əдіс.

 

Құқықтық реттеудің  ұсынушы əдісі — бұл жер  құқығы қатынастары субъектілеріне баламалы жүріс-тұрыс мүмкіндіктерін беру, бұл кезде субъектіге өз мақсаттарына жету үшін жүріс-тұрыс тəсілін таңдауға мүмкіндік беріледі.

Санкциялаушы əдіс жер  құқығы қатынастарының субъектісіне өзінің жерге қатысты əрекеттерін уəкілетті мемлекеттік органның рұқсатымен жүзеге асыру құқығын беруден көрініс табады. Мысалы, өзіндік қосалқы шаруашылық, жеке тұрғын үй құрылысын, бау-бақша жəне саяжай құрылысын жүргізу үшін жеке меншікте болуы мүмкін жер учаскелерінің шектік мөлшері жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай, облыстық, республикалық маңызы бар қалалар жəне астана əкімдері мен атқарушы жəне өкілдік органдардың бірлескен шешімдерімен анықталады (ҚР ЖК, 50-б. 3-т.).

Құқықтық  реттеудің құқық беруші əдісі  жер құқығы қатынастарының субъектілеріне белгілі бір жағдайлар бойынша құқықтар мен бостандықтар беруден көрініс табады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 64-бабына сəйкес жер учаскесінің иесі немесе жер пайдаланушы өз шаруашылығының қажеттіктері үшін ешқандай мəміле жасаспай сол жер учаскесіндегі құмды, балшықты, тастарды жəне басқа да кең таралған пайдалы қазбаларды, торфты, өсімдіктерді, жер үсті жəне жер асты суларын пайдалануға жəне жердің басқа да пайдалы қасиеттерін қолдануға құқылы.

Экологиялық əдістің түрлері:

  1. жер-құқықтық;
  2. жер-экологиялық.

Жер-құқықтық əдісі ретіндегі жер  қатынастарын реттеу Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 64-бабында қарастырылған, мысалы, аталған баптың 1-тармағы  жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушыларға жерді осы учаскенің нысанасынан туындайтын мақсатта пайдаланып, сол жерде дербес шаруашылық жүргізу құқығын береді.Жер-экологиялық əдіс Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 140-бабында қарастырылған, оған сəйкес жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушыларға жерді қорғауға, жерді қалпына келтіруге жəне т.б. бағытталған міндетті шараларды жүзеге асыру міндетін жүктейді. Экологиялық əдістің құрамына бюджет жəне салық заңнамаларына сəйкес жерді қорғау мен пайдалануды экологиялық ынталандыру кіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

 

    1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы бөлім), Алматы, 1995.
    2. Бектұрғанов А.Е. Қазақстан Республикасындағы жер құқық қатынастары. Алматы, Жеті Жарғы, 1997.
    3. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 251-256 баптары. Алматы, 2001 ж.
    4. Хаджиев   А.Х.   Земельное   право   Республики   Казахстан (Общая часть) Алматы, Данекер,2001
    5. Еренов А.Е., Мухитдинов Н.Б., Ильященко Л.В. Предмет и система земельного права. Алма-Ата, 1981

 

 


Информация о работе Жер құқығының əдістері