Азаматтық құқық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2015 в 14:47, реферат

Описание работы

Азаматтық құқық – бұл Қазақстан Республикасындағы құқық салаларының ішіндегі азаматтар мен заңды тұлғалар, мемлекет және оның әкімшілік бөлінісінің күнделікті өміріндегі қызметімен тікелей байланысты құқық саласының бірі болып табылады. ҚР-ның қолданыстағы құқықтық жүйесінде азаматтық құқық – құқық салалары деп аталатын негізгі және жетекші буындардың бірі.

Содержание работы

Кіріспе
Азаматтық құқыққа жалпы сипаттама
Азаматтық құқықтың жауапкершілік шарты мен негіздері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

азаматтық құқық реферат.docx

— 21.39 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Экономика және ақпарттық технологиялар колледжі

 

 

 

Р Е Ф Е Р А Т

Тақырыбы:

«Азаматтық құқық негіздері»

 

Орындаған: Г-522 тобының студенті

Кадиров М.Н.

Тексерген: Төлеуғалиева З.Б.

 

 

 

 

 

 

 

Орал, 2015 ж.

Жоспар

Кіріспе

  1. Азаматтық құқыққа жалпы сипаттама
  2. Азаматтық құқықтың жауапкершілік шарты мен негіздері

 Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

           Азаматтық құқық – бұл Қазақстан Республикасындағы құқық салаларының ішіндегі азаматтар мен заңды тұлғалар, мемлекет және оның әкімшілік бөлінісінің күнделікті өміріндегі қызметімен тікелей байланысты құқық саласының бірі болып табылады. ҚР-ның қолданыстағы құқықтық жүйесінде азаматтық құқық – құқық салалары деп аталатын негізгі және жетекші буындардың бірі. Басқа да салалар секілді, азаматтық құқық Қазақстан Республикасының Конституциясына сүйенеді, өтйкені оның 1-ші бабы адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары біздің мемлекетіміздің ең жоғарғы құндылықтары ретінде жарияланған. Республикадағы құқықтың барлық салалары жүйесінде азаматтық құқықтың маңызы, бірншіден, оның реттеу нысанасы болып табылатын қатынастардың шешуші рөліне, екіншіден, оның қолданылу аясының кеңдігіне, үшіншіден, оның жеке адамның мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғаумен ажырамастай байланыстылығы.

Азаматтық құқыққа жалпы сипаттама

          Азаматтық құқық дегеніміз — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан. Азаматтық құқықтың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол —мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар. Мүліктік қатынастар дегеніміз — заттарды, заттар мен өзге де материалдық игіліктерге қатысты құқықтар мен міндеттерді иелену және пайдалану жөніндегі қатынастарды мүліктік деп түсінеді. Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар —материалдық игіліктермен(мүлік,ақша,құнды қағаз,қызмет көрсету және т.б.) байланысты қоғамдық қатынастар. Әдетте мүліктік қатынастар объектісін ақшамен бағалауға болад. Мысалы, сату — сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру. Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді —мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар. Бірінші топтағы мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастардың тікелей мүліктік сипаты мен ақшалай құны болмайды. Бұл топтың негізін интеллектуалдық меншікпен байланысы бар қатынастар құрайды. Ғылыми еңбектің авторы немесе өнертапқыш өзінің авторлық құқығын қорғауға байланысты сотқа талап арыз беріп, арыз сот арқылы қанағаттандырылатын болса, онда ғылыми еңбектің авторының немесе өнертапқыштың қаламақы немесе басқалай сыйақы алуға құқығы болады. Бұл жағдайда мүліктік емес жеке қатынастар мүліктік қатынастармен байланыстылық сипат алады. Жеке мүліктік емес қатынастардың екінші тобын — мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар құрайды. Адам денсаулығына көлік арқылы зиян келтірілді. Денсаулыққа келтірілген зиянның нақты ақшалай құнын анықтауға болмайды. Дегенмен де, азаматтық құқықтың нормалары істің мән-жайына байланысты денсаулыққа келген зиянның орнын толтыруды реттейді (зиян келтірушінің кінәсін, зиян келтіруші мен жөбірленушінің материалдық жағдайын және т.6.). Жеке өмірге, тұрғын үйге, ар-намысқа, іскерлік беделге қолсұқпаушылық екінші топтағы жеке мүліктік емес қатынастарға жатады. Реттеудің азаматтық-құқықтық әдісі заңды тараптардың теңдігін, құқық бұзушылық кезіндегі жауапкершіліктің мүліктік және өтемақылық сипатын, сотқа жүгіну арқылы жүзеге асатын құқық қорғаудың айрықша әдісін білдіреді. Бұл әдіс ор деп аталады. Бұл тараптардың теңдігін, әрекеттің тәуелсіздігін, қарым-қатынастың еріктілігін білдіреді. Дүкен иесі тауар жеткізіп берушілерді өзі анықтайды, тараптар баға мен басқа да шарттар туралы келіседі жене бұл әрекеттерді келісімшарт түрінде рәсімдейді. Аталған келісімшарт бұзылғанда тараптар келісімшарттың күшін жояды, ал бір-біріне қоятын талаптары болса, онда ол мәселелер сот арқылы шешіледі. Азаматтың құкықтың қағидаларына:

• тараптардың теңдігі;

• шарт еркіндігі және таңдау құкығы;

• еркіндік;

• меншікке қол сұкпаушылык;

• біреудің жеке ісіне келісімсіз араласпауы;

• азаматтык құкықтардың еш кедергісіз жүзеге асырылуы;

 • бұзылған құқыктарды  калпына келтіруді қамтамасыз  ету;

• азаматтық-құқықтык қатынасқа катысушылардың құқықтарын сот арқылы корғау жатады.

           Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлім 1994 жылы 27 желтоқсан күні қабылданып, 1995 жылы 1 наурызда заңдық күшіне енген, ал Ерекше бөлімі 1999 жылы 1 шілдеде заңдық күшіне енді. Азаматтық кодекстің құрылымы бөлім, бөлімше, тарау, баптар мен тармақтарға бөлінген. Жалпы азаматтық кодекс 1142 баптан тұрады. Басқа да заң актілері. Бұған азаматтық қатынастарды реттейтін арнайы конституциялық заңдар мен жай заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің конституцияльщ заң күші бар~және жай заң күші бар жарлықтары, парламенттін және оның палаталарының қаулылары, т.б. жатады.

  1. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ШАРТЫ МЕН НЕГІЗДЕРІ

   Азаматтық құқық  бұзушылық құрамын азаматтық-құқықтық  жауапкершілік қолдануға қажетті  жағдайлардың жиынтығы құрайды. Жалпы ережеге сәйкес азаматтық-құқықтық  жауапкершіліктің қажетті жағдайлары  ретінде борышқордың кінәсі және  құқыққа қарсы мінез танылады. Шығынды өтеу жауапкершілігіне  тарту үшін шығынның бар болуы  сонымен қатар борышқордың құқыққа  қарсы мінезімен және келген  шығынның арасында себепті байланыс  болуы қажет. Шығынды өтеу негізінде  азаматтық –құқық бұзушылықтың  құрамы басқа элементтерін толығымен  қамтиды. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің  жалпы негіздеріне жататындар:

  1. тұлғаның құқыққа қайшы қылығы ( іс-әрекет не әрекетсіздік)
  2. жәбірленген тұлғаның шеккен зияны немесе залалдың бар болуы;
  3. құқық бұзушының құқыққа қайшы іс-әрекеті мен оның келтірген зиянының салдары арасындағы болатын себепті байланыс;
  4. құқық бұзушының кінәсі.

  Нақты тұлғаға  азаматтық –құқықтық жауапкершіліктің  жүктеу үшін жалпы ереже бойынша  қажетті келтірілген негіздер  жиынтығы –азаматтық –құқық  бұзушылықтың құрамы болып табылады. Көрсетілген негіздердің біреуі  болмай қалса, жауапкершілікке тарту  мәселесі туындамайды. Бірақта-кейбір  жағдайларда азаматтық құқықтағы  құқық бұзушылық құрамының бар  болуы мүліктік жауапкершілікке  тарту үшін жалпы талаппен  сенеспайды; мысалы: жоғары қаутілік  көзін иеленуші заңды тұлға  жәбірленушінің алдында кінәсіз  жауап береді. (АК –тің 931 бабы). Енді  азаматтық құқық бұзушылықтың  құрамының әлгінде айтылған элементтерінің  әрқайсысына тоқтала кетейік.

      Құқыққа  қарсы мінез.

      Құқыққа  қарсылық құқық бұзушының өзінің  іс-әрекетінің құқыққа қарсы екендігін  білген немесе білмегеніне  қарамастан  құқық нормасын бұзуы танылады. Басқа сөзбен айтсақ азаматтық  айналымға сәйкес келмейтін мінез  жатады.

     Азаматтық  заңдылық нормаларымен азаматтық  айналымға қатысушыларға әртүрлі  талаптар белгіленген. Азаматтық  заңдылық негіздерде сәйкес тараптық  құқыққақарсы мінез ретінде жеке  тұлғаға немесе азаматтық мүлкіне  немесе заңды тұлғаға келтіректін  залал саналады. Сонымен қатар  борышқордың міндеттемені орындауға  байланысты талаптарға жауап  бермеу құқыққа қарсы мінез  болып табылады. Азаматтық заңдылыққа  сәйкес міндеттемені орындауға  байланысты тараптарға жауап  бермеу құқққа қарсы мінез  болып табылады.

      Азаматтық  заңдылыққа сәйкес міндеттемені  орындауға байланысты талаптар  тек қана заңмен шектелмейді, сонымен бірге іскерлік айналымдағы  бақа нормативтік актілерден немесе міндеттеменің пайда болуымен туындайтын негіздерде құрылады. Сондықтан борышқордың құқыққа қарсы мінезінің белгісі ретінде міндеттеменің құрылуындағы кейбір негіздер болуы мүмкін. Әкімшілік актідегі туындаған міндеттемедегі құқыққа қарсы мінез болып, осы әкімшілік актімен борышқордың іс-әрекетінің сәйкес келмеуі жатады. Егер міндеттеме шарттан туындас, онда борышқордың шарт талабын бұзуы құқыққа қарсы мінез болып табылады. Егер бір жақты мәмілеге байланысты міндеттеме болса, борышқордың құқыққа қарсы мінезі ретінде бір жақты мәміленің талабын бұзуы танылады.

 

Қорытынды

           Қорытындылай келе, заңды тұлғалардың көптеп құрылуы елдің экономикасының дамуына зор үлес қосады. Экономикада әртүрлі заңды тұлғалар қызмет істейді, олар ерекшеліктерімен салалық құрамда болушылығымен, мамандану дәрежесімен, ұйымдастыру тәсілімен, механизация және автоматизация ерекшеліктерімен, ұйымдастыру – құқылық формаларымен т.б. бөлінеді. Заңды тұлға дегеніміз- меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым. Қазақстан Республикасының 50 озық елдің қатарына шығар жолында заңды тұлғаларды құру жүйесін Халықаралық стандарттарға сай дамыту керек. Азаматтық құқық қатынас азаматтық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар. Заңды тұлға азаматтық құқықтың негізгі субьектілерінің бірі. Қазақстан Республикасында заңды тұлға туралы ережелер Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің нормаларымен реттелген.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Азаматтық құқық. М.К.Сүлейменов. Ю.Г.Басин. – Алматы, 2003.

2. ҚР Азаматтық Кодексі 05.06.2006ж. 159-бап,11-тармақ 


Информация о работе Азаматтық құқық негіздері