Азаматтык кукыктагы шарт

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2014 в 16:38, реферат

Описание работы

Шарттың түсінігі тақырыбы келесі тақырыпалармен айқындалып ашыла түседі: Шарттың түсінігі және түрлері- бұл жерде шартқа жалпы анықтама беріліп, оның түрлерін баяндайды. Шарттың мазмұны және нысаны- тараптар бекіткен жағдай мен шарттың нақты мазмұны айтылады. Шартқа отыру және шарттың ерекшелігі- шартты жасаудың арнайы тәртібі мен ерекшелігін көрсетеді. Шартты бұзу және өзгерту- шартты бұзу мен өзгерту тәртібін түсіндіреді.

Файлы: 1 файл

Азаматтык кукыктагы шарт.docx

— 26.74 Кб (Скачать файл)

Қарағанды Мемлекеттік Университеті

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Азаматтық құқықтағы шарт түсінігі

Дайындаған: Сайранұлы Е.

Тексерген: Акиманова М.Т.

 

 

 

 

 

 

Қараанды 2014

Азаматтық құқықтағы шарт түсінігі.

Кіріспе

   Шарттың түсінігі  тақырыбы келесі тақырыпалармен  айқындалып ашыла түседі: Шарттың түсінігі және түрлері- бұл жерде шартқа жалпы анықтама беріліп, оның түрлерін баяндайды. Шарттың мазмұны және нысаны- тараптар бекіткен жағдай мен шарттың нақты мазмұны айтылады. Шартқа отыру және шарттың ерекшелігі- шартты жасаудың арнайы тәртібі мен ерекшелігін көрсетеді. Шартты бұзу және өзгерту- шартты бұзу мен өзгерту тәртібін түсіндіреді.

Негізгі бөлім

  • Шарттың түсінігі және түрлері.
  • Шарттың мазмұны және нысаны.
  • Шартқа отыру және шарт еріктілігі.
  • Шартты бұзу және өзгерту.

Шарт түсінігі. «Шарт» термині азаматтық құқықта әртүрлі мағынаға ие. Шартты жағдай негізіндегі заңды дерек деп, міндеттемелік құқықтық қатынастарды бекітетін құжат деп те түсінуге болады. Осыған сәйкес шарт азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқталуына әкелетін бір немесе бірнеше тұлғалар арасында жасалатын келісім.

Шарт – бұл ең көп тараған мәміле. Осыған байланысты мәмілеге тарайтын барлық ережелер шартқа да тарайды. Шарттан туындайтын міндеттемеліктерге азаматтық құқықта туындайтын міндеттемеліктердің ережелері қолданылады. Кез келген мәміле сияқты шарт та еріктілік қағидасының негізінде жасалады. Бір ерекшелігі, шартта еріктілік әрқашан екі тараптан туындауы ке-рек. Сондықтан Азаматтық Кодексте шарт еріктілігін бекітетін бірнеше нормаларды көруге болады.

Біріншіден, азаматтық құқық субъектілерінің шартты жасауға немесе жасамауға байланысты еріктері бар. Азамттық Кодексте көзделген реттерде ғана еріктілік шектелуі мүмкін.

Екіншіден, шартты жасау барысында серік (партнер) таңдау еркі. Мысалы айталық, кепілге беруші не кепіл ұстаушы ерікті түрде кез келген сақтандырушыны таңдауға ерікті.

Үшіншіден, азаматтық қатынастарға түсушілердің шарт түрін таңдауға еріктілігі. Азамааттық Кодекске сәйкес, тараптар заңда немесе өзге де нормативтік актілерде көзделген не көзделмеген шарттарды жасауға құқықтары бар. Сондай-ақ тараптар бірнеше шарттарды араластырып жасай алады (аралас шарт).

Төртіншіден, тараптар шарт жағдайларын ерікті түрде қарастыра алады. Азаматтық Кодекске сәйкес, шартта немесе өзге де актілерде шарттағы жағдайлар қарастырылмаса, тараптар шартты өз еріктерімен қарастыра алады. М: Азаматтық Кодекске сәйкес, жалға алушы ағымдағы жөндеу жұмысын заңнамада немесе шартта өзгеше көзделмесе өз есебіненжүргізеді. Ортақ келісім арқылы бұл арада жөндеу жұмыстарын жалға алушы емес жалға беруші де өз есебінен жасауы мүмкін. Шарттың үлкен артықышылықтарының бірі – заңда болып жататын өзгерістер шартта көзделген нормаларды өзгерте алмайды, яғни сенімділік жоғары болады.

Шарт мазмұны. Тараптар бекіткен жағдайлар шарттың мазмұнын құрайды.

Шарт мазмұны негізінен шартқа отырушы тараптардың шарт мәні бойынша қалыптастыратын негізгі құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын білдіреді.

Біріншіден, шарттың пәні болып – негізгі маңызды жағдай мен мүдделер қарастырылады. Пәні анықталмай бірде-бір шарт

жасалмайды. М: сатып алу сату шартында нақты қандай заттың, мүліктің сатылатындығы қаралмаса, шарт жасалмайды.

Екіншіден, заңда немесе өзге де нормативтік актілерде маңызды деп танылған жағдайлар. М: кепілге берілетін заттың құны анықталмаса, шарт жарамсыз.

Үшіншіден, нақты шарттың түріне байланысты анықталған маңызды жағдайлар. АК бекітілген шарттардың өзіне тән міндетті жағдайлары бар. М: жауапкершілігі шектеулі серіктестік құру үшін ортақ мақсат көрсетілуі керек, ол болмаған жағдайда шарт жарамсыз болып табылады. Сақтандыру шарты сақтандыру оқиғасы болмаса жарамсыз.

Төртіншіден, бір тараптың өтініші бойынша белгілі бір жағдай маңызды болып есептелінуі мүмкін. М: сатып алушы затты сатып алған уақытта сатушыдан буып түюді талап етуі мүмкін және ол талап екінші тарапқа міндетті болып табылады, тиісінше жағдай маңызды болып кетті. Оны орындамау шарттың бұзылуына әкеледі.

Шарт нысаны. Шарт жасасу үшін міндетті түрде шарттың нақты түріне талап етілетін нысанын сақтау керек. Шарт мәміленің түрі болғандықтан, оған мәміленің нысанына байланысты ерекшеліктердің барлығы дерлік қолданылады. Азаматтық кодекске сүйенетін болсақ шарттың нысаны заңдарда көрініс таппаған жағдайда тараптар өзара шеше алады. Тараптар белгілі бір нысанда шартты бекіткеннен бастап шарт өз күшіне енеді. Мысалы: азаматтар арасында 1жылға дейінгі мерзімге аренда шарты жасалатын болса жазбаша нысанда жүзеге асырылады. Егер де тараптар аренда шартын жасасу кезінде жазбаша нысанды жүзеге асырамыз деп келісетін болса шарт жазбаша нысанда жасалмағанша өз күшіне енбейді. Нақты шарт жасасу кезінде келісімнің белгілі бір нысан түрінде көрінісі ғана емес, тиісті мүліктің берілуі де талап етіледі. Бұл арада мүлікті беру тиісінше ресімделуі керек.

Егер де заң немесе тараптардың келісімі бойынша шарт жазбаша нысанды жасалу керек болса, ол қол қойылған құжат түрінде, сондай-ақ құжатты пошта, телетайп, телефон, телеграф, электрондық және т.б. арқылы да жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл әдістер құжаттың тараптардың шарты арқылы жеткізілмегендігін анықтауға болады. заңмен, нормативтік актімен немесе 62

 

тараптардың келісімімен шарттың нысанын (бланк нысанында, мөр басылған және т.б.) бекітетін талаптар мен оларды сақтаудан туындайтын зардаптар бекітілуі мүмкін. Егер мұндай қосымша талаптар сақталмаған болса, тараптар шартты жасасу кезінде ерікті түрде өздері жазбаша шарттың реквизиттерін және олардың орналасу кезегін бекіте алады. Сондықтан жазбаша құжатта шарттың жеке талаптарының орналасу тәртібі оның жарамдылығына еш әсер етпейді. Азаматтар мен заңды тұлғалар арасындағы жазбаша шарт ресімделетін бланктердің нысаны қолданылады. Мұндай типтік нысандағы бланктер шартты жедел әрі дұрыс ресімдеуге мүмкіндік туғызады. Типтік нысанда көрсетілген реквизиттердің сақталынбауы тараптар арасында келісім бойынша өзгертілген болса жарамсыздыққа әкелмейді. М: типтік нысан бойынша шарт жасасу барысында маңызды жағдайлар көрсетілмеген немесе графалар толтырылмаса жарамсыздыққа не күшін жоюға әкелмейді.

Негізігі және алдын ала шарттар. Азаматтық-құқықтық шарттар өздерінің заңдық бағытталғандығына байланысты ерекшеленеді. Негізгі шарт материалдық игіліктердің орын ауысуына байланысты тікелей құқықтар мен міндеттерді туғызады: мүлікті беру, жұмыс атқару, қызмет көрсету, және т.б. алдын ала шарт – тараптардың негізгі шартты болашақта жасауына байланысты келісімі. Шарттардың көбісі – негізгі шарттар, алдын ала шарттар әлдеқайда сирек кездеседі. Алдын ала шарт негізгі шарт үшін бекітілген нысанда жасалады, ал егер нысаны бекітілмеген болса, жазбаша нысанда жүзеге асырылады.

Біржақты және өзара шарттар. Тараптар арасындағы құқытар мен міндеттердің анықталуына байланысты барлық шарттар біржақты және өзара болып бөлінеді. Біржақты шартта – бір тарапта тек құқықтар туындаса, екінші жақта – міндеттер туғызады. өзара шартта – тараптардың әрқайсысы бірдей құқықтар мен міндеттерге ие болады. көп шарттар өзара болып келеді. М: сатып алу сату шарты бойынша сатушы мүлік үшін ақша талап етуге құқылы және сол мүлікті сатып алушыға беруге міндетті. Ал сатып алушы сол мүлікті талап ету құқығына ие және ол үшін ақысын төлеуге міндетті. Сонымен қатар, біржақты шарттар да кездесіп жатады. Біржақты шарттарды біржақты мәмілелелерден айыра білген жөн. Себебі, біржақты мәміліде екінші тараптың еркі талап етілмейді.

Құнды және құнсыз шарттар. Құнды шарттар дегеніміз – бір тараптың мұлік ұсынуы екінші жақтың да мұлік ұсынуын талап ететін шарт түрі. Құнсызда керісінше, бір жақтың мүлік ұсынуы екінші жақтың мүлік ұсынуын талап етпейді. М: сатып алу сату шарты – құнды шарт, ол құнсыз болуы мүмкін емес те. Ал сыйға тарту шарты өзінің заңдық табиғаты бойынша қарама қарсы болып келеді. Яғни, екінші жақ ешқандай құнды мүлік бермейді. Кейбір шарттар құнды да, кұнсыз да болуы мүмкін. Яғни бір тараптың ұсынғанының орнына бір нәрсе берілуі де берілмеуі де мүмкін.

Міндетті және ерікті шарттар. Ерікті шарттар – тараптардың шарт жасауы өздеріне тікелей байланысты болады. Міндетті шарттар, тараптардың біреуінің немесе екеуінің де міндетіне жататындығымен ерекшеленеді. Көп шарттар ерікті түрде болады. шарт жасау міндеттілігі нормативтук актіден туындайды. М: шот ашамын деп банкке жүгінген клиенттің сұранысын банк қызметкерлері қанағаттандыруға міндетті.

Міндетті шарттардың арасында жария шарттардың алатын орны ерекше. Азаматтық кодексте бірінші рет жария шарты енгізілген еді. Оның келесі белгілері бар:

1. Коммерциялық ұйым жария  шарттан негізсіз бас тарта  алмайды, айталық онда клиенттің  сұраған мүлкі, қызметі бар болған  жағдайда оған көрсетіп қызмет ету керек.

2. аталмыш ком-қ ұйым қызмет көрсетуге, тауар, жұмыс орындаумен айналысуға міндетті.

3. аталмыш қызметтер ком-қ ұйым кез келген жүгінушіге көрсетілуі тиіс.

Жоғарыда көрсетілген белгілердің біреуінің орындалмауы шарттың жария еместігінің белгі

Өзара келісілген және қосылу шарттары. Өзара келісілген шартта оның қатысушыларының барлығы бірдей оның талаптарын қалыптастыра алады. Қосылу шарты бойынша оның талаптарын бір тарап қана бекітеді.

Шарт жасасудың жалпы тәртібі.

Шарт жасау барысында қойылған мақсаттарға жету үшін, тараптар ерікті түрде жасап оны бәрі қабылдау керек. Бір жақ ұсыныс жасайды, ал екінші жақ қабылдайды. Немесе бірінші сатыны – оферта десек, екінші сатыны – акцепт дейміз. Бірінші тарап – оференет, екінші тарап – акцептант. Оферент акцептанттан акцепт алған кезде ғана шарт жасалады.

Азаматтық кодекске сәйкес, оферта келесі талаптарға сай келуі керек:

1. тұлғаның шарт жасауғы  анықталғандығы және оның шарт  жасауға деген ынтасы көрінуі  шарт 

2. шарттың барлық маңызды  жағдайлары құрамында болуы керек.

3. бір немесе бірнеше  тұлғаға бағытталуы керек.

Шарт жасаудың міндеттілігі. Заңға сәйкес, шарт жасасудың тараптардың біреуіне міндетті болып табылатын кездер болады. шарт жасауға мүдделі тарап, өзіне ол шарт бойынша ешқандай міндет жүктелмесе де шарт жасау міндетті болып табылатын екінші тарапқа шарт жоспарын жібереді(оферта). Шарт жасауға міндетті болып табылатын тарап шарт жоспарын 30 күннің ішінде қарап қайта жіберу керек: оған келесім бері мүмкін, не басқа талаптарды жылжытуы мүмкін, не одан бас тартуы мүмкін.

Шартты өзгертудің және бұзудың тәртібі. Шартты өзгерту және бұзу шарт жасасу кезінде сияқты белгілі бір ережелерге сүйене отырып жүзеге асырылады. Шартты өзгерту және бұзу өзінің заңды табиғаты бойынша мәміле болып табылады. Демек, бұл кезде де мәміле жасасудың, бұзудың не өзгертудің жалпы ережелері қолданылады. Сонымен қатар шарт түріне байланысты ҚР-ң заңдылығымен шартты өзгертудің және бұзудың арнайы ережелері пайдаланылады.

Тараптардың өзара келісімімен емес, бір тараптың ғана еркі талап етелетін жағдайларда шартқа өзгерістерді енгізу және оны бұзу тәртібі бір бөлек. Бұл кезде шартты өзгертуге мүдделі тарап келесі тарапқа шартты өзгерту немесе бұзу туралы келесі тарапқа ұсыныс енгізуге міндетті. Ұсыныста қабылдаған тарап заңда не шартта қөзделген мерзім ішінде, ол болмаған жағдайда 30 күн ішінде шартты өзгерту не бұзу туралы ұсынысты берген тарапқа:

1. ұсыныспен келісу туралы 

2. одан бас тарту туралы 

3. басқа талаптарда шартты өзгерту туралы хабардар етуге міндетті.

Бірінші жағдайда, шартты өзгерту не бұзу туралы ұсыныс жасаған тараппен басқа тараптан келісім келіп түскен сәттен бастап, шарт өзгертілді не бұзылды деп саналады. Екінші жағдайда, және ұсынысты алған тарап белгіленген мерзімде жауап бермеген болса, ұсыныс жасаған тарап сотқа жүгіне алады. Үшінші жағдайда, ұсыныс жасаған тарап контрагент жасаған ұсыныспен келісе алады. Және бұл арада шарт өзгертілді деп есептеледі. Ұсыныс жасаған алғашқы тарап контрагенттің жасаған ұсынысымен келіспеген жағдайда сотқа жүгіне алады.

Орындалған шартты өзгерту не бұзу мүмкін еместігін есте ұстаған жөн. Айталық, пәтерді сатып алу сату шарты жасалды, тараптар барлық формалды әрекеттерді орындап қанағаттанғаннан кейін, шартты қайта қалпына келтіру туралы келісімге келе алмайды.

Шартты өзгертудің және бұзудың салдары. Шартты өзгерту кезінде өзгертілген бөліктегі міндеттемелік қатынастар да өзгереді. М: тараптар тауар жеткізілім шартын жасасу барысында ондағы 1 сортты тауарды 2 сортты тауарға алмастыру туралы келісімге келіп оны тиісінше бекітсе, тапсырушы сортты қайта талап ете алмайды. Ал шарттың басқа бөліктер сол қалпында әрекет ете береді. М: тауар жеткізілім орны, мерзімі, саны т.б.

Шартты сотпен өзгеркенде немесе бұзған жағдайда сотшешімі шыққанан бастап тиісінше шарт өзгере не бұзылады. Жалпы ереже бойынша тараптар шарт өзгергенге дейінгі қатынастарды талап ете алмайды. М: Аренда құны келесі айдан бастап 10% төмен болады деп өзгеріс енгізілген жағдайда, арендаға беруші бұрынғы он пайызда талап ете алмайды. Бір тарап екінші тараптың шартты тұрақты түрде орындамауын басшылыққа ала отырып шартты өз бетімен бұзуға құқылы.

Қорытынды

   Қорытындылай келе, шартты түсінігі мен нысаны  тақырыбын азаматты құқық саласындағы  өте маңызды тақырыпқа санай  аламыз. Себебі, қазігі замандағы  азаматтар арасындағы күнделікті  қарым- қатынас шарт жасасуды  және де сол шартты дұрыс  жасасуды талап етеді. Сондықтан  шарттың нысаны мен турлерін, жасау тәртібінің бастапқы негіздерін толық болмаса да меңгеріп білуіміз керек.

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Азаматтык кукыктагы шарт