Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2015 в 18:22, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты: бағалы қағаздар түсінігін қалыптастыра отырып, пайда болуының құқықтық негізін, бағалы қағаздардың түрлерін, бағалы қағаздар туралы нормативтік-құқықтық актілерді талдау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Бағалы қағаздар түсінімен толықтай танысу;
Бағалы қағаздар нарығы пайда болуының құқықтық негізін қарастыру;
Акция, облигация, вексель ұғымдарына тоқталу;
Бағалы қағаздар туралы Қазақстан Республикасының Заңдарын талдау.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І БӨЛІМ. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
1.1 Бағалы қағаздардың түсінігі...............................................................................5
1.2 Бағалы қағаздар нарығы пайда болуының құқықтық негіздері......................9
ІІ БӨЛІМ. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
2.1 Акция түсінігі және түрлері..............................................................................15
2.2 Облигациялар, олардың акциядан айырмашылықтары және облигациялардың түрлері.......................................................................................16
2.3 Вексель – төлем міндеттемесі..........................................................................17
ІІІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ТУРАЛЫ ЗАҢДАРЫ
2.1 Бағалы қағаздар туралы Қазақстан Республикасының қазіргі заңдары.......20
2.2 Бағалы қағаздардың нормативтік құқықтық базасы......................................22
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................27
Вексель шығарып және оны пайдалануды дамыту ертеден несие-қаржы қызметін көрсету нарығының басты бағыттарының бірі болып келеді. Себебі, вексельдің мәні – тек қарызды қайтару кепілі ғана емес, сонымен қатар, саудалық қарым-қатынастардың тиімділігін арттыру мақсатында осы төлем міндеттемесін белсенді пайдалану арқылы – ресурстардың айналымын жеделдету. Сондықтан вексель иемденуші төлемнің түсуін күтпей-ақ вексель сатып алушыны немесе оны тауар сатып алу үшін, я болмаса қызмет көрсету үшін төлем қаржысы ретінде қолданушыны іздестіреді. Әлбетте, вексельді банк сатып алады.
Вексель – тауар-ақша қатынастарын және коммерциялық несиені дамытуда ертеден келе жатқан ең бір басты қаржылық құрал. Қаржы жүйесі дамыған елдердің ақша айналымында вексель елеулі орын алады.
Вексель әлем дағдарысын реттеп, заттық айналысқа қорлардың айналысқа түсуін жеделдетіп, кәсіпорындардағы тауар-зат құндылықтарының қорын азайтып және халық шаруашылығындағы есептерді тездетеді. Вексель айналымы экономикалық қатынастардың сан-алуан жүйесін қамти алады.
Қолдану өрісіне қарай вексель жай және аудармалы вексель болып екіге бөлінеді. Жай вексельді төлеуші, яки вексель беруші жазады. Онда вексельді жазған жер, берген уақыт, қандай соммаға толтырылды, қай уақытта және қай жерде өту керектігі көрсетіліп, вексель иемденушіге береді. Сонымен бірге, вексель берушінің аты-жөні жазылады, қолы қойылады. Жай вексельдің айналымын төмендегідей көрсетуге болады.
Жай вексельді пайдаланғанда тек екі жақ өзара әрекет жасайды, яғни вексель беруші өзі делдалды қатыстырмай-ақ белгіленген уақыта вексель иемденушіге қарызын өтейді.
Аудармалы вексель деп несие берушінің (трассанттың) қарыз алушыға (трассатқа) вексельді көрсетілген соманы үшінші кісіге (ремитентке) төлеу жөніндегі берген жазбаша үкімін айтады. Трассат тратта бойынша акцепт берген жағдайда ғана қарыздар болып есептеледі.
Акцепт дегеніміз – есеп айырысуда төлеушінің өз қарызын төлеуге жазбаша берген келісімі. Демек, акцепт есеп айырысудың бір түрі.
Кез келген заңның мазмұны қоғамда орын алып және одан әрі дамып келе жатқан экономикалық құбылыстарға сай болуы шарт. Себебі құқықтық нормаларды шығару белгілі экономикалық мүдделерге қызмет көрсетуге бағытталған. Бағалы қағаздар нарығын құқықтық ережелерімен қамтамасыз ету мемлекеттік органдардың бағалы қағаздар айналымы тиімді және мағыналы болуы үшін белгілі бір жағдай жасайтын заңдар шығару. Және сол заңдардың мемлекет мүддесімен халық керегін қанағаттандырып нарық қатынастарға бет алған қоғамның объективті экономикалық заңдарына сай келді. Қазіргі кезде Қазақстанның мемлекеттік заңдарына егемендік алғаннан бергі шыққан заңдар, Президенттің жарлықтары және үкіметтің қаулылары, сонымен қатар бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның құқықтық актілері жатады. Аталып өткен бағалы қағаздар нарығындағы мүліктік құқық олар туралы шыққан заңдарда көрсетілген ерекше құжатпен расталады. Ол құжат бағалы қағаздар деп аталады. Экономиканы қайта құру идеясы өндірісті қосымша инвестициялау көздерін табу, кәсіпшіліктің тиімділігі арттыру механизмінің құру жолдарын табу керектігін меңзейді. Қазіргі заңдар Республикасы Конституциясына негізделген. Олар мемлекеттік және жекеменшікті мойындап қорғауға кепіл болады. Азаматтық кодекстің нормаларына сәйкес мемлекет басшысы заң күші бар жарлықтар шығарды. Олар азаматтардың кодекспен бірге бағалы қағаздар нарығын дамытудың заңды негіздерін құрайды:
1995 жылдың 21 сәуіріндегі "Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы" №2227 Президенттің заң күші бар жарлығы.
2. "Шаруашылық серіктестіктері туралы" №2255 Президенттің заң күші бар жарлығы 2.05.95 ж.
3. "Қазақстан
Республикасы Ұлттық банкі
4. "Акционерлік қоғамдар туралы" №281-1 "Қазақстан Республикасының заңы 10.07.98 ж.
5. Басқа
заңдар және нормативтік
Оған бағалы қағаздарды шығару және айналымға түсіру мәселелерін, Ұлттық комиссияның өкілдігін реттейтін Президенттің заңдық күші бар жарлықтары жатады. Мысалы, валютаны реттеу туралы заң бойынша Ұлттық комиссия валюта қатынастарын, соның ішінде, ішкі нарыққа шетел бағалы қағаздарын түсірудің тәртібін реттейтін орган болып тағайындалады.
Басқа нормативті-құқықтық актілердің ішінде төмендегілерді атап айтуға болады:
- бағалы
қағаздар нарығының кейбір
- бағалы
қағаздар жөніндегі Ұлттық
- басқа
орталық атқару органдарының
бағалы қағаздар айналымына
Жоғарыда айтылған құқықтық негіздерге сай қазіргі кезде Қазақстанда бірсыпыра қор биржалары құрылды, брокерлік және дилерлік кеңселер ашылып, олар акциялардың мемлекеттік бумалары және басқа мемлекеттік бағалы қағаздар түрлерімен мәмілелерге қатысты. Сонымен қатар, Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың эмиссиясын мемлекеттік тіркеуден өткізу іске асырылып, көптеген азаматтар бағалы қағаздар нарығында қызмет істеуге мамандандыру куәлігін алды. Қазіргі уақытта бағалы қағаздар туралы шыққан заңдар жетілген және бағалы қағаздар нарығының құқықтық негіздерін қалыптастыру процесі аяқталды деуге болмайды. Дегенмен, бүгінгі күні айтылған заңдарды пайдаланудың нәтижесінде республикадағы бағалы қағаздар нарығын құқықтық қамтамасыз етудің жетістіктері мен кемшіліктері анықтауға мүмкіншілік бар.
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында (қор биржасында) айналыста болатын құжатты және құжатсыз, эмиссиялық және эмиссиялық емес, атамалы, ұсынбалы және ордерлік бағалы қағаздар тиісті тұлғаның (жеке тұлғаның, заңды тұлғаның немесе өзге де тұлғаның) мүліктік құкығын куәландырады.
Бағалы қағаздарға Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 136, 139-баптарында және «Бағалы қағаздар туралы» Қазақстан Республикасы занының 11, 12, 15-18-баптарында және өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде айқындалған акциялар, облигациялар, Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді валюталық, ноталары, қазақстандық депозитарлық қолхат және т.б. жатады.
Бағалы қағаздармен куәландырылатын құқықтардың түрлері, бағалы қағаздардың міндетті реквизиттері, бағалы қағаздар нысанына қойылатын талаптар, сондай-ақ өзге де қажетті талаптар заңи құжаттармен немесе соларда көзделген тәртіп негізінде белгіленеді.
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногының объектілеріне:
1) Қазақстан
Республикасы резиденттерінің —
2) Қазақстан
Республикасының резиденті емес
- ұйымдардың шығарылымы шет
3) Қазақстан
Республикасының резиденттері —
4) Халықаралық қаржылық ұйымдардың Қазақстан Республикасында ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногына айналысқа жіберілген эмиссиялық бағалы қағаздары;
5) Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар;
6) Туынды бағалы қағаздар;
7) Өзге де қаржылық құралдар жатады.
Мемлекеттік және мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару Қазақстан Республикасының тиісті заңнамалық актісінде белгіленген талаптар мен тәртіп негізінде уәкілетті орган жүзеге асыратын міндетті мемлекеттік тіркеуден өтеді. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік және коммерциялық банктер бағалы қағаздар рыногында эмиссиялық, инвестициялық, кәсіби қызметтерін және бағалы қағаздар рыногына көрсететін қызметіне байланысты басқа да операцияларды жүзеге асырады.
Сонымен қатар Екінші деңгейлі банктер бағалы қағаздар рыногына қызметтер көрсету барысында тиісті тұлғаларға бағалы қағаздар сатып алуға қажетті банктік кредиттер береді, облигациялар мен өзге де бағалы қағаздар шығару бойынша банктік кепілдік береді; эмитенттердің төлемдік агенттері функциясын орындайды; кепілге қойылған бағалы қағаздарға орай банктік кредит береді;
бағалы қағаздар рыногы қатысушыларының банктік шоттарын жүргізеді; бағалы кағаздар рыногындағы операциялардың қорытындысы бойынша ақшалай есеп айырысуды жүзеге асырады.
Екінші деңгейлі банктер бағалы қағаздар рыногындағы тиісті (кәсіби) операцияларын тек уәкілетті мемлекеттік орган беретін лицензия (лар) негізінде жүзеге асыра алады.
Бағалы қағаздар рыногындағы банктер өз клиенттеріне қызметтер көрсету процесінде аталмыш рынокка байланысты коммерциялық және операциялық кызмет құпиясын құрайтын мәліметтердің жарияланбауына, сондай-ақ бөтен тұлғалардың пайдалануына жол бермеуге мүмкіндік беретін талаптардың сақталуын камтамасыз етуге міндетті.
Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздармен жасайтын түрлі операциялары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 129—134, 136,139-баптарымен, 715-бабының 3-тармағымен, 716-бабының 2-тармағымен; «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 8-бабынына), б)-тармақшаларымен, 27, 28-баптарымен, 33-бабымен, 35-бабымен, 36—2-бабымен, 36-3-бабымен, 52— 1-бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 6)-тармақшаларымен, 54-бабының тиісті ережелерімен, 56-бабының а), б), в)-тармақшаларымен, 57-бабының тиісті ережелерімен, 58-бабының тиісті ережелерімен; 42-бабының 1-тармағымен; «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 3-бабының 1, 2, 4-тармақтарымен, 11-бабының 1-тармағымен, 12, 13-баптарымен, 16-32-баптарымен; «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы заңының 3-бабымен, 4-30-баптарымен, 44, 45- баптарымен, 50-бабымен, 55-бабымен, 63-бабымен, 65-бабымен, 69-бабымен, 73, 74-бап-тарымен, 83, 84-баптарымен; «Каржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы заңының 9-бабымен, 12-бабымен; Қазақстан Ұттық Банкі мен Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің тиісті нормативтік құқықтық актілерімен, кейбір операциялар бойынша тиісті шарттармен реттеледі.
ҚОРЫТЫНДЫ
Нарық жағдайындағы ең елеулі орын алатын мәселе – бұл бағалы қағаздар нарығы мәселесі. Ол ертеден келе жатқан, талқылану үстінде тұрған ел экономистерінің тапсырмасы.
Қаржы жүйесінің бір құрамдас бөлігі ретінде осы сала әлі де даму үстінде тұрған құрылым.
Жалпы курстық жұмысымды жазу барысында, мен төмендегідей мәселелерге тоқталдым:
Бағалы қағаздар – бұл қарыз қаражатын білдіретін құжат. Жұмыс барысында негізгі бағалы қағаздарға – акция, облигация, вексель тоқталып, сипаттама бердім.
Еліміздегі бағалы қағаздар нарығының дамуы сонау 1990 жылдардан басталды, яғни осы кезеңнен бастап нарыққа байланысты заңнамалық актілер, жарлықтар, қаулылар шыға бастады.
Осы жағдайларға қарамастан, еліміздегі бағалы қағаздар эмиссиясы жеткіліксіз, мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жоғарғы деңгейде тұр.
Негізгі проблема ретінде, мұнда заңнамалық негіздердің әлсіздігін атап өтуге болады. Сонымен қатар кәсіпорындарда корпоративті басқаруды енгізуге байланысты түсініспеушіліктердің болуы, ынталандырулардың әлсіздігі.
Қазақстанның болашағы, экономикалық-әлеуметтік дамуы өзінің қолындағы табиғи ресурстары мен байлығын дұрыс та ұтымды пайдаланып, іске асыруына байланысты екені белгілі. Қазақстан кәсіпорындары шығарған акциялар болсы, Қазақстан банкілеріні қаржылық қағаздары болсын, Үкіметтің міндеттемелері болсы, барлық бағалы қағаздар құнын, түптеп келгенде, Қазақстанның табиғи ресурстары анықтайды деуге болады
Бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру ел экономикасының бір сатыға жоғарылауының кепілі. Ол капитал нарығын одан әрі өрістететін сала. Сондықтан да, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дұрыс ұйымдастырып, ондағы механизмдер мен құрамдас элементтерді сәйкестілікпен жұмылдыруымыз қажет.
Информация о работе Бағалы қағаздар туралы Қазақстан Республикасының қазіргі заңдары