Банкроттық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Июня 2013 в 11:26, реферат

Описание работы

Банкроттық — кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігі салдарынан өз жұмысын мәжбүрлі тоқтатуы. Әдетте, фирманың банкроттығы, көбінесе, олардың шығыны кірісінен асып кетуі салдарынан туындайды. Мұндай жағдайда борышқор тек соттың шешімі бойынша ғана банкрот деп танылады. Борышқорды банкрот деп танудың негіздері, тәртібі мен рәсімі ҚР “Азаматтық Кодексінің” 52-, 53-, 54-, 55-, 56-, 57-баптарында, “Банкроттық туралы” заңда (21.1.1997) көзделген. Осы актілерге сәйкес Банкроттық ерікті не ықтиярсыз түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Егер борышқор өзінің төлем қабілетсіздігі жайында сотқа арыз берсе, онда ол ерікті банкрот болып табылады. Алайда борышқор арызын соттың тиісті шешімінсіз кері қайтарып ала алмайды.

Файлы: 1 файл

Банкроттык 1.doc

— 69.00 Кб (Скачать файл)

Банкроттық — кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігі салдарынан өз жұмысын мәжбүрлі тоқтатуы. Әдетте, фирманың банкроттығы, көбінесе, олардың шығыны кірісінен асып кетуі салдарынан туындайды. Мұндай жағдайда борышқор тек соттың шешімі бойынша ғана банкрот деп танылады. Борышқорды банкрот деп танудың негіздері, тәртібі мен рәсімі ҚР “Азаматтық Кодексінің” 52-, 53-, 54-, 55-, 56-, 57-баптарында, “Банкроттық туралы” заңда (21.1.1997) көзделген. Осы актілерге сәйкес Банкроттық ерікті не ықтиярсыз түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Егер борышқор өзінің төлем қабілетсіздігі жайында сотқа арыз берсе, онда ол ерікті банкрот болып табылады. Алайда борышқор арызын соттың тиісті шешімінсіз кері қайтарып ала алмайды. Ал, ықтиярсыз Банкроттық туралы іс қозғауға кредит берушінің талабы негіз болады. Кейде фирмалардың алған қарыз ақшаларын жасырып қалу мақсатымен “жалған Банкроттыққа” ұшырау деректері де кездеседі.[1] Бұл теріс әрекет ретінде танылып, заңмен қудаланады. Банкроттыққа ұшыраған кәсіпорынның кредит берушіге қарызын және басқа да міндетті төлемдерін өтеу туралы үшінші жақтың кепілдігі болмаған жағдайда сот баспасөзде борышқордың қаржы жағдайын жақсартып, кредит берушілердің тілек-шағымдарын қанағаттандыруына жәрдем беруге қабілетті заңи тұлғалар мен азаматтарға арналған тендр жариялай алады. Егер бір ай ішінде мұндайлар табылмаса, кәсіпорынның Банкроттықғы туралы іс заң құжаттарында көрсетілген тәртіппен қаралады да кәсіпорын мемлекеттік тіркеу регистрінен шығарылып, таратылады. [2]

Экономикалық, қызмет саласындағы қылмыс, коммерциялық ұйым басшысының немесе меншік иесінің, сол сияқты жеке кәсіпкердің жеке мүддесі немесе өзге адамдардың мүддесі үшін төлем қабілетсіздігін қасақана жасауы немесе ұлғайтуы, ірі зиянға немесе өзге де ауыр залалдарға апарып соғуы.

Коммерциялық ұйым басшысының немесе оның меншік иесінің, сол сияқты жеке кәсіпкердің жеке мүддесі немесе өзге адамдардың мүддесі үшін төлем қабілетсіздігін қасақана жасауы немесе ұлғайтуы ірі зиянға немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, экономикалық қызмет саласындағы қылмыс болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Банкроттық – нарық шаруашылығының категориясы болып табылады. Банкротқа ұшырау - кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды.Кәсіпорындардың жаппай банкротқа ұшырауы ұйымды әлеуметтік қиындықтарға соқтыруы мүмкін, сондықтан нарықтық экономикасы дамыған елдерде, оларды толық күйреуден қорғау мен алдын алудың механизмі қалыптасқан. Осы механизмнің негізгі элементтері: банкроттықты құқықтық реттеу; қайта құру және жою шараларын қаржыландыру; банкроттық процедураға қатысушыларға экономикалық көмек көрсету.

 Банкротқа ұшырау – Көне Рим елінің құқықтық жүйесінде қалыптасқан экономикалық және заңдық категорияның ескі түрі болып табылады. Банкроттық институты қарызданушы мен кредитор арасындағы байланыс негізінде қалыптасқан. Бұл институт қоғамдағы экономикалық жүйені реттеу барысында бағаланады. Банкроттық – нарықтық экономика жүйесінің объектісі болып қалыптасты.

 Әлеуметтік-экономикалық түр ретінде, банкроттық жоғары көрсеткіштегі қарама-қайшылықта сипатталады. Сол себептен де, кез келген дамыған елді алып қарасаңыз, нарықтық байланыстағы құқықтық элемент механизмінің реттелуі банкроттың заң арқылы орындалуына әкеледі. Әлемдік тәжірибеде банкротқа ұшырау – зардап туғызатын жағдайға әкелетіні анықталған. Тиімсіз кәсіпорындарды тарату да оңтайлы шешімдердің бірі десе болады.

 Экономикалық байланыс орнатқан кезде түрлі жағдайдар туындап жатады. Яғни белгілі себептерге қатысты шаруашылық қызметі өзіне жүктелген қаржыны өтей алмауы. Орын алған осы жағдайды ретке келтіретін арнайы институттар бар. Кеңейтілген дәстүр бойынша, тұрақсыздық салдарынан кәсіпорынның қаржылық төмен деңгейі түсіндіріледі. Белгілі бір шаруашылыққа төленбеген қаржы ішкі жүйеге ғана анық мәселе боп қала береді. Біздің тәжірибеде банкроттыққа ұшырау тұрақсыздығы механизмін реттеу тек басты белгілері бойынша зерттеледі. Банкротқа ұшырауды кәсіпорынның дағдарысқа түсуі деп қарастыруға болады. Анықталғандай, банкроттықтың маңызы өзіндік дағдарыс жүйесін қалыптастырған үш сатыдан тұрады:

1. Банкротқа ұшыраудың жасырын түрі. Бұл сатыда ішкі кәсіпорындағы пайдасыз беталыс салдарынан құлдыраған «баға» жатады. Кәсіпорындағы бағаның төмендеуі орташа жауапкершілік құнының ұлғаюы мен кіріс көзінің азаюына апарады. Кірістің төмендеуі ішкі және сыртқы жағдайлардың әсерінен пайда болады.

2. Қаржылық тұрақсыздық. Екінші сатыда банкротқа ұшыраудың белгілері - қолма-қол ақша төңірегінде қиындықтар туындайды. Яғни, шоттағы қаражаттың күрт төмендеуі; дебиторлық берешектің көбеюі; дебитор шотының ескіруі; несиелік және дебиторлық берешек теңгерімінің бұзылуы; несиелік берешектің ұлғаюы және т.б.

3. Анық банкротқа ұшырау. Кәсіпорын уақытында қарызын өтей алмаған жағдайда банкроттық заңды түрде айқындалады. Саланың күрт жоғарылауы бәсекелестікті тудырып, жоғарылау жылдамдығы бәсеңдейді. Осыған байланысты, банкротқа ұшыраудың себебі ретінде кәсіпорынның жоғарылауына немқұрай қараған басшының қателігі деп білуге болады. Банкротқа ұшыраған жағдайда артық сала ретінде, кәсіпорын жартылай құлдырау үстінде болғанда қысқарту орын алады. Осыған орай банкроттыққа ұшыраудың ішкі мазмұны күрделі экономикалық құбылыс ретінде, сыртқы формасы – төлеу мүмкіндігі жоқтығынан бизнесте тиімсіз болып саналады.

 Төлеу мүмкіндігі жоқ кәсіпорынды сәйкесінше үш түрге бөлуге болады: уақытша, аралық, абсолюттік төлеу мүмкіншілігінің болмауы. Банкроттыққа тап болу тәртібі шет елдерде тек абсолюттік төлеу мүмкіншілігі жоқ болғанда қолданылады. Тұрақсыздану заңнамасының күші негізінде қарызданып қалу жайында түсінбеушілік себептері жетіп артылады. Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың қарыздануы мен банкротқа ұшырауы он жылда қалыптасты және оның басты себебі негізгі әлеуметтік-экономикалық жоспармен байланысы болып есептеледі. «Кәсіпорын дағдарысының» жалпы мәні - кәсіпорынның пайда болуына қауіп төндіретін жүйені аңғартады. Кәсіпорында «дағдарысқа» қарсы ұйымдастыру жолы дұрыс басқарылса, бұл жағдайдан құтылып кетуге болады. Дағдарыстың жалпы шарты бойынша, өндіріс кірісі көлемінің өсуін қамтамасыз еткендігі Қазақстандағы банкротқа ұшыраған тәжірибеде мақұлданды. Дағдарыс мәселесін статикалық жағдай ретінде қарастыруға болмайды. Оның басқарушылық және ұстап тұратын белгілі бір шекарасы да болуы мүмкін; сондай-ақ сыртқы фактор мен ішкі фирманың ықпалында болады. Кәсіпорыннан тәуелсіз дағдарыс жүйесі, оның құрылымы, инновациялық потенциалы және ұзақмерзімділікке, қарқындылыққа, түрлі сатыдағы қиындықтарға ие болуы арқылы байқалады. Дағдарыс жағдайының бұл түрінен шығудың екі нұсқасы бар: кәсіпорынның таратылуы – экстремалды күйде, не дағдарыстан тиімді құтылу. Дағдарыстың басталуы мен аяқталу аралығы түрлі ұзақтықта орын алып жатады.

 Дағдарысқа қарсы басқару дегеніміз – дағдарыстың қаупін анықтау, белгілеріне сараптама жасау. Дағдарысқа қарсы басқарудың негізгі мақсаты – жұмыс режимінде дағдарысты болдырмау және осы режимде қызметті ұйымдастыру шегін өңдеу болып табылады.

 Дағдарысқа қарсы менеджмент – кәсіпорын басқарудағы реттелген жүйесі, яғни анықталған қауіп дәрежесінде оның тиімді қызмет жасауына жағдай жасайды. Іс-әрекет моделінің мақсаты үйлестіру негізінде жетістікке жету мен компания ресурсын үлестіруді таныстырады. Ол экономиканың негізгі мақсаты мен өз кезегіндегі нарықтық жетіспеушілікті анықтайды. Сондай-ақ кәсіпорынды сыртқы ортаға бейімдеп, ішкі үйлестіруді қалыптастырады. Экономикалық өсім стратегиялық жіктелімде қолданылады. Стратегияны жасақтау мына кретерийлер бойынша іске асырылады:

1) Шоғырланған өсім стратегиясы – жаңа өнім шығаруды бағамдайды, сонымен қоса нарықта пайда болған немесе жаңа нарыққа көшкен кәсіпорын жағдайын жақсартуға мүмкіндік іздеу;

2) Біріккен өсім стратегиясы – жеке меншік шотындағы экономикалық өсім мен жаңа өндіріс құрылымының пайда болуын қамтамасыз етеді.

 Аталған екі стратегияның іске асуы барысында ішкі саладағы кәсіпорын жағдайы жақсарады;

3) Әртараптандыру өсім мақсаты осы сала шеңберінде нарықтағы тауарды кәсіпорын одан әрі дамыта алмағанда құрылады.

4) Өндірісті қысқарту және тарату мақсаты – кәсіпорынды қайта құру және күштерін қайта жасақтау керек болғанда іске асырылады.

 Кәсіпорын қызметіне сараптама жасағанда, туындаған дағдарыс жағдайының бағасын төрт түрдегі мақсат ретінде қарастыруға болады. Дағдарыс белгілі бір мекеменің өркендеуіне де мүмкіндік беруі де ғажап емес.

 Банкротқа ұшырау – нарықтық қатынастың ажырамас бөлігі болып табылады. Банкротқа ұшырау нәтижесінде мүлік бір қолдан екінші қолға өтеді. Мүлік ауысуы оның жаңа иесінің тиімді қолданып, қажетінше кіріс әкелуіне мүмкіндік береді. Табысты кәсіпкер, сондай-ақ іргесі мықты ұйым, иелігіндегі мүліктің оңтайлы тұсын тауып, дағдарыстан шығудың жаңа жолдарын таба біледі. Заңды тұлға банкротқа ұшыраған жағдайда босатылған қаражаты ешқайда жоғалмайды. Олар тек түр жағынан өзгеріске ұшырап, жаңа сапаға ие болады. Осы жағынан алып қарағанда, банкроттыққа ұшырау – нарықтағы экономиканың атрибуты болып саналады. Көптеген кәсіпорындардың банкротқа ұшырауы, қолда бар құралдарды тиімді пайдаланып, өндірісті жаңарту, нарықтағы өткізілімнің жаңа бағыттарын іздеу мен өнім сапасын жоғарлатуға мол мүмкіндіктер береді. Нарықта осы бағытта жұмыс істеу арқылы кәсіпорынның өнімі сұранысқа ие болып, банкротқа ұшыраудан аулақ болады. Бизнестен қол үзу қаупі туындаған сәтте, нарықтық экономикадағы әр қатысушы тиімді және ерікті түрде қызметін жалғастыруға міндетті. Банкроттыққа ұшырау - жұмысы төмен кәсіпорындардың жабылып, жаңа жүйеде іске асырылатын өндіріс көздерінің қызмет етуіне мүмкіндік туғызады.

 Элеонора Айтқалиева,

 Т. Рысқұлов атындағы

 Қазақ экономикалық университеті

 МВА бағдарламасының магистранты

 Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Закон Республики Казахстан  «О банкротстве» № 67-1 от 21 января 1997 г.

2. Баканов М.И., Шеремет А.Д. «Теория  экономического анализа». – М.: Финансы  и статистика, 2006

3. Крейнина М.Н. «Финансовое состояние предприятия. Методы оценки». – М.: ИКЦ «Дис», 2007

4. Стоянов Е.А., Стоянова Е.С.  «Экспертная диагностика и аудит  финансово-хозяйственного положения  предприятия». – М.: Перспектива, 2007

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ........................................4

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢДАР ЖҮЙЕСІДЕГІ БАНКРОТТЫҚ ИНСТИТУТЫ............................6

1.1 Банкроттық институтының даму тарихы....................6

1.2 Банкроттық ұғымы және белгілері........................11

1.3 Заңды тұлғаны банкрот деп тану негізі және тәртібі.............15

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕКЕЛЕГЕН ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ БАНКРОТТЫҒЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ........26

2.1 Заңды тұлғаларды банкроттығын құқықтық реттеу..............26

2.2 Жеке кәсіпкерледің банкроттығы........................42

2.3 ҚР заңдары бойынша бакнкроттық рәсімдері..................47

ҚОРЫТЫНДЫ.....................................64

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................66

А ҚОСЫМША Конкурстық іс (соттан тыс тарату рәсімі) қорытындысы бойынша кіріс және шығыс бөлігінің анықтамасы................69

Б ҚОСЫМША – Ұйымды банкроттық дер тану туралы өтініш………….....70

КІРІСПЕ

Ежелгі уақыттарда борышқорларға қатал шаралар қолданылып, тіптен кредиторлар борышқорларды өлтіруге дейін барған. Ол кезеңдерде егер борышқор несие берушілердің талаптарын мүлкімен қанағаттандыра алмаса, ол өзінің өмірімен жауапты болған. Ал кейін уақыт өзгере келе бұл шаралар тоқтатылды.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес: Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары[1].

Қазіргі кезеңде қандайда бір азаматтық міндеттерді орындамағаны үшін күш қолдануға тиым салынады. Міне осыған сәйкес борышқор мен несие беруші арасындағы міндеттемеге сәйкес борышты төлеу үшін борышқордың мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда реттеуші белгілі-бір механизм қажет болды. Міне осындай механизм банкроттық процедурасы болып табылады.

Кез-келген компанияның өмірінде, олардың банкроттық жағдайына келуі кездесіп тұрады. Көптеген компаниялар осындай жағдайлардан кейін өз жұмысын тоқтатқан, ал кейбіреулері мұндай қиындықтарды жеңе отырып өз жұмыстарын жалғастыру үстінде.

Белгілі-бір құқық субъектілерінің банкроттығын реттеуші заңдар және нормалар банкроттық процедурасын жүргізу кезінде ерекше орынды алады. Мінеки сондықтан олардың тәжірибедегі жетілмеуі өте күрделі құқық бұзушылыққа алып келеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауында заңдарды Жетілдіру Қазақстан Республикасының дамуының бір әдісі ретінде атап өтеді[2].

Жалпы мемлекет алдында нарық қатынастарын реттеуші норматив- тік-құқықтық базасын жасаудағы басты мақсат пайда болды. Атап өтетін нәрсе оның ішінде кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттық процедурасы қамтылып өтті.

Менің таңдап алған дипломдық жұмыстың өзектілігі, нарықтық қатынастардың және олардың реттеу қағидаларының жаңашылдығында мәселенің жаңашылығында болып табылады. Банкроттық институтының жеткілікті әрекет етуінен еліміздегі көптеген ірі кәсіпорындардың, көптеген жеке фирмалардың, және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысушы жеке кәсіпкер тұлғалардың экономикалық жағдайы тәуелді болады. Банкроттық жүйесі инвесторлар қаражатының қайтарымдылығына кепілдікті ғана қарастырмай, сонымен қатар бұл еліміздегі қаржы жағдайының тұрақтылығына кепілдікті қамтамасыз етеді.

Информация о работе Банкроттық