Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Июня 2015 в 11:12, курсовая работа
Әр мемлекет өзінің өмір сүру үрдісінде бірнеше күрделі міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асырады, кейбір мақсатты іс-әрекеттерді дамытады. Бұл қызметте мемлекеттің өз алдына қоятын мақсаттарын ажыратып алу қажет, содан кейін осы мақсаттарды жүзеге асыратын құралдарды бөліп алу керек. Бұл мақсаттар, бір жағынан аса көп, басқаша жағынан, тарихи және мәдени жағдайларға байланысты өзгермелілігі әр түрлі болып келеді. Мемлекет әскери күштің ұйымдастырушысы ретінде, қауіпсіздікті қорғаушы ретінде, сот ретінде де, мәдени мұраларды сақтаушы ретінде де көрінеді.
Ескі патримонипольді мемлекет өзінің бір мақсаты ретінде патшалық аңға шығуды ұйымдастыруды, қазіргі заманғы мемлекет ғылыми институттар мен мұражайды құруда. Мемлекеттің нақты мақсаттарын қарастыру оның өмірінің белгілі бір аралығында кез келген мемлекеттік бірлікті оқытатын пән мазмұнының пәнін құруы мүмкін, бірақ осындай зерттеу жалпы теорияның пәні бола алмайды. Мәдениеттің анықталған түрінің әрбір мемлекеттік ұйымы белгілі жағдайдағы үрдісте өзінің қызметін нақтылауға және анықтауға мәжбүр болатын бірқатар тапсырмалардың үнемі аясын құрайды. Мемлекеттің аталған мақсаттарды орындауы кезінде көмектесетін функцияларды оқыту ісі алға қойылған. Біз төмендегідей функцияларды еске аламыз:
- өмірде алға қойылған міндеттерді орындау кезінде қажет болатын материалды және техникалық ресурстар;
- мемлекет қойылған мақсатқа қол жеткізу және бұл жетістікке арналған функцияларды қолдану кезінде жүгінетін билік актсінің жиынтығы.
Бірінші функцияға қатысты айтар болсақ, олар мемлекеттік мақсаттар сияқты әр алуан болып келеді. Мемлекеттің халыққа білім беру мақсатына мыналар жатады: оқу орындарын салу, ең алдымен шаруашылық амалдар қатарын жүзеге асыру, сонан кейін мұғалімдерді таңдау, олардың дайындығы, сабақ өткізудің жоспарын өңдеу және т.б. аталған функцияларды жүзеге асыру үрдісі барысында мемлекет қызметтің күрделі кезеңіне өтеді. Дегенмен мемлекеттің билік етуші кеңесі бар, яғни өзінің мақсаттарын орындау және оларды жүзеге асыруға арналған функцияларды реттеу кезінде ол – билік ете алады, бұйырады, әмір етеді, өкім шығарады. Біз мемлекеттік қызметтің функцияларын сөз еткенде, олардың барлық әр түрлі көлемінде мемлекеттік міндеттерді жүзеге асырудың жалпы формасы түсінігінде қабылдаймыз. Бұл форма біркелкі, себебі бұлардың барлығында билік етушілік элементер бар. Мемлекет кімнің атынан шықса да және қалай әсер етсе де, ол – билік етеді, белгілі ретпен бірыңғай билік етуші актіні жүзеге асырады
Бүгінгі таңда жалпы мемлекеттік теорияда мемлекеттік қызмет бағытын белгілеу үшін мемлекет функциясы ұғымы қолданылады, яғни функция дегенде мемлекет қоятын мақсатты, бұл мақсаттарды жүзеге асыруда пайдаланылатын функциялар және билік етуші актінің формасы (түрі) айтылады.