Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөлініс азаматтық құқық субъектілері ретіндегі ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 09:03, курсовая работа

Описание работы

Елiмiз нарық экономикасына көшiп, нарық қатынастары аясында әлеуметтiк және экономикалық реформаларды жүзеге асырғалы он жылдан асып барады. Осы уақыт iшiнде елiмiз көптеген реформалар жүргiзiп, нарықтық экономикаға жақын қадамдар жасау үстiнде. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бітімі қалыптасып, егемендігінің нығая түсуі еліміздің құқықтық жүйесінде жарқын болашаққа бастайтын жаңа серпін туғызды. Тәуелсіз мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі, әлеуметтік-экономикалық жағдайымыздың артуы және оларды жүзеге асырудың құралы – азаматтық-құқықтық қатынастарды қалыптастырып, оларды толыққанды реттеуге мүмкіндік беріп отыр.

Содержание работы

КІРІСПЕ 2
Азаматтық құқық субъектілерінің түрлері 4
1. Жеке тұлға азаматтық құқықтың субъектісі 5
1.1. Азаматтардың құқық қабілеттілігі 6
1.2. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі 10
2. Заңды тұлға 14
2.1. Заңды тұлғалардың түрлері 17
3. Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөлініс азаматтық құқық субъектілері ретіндегі ерекшеліктері 19
3.1. Мемлекет сыртқы сауда айналымындағы азаматтық құқықтың субъектісі 24
Қорытынды 26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28

Файлы: 1 файл

азаматтық құқық субъектілері.doc

— 109.50 Кб (Скачать файл)

14 пен 18 жас аралығындағылардың  әрекет қабілеттілігі мейлінше  ауқымды, олар заңда көрсетілген  шекте әртүрлі мәмілелер жасай  береді. Ондай мәмілелерді екі  түрге бөлуге болады:

- өздерінің заңды өкілдерінің,  яғни ата-аналары мен асырап алушылардың, қорғаншылары келісімінсіз-ақ өз бетімен жасаған мәмілелер;

- ата-анасының (асырап алушының, қамқоршысының) рұқсат берген  жазбаша хаты негізінде жасалатын  мәміле.

14 пен 18 жас аралығындағы  жасы кәмелетке толмағандар заңды  өкілдерінің келісімінсіз мыналарды істеуге:

1) өзінің жалақысына, стипендиясы  мен басқа кірістеріне билік  етуге;

2) интеллектуалдық меншік  құқығы бар объектілеріне билік  етуге;

3) ұсақ тұрмыстық мәмілелер  жасауға;

4) банкке салым салуға  және өзінің салымына, оның ішінде  өзінің атына салынған салымдарға иелік етуге құқылы.

14 жастан 18 жасқа дейінгі  кәмелетке толмағандар басқалай  мәмілелерді, яғни мәмілелерді  ата-анасының, асырап алушыларының  немесе қорғаншыларының келісімімен  жасайды. Мұндай келісімнің нысаны  заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанға сай келуге тиіс (АК-тің 22-бабының 1-тармағы)5.

Мәміленің аталған екі  түрі бойынша жауапкершілікті, заңды  өкілдерінің келісімі талап етілсін  не етілмесін, жасы кәмелетке толмағандардың өздері көтереді.

Жасы кәмелетке толмағандар (14 жастан 18 жасқа дейінгі) келтірілген  зиянды өтеуге оның жеткілікті мүлкі  немесе табысы болмаған реттерде зиянның  тиісті бөлігін, онын ата-аналары (асырап алушы адамдар) немесе қамқоршысы өтеуге тиісті. Олардың бұл міндеті зиян келтірушінің жасы толғаннан кейін, сондай-ақ келтірген зиянды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе еңбек табысы жасы толғанға дейін пайда болған ретте жойылады.

14 жасқа дейінгі кәмелетке  толмағандар үшін мәмілелерді,  егер заңда өзгеше көзделмесе, ата-анасы, асырап алушылары мен қорғаншылары жасай береді (АК-тің 23-бабы). Сонымен қатар Азаматтың кодекс белгілі бір мәмілелерді жасөспірімдердің өзі-ақ жасай беретіндігін де жоққа шығармайды. АК-тің 23-бабының 2-тармағына сәйкес, олар өздерінің жасына лайықты, жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Мысалы, оған ойыншықтарды, балаларға арналған кітаптарды сатып алуды жатқызуға болады. Жас балалар аталған мәмілелерді жасағанымен, әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылады. Сондықтан да жеке жауапкершілікті мойнына алмайды, бұған келтірілген залал мәселесі де қатысты. Олардың әрекетіне ата-анасы, асырап алушылары мен қорғаншылары жауап береді.

Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабілеттілігін сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіп бойынша шектеуі мүмкін. Оған қамқоршылық белгіленеді. Ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Басқа мәмілелерді жасауды, сондай-ақ табысын, зейнетақысын және өзге де кірістерін алуды және оларға билік етуді ол тек қамқоршысының келісімімен ғана жүзеге асыра алады. (АК-тің 27-бабы).

Ал, азамат, айталық  жүйке ауруынан жазылып, арақты қойып, нашақорлықтан құтылса, заң осыны ескере отырып, сот арқылы оның әрекет қабілеттілігіне қойылған шектеудің күшін жояды. Сот шешімінің негізінде азаматқа белгіленген қамқоршылықтың күші жойылады. Нәтижесінде сот оны әрекет қабілеттілігі бар деп таниды.

2. Заңды тұлға

Өз құқығындағы  оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап  беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге  ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады.

Азаматтық құқық  ғылымы заңды тұлғаны мынадай  белгілері бойынша айқындайды: 1) ұйымдасқандық бірлігі; 2) мүліктік оқшаулығы; 3) дербес мүліктік жауапкершілігі; 4) азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.

Әрбір заңды  тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне  тән қасиеті болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды тұлғаның ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, Жарғы не құрылтай шарты арқылы, не тек құрылтай шарты негізіңде жүзеге асырады.

Сонымен қатар, заңды тұлғалар заң құжаттарына, сондай-ақ құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді алады. Заңды тұлға органдарының түрлері, тағайындалу немесе сайлану тәртібі және олардың өкілеттігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді.

Мүліктік оқшаулық — заңды тұлғаның экономикалық-құқықтық белгісі болып табылады және оның мүлікке заттық құқығын иеленуін білдіреді. Бұл арада әңгіме оның меншік құқығы, шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару құқығы туралы болып отыр. Коммерциялық ұйымдағы дербес балансының мөлшері мен мекемедегі смета заңды тұлғаның оқшаулық мүлкін айқындайтын құжаттар.

Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз — ол заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша  өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап  беруі. Бұл жалпы ереже. Ал, меншік иесі қаржыландыратын мекеме мен қазыналық кәсіпорындар Азаматтық кодекстің 44-бабы 1-тармағының 2-бөлігіне сәйкес өз міндеттемесі бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді6. Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда мекеме мен қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша (қосымша) оның құрылтайшысы жауапты болады.

Заңды тұлғалардың  дербес мүліктік жауапкершілігі заң  актілерімен тағайындалуы мүмкін.

Бұл Азаматтық  кодексте былайша қаралған: 1) толық  және сенім серіктестіктерге қатысушылардың тиісті серіктестіктердің міндеттемелері бойынша жауапкершілігі (АК-тің 63-бабының 1-тармағы, 72-бабының 1-тармағы); 2) кооператив міндеттемелері бойынша өндірістік кооператив мүшелерінің жауапкершілігі (АК-тің 96-бабының 3-тармағы); 3) егер Заңды тұлғаның банкрот болуы құрылтайшының әрекетінен туған болса, Заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құрылтайшының жауапкершілігі (АК-тің 44-бабының 3-тармағы); 4) еншілес шаруашылық мәмілесі бойынша негізгі ұйымның (АК-тің 94-бабы 2-тармағының 2-бөлігі), сондай-ақ негізгі шаруашылық серіктестігінің кінәсінен еншілес шаруашылық серіктестігі банкротқа ұшыраған кезіндегі жауапкершілігі (АК-тің 94-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы); 5) серіктестік міндеттемелері бойынша толықтай салым төлемеген жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының жауапкершілігі (АК-тің 77-бабы 1-тармағының 2-бөлігі) және тағы басқа жағдайлардағы жауапкершілік.

Заңды тұлғаның азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы  процессуалдық-құқықтық белгісі. Ол оның сотта талапкер және жауапкер болуына, өз атынан шарт жасасуға, бір жақты мәміле жасауына мүмкіндік береді7.

2.1. Заңды тұлғалардың  түрлері

Азаматтық кодекс Заңды тұлғаларды төмендегідей түрлерге бөледі: коммерциялық және коммерциялық емес.

Коммерциялық  заңды тұлғаны пайда табуды көздейтін  ұйым десек қателеспейміз. Кіріс түсіру мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлінбейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады ("Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы).

Осындай саралау  заңды тұлғалар түрінің әрқайсысын ерекше құқықтық тәртіпке бағындырады. Азаматтық кодекстің 34-бабының 2-тармағына сәйкес коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында құрыла алады.

Коммерциялық  емес ұйым  заңды тұлға ретіңде  мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік  қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік, қауымдастық одақ нысанындағы заңды  тұлғалардың бірлестігі және заң  актілерінде көрсетілген өзге де нысанда құрылуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйымдар туралы заң бойынша: 1) коммерциялық емес ұйымның өзінің жарғылық мақсаттарына сәйкес келетіндей ғана кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады; 2) жекелеген ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне Қазақстан Республикасының заң актілерінде шектеулер қойылуы мүмкін; 3) коммерциялық; емес ұйым кәсіпкерлік қызметі бойынша кірістер мен шығыстардың есебін жүргізеді; 4) коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне салық салу Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады; 5) коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметінен алынатын кірістерді коммерциялық емес ұйымдардың мүшелері (қатысушылары) арасында бөлісуге болмайды. Ол жарғылық мақсаттарға жұмсалады. Қоғамдық және діни бірлестіктердің, қорлардың өз қаражаттарын қайырымдылық мақсаттарға пайдалануына жол беріледі.

Құрылтайшылардың (қатысушылардың) өздері құрған заңды  тұлғалардың мүлкіне құқықтары:

а) құрылтайшыға (қатысушыға) заттық құқығы жататын;

ә)   құрылтайшыға (қатысушыға) міндеттемелік құқығы жататын;

б) құрылтайшыға (қатысушыға) мүліктік құқығы жатпайтын  заңды тұлғаларға бөлінеді.

Заңды тұлғаның мүлкіне өз құрылтайшылары меншік құқығын  немесе өзге заттық құқығын сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында мүлкі бар ұйымдар жататын болғандықтан мұның өзі құрылтайшының заттық құқықты иеленетінін білдіреді. Мүлкіне өз қатысушылары (құрылтайшылары) міндеттемелік құқықтарын сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтер жатады. Шаруашылық серіктестіктерінің мүлікке меншік құқығы болғандықтан қатысушылар бұл мүлікке міндеттемелік құқыққа (жарғылық капиталындағы үлесіне қарамастан) ие болады.

Мүлкіне өз құрылтайшылары (қатысушылары) мүліктік құқықтарын сақтамайтын заңды тұлғаларға қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар және діни бірлестіктер жатады (АК-тің 36-бабының 4-тармағы). Жоғарыда айтқанымыздай, Азаматтық кодекс коммерциялық емес ұйым болып табылатын мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтынушылар кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестікті де құруға жол ашады. Бірақ бұл тізіммен шектеліп қалуға болмайды, себебі "коммерциялық, емес ұйым" заң құжаттарында көзделген өзге де нысандарда құрылуы мүмкін (АК-тің 34-бабының 3-тармағы).

3. Мемлекет пен  әкімшілік-аумақтық бөлініс азаматтық  құқық субъектілері ретіндегі  ерекшеліктері

Қазақстан Республикасы мен әкімшілік-аумақтық бөлініс  заңды тұлға болып табылмағанымен азаматтық айналымда Азаматтық  құқық қатынастарының қатысушылары ретінде көрінеді. Демек бұл субьектілер құқық және әрекет қабілеттілігіне ие болады, бірақ олар сипаты жағынан Азаматтық құқық қатынастары қатысушыларының өзге құқық субьектілерінен ерекшеленеді. Ондай ерекшеліктер мынадай: а) Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы құқықтың басқа субьектілері орындауға міндетті Заңдарды қабылдау құқығын еншілейді; ә) Қазақстан Республикасы өзінін заңдарымен әр құқық субьектісінің өкілеттік көлемін белгілейді, өзгертеді, бұл орайда өзі үшін де өкілеттік көлемін айқындайды: б) Азаматтық құқық қатынастары қатысушыларының бірде бірі иелене алмайтын құқықтарды Қазақстан Республикасы еншілейді (мысалы, тек Қазақстан Республикасы ғана валюталық реттеудің құқықтық негіздерін белгілеуге құқылы және т.б.).

Мемлекеттің және оның әкімшілік-аумақтық бөліністерінің құқық қабілеттілігі өздерінің  алдында тұрған міндеттермен тығыз  байланысты. Оның құқық қабілеттілігінің әмбебап болуы да сондықтан дер  едік, яғни ол жеке мүлде емес, қоғамдық мүддеге негізделетінін есте ұстаған жөн8.

Азаматтық айналымда  мемлекет атынан Қазақстан Республикасының  мемлекеттік басқару және билік  органдары өзінің құзыреті шегінде  әрекет ету құқығына ие болады. Заңда  қаралған тәртіппен Қазақстан Республикасының  арнайы тапсыруымен оның атынан басқа да мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар мен азаматтар әрекет ете алады. Жекешелендіру кезінде мемлекет дербес немесе уәкілетті мемлекеттік орган ретіңде кәсіпорынды тұтасымен, мемлекеттік акцияларының бумасын немесе таратылған кәсіпорынның мүлкін сатушы бола алады. Мұндай Азаматтық құқық қатынастарында мемлекеттің қатысуының ерекшеліктері жекешелендіру туралы заңмен айқындалады.

Қазақстан Республикасының  қатысуымен болатын дауларды сот  қарайды. Тараптардың қалаумен даулар аралық сотпен де қаралуы мүмкін.

Азаматтық кодекстің 111, 112-баптарына сәйкес мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөліністер Азаматтық  заңмен реттелетін қатынастарға осы  қатынастардың өзге қатысушыларымен  тең негіздерде болады.

Азаматтық құқық  қатынастарында әкімшілік-аумақтық бөліністің атынан заңмен уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар мен Заңды тұлғалар ғана әрекет ете алады. Азаматтық айналымда әкімшілік-аумақтық бөліністің атынан құқықтық қатынасқа түсе алатын органдар қатарына бірінші кезекте мәслихаттар, әкім, әкімшілік, атқару билігінің аумақтық органдары жатады.

Азаматтық кодекстің 114-бабына сәйкес мемлекетке және әкімшілік-аумақтық бөліністерге Заңды тұлғалардың  Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастарға қатысуын анықтайтын нормалар, егер заң құжаттарынан өзгеше норма туындамайтын болса, қолданылады.

Қазақстан Республикасы мен әкімшілік-аумақтық бөліністің алған міндеттемелері бойынша жауапкершілік

Азаматтық құқықтың басқа да субьектілеріне тән Қазақстан  Республикасы мен әкімшілік-аумақтық бөліністің міндеттемелері бойынша дербес мүліктік жауапкершілікті мойнына алатыны Заңмен белгіленеді.

Олар бір-бірінің  міндеттемелері бойынша, сондай-ақ азаматтар  мен заңды тұлғаларының міндеттемелері үшін жауап бермейді (АК-тің  113-бабының 2-тармағы). Бірақ та бұл арада әкімшілік-аумақтық бөлініс немесе Заңды тұлғаның кепілдік (кепіл болушылык) арқылы алған міндеттемесіне, сондай-ақ аталған субьектілердің Қазақстан Республикасы міндеттемелерін өздеріне кепілдік (кепіл болушылық) арқылы алуын (жоғарыда айтылғандай) қолданылмайды.

Заң Қазақстан  Республикасы мен оның әкімшілік-аумақтық бөлінісінің құқық субьектілігінің  ара жігін олардың азаматтық  құқықтық жауапкершілігі негізіне сүйене отырып бөледі (АК-тің  113-бабы). Мәселен, Қазақстан Республикасы өз міндеттемелері бойынша мемлекеттік қазына мүлкімен, ал әкімшілік-аумақтық бөлініс жергілікті қазына мүлкімен жауап береді (АК-тің  113-бабы).

Информация о работе Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөлініс азаматтық құқық субъектілері ретіндегі ерекшеліктері