Меншікке қарсы қылмыстардың түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 15:10, курсовая работа

Описание работы

Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субьектілері мен объектілері меншік иелерінің өз құқықтарын түзеге отыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.

Содержание работы

Кіріспе
I тарау. Меншікке қарсы қылмыстардың криминалистік түсінігі
1.1.Меншікке қарсы қылмыстардың жалпы түсінігі
II тарау. Меншікке қарсы қылмыстардың түрлері
.Ұрлық жасау
.Тонау мен қарақшылық
.Алаяқтық
.Қорқытып алу
.Сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Курсо-Азамат.doc

— 116.50 Кб (Скачать файл)

Егер айыпты мүлікті алып, кейін оңтайлы кезде шығаруды ойластырып оны сол күзеттегі аймаққа жасырып қойса, сонан соң оны өз еркімен қайтарса, онда ол қылмысты жасаудан бас тарту негізінде (ҚК-тің 26 бабы) қылмыстық жауаптылықан босайды.

          Ұрлау тек тікелеи ниетпен жасалады. Айыпты  мүлікті заңсыз алғандығын ұғады, өз әрекетімен меншік иесіне залал келтіргендігін алдын ала біледі, соны тілейді.

Ұрлаудың міндетті нышаны – пайдакүнемдік мақсат. Ұрлауға заң тұрғысынан анықтама берілгенде пайдакүнемдік мақсат ұрлаудың нышаны деп тіке көрсетілген. Ол мақсат айыптының өз пайдасына, сондай-ақ материалдық жағдайына айыпты мүдделі басқа адамның пайдасына материалдық, мүліктік табыс келтіруді көздейді.

Заң әдебиетінде ұрлау заты түсінігі онша да мағыналы баяндалмаған. Ұрлау заттары ақша және бағалы қағаздар болуы мүмкін екендігі туралы пікірге ешкімнің қарсылығы жоқ. Сонымен қатар, әдебиеттерге де, сот практикасында да осы уақытқа дейін дау туғызып келген бір мәселе мүмкіндікті алуға құқық беретін құжаттар, сондай-ақ көлік кәсіпорындары, ойын-сауық орындары, спорттық және басқа ұйымдар көрсеткен қызмет үшін есеп айыруға қажетті билеттер, талондар, абонементтер жеке басқа белгілер ұрлау заты бола ала ма, жоқ па? 

Г.А.Кригердің пікірінше ақшалай, заттай және басқадай лоторея билеттері. Почта төлемдерінің белгілері,көлікте жүру билеттері, бензинге талондар немесе сол сияқты ұрлау заты бола алады. Ленинградтық «Курс советского уголовного правоның» авторлары онымен толықтай келіспейді, олар көлікте жүру билеті мүлікті алуға емес, тек көлікте жүруге ғана құқық беретіндіктен ұрлау заты бола алмайды деп санайды.

Л.А.Андреева мен Б.В.Волжински ұрлау заты ретінде қарастырылуы мүмкін басқа да бағалы қағаздарға жанар-жағармай талондарын жатқызды. Лоторея билеттерін, почта маркаларын өзге бағалы қағаздар қатарына жатқызбаса да, бұл авторлар оның ұрлау заты бола алатындығымен келіседі.

Сонымен қатар, сот практикасы көлікте жүру билеттерін, почта маркаларын көлік қызметін төлегендігін растайтын, өзін ұсынған адамға тиесілі қағаздар екенін ескеріп ұрлау затына жатқызады, сондықтан оларды алуды ұрлау деп қарастырылады. Мәтінін толтырып, мөрмен бекіткеннен кейін, оларды компостирленгеннен кейін ғана, пайдалануға болатын билеттерді немесе басқа белгілерді ұрлау сол әрекетке дайындық болып саналады, егер бұл жерде ұрланған заттарды кейін сатып ақша табу мақсаты болса.

Сонымен, «өздерінде көрсетілген құнын немесе қызметтің төлегендігін растайтын, ұйымның, оның қызметкерлерінің, азаматтардың қолында болғанда сол тауарлармен қызметтерді олардың пайдалануына мүмкіндік беретін талондар, көлікте жүру билеттері немесе өзге белгілер ғана ұрлау заты бола алады» деген пікірмен келісу қажет.

Сондықтан легитимациялық құжаттар мен белгілер (аккредитивтер, чектер, жинақ кітапшалары, жетондар, сенім қағаздары, квитанциялар және сол сияқтылар) өздерін иеленушілердің белгілі-бір мүліктерге ғана құқұғын растайтын болғандықтан ұрлау заты табылмайды. Бұл құжаттарды немесе белгілерді иелену меншік кейпің материалдық залал шеккендігінің айғағы емес. Бұл ретте ұрлықтың  алдағы уақытта жасалуына мүмкіндік туады, сондықтан да, мысалы: жинақ кітапшасын иеленіп ол бойынша ақша алуды ниет қылған айыпкердің әрекетін алаяқтыққа дайындық деп саралау қажет.

Мүліктік емес сипаттағы фактілерді растайтын құжаттар мен өзге заттар ұрлау заты бола алмайды. Оларды ұрлаушы заң шығарушы басқару тәртібіне қарсы жасалған қылмыс ретінде қарастырады, себебі бұл жағдайда құжат айналымның заңда белгіленген тәртібі бұзылады.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумы өзінің 1996 жылғы 25 шілдедегі «Бөтен мүлікті ұрлауды саралаудың кейбір мәселелері туралы» қаулысында ұрлау заты дегеніміз – бөтен, яғни айыптының меншігіне жатпайтын мүлік деп анықтама берді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 115 бабына сәйкес мүліктік игіліктер мен құқұқтарға: заттар, ақша, соның ішінде шет ел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектулдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды даряландырудың өзге де құралдары, мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік жатады. Ұрлаудың мәніне жүгінсек, оның заты деп ақшаларын, құнды қағаздарын, заттарын, мүліктік құқықтарын тану қажет.

Зат дегеніміз – кез келген нәрсе, ол газ күйінде, сұйық, қатты жағдайда, жанды және жансыз бүтіннің бөлігі болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 127 бабына сәйкес ақша дегеніміз - Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында  өз құнын бойынша қабылдауға міндетті заңды төлем құралы болып табылады.

Егер өсімдік немесе жануарлар әлеміндегі объектілерді өсіруге адам еңбегі жұмсалған болса, онда оларды заңсыз иелену ұрлық құрамын береді, мысалы, қандай да бір шаруашылықтың меншігі болып табылатын волердегі түлікті, жасанды су қоймасындағы балықты ұрлау, паркке отырылғызылған шыршаны, сәнді бұталарды иелену.  Ұрлау затының енді бір сипаты олардың заңдық қасиеті. Ол дегеніміз – ұрланған зат айыпты үшін әрқашан да бөтен болуға тиіс. Айыптың ол алынған затқа тікелей де, жанама да құқығы болуға тиіс емес. Адамның өз мүлкі ұрлау заты бола алмайды, сондықтан өз мүлкін заңсыз алу ұрлауға жатпайды. Қазақстан Республикасының күшіндегі қылмыстық заңына сәйкес ұрлық дегеніміз – бөтен мүлікті жасырын ұрлау болып табылады.

Ұрлыққа тән белгі – оның жасырын тәсілімен жасалуы. Ұрлықтың жасырындық сипатын анықтағанда айыптың ниетіне, яғни оның ұрлықты субъективтік қабылдауына баса назар аудару қажет.  Ұрлық болады деп санау үшін айыпты жасырын ұрлық жасауға ұмтылуы, бөтен мүлікті жасырын түрде иеленуге оның ниеті болуы тиіс. Егер айыпты, өзінің мүлікті заңсыз иеленуін ұғынған бөгде адамның араласуына мүмкіндік бермей, қалыптасқан жағдайға байланысты әрекет жасаса да ұрлауда жасырындық сипат болады.

Ұрлық объектісі -  меншік. Бұл қылмыстың заты -  материалдық әлемнің заты түріндегі, нақты құндылығы бар (заттар, тауарлар, бұйымдар, ақша, т.б) өндіру үшін адам еңбегі жұмсалған, сондықтан да ақшамен бағалана алатын бөтен мүлік.

Материалдық құндылығы жоқ зат немесе бұйым ұрлық заты бола алмайды, себебі оны алу меншік иесіне материалдық залал келтірмейді.                   Жасырын ұрлауды саралау үшін мүліктің алынуы тек меншік иесіне ғана емес, оны күзетушіге де, үшінші адамға да білінбеуі тиіс. Олар ұрлық жасалған кезде, не сол жерда болмайды, не болған кезде де ұрлықтын жасалғандығын сезбейді.

Бөгде адамның көзінше жасалған ұрлықты жасырып жасалған деп тану үшін, сол адамның айыптың әрекетінде қылмыстық сипат бар екендігін ұғынбағандығы анықталуға тиіс.

Мысалы, айыпты өзін мүлік иесі атынан билік жасай алатын адаммын деп өтірік айтады; иесіз тұрған автомашинаға жайбарақат отырып жүріп кеткен адамның әрекетіне қарап онда тұрғандар ұрлық жасалды деп ойламайды.

Ұрлықты аяқталған деп айыптының затты іс жүзінде иеленген кезінен емес, ол затқа оның өз қалауыен билік ете алатын мүмкіндігі туған кезден бастап санау керек.

Егер ұрлық күзеттегі аймаққа жасалса, онда қылмыстың аяқталғандығы туралы мәселе ұрланған  мүліктің сипатына және айыптының пиғылына байланысты. Мысалы, егер айыпты күзеттегі аумақтан шығармай –ақ  пайдаланылуға болатын мүлікті ұрлауды ойластырса, онда  мүлікті оқшаулап, оған заңсыз иелік орнатқан кезден бастап ұрлық аяқталған болып саналады.

Ұрлаған мүлкін сол тұрған жерінде өз пайдасына жарату мүмкін болмағандықтан, оны күзеттегі аймақтан  алып шығу кезінде айыпты ұсталса, оның әрекеті ұрлыққа оқталғандық ретінде сараланады.

Субъективтік жағынан ұрлық – тікелей ниетпен жасалатын әрекет.  Ол дегеніміз – айыпты өз  әрекетінің қоғамға қауіпті екендігін ұғынады, қоғамға қауіпті зардаптың болатынын алдын ала біледі және соны тілейді; ешқандай құқығы болмаса да бөтен мүлікті жасырып алады, өзіне заңсыз пайда түсіру үшін мүлікиесіне материалдық залал келтіретіндігін түсінеді.

Ұйымдасқан топ жасаған қылмыс түсінігіне Қылмыстық кодекстің 31 бабының 3 бөлігінде бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын біріккен адамның тұрақты тобы жасаған қылмыс деп анықтама берілген.

Осы тараудың баптарындағы ірі мөлшер немесе ірі залал деп қылмыс жасалу ісінде ұрының заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асып түсетін мүліктең құны мен залалдың мөлшері танылады.

Ұрлық зорлықсыз қылмыстар қатарына жатады,сондықтан күш көрсетіп қылмыскер әрекетін бақылау мүмкіндігінен айырылған адамның (бір жерге жауып қойған)мүлкін жасырып алу,көрсетілген зорлықтың сипатына қарай тонау немесе қарақшылық ретінде Қылмыстық кодекстің 178, 179 баптары бойынша саралануға тиіс.

Жәбірленуші дәрменсіз жағдайға келтіру үшін оның ағзасына күшті әрекет етіп,денсаулығы мен өміріне қауіпті заттарды енгізу және бөтен мүлікті иелену қарақшылық ретінде (Қылмыстық кодекстің 179 бабы) сараланады.

Әшкерелеген ұры,бастаған жасырын ұрлақтың беті ашылғанын ұғынып, ұрлағанын тастай салып ұсталып қалмау үшін жасырынуға ұмтылса,мұндай әрекеттер бәрі бір ұрлыққа (немесе оған оқталғандыққа) жатады. Егер ұсталып қалмау үшін ұры өзін ұстаушы адамға қарсы күш қолданса, оның әрекеті өзінше жеке адамға қарсы қылмысты құрайды.

Егер айыпты ұрлықты жасырып бастап,бірақ өзінің әшкереленгендігін біліп мүлік алуды,ашық жалғастырса,оның әрекеті тонау болып табылады (Қылмыстық кодекстің 178бабы).

Ұрлықтың бөтен мүлікті иеленіп алудан және ысырап етуден айырмашылығы сол ұрлық кезінде айыпты бөтен мүлікті алуы,не оған баруға мүмкіндік алуы,не оны күзетуі мүмкін,бірақ онда ол мүлікке билік етуге,оны басқаруға,сақтауға ешқандай өкілеттік болмайды.

Ұрлықты алаяқтықтан ажырату қажет.1) ұрлық жасағанда қылмыс заты тек мүлік қана болады, ал алаяқтықта қылмыс заты мүліктен қатар мүлікке құқық та болады. 2) ұрлық жасалғанда жәбірленушінің мүлкі онын еріксіз, жасырып алынады. Ал алаяқтық кезінде меншік иесі немесе заңды иегері алғандықтан немесе сенімге қиянат жасағандықтан мүлікті қылмыскерге өзі береді. 3) алаяқтық кезінде мүлікті қылмыскерге әрекет жасауға қабілеті бар, мүлікке билігін заң танитын адам беруге тиіс. Егер алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы жасына немесе психикасының бұзылуына баиланысты әрекет жасау қабілеті жоқ немесе қабілеті шектелген адамның мүлкін иеленсе,онда қылмыстың әрекеті алаяқтық емес, ұрлық болып саналады, себебі ондай адамның еркі заң жүзінде ескерілмейді.

4) алдаушылық тек алаяқтықта ғана емес, ұрлық кезінде де болады. Алаяқтық жасалғанда алдау арқылы мүлік иеленеді, ал ұрлық кезінде сол жасырып ұрланатын мүлікке беру үшін алдау тәсілі қолданылады.

Ұрлықты тонаудан ажырату керек, оның басты айырмашылығы-мүлікті алу тәсілінде. Ұрлық кезінде мүлік жасырын алынса, тонауда ашықтан-ашық алынады.

Ысырап ету-сеніп тапсырылған мүлікті тұтынушыдан айыру арқылы айыптының өз пайдасына немесе басқа адамның  пайдасына заңсыз және қайтарымсыз айналдыруы.

Бұл жағдайда, қандай да бір өкілеттік жасауы үшін өзіне сеніп тапсырылған мүлікті айыпкер заңсыз жұмсайды, сатады, үшінші адамға береді не өзі пайданылады.

Иеленіп алу және ысырап ету аяқталған қылмыс деп саналады, егер субъект мүлікті тек алып қана қоймай, оны еркін айналымға жіберуге нақты мүмкіндік алған болса.

Қылмыс субъектісі арнаулы – жасы он алтыға толған, есі дұрыс, заңды түрде мүлік сеніп тапсырылған адам.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          II тарау. Меншікке қарсы қылмыстардың түрлері          

          2.1. Ұрлық жасау (175-бап)

          Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі – 175 бабына сай, ұрлық бөтен мүлікті жасырып ұрлау болып ұғындырылады.

Бұл жеке меншікке қарсы кең тараған қылмыс.

Ұрлық заты – ақша, бағалы бұйымдар,  тауарлар және тағы басқа болып табылады.

Бұл қылмыс әр түрлі жерлерде жасалады. Ұрлық күндізгі уақытында, түнгі уақытта да жасалады. Жиі кездесетіні дүкен, қойма, пәтер, үйдегі заттар және де жеке заттарды вокзалдарда, поезда, базарларда, сондай-ақ адамдар көп жүретін жерлерде қалтадан ұрлау.

Тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға ұрылар төбені, қабырғаны, еденді, есікті, терезелерді бұзып кіреді немесе жерді қазып кіреді. Құлыпты бұзып немесе арнайы дайындалған кілтпен ашып кіреді. Сындыру, бұзу үшін белгілі бір құралдарды қолданады.

Ұрлықты істеу тәсілдерін келесі көрініспен топтауға болады:

а) мемлекеттік немесе қоғамдық, не азаматтардың жеке мүлкін тұрғын алаңнан ұрлау; олар бұзу және бұзбау жолдарымен жүзеге асырылады;

б) тұрғын үй алаңға енусіз азаматтардың жеке мүлкін ұрлау (сумкадан, қалтадан ұрлау, маскүнемдікті пайдалану);

в) сенімділікті пайдалану арқылы істелетін ұрлық (тұрғын үйге немесе алаңға ену және енбеу арқылы);

г) автоматтандырылған сақтау камераларынан ұрлау;

д) автокөліктерден және тағы басқалардан ұрлау.

 

          2.2. Тонау мен қарақшылық (179-бап)

          Тонау - бұл бөтен мүлікті ашық ұрлау.

Қарақшылық, яғни бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға  ұшыраған дамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсету мен немесе тікелей осындай күш қолданамын деп  қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау.

Аса қауіпті қарақшылық шабуылдар банктерге (ақша айырбастау бөлімдеріне, банк филиалдарына, бөлімшелеріне) кассирлерге, инкасатрларға қарулы шабуыл жасаумен жасалады.

Мұндай қылмысты жасау үшін қылмыскер жан-жақты дайындалады. Бөлек мекеменің және қызметкердің жұмыс уақытын біліп алады. Қызметкерлердің жүретін жолдарын анықтап алады. Өздерін  көлік құралдарын қамтамассыз етеді, қаруландырады.

Информация о работе Меншікке қарсы қылмыстардың түсінігі