Мердігерлік шарт

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2014 в 17:27, реферат

Описание работы

Мердiгерлiк шартынан туындайтын құқықтық қатынастар жұмыс орындау бойынша мiндеттемелерге жатады. Солардың көмегiмен, белгiлi бiр тұлғаның (тұлғалардың) жұмысының нәтижесi тиiстi ақшалай құндылыққа айырбасталады.
Экономикалық тұрғыда мердiгерлiк бұл қызмет, оның нәтижесi заттай мiнезде болып келедi (белгiлi мүлiк пайда болады). Одан басқа, орындалатын жұмыстардың өзге де (зат емес) нәтижелерi болуы мүмкiн, бiрақ бұл мердiгерлiк қатынастарының мәнiсiн жоққа шығармайды, себебi оларда қол жететiн нәтижемен қатар белгiлi қызметтiң өзi де (оның барысы) маңызды болып келедi. Осы қызметтi негiзiнен (жалпылама) оңды (пайдалы) қызмет деп мiнездеуге болады, сондықтан мердiгерлiк шарттарында тараптардың өзге қатынастарымен бiрге жүзеге асырылатын қызмет те реттеледi.

Содержание работы

Кіріспе
1.1 Мердігерлік шартының жалпы сипаттамасы.
1.2 Мердігерлік шартының түсінігі.
1.3 Мердігерлік шартының элементтері.
1.4 Мердігерлік шартындағы тараптардың құқықтары мен міндеттері.
2. Мердігерлік шартының жекелеген түрлері.
2.1 Мердігерлік шартының түрлері.
2.2 Мердігерлік шарт түрлерінің жалпы сипаттамасы.

Файлы: 1 файл

реферат по гражданскому праву.docx

— 32.41 Кб (Скачать файл)

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

 

 

 

 

 

 

Реферат

 

тақырыбы:

Мердігерлік шарт

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                         

 

 

 

 

 

 

                                                                 Дайындаған: Махамбет Гүлсім, ХҚқ-21

                                                                 Қабылдаған: Шалбаев Е.Ж.

 

 

 

 

 

Астана 2013ж

   Жоспар:

  1. Кіріспе

          1.1 Мердігерлік шартының жалпы сипаттамасы.

          1.2 Мердігерлік шартының түсінігі.

          1.3 Мердігерлік шартының элементтері.

          1.4 Мердігерлік шартындағы тараптардың құқықтары мен міндеттері.

          2. Мердігерлік шартының жекелеген түрлері.

          2.1 Мердігерлік шартының түрлері.

          2.2 Мердігерлік шарт түрлерінің жалпы сипаттамасы.

 

 

 

                                                            

                              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

   Мердiгерлiк шартынан туындайтын құқықтық қатынастар жұмыс орындау бойынша мiндеттемелерге жатады. Солардың көмегiмен, белгiлi бiр тұлғаның (тұлғалардың) жұмысының нәтижесi тиiстi ақшалай құндылыққа айырбасталады.

   Экономикалық тұрғыда мердiгерлiк бұл қызмет, оның нәтижесi заттай мiнезде болып келедi (белгiлi мүлiк пайда болады). Одан басқа, орындалатын жұмыстардың өзге де (зат емес) нәтижелерi болуы мүмкiн, бiрақ бұл мердiгерлiк қатынастарының мәнiсiн жоққа шығармайды, себебi оларда қол жететiн нәтижемен қатар белгiлi қызметтiң өзi де (оның барысы) маңызды болып келедi. Осы қызметтi негiзiнен (жалпылама) оңды (пайдалы) қызмет деп мiнездеуге болады, сондықтан мердiгерлiк шарттарында тараптардың өзге қатынастарымен бiрге жүзеге асырылатын қызмет те реттеледi.

Жұмыс атқаратын тұлғаның қызметi жалпы түрде реттеледi, өйткенi ол тұлға мердiгерлiк шарттың жағдайларына сәйкес жұмыстың толық орындалуына жауапты болады. Осымен қатар, құқықтық реттеу, егер ол заттық сипатта болса, тұлғаның қызметiнiң нәтижесiнде оны беру бойынша мiндеттi де қамтиды. Сондықтан мердiгерлiк шарты бұрын қарастырылған шарттардан көрсетiлген қызметтi реттеу бойынша ережелерiмен елеулi ерекшеленсе де, жасалған мүлiктiң өзi және оны беру сұрақтары туралы айтсақ, онда мердiгерлiк шартының тараптардың құқықтары мен мiндеттерi бойынша сатып алу-сату шартымен ортақтығы болып келетiнiн тануымыз мүмкiн. Азаматтық құқықтық әдебиеттер еңбек және мердiгерлiк қатынастардың жақындығы жөнiнде айтылады. Бiрақ негiзiнен мердiгерлiк қатынастарды сатып алу-сату және еңбек қатынастарынан айыруға болады. Айырмашылықтары олардың әрқайсыларының қатысушыларының құқықтары және мiндеттерi жүзеге асырылатын шарттардың мазмұнынан айқын көрiнедi.

   1.1 Мердігерлік шартының жалпы сипаттамасы.

   1.2 Мердігерлік шартының түсінігі.

   Мердiгерлiк шарты бойынша бiр тарап (мердiгер) екiншi тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгiлi бiр жұмысты атқаруға және белгiленген мерзiмде оның нәтижесiн тапсырысшыға өткiзуге мiндеттi, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесiн қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) мiндеттi.

Мердiгерлiк шарты консенсуалды ақылы және өзара шарт. Жұмысты орындау үшiн белгiлi уақыт керек, сондықтан мердiгерлiк шарт бойынша шарт жасалу кезi және оның орындалу кезi сәйкес келмеуi мүмкiн. Өз кезегiнде бұл оларға тәуелдiлiкке мердiгердiң жұмыс орындары қойылатын мерзiмдерге әсер етедi. Кейбiр мердiгерлiк шарттардың орындалуы және жасалуы бiр уақытта болуы мүмкiн, мысалы, суретке түсiру шарттары “тез” фотосуреттер дайындаумен байланысты мердiгерлiктiң осындай мерзiмдерiнiң ерекшелiгi олардың барынша қысқалығы болады, және осы мердiгерлiк жасайтын шарттың тапсырысшының себептенушi негiзiнде болуы мүмкiн.

   Мердiгерлiкке арналған нормалар, көбiнесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде (616-683-б) ұстанылып келедi. Одан басқа Қазақстан Республикасында халыққа тұрмыстық қызмет ету, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк комитетiнiң 22.09.1996ж. №9/7-қаулысымен бекiтiлген, құнды және антимонопольды саясат туралы тәртiптерiнде қолданылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн Ерекше бөлiмiн қабылданғаннан кейiн құрылыс аясында мердiгерлiк қатынастарда бұрын қолданған, Қазақстан Республикасының Құрылыс министрлiгiнiң 3 наурыз, 1994. №5-5-өкiмiмен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының күрделi құрылыста мердiгерлiк шарттарының уақытша тәртiптерi, Қазақстан Республикасының Құрылыс Министрлiгiнiң 30.06.1994ж. №7-5-Қаулысымен бекiтiлген, бас мердiгерлердiң ұйымдарының қосалқы мердiгерлiк қатынастарымен өзара қатынастарының ережелерi күшiн жойды.

   1.3 Мердігерлік шартының элементтері.

   Мердiгерлiк шартының тараптары болып мердiгер және тапсырысшы болып табылады.

   Тапсырысшы – екiншi тарапқа – мердiгерге шарт бойынша келiсiлген белгiлi-бiр жұмысты орындауға тапсыратын тұлға. Тапсырысшы ретiнде азаматтық-құқықтық қатынастарының кез келген тұлғасы бола алады. Мердiгерлiк шарттарда мемлекеттiң қатысу ерекшелiктерi жеке заң актiлерiмен белгiленген, мысалы, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация ми-нистрлiгiнiң 18.01.1998ж. №123-бұйрығымен бекiтiлген, жол жұмыстары жайындағы конкурстарды (мердiгерлiк саудалар) ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiнiң ережелерi.

   Мердiгер – шарт бойынша белгiлi жұмысты орындауға мiндеттенетiн тұлға, көбiнесе кәсiпкерлiк қызметiнiң субъектiсi, жеке тұлға немесе жеке кәсiпкер, коммерциялық заңды тұлға. Бiр реттi (жүйелi емес) негiзде мердiгерлiк жұмысты кез келген әрекет қабiлеттiлiгi бар жеке тұлға атқара алады. Кейбiр жағдайларда, “Лицензиялау туралы” 17.04.1995ж. Қазақстан Республи-касының заңына сәйкес, (содан кейiнгi өзгерiстер мен және толықтырулармен) мердiгерлердiң қызметi лицензиялануы тиiс. Мысалы, жобалау-iздестiру, құрылыс-монтаждық жұмыстары ж.б. лицензиялануы керек.

   Кейбiр жұмыстарды орындау үшiн арнайы дағды, дәрежелi мамандық қажет. Сондықтан мердiгер, мердiгерлiк шартты жал-пы жасап, шартты орындауға басқа тұлғаларды тартуға құқылы. Бұл мердiгер болып заңды да және жеке де тұлғалар қатысатын мердiгерлiк шарттарында мүмкiн.

Бүкiл жұмыстың мөлшерiн орындауға алғашқы шарт жаса-ған және басқа тұлғаларды тартқан тұлға бас мердiгер деп аталады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 619-б. 1-тармағы). Тартылған тұлға (тұлғалар) қосалқы мердiгер болып табылады. Алғашқы мердiгер оның алдында тапсырысшы болады. Жалпы тәртiп бойынша қосалқы мердiгерлiк шартты жасауға тапсырысшысының келiсiмiнiң керегi жоқ. Бас мердiгер тапсырысшысының алдында мердiгерлiк шартының толығынан орындалуына жауапты болады.

   Мердiгерлiк шартының нысанасы – бұл мердiгер мен орындаған жұмыстың нәтижесi. Мердiгерлiктiң нәтижесi әрқашан олармен жұмыс жүргiзiлетiн белгiлi заттармен, материалдармен байланысты, оларда өзiнiң бейнеленуiн табады.

   Мысалы, бұл мүлiктiң құнын көбейтетiн күрделi жөндеу, тек заттың тиiстi халiн қалпына келтiретiн ағымды жөндеу болуы мүмкiн. Сол сияқты кейбiр өзге жұмыстар да мысалы, көгал алаңдарды қию, киiмдердi химиялық тазалау, мүлiктiң тиiстi күйiн қалыпқа келтiруге және оны күтiп ұстауға бағытталған.

   Шарттың бағасы орындалған жұмыстың құнына сәйкес келуi керек. Баға әр кезде ақша сомасымен белгiленедi, бiрақ төлеудiң нысандары әртүрлi болуы мүмкiн. Мердiгерлiк шартында орындалатын жұмыстың бағасы немесе оны анықтау тәсiлдерi көрсетiледi. Шартта мұндай нұсқаулар болмаған және тараптар баға туралы келiсiмге келмеген жағдайда бағаны, әдетте осыған ұқсас жұмыстарға қолданылатын бағаларды негiзге алу арқылы сот белгiлейдi. Бағаны есептеу үшiн, тараптарға келтiрiлген шығындар еске алынуы қажет. Егер, шарт негiзiнде орындалатын жұмыстың күрделi құрамы болса, яғни сол жұмыстың өзi бiрнеше олардың түрiнен құрылса, бiрнеше кезеңдердi қамтыса және т.б. жұмыстың бағасы смета жасау жолымен белгiленуi мүмкiн. Смета бұл мердiгерлiк шарты бойынша орындалатын бар-лық жұмыстың құнын жұмсалатын материалдарды (олардың құнын) анықтайтын құжат.

   Мердiгер жұмыстың және материалдардың құндары жөнiнде бiлiктiлеу болған соң смета көбiнесе онымен дайындалады. Сонымен қатар, тапсырысшының өзiнiң де сметаны жасауына шек қойылмайды. Мердiгермен жасаған смета, тапсырысшымен бекiтiледi және шарттың ажырамас бөлiгiне айналады. Өз кезегiнде тапсырысшы дайындаған смета мердiгердiң келiсiмiн талап етедi. Жалпы смета жөнiнде келiсуде оны шартты жасасу тәртiбiмен салыстырғанда ешқандай жаңалық жоқ.

   Смета шамалас және тұрақты болуы мүмкiн. Мердiгер тұрақты сметаны көбейтудi талап ете алмайды, ал тапсырысшы оның азайтылуын талап ете алмайды. Тұрақты сметаны бiр жақты өзгертуге құқық шартты жасау кезiнде орындалуға тиiс жұмыстардың толық көлемiн немесе бұл үшiн қажеттi шығындарды анықтау мүмкiн болмаса да пайда болмайды. Шарт жасас-қаннан кейiн мердiгер беруге тиiстi материалдар мен жабдықтардың, сондай-ақ оған үшiншi тұлғалар көрсететiн қызметтердiң құны едәуiр өскен кезде мердiгердiң белгiленген бағаны (сметаны) көбейтудi талап ету құқығына иеленедi. Егер тапсырысшы осымен байланысты талаптарды орындаудан бас тартса, онда мердiгердiң шартты бұзуды талап ету құқығы пайда болады.

Шамалас сметаның ерекшелiгi, оны қарастырған жағдайда мердiгер өзi шығындарының көлемiн оларды аздап көбейту жағына өзгерте алады. Жұмыстың шамамен белгiленген бағасын (шамалас сметаны) елеулi өсiру қажет бола қалса, мердiгер бұл туралы тапсырысшыға уақытылы ескертуге және жұмысты тоқтата тұруға мiндеттi. Қандай болса да қосымша жұмыстарды орындау керектiгi анықталғасын немесе материалдарға, үшiншi тұлғалардың қызметтерiнiң бағалары өссе, осындай қажеттiлiк болуы мүмкiн. Бағаны елеулi өсiруге көбейтуге келiспеген тапсырысшы шарттан бас тартуға құқылы. Мұндай жағдайда мердiгер өзiне тапсырысшыдан жұмыстың орындалған бөлiгiнiң бағасын төлеудi талап ете алады.* Шартта көрсетiлген бағаны (сметаны) өсiру қажеттiгi туралы тапсырысшыға уақытылы ескертпеген мердiгер жұмысқа шартта белгiленген алғашқы баға бойынша ақы төлеу құқығын сақтай отырып, шартты орындауға мiндеттi.

Мердiгерлiк шарттың мерзiмдерi мердiгердiң және тапсырысшының олардың шарт бойынша мiндеттерiн атқаруға байла-нысты қызметiнiң (iс әрекеттерiнiң) уақыттық өлшемдерiн анықтайды. Мысалы, тапсырысшы белгiлi мерзiмге мердiгерге материалдарды және жабдықтарды беруге мiндеттi. Ең жоғары мән жұмыстың орындалуының мерзiмдерiнде болады, себебi мердiгерлiк шарттарының ақырында орындалуы сол мерзiмдерге тiкелей тәуелдi болады. Оның аралығында жұмыс толығынан (аяқты түрде) жасалып бiтуi тиiс уақыт кезеңi мердiгерлiк шартының жалпы мерзiмiн құрайды. Онымен қатар шартта жұмыстар орындалуы үшiн қарастырылған ақырғы мерзiмдер де бекiтiледi (ҚР АК 628 бабы 1 тармақ). Жұмыстың жекелеген кезеңдерiнiң аяқталу мерзiмдерi – аралық мерзiмдер де көзделуi мүмкiн.

   Аралық мерзiмдер екi жақты қызмет атқарады. Бiрiншi жағынан, жұмыстың орындалуына байланысты мердiгердiң қызметiнiң бiрдей етiп бөлiнуiн қамтамасыз етедi. Екiншi жағынан, олар тапсырысшыға жұмысты орындалуын бақылауын қамтамасыз етедi. Егер жұмыс жай, уақытылы емес орындалса және оны белгiленген мерзiмiнде аяқтау мүмкiн еместiгi айқын болса тапсырысшы шарттан бас тартуға және келтiрiлген шығындарды өтеудi талап етуге құқылы. Егер мердiгерлiк шартта мердiгер бастапқы мерзiмiн бұзса, оны орындауға уақытылы кiрiспесе де осы нәтиже орын алады.

   1.4  Мердігерлік шартындағы тараптардың құқықтары мен міндеттері.

   Мердiгер шартта келiсiлген жұмысты өзiнiң тәуекелiмен орындауға мiндеттi. Яғни мердiгердiң мойнында ол кәсiби субъект болған соң, оның жұмысты орындамағандығына байланысты қолайсыз салдар болып келедi. Мердiгердiң осы мiндетiнiң мазмұны тапсырысшының орын алған заңсыз мiнез құлығы ескерiлiп тиiстi дәрежеде өзгертiлуi мүмкiн. Оған жұмысты орындамағаны үшiн немесе дұрыс орындамағаны үшiн мердiгердi жауапкершiлiктен босататын жағдайлар да әсер етедi.

Мердiгер жұмысты өз материалдарымен, күштерiмен және құралдарымен орындауға мiндеттi. Егер материал онымен берiлсе, ол тапсырысшының алдында материалдардың сатушысы болып табылады және олардың тиiстi сапасы үшiн жауапты болады. Жұмыстың өзi тапсырысшының тапсырмасы бойынша орындалады және оған сәйкес болуы керек, яғни ол да сапалы орындалуы керек. Мердiгерлiк шарт бойынша орындалатын жұмыс заттарды сериялық жасауға жатқызылмайды, сондықтан оның тиiстi орындауының негiзгi белгiсi ретiнде тапсырысшының нұсқаулары болып табылады. Мердiгер мемлекеттiк стандарттардың аясында жасау технологиясының тәртiптерiн сақтауға және нормативтi-техникалық құжаттарда көзделген талаптарды сақтауға мiндеттi. Осындай талаптар бiрiншi кезекте кәсiпкер ретiнде жұмыс жасайтын мердiгерлерге қолданылады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 632-б. 2-тармақ), бiрақ кәсiпкер емес мердiгердiң де жұмыс орындау кезiнде мiндеттi қойылған талаптарынан шегiнуiне құқығы жоқ, егер мiндеттi талаптарды орындамаса оның қызметiне тиым салынуы тиiс. Бұл жаңа заттарды жасау мен байланысты емес жұмыстарға да қатысты.

   Егер жұмыстың сапасына қойылатын талаптар шартта белгiленбесе немесе толық болмай шықса, онда басшылыққа ұқсас жұмыстарға қойылатын талаптар негiз ретiнде алынады. Мердiгер белгiленген мiндеттi талаптармен салыстырғанда, сапаға қойылатын неғұрлым жоғары талаптарға сай келетiн жұмысты орындау мiндетiн шарт бойынша өзiне алуы мүмкiн.

Мердiгер пайдаланып жатқан жабдықтардың тиiстi күйiнде (түзеу) болуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Ол өзi жұмысты ұйымдастырады және тапсырысшының оның күнделiктi шаруашылық қызметiне кiрiсуiне құқығы жоқ. Егер шартта өзгеше көзделмесе, мердiгер үшiншi тұлғалар құқықтарының ауыртпалығы жоқ материалдар мен құралдарды беруге мiндеттi.

   Кейбiр жағдайларда, мердiгер жұмысты тапсырысшының материалдарымен де орындайды. Сондықтан ол тапсырысшы берген материалдарды ұқыпты және есеппен пайдалануына мiндеттi. Сонымен қатар, мердiгер оларды дұрыс пайдалану үшiн жауапты болады. Жұмыс аяқталғаннан кейiн мердiгер тапсы-рысшыға жұмсалған материалдар туралы есеп беруге мiндеттi. Егер материалдардың қалдықтары болса, мердiгер оларды тапсырысшыға беруге мiндеттi. Мердiгер тапсырысшының келiсiмiмен, қалған пайдаланылмаған материалдың құнына сәйкес жұмыстың бағасын кемiтiп сол материалды өзiнде қалдыруға құқылы.

   Материалдарды тапсырысшы берген болса, мердiгер сол материалдарды сапасына қарай қабылдап алуға мiндеттi. Мердiгер тапсырысшы берген жабдықтарды, техникалық құжаттарды және өңдеуге берiлген заттың өзiнде қабылдап (бағалауға) алуға жауапты болады. Тапсырысшымен берген нұсқауларды және тағы да басқа жұмыстың орындау жағдайларын, мердiгер өзiнiң кәсiби тәжiрибесiне байланысты бағалайды.

  Мердiгер:

1) тапсырысшы берген материалдардың, жабдықтардың, техникалық құжаттаманың  немесе өңдеуге берiлген заттың  жарамсыздығы немесе сапасыздығы;

2) оның жұмысты атқару  әдiсi туралы нұсқаулармен орындаудан  тапсырысшы үшiн болуы ықтимал  қолайсыз салдарлар;

3) орындалатын жұмыс нәтижелерiнiң  жарамдылығына немесе берiктiгiне  қауiп туғызатын не оны мерзiмiнде  аяқтауға мүмкiндiк бермейтiн мердiгерге  қатысты емес өзге де мән-жайлар  аяқталған жағдайда тапсырысшыға  дереу ескертiп, одан нұсқау алғанға  дейiн жұмысты тоқтата тұруға  мiндеттi.

Осындай мән-жайлар туралы тапсырысшыға ескертпеген, не ескертуге жауап алу үшiн қисынды мерзiмнiң аяқталуын күтпестен немесе жұмысты тоқтата тұру туралы тапсырысшының уақытылы нұсқауына қарамастан жұмысты жалғастырған мердiгердiң тапсырысшы оған тиiстi талаптар қойған кезде аталған мән-жайларға сiлтеме жасауға құқығы жоқ (ҚР АК 628 бабы 2 тармағы). Осы норманың мағынасы бойынша тапсырысшы мердiгердiң хабарлауына байланысты жауапты қисынды мерзiмiнiң iшiнде беруi тиiс.

Информация о работе Мердігерлік шарт