Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 20:47, реферат
Несие беруші борышқордан белгілі бір міндеттерді орындауды талап ету кезінде құкықтар мен міндеттілікке ие болады, өйткені ол борышқордан міндеттемені талап етуге құқығы бар.
Міндеттемеге қатысушылар болып несие беруиіі мен борышқор танылады.
° Несие беруші — борышқордан міндеттемесін орындауды талап ететін тұлға.
Міндеттемелік құқық және оның түрлері
Міндеттемеге сөйкес бір адам басқа адамның пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты әрекеттер жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы.
Несие беруші борышқордан белгілі бір міндеттерді орындауды талап ету кезінде құкықтар мен міндеттілікке ие болады, өйткені ол борышқордан міндеттемені талап етуге құқығы бар.
Міндеттемеге қатысушылар
болып несие беруиіі мен
° Несие беруші — борышқордан міндеттемесін орындауды талап ететін тұлға.
Борышқор — міндеттемедегі несие берушінің пайдасына белгілі әрекеттерді жасауға немесе жасамауға міндетті болып келетін тұлға.
Міндеттеменің пайда болуына шарт және т.б. негіздер, яғни, зардап келтіру мен басқа да заңды фактілер әсер етуі мүмкін.
Міндеттемелер пайда болу
негізіне байланысты шартты және шартсыз
міндеттемелер болып екіге
Кейбір жағдайда міндеттемеге бір мезгілде бірнеше несие берушілер мен борышқорлар қатысуы мүмкін. Бұл орайда сөз міндеттемедегі көп тұлғалар жөнінде болып отыр.
Міндеттемедегі құқыктар мен міндеттер арақатынастарына байланысты: біржақты, екіжақты немесе өзара ортақ міндеттемелерге бөлінеді. Біржақты міндеттеменің бір жағында тек құқықтар, ал екінші жағында тек міндеттер ғана болады. Екі жақты немесе өзара ортақ міндеттемеде оған қатысушылардың әрқайсында міндеттемелер мен құқықтар болады.
Міндеттемені орындау
Міндеттемелер заң талаптарына, міндеттеме шарттарына, іскерлік айналым әдет-ғұрпына және өзге де қойылатын талаптарға сөйкес орындалуы тиіс.
Тиісті негізде орындалуға қойылатын талаптар әр түрлі болуы мүмкін, атап айтсақ, орындау тиісті мерзімде, тиісті орында, тиісті әдіспен жүзеге асырылуы тиіс. Міндеттемені орындау шарттары тек тараптардың келісімі бойынша немесе заңда бекітілген негіздер бойынша өзгертілуі тиіс.
- Міндеттемені орындау мерзімі көп жағдайда тараптардың келісімі бойынша анықталады. Бірақ кей кездерде тараптардың шарт мерзімін ескермейтін жағдайлар да кездесіп жатады. Мұндай жағдайда ҚР АК бекітілген Ережелер қолданылады. Сондай-ақ заңда міндеттемені ақылға қонымды мерзім ішінде орындамаған немесе міндеттеменің орындалу мерзімі талап ету сәтімен анықталған жағдайда борышқор міндеттемені несие берушінің талап еткен күнінен бастап жеті күн мерзім ішінде орындауға тиіс.
Егер орындалатын жер заңдармен немесе міндеттеме талаптарымен анықталмаса, онда міндеттеме төмендегідей жағдайда орындалуы тиіс:
• міндеттемеге сөйкес жылжымайтын мүлікті мүліктің тұрған орына берумен байланысты;
• міндеттемелер — тасымалдауды пайдалана отырып тауарды немесе өзге демүлікті несие берушіге жеткізу үшін алғашқы тасымалдаушыға өткізген жеріне байланысты;
• өзге де міндеттемелер бойынша тауар немесе басқа да мүлік мүліктің жасалған немесе сақталган орны бойынша берумен байланысты, егер бұл міндеттеме туындаған сәтте несие рушіге бұл жер белгілі болса;
•ақшалай міндеттемелер бойынша — несие берушінің тұрғылыңты жері бойынша, ал егер несие беруші заңды тұлға болса — орналасқан жері бойыша. Қолмакол ақшамен есеп айырыспаған жағдайда несие берушінің тұрғылықты жері есеп айырысатын жер болып табылады. Бұл төлемнің орындалды деп есептелуі есеп шотқа ақша аударылғаннан кейін ғана мүмкін болатындығын білдіреді;
•басқа міндеттемелер
бойынша — борышқордың
- Міндеттеменің орындалуы куәландырылған болуы қажет, яғни міндеттеменің орындалуы кезінде несие беруші борышқорға міндеттеменің толық немесе ішінара орындалғаны жөнінде қолхат беруі тиіс. Жалпы тәртіп бойынша, егер борыштық құжат несие берушіде болса, борышқор міндетте- менің орындалғанын дөлелдемейінше міндетті болып қалады.
Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістері
Күнделікті өмірде өр түрлі жағдайларға байланысты міндеттемелерді дер кезінде орындау қиындык тудырып жатады. Сондықтан да осындай жағдайлар болып қалғанда міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін әдістер болады. Оларға заңдар мен шарттарда көзделген айып төлеу, борышқордың мүлкін алып қалу, аманат, кепілдік, кепілақы, кепіл, т.б. жататындағы көрсетілген. Бұл өдістердің басты мақсаты — борышқордың өзінің міндеттемесін тиісті дөрежеде орындауына түрткі болу.