Нотариата куәландырылғандарға теңестiрiлетiн өсиеттер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2014 в 14:48, курсовая работа

Описание работы

Азаматтық құқық ғылыми сол құқық саласын зерттейтін жүйеге сәйкес келетін жүйені қамтиды, бірақ олар өзара тепетеңдікте бола қоймайды. Азаматтық ғылым жүйесі азаматтық заңдарда, сонымен қатар азаматтық кодексте жоқ бөлімдерді де қамтиды. Мысалы, азаматтық құқық пәні, азаматтық-құқықтық әдістеме ұғымдары, азаматтық құқық қатынастары туралы ілім тарихы, оның субъектілері мен объектілері туралы, меншік құқығы туралы жалпы ілім, міндеттемелер туралы, интеллектуалдық меншік туралы, мұрагерлік құқық қатынастары туралы жалпы ілім жөнінде айтсақ та жеткілікті

Содержание работы

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Мұрагерлік құқық және мұрагерлік туралы жалпы ережелер
2.2. Заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерлік
2.3. Нотариата куәландырылғандарға теңестiрiлетiн өсиеттер
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

кукык.docx

— 44.70 Кб (Скачать файл)

 Мұрагерлікті қабылдау,мұрагерліктен бас тарту

Мұрагерлікті қабылдау-бұл мұрагер жасайтын біржақты мәміле. Азаматтық заңдар мұраны қабылдаудың екі тәсілін қарастырады:

  1. Мұрагерлік мүлікке нақты түрде билік етуге кірісу;

  1. Мұрагерлік ашылған жердегі нотариалдық органға мұрагерлікті қабылдағаны жөніндегі арыз беру арқылы.

Осы аталған іс-қимылдар да мұрагерлік алынған күннен бастап 6 ай мерзімде жасалуы тиіс. Аталған уақытта өткізіп алу мұрагерліктен айырылуға апарып соқтырады. Бірақ, мұра алушының себептері дәлелді болса, онда сот бұл уақытты ұзарта алады.

 

 Заң ғылымында құқықтық қатынас күрделі жүйе ретінде қарастырылады, ол жеке-жеке үш элементтерден тұрады. Олар: субъект, объект (пән) және мазмұн (субъективтік құқық пен міндет).

  Мұрагерлік құқықтық қатынастың субъектісі мұрагерлік құқықтық қатынасқа қатысушы тұлғалар, яғни мұра қалдырушы мен мұрагер болып табылады.

  Мұрагерлік құқықтық қатынастың объектісі мұрагерлік құқықтың негізіне сәйкес, мұра қалдырушының мүліктік жиынтықтарының (соның ішінде мүліктік құқығы мен міндеті) бірыңғай тұтас нәрсе ретінде мұрагерлеріне ауысуы болып табылады.

 Өсиеттік бас тартылушылар (легаттар) дербес субъект бола алмайды.

 Нотариус қатысты субъект болып табылады.

 Мұрагерлік құқықтық қатынас құрамының үшінші элементі мазмұн болып табылады. Мұрагерлік құқықтық қатынастың мазмұны ҚР-ның АК-де белгіленген мұрагерлік құқыққа қатысушы тараптардың құқығы мен міндетінің жиынтығы.

  Мұрагерлік құқық субъектілердің одан әрі қарай заңдық қатынастарда тағдырын анықтау, осы қатынасқа құқығы бар тұлғаларды анықтау үшін тұлғаның қайтыс болуына байланысты пайда болатын құқықтық қатынастардың сипатын сараптауымыз қажет. Революциядан бұрын орыс цивилистері заңдық қатынастарды (қазіргі құқықтық қатынас) субъективтік құқық деп түсінген, яғни өзге тұлғалардың қажеттерін қанағаттандыруды қамтамасыз етуді жүзеге асырған, ол екі тұлға арасындағы байланыс сияқты, өзара талаптар мен міндеттерді белгілеген. Қазіргі уақытта құқықтық қатынастарға қатысушы тұлғалардың құқықтары мен міндеттерінің өзара байланысын айтуға болады. Осыдан мұрагерлік құқықтық қатынасты түсіндіруге болады. Яғни, қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің басқа адамдарға (мұрагерлерге) ауысуына байланысты реттейтін қоғамдық қатынастар.

 Мұрагерлік құқықтық қатынастың субъективтік құрамын сипаттаған кезде, сонымен қатар осы субъектілердің құқықтық қатынастарымен, олардың құқықтық статусы туралы айтатын болсақ, ең алдымен ҚР-ның АК-дегі осы субъектілердің нақты нормаларда қалай аталатынына тоқталайық. «Мұрагерлік құқық бойынша ауысатын мүлік иесінің» аталуы әртүрлі. Бір жерде «қайтыс болған азамат» ҚР-ның АК-нің 1038 бабында, кейбір жерде «мұра қалдырушы» ҚР-ның АК-нің 1040 бабы, 1042 бабы, 1043 бабы, 1044 бабы, 1045 бабы және т.б., кейбір жерде «өсиет қалдырушы» ҚР-ның АК-нің 1046 бабы, 1047 бабы, 1048 бабы және т.б. деп көрсетілген.  Бір баптың  өзінде екі түрлі атаумен де аталатын ержелер кездеседі. Мәселен, ҚР-ның АК-нің 1046 бабында «өсиет қалдырушы» және «мұра қалдырушы» деп көрсетілген. Бұл жағдайлар құқық қолдану кезінде бірдей талқылауда кедергі жасауы мүмкін. Әрине бұл сөздер «бір тұлғаға қатысты» екені түсінікті, дегенменде құқық қолдану органдардың, әсіресе соттардың шешімі кезінде, мұндай жағдайларды жібермеу керек. Өйткені азаматтық заңның өзінде бұл келеңсіздікке қатысты арнайы бап қарастырылады. ҚР-ның  АК-нің 6 бабына сәйкес, «Азаматтық заң қалыптары оларда айтылған сөдердің дәлме-дәл меніне сәйкес түсінілуі тиіс. Заң қалыптарының мәтінінде қолданылған сөздерді әр түрлі түсінуі мүмкін болған жағдайда Қазақстан Республикасы Конституцияның ережелеріне және азаматтық заңдардың осы тарауда, ең алдымен оның 2 бабында баяндалған негізгі қағидаттарына сай келетін түсінікке басымдық беріледі» деген.

 «Қайтыс болған азамат», «мұра қалдырушы», «өсиет қалдырушы» ұғымдарын бірыңғай түсіндірсек. ҚР-ның АК-нің 1046 бабында, «қайтыс болған азаматты», 2 ұғымда көрсетсек, яғни мұра қалдырушы және өсиет қалдырушы.

  Нақты тоқталып өтсек, ҚР-ның АК-нің 1046 бабының 6 тармағында, «мұра қалдырушы жасалған өсиеттің оны жасағаннан кейін кез келген уақытта күшін жоюға және өзгертуге ерікті және күшін жоюдың немесе өзгертудің себебін көрсетуге міндетті емес» деген. Мұнда «мұра қалдырушы» ұғымы тектік мағынада айтылады. Себебі, қайтыс болған азамат өсиет қалдырғанымен, оны қайта өзгертуге болады деген сөз, қайтыс болған азамат өсиет қалдырмауы да мүмкін дегенді білдіреді.

  «Өсиет қалдырушы» ұғымы тек өсиет қалдырған азаматқа қатысты айтылады, мұраға қатысты түрлі ұғымда айтылып тұр. Өсиет қалдырмай, қайтыс болған адамды немесе мұра заңды мұрагерлік негізде жүзеге асатын болса, қайтыс болған азаматты өсиет қалдырушы деп айта алмаймыз.

  ҚР-ның АК-нің 1046 бабының 7 тармағына сәйкес, «мұра қалдырушының өсиетте өзі мұрагер етіп тағайындаған адамдарға, олар қайтыс болған жағдайда өз кезегінде өсиет еткен мүлікті белгілі бір түрде билік еті міндетін жүктеуге болады», деген. Мұнда мағынасына қарай түрлі ұғымға қатысты айтылғандықтан «мұра қалдырушы» ұғымын «өсиет қалдырушы» ұғымына ауыстыру ұсынылады. Себебі, мұнда тек өсиетке қатысты, өсиет бойынша туындайтын құқықтық қатынастар туралы айтылып тұр.Бұл жерде «Мұра қалдырушы» тектік ұғымда, ал «өсиет қалдырушы», « қайтыс болған азамат» және т.б. түрлі ұғымда айтылады. Тектік ұғым жалпы түп негізін кең ауқымды түсіндіретін ұғым. Түрлі ұғым тектік ұғымның белгілі бір бөлігі ретінде түсіндіріледі.

 Сонымен, мұрагерлік құқықтық қатынастардың субъектілеріне қатысты «Мүра қалдырушы» ұғымы «өсиет қалдырушы», «қайтыс болған азамат» және т.б. ұғымдарына қарағанда тектік мағынада берілген.

  Бұл бөлімшеде, сонымен қатар мұраның ашылуы, мұраның ашылу орны, лайықсыз мұрагер мәселелері қарастырылады. Осы мәселелерге қатысты келесі мән-жайларды айтуға болады. Біріншіден, мұрагерлік мүліктік құқықтық қатынастардың жиынтығы нақты заңды фактілерге байланысты –мұра қалдырушының өлімі. Екіншіден, мұраның ашылу уақытына анықтама бере отырып, заң шығарушылар коммориенттерге қатысты ережелерде бірнеше мәселелердің шешуін тапқан, мысалы, бір күнде қайтыс болған адамдар бірінен кейін бірі мұрагер бола ала ма жоқ па немесе мұраның ашылу орны бойынша жаңа критерийлер ұсынылған. Үшіншіден, бұрынғы Қазақ КСР-нің АК-нің заңдарына қарағанда лайықсыз мұрагер деп танылған тұлғаларға қатысты ережелер нақты, түсінікті және олардың кінәлары анықталынған. Мұрадан лайықсыз мұрагерлерді шеттету үшін ниет негіз болып табылады.

  Мұрагерліктен бас тарту. Алты ай мерзім ішінде мұрагер мұрадан бас тарта алады. Бұл жағдайда мұра дүние-мүлік басқа адамдар арасында тең бөлінеді.

  Мұра қалдырушы өз меншігіндегі дүние-мүлкін мұрагерлеріне қалдырумен қатар, оның белгілі бір бөлігін басқа біреулерге қалдырғысы келуі мүмкін. Ол осыған орай мұрагерлеріне тиісті әрекеттер жасауға міндеттейді. Бұл өсиет тапсырмасы деп аталады. Бірақ ол жасы толмаған немесе еңбекке қабілетсіз өз балаларын ( оның ішінде асырап алған балаларын да ), сондай-ақ өлген адамның еңбекке қабілетсіз ерін немесе зайыбын, ата-аналардың ( бала асырап алушыларын да ) және қарауында болған адамдардың ақшасыз, мүліксіз қалдырмауы тиіс.

  Осы жағдайды ескеріп, өсиеттің мазмұны қандай болса да, мұраға ие болу кезінде соң аталғандардың әрқайсысына тиісті үлестің ( міндетті үлестің ) кеміңде үштен екісіндей мөлшеріне ие болуды қарастырады. Міндетті үлестің мөлшерін белгілегенде үй жиһаздары мен бұйымдардан тұратын мұралық мүліктің құны да есепке алынады. Сонымен, мұрадағы міндетті үлес- өсиеттің мазмұнының қалай екеніне қарамастан берілетін заң бойынша тиісті үлестің бір бөлігі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Өсиет бойынша мұрагерлік

Әр адамға тірісінде өз дүние мүлкін кімге болса да мұра етіп қалдыра алады. Өсиет бойынша мұрагерлік дегеніміз-заңда көрсетілген ретпен жасалған азаматтың өз дүние мүлкін кімге қалдыру жөніндегі тірі кезіңде жасалған ерікті тапсырмасы.

Өсиет бойынша мұрагерлер мыналар болуы мүмкін:

  1. Заңға сай мұрагерлер;

  1. Заң бойынша мұрагерлікке кірмейтін бөте адамдар;

  1. Мемлекет пен жеке ұйымдар.

Мұра ашылғаннан кейін заңда көрсетілген мерзім ішінде ( 6 ай, Азаматтық Кодекс 1063-бап ) мұрагер ол мұраны қабылдай алады.

Өсиет бойынша мұрагерлік - азаматтың қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлікке билік ету жөнінде өз ықтиярын білдіруі өсиет болып танылады. Өсиетті оны жасаған кезде толық әрекет қабілеттілігі бар азамат жасайды. Азамат өзінің барлық, мүлкін немесе оның бір бөлігін заң бойынша мұрагерлер тобына кіретін де, кірмейтін де бір не бірнеше адамға, сондай-ақ заңды тұлғаларға және мемлекетке өсиет етіп қалдыра алады. Өсиетті өзі жасауға тиіс. Өкіл арқылы өсиет жасауға жол берілмейді Өсиет қалдырушы себебін түсіндірместен заң бойынша мұрагерлер біреуін, бірнешеуін немесе барлығын мұрадан айыруға құқылы. Егер өсиеттен өзгеше туындамаса, заң бойынша мұрагерді мұрадан айыру оның ұсынылу қүкығы бойынша мұрагерлік етуші ұрпақтарына қолданылмайды. Мұра калдырушы өзінің кез келген мүлкі, онын ішінде болашақта сатып алуы мүмкін мүлкі туралы да әкімі бар өсиет жасауға құқылы. Өсиет қалдырушы мұрагерлердін мұрадағы үлесін кез келген түрде белгілеуі мүмкін, әр түрлі мүлікке қатысты бір немесе бірнеше өсиет жасай отырып, өз мүлкіне немесе оның қандай да бір бөлігіне билік ете алады. Мұра қалдырушы жасалған өсиеттің оны жасағаннан кейін кез келген уакытта күшін жоюға және өзгертуге ерікті және күшін жоюдың немесе өзгертудін себебін көрсетуге міндетті емес. Мұра қалдырушының өсиетте өзі мұрагер етіп тағайындаған адамдарға, олар қайтыс болған жағдайда өз кезегінде өсиет еткен мүлікті белгілі бір түрде билік ету міндетін жүктеуге құқығы жоқ.

Өсиет жазбаша түрде жасалады.  Ол нотариалдық кеңсе немесе жергілікті әкімшілікпен расталуы тиіс. ҚР Азаматтық  кодексінің 1051- бабының 1-3 - тармақтарына сәйкес нотариалды түрде куәландырылған өсиетті өсиет қалдырушының өзі немесе  өсиет қалдырушының айтуымен куәнің қатысуы арқылы нотариус жазуы тиіс. Өсиет қалдырушының айтуы бойынша нотариус жазған өсиетті  қол қойылғанға дейін нотариус пен куәнің  қатысуы арқылы өсиет қалдырушы толық оқып шығуға қажет. Егер өсиет қалдырушы дене кемістіктеріне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетті өзі оқи алмайтын болса, ол үшін оның мәтінін нотариустың қатысуымен куә оқып береді. Өсиет қалдырушының өсиетті өзі оқи алмауының себептері  көрсетіліп, бұл туралы өсиетте тиісті жазба жасалады.  Егер нотариалды түрде куәландырылған өсиет куәнің қатысуымен жасалса, өсиетте куәнің тегі, аты және тұрақты тұратын жері көрсетіледі. Осындай мәліметтер өсиетке өсиет қалдырушының орнына қол қойған адамға да қатысты  енгізілуі тиіс. Өйткені өсиет қағазына мұра қалдырушы қол қояды. Белгілі себептермен өсиетке қол қоя алмайтын болса, ол үшін басқа адам қол қояды, бірақ бұл кезде оның жанында нотариус немесе басқа лауазымды адам болуға тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Заң бойынша мұрагерлік

Заң бойынша мұрагерлік көне рим жүйесіндегі XII кесте заңына апарады. Заңда мұрагерліктің 3 кезеңі реттелінген. XII - ші кесте заңында I- ші кезектілерге мұра қалдырушының қоластында саналатын балалары, алдында қайтыс болған балаларының балалары, яғни немерелері кірген. Бұлар «қажетті мұрагерлер» деп есептелген. Егер «қажетті мұрагерлер» болмаған жағдайда мұраға өлген адамның агнаттық туыстары шақырылған. Ол мұраны қабылдамауға құқы болған, мұндай жағдайда мұра иесіз қалған мұра деп саналған, мұндай сәтте құқық ауылтырылмаған деп саналған. Егер мұра қалдырушының еш жақыны болмаса мұра III -ші кезектегі болып саналатын когнаттық туыстарына өткен. Тек IV- ші кезек ретінде ғана мұра қалдырушының жұбайына өткен. Бірақта бұның өзінде жесір әйеліне тиген.

Бізде өсиет бойынша мұрагерліктен гөрі заң бойынша мұрагерлік жиі кездеседі. Өйткені адамдар артындағы мүлкіне өсиет жазып қалдыруға дағдыланбағандықтан да өсиет жазуға үлгермейді. Ал кейбір адамдар үшін бұл белгілі бір шеңберден шығумен тең. 

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

III Қорытынды 

 

Азаматтық құқығында мұрагерлік құқық қатынастары үлкен маңызы бар. Мұрагерлік тікелей өзі белгіленген жағдайларда өзге де заң актілерімен реттеледі.

Мұрагерлік өсиет және заң бойынша жүзеге асырылады. Өсиет қалдырылмаған не бүкіл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген өзге де жағдайларда мұрагерлік заң бойынша орын алады. Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен міндеттері кіреді.

Қоғамдық өмірдің түпкілікті ауысуы біздің елімізде көптеген салалардағы құқықтық реттеуді дамытуды талап етеді. Мұрагерлік бұл экономикалық мазмұны бар қатынастар.

Кеңес заманындағы мұрагерлік құқық Рим құқығының негізінде жасалған, жақсы дамыған институт. Бірақ көне мүліктік жүйеде көптеген мәселелер өз шешімін таппады. Ал жаңа заңдағы бекітілген ережелер сол мәселелерді қайта көтеріп, жаңа проблемаларды туындатты. Мұрагерлік мүліктік қатынастарды құқықтық реттеу конституциялық, азаматтық-құқықтық нормасы бойынша өзінің мұра қалдыру мүмкіндігін және азаматтың қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлкін өз ықтиярымен билік ету бойынша өсиет қалдыруы, не болмаса заңды мұрагерлік бойынша мұрагерліктің жүзеге асуы, сонымен қатар осы мәселелер бойынша өзге тұлғалардың мүлікке қол сұғуынан құқықтық қорғау тәсілдері бекітілген. ҚР-сы Конституциясының 26 бабына сәйкес: «Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады.»

Кез келген адамның өмірінде мұрагерлік құқықтарды рәсімдеу қажеттілігінің туындайтыны әбден мүмкін жағдай. Біздің елімізде азаматтар артындағы дүниемүлкіне өсиет жазуға әдеттенбеген деуге болады. Сондықтан да болар бірге туған ағайындардың мұраға таласып, бір-бірімен араздасып жататын ыңғайсыз жағдайлар аз кездеспейді.   

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер: 

 

1. Батырбаев Н.М., Аманқожаев А. «Мұрагерлік  құқық». Оқу құралы. Алматы. 2006 ж.

2. Қазақ әдет-ғұрып заңдарындағы мұра мен мұрагерліктің қоғамдағы рөлі А. Смағұлова. — // Заң. — 2005. — №9.

3. Құқық негіздері. Оспанов Қ.И. Алматы 2006

4. Мұрагерлік мұраты — бірлік. Тарих тағылымы / А. Смағұлқызы // Заң газеті. — 2005. — №125, 13 қазан. Қазақстан Республикасының Жер кодексі, 20 маусым 2003 ж.

5. Төлеуғалиев Ғ. ҚР Азаматтық құқығы. Оқу құралы. Алматы 2001 ж. 

 

 

  

 

 

  

 

 

        

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Нотариата куәландырылғандарға теңестiрiлетiн өсиеттер