Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2015 в 13:51, реферат
Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген,белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
1. Кіріспе...........................................................................................................3
2. Салықтар: типтері........................................................................................4
3. Қазақстан Республикасының салық түрлері............................................5
4. Қорытынды...................................................................................................8
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
Заң факультеті
Экологиялық және кәсіпкерлік құқық кафедрасы
Реферат
«ҚР-ның салық құқығы»
Орындаған: Рамазанов Н.С. РЭТ-35
Астана – 2015
Жоспар
1. Кіріспе.......................
2. Салықтар: типтері.......................
3. Қазақстан Республикасының салық
түрлері.......................
4. Қорытынды.....................
Кіріспе
Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар
– бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң
жүзінде белгіленген,белгілі бір мөлшерде
және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз
және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай
төлемдер.
Салықтардың экономикалық
мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін
жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын
ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Қазіргі кезде бухгалтерлік
есеп ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның
қаржылық жағдайын сипаттап, басқарушы
шешім қабылдаудың негізі. ҚР аймағында
әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге
қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік
есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі.
Жалпы алғанда салық міндеттемесі мемлекет
алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі
болып табылады және ол салық заңына сәйкес
жүргізіледі. 2001 жылғы 12 маусымда №209-11
Қазақстан Республикасының «Салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдер туралы» (өзгертулер және толықтырулармен)
салық Кодексі қабылданды. Кодекске сәйкес
жеке және заңды тұлғалардан алынатын
салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың
негізгі көзі болып табылады.
Салықтар: типтері
Салық, алым, баж және басқа төлемдер деп заң актілерімен белгіленген тәртіп пен шарттарға сәйкес, төлеушілердің бюджетке, немесе, бюджеттік емес қорларға міндетті түрде жасайтын жарнамалары аталады. Ұлттық табысты қайта бөлу факторы бола отырып, салықтар мына жағдайларды жүзеге асырады: бөлу жүйесінде пайда болатын қателіктерді жоюға мүмкіндік туғызады, адамдардың осы немесе басқа әрекеттердің дамуын ынталандырады. Мемлекетке түсетін салықтардың, алымдардың, баждардың және басқа төлемдердің жиынтығы және олардың құрылуының формалары мен әдістерінің жиынтығы салық жүйесін құрайды. Салық жүйесі мемлекеттің сәйкес заңдылық актілеріне негізделеді. Оның арқасында салықтың құрылуының және жиналуының нақты әдістері, яғни салықтың элементтері белгіленеді:
· салықтың субъектісі, немесе, салық төлеуші – арқылы салық төлеу міндеті артылған адам. Бірақ, салықтың ауыртпашылығы бағалар механизмі арқылы, басқа тұлғаға жүктелуі мүмкін, сондықтан арнайы салық төлеу қызметін атқарушы – салықты ақиқат төлейтін тұлға белгіленеді;
· салықтың объектісі – салық есептелетін табыс немесе мүлік (жалақы, пайда, құнды қағаздар, жылжымайтын мүліктер т.б. )
Жанама салықтар бүгінде үш түрде көрінеді: акциздер, фискалды, монопольді салықтар және кеден салығы. Бұлардың ішіндегі ең бастысы – акциздер. Олар тауар бағаларына немесе қызмет көрсету тарифтеріне қосылады. Әрбір елдің ерекшеліктеріне қарай акциздер халық тұтынатын тауарларға, транспорт, байланыс, тұрмыстық қызмет көрсету түрінесалынады. Қазіргі кезде акциздің бір түрі – қосымша құнға салық салу кенінен дамуда. Бұл жағдайда салық тауарды өткізгенен түскен барлық түсімге салынбай, тек осы кезендегі өндірістік қызметтік нәтижесінде қосылған құнға салынады. Фискалды, монопольды салық мемлекеттің монопольды өндіретін тауарларына салынатын жанама салық. Нақты елдердің ерекшеліктеріне қарай олардың қатарына темекі бұйымдары, алкогольдік ішімдіктер, сусындар, тұз және т.б. басқа болуы мүмкін. Фискалды, монопольды түсімдері әдетте мемлекеттік бюджетке, біраз бөлігі жергілікті үкметтің бюджетіне түседі.
Қазақстан Республикасының салық түрлері.
Қазақстан Республикасының салықтарның, салық сипатындағы алымдардың тізбесі мыналарды қамтиды:
1. Корпорациялық табыс салығы.
2. Жеке табыс салығы.
3. Қосылған құнға салынатын салық.
4. Акциздер.
5. Жер қойнауын
6. Әлеуметтік салық.
7. Жер салығы.
8. Көлік құралдарына салынатын салық.
9. Мүлікке салынатын салық
Корпорациялық табыс салығы бюджет түсімдерінде едәуір орын алады.(23,2%) Бұл салықты Ұлттық банк пен мемлекттік мекемелерді қоспағанда Қазақстан Республикасы резидент-заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстанда қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе республикадағы көздерден табыс алатын бейрезидент-заңды тұлғалар төлейді. Корпорациялық табыс салығын салу механизмі заңды тұлғалар салықты есептеу, төлеу тәртібін, алу шарттарын, жеңілдіктер мен санкйияларды, төлеу уақытын айқындайды. Салық салынатын табыс, төлем көзінен салық салынатын табыс және Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның таза табысы корпорациялық табыс салығы салынатын объектілер болып табылады. Резидент-заңды тұлғаның жиынтық жылдық табысы салық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасы мен одан тыс жерлерден алынуға тиіс табымтардан тұрады. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысысалық заңнамасына сәйкес анықталады, оған тұрақты мекеменің қызметіне байланысты табыстардың барлық түрлері жатады.
Жеке табыс салығы. Бұл төлем бойынша қаражаттардың түсімі (2001 жылға дейін – жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы) барлық салық төлемдерінің 9% алады. Салық салу объектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып есептеледі. Салық салу объектісі төлем көзінен салынбайтын табыстар болып табылады. Салық агенттері жеке табыс салығын есептеу мен ұстап қалуды төлем көзінен салық салынатын табыс төленетін күннен кешіктірмей жүргізедіі. Олар салық төлеушілердің тұрған жері бойынша есепті айдың табысын төлеудің соңғы күнінен кейінгі бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының щегінен тыс жерлерде төленген жеке табыс салығының сомасы белгіленген тәртіппен Қазақстанда салық төлеу кезінде есепке жатқызылады.
Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері. Қазақстан Республикасының салық жүйесінде табиғи ресурстарды, пайдалы қазбаларды, жер қойнауын пайдалануға байланысты бірқатар төлемдер бар, оларды шартты түрде салықтық сипаты бар табиғи ресурстар үшін төленетін төлемдер ретінде бір топқа біріктіруге болады. Оларға үстеме пайдаға салынатын салық, жер қойнауын пайдаланушылардйң арнаулы төлемдері, су үшін төленетін төлем, орманды пайдаланғаны үшін төлем (орман табысы) және басқалары жатады. Аталған төлемдер негізінен ренталық сипатта болады, өйткені олардың пайда болуы мен мөлшерлемелерінің шамасы шығарылатын және шаруашылық қызметте пайдаланылатын материалды, шикізатты, минералды ресурстарды алу, тұтыну, олардың сапасы табиғат факторларымен байланысты болады. Техногендік минералды құралымдардан пайдалы қазбалар алуды қоса, Қазақстан Республикасыда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар жер қойнауынпайдаланушылардың үстеме пайдаға салынатын салығы мен арнаулы төлемдерді төлеушілер болып табылады. Жер қойнауын пайдаланушы үшін белгіленген салық режімі тек қана Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға жасалатын келісімшартта айқындалады.
Әлеуметтік салық – мемлекетке алынатын салықтардың бірі. Ол 1999 жылдан бері бұған дейін қолданылып келген әлеуметтік қорларға: зейнетақы, мемлекеттік әлеументтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру, халықты жұмыспен қамту қорларына аударылатын сақтық жарналары аударымдарының орнына енгізлген. Аударымдардың жиынтық мөлшерлемесі еңбекке ақы төлеу қорның 28% мөлшерінде белгіленді, ал төленетін жарналардың сомасы өндіріс шығындарына жатқызылды. Әлеуметтік салықтан түсетін түсімдер мемлекеттік бюджетке 17% алады. Қазақстан республикасының резидент-заңды тұлғалары шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері, сондай-ақ Қазақстанда қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар әлеуметтік салық төлеушілер болып табылады. Жұмыс беруші төлейтін ақшалай немесе заттай нысандағы кез келген табыстар нысанындағы оның қызметкерлерге төлейтін шығыстары резидент- заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстанда қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері үшін әлеуметтік салық салу объектісі, ал жеке кәсіпкелер, жеке нотариустар, адвокаттар үшін олардың өздерін қоса алғанда, қызметкерлер саны бұл салық салудың объектісі болып табылады.
Меншікке салынатын салықтар нарықтық экономика жағдайында мемлекет иелігінен алу үшін және жекешелендіру процесінің дамуына қарай меншік қатынастарындағы нақтылы өзгерістермен байланысты едәуір орын алады. Меншікке салынатын салықтарға жер салығы, мүлікке салынатынсалық, көлік құралдарын салынатын салық жатады. Меншікке салынатын салықтар негізінен жергілікті бюджеттерге есептеледі. Салықтардың мөлшерлемелері меншіктің таьыстылығы бойынша емес, сыртқы нышандар – меншіктің мөлшерлері бойынша белгіленетіндіктен физкалдық мақсаттан басқа бұл салықтардың меншікті прайдаланудың тиімділігін көтермелеу мақсаты бар. Меншікке салынатын салықтар қоғам алдындағы салықтыұ жауаптылықты біркелкі етіп, бөлуге мүмкіндік береді. Мұның әсіресе жер салығына, мүлікке салынатын салыққа қатысы бар.
Жер салығы 1992 жылы енгізілді. Жерге салынатын салықты енгізу мынандай мақсаттарды көздейді: экономикалық әдістермен жерді ұтымды пайдалану және жерге орналастыру, жердің құнарлығын арттыру, оны қорғау жөніндегі шараларды жүргізу үшін, сонымен бірге аумақтың әлеуметтік- мәдени дамуы үшін бюджет кірістерін қалыптастыру. Жер салығын төлеу барлық жер иелері, жер пайдаланушылар, соның ішінде жалгерлер мен жер иелері үшін міндетті болады. Жер салығын анықтау үшін жер учаскесінің аланы салық базасы болып табылады. Салық әрбір жер учаскесі бойынша жеке салық базасына тиісті салық мөлшерлемесін қолдану жолымен есептеледі. Қорғаныс қажеті үшін берілген жерлерге салынатын салықты алу тәртібін Үкімет белгілейді. Бюджетке жер салығы жер учаскесінің орналасқан жері бойынша төленеді. Мүлікке салынатын салықтар тура нақтылы салыққа жатады, оның мөлшері мүліктің табыстылығына емес, төлеушілер мүлкінің құнына байланысты болады. Салық мүлік иелеріне оны тиімді иеленуге түрткі болады. Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық объектісі бар заңды тұлғалар мен меншік құқығында салық салу объектісі бар жеке кәсіпкерлер заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүліктеріне салынатын салықтытөлеушілер болып табылады. Заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрлымдық бөлімшелері салық төлеушілер ретінде қарастырылады. Мүлікке салынатын салықты төлеудің көзі табыстың мүлікті пайдаланудың нәтижесі болып табылатындығына немесе өзге де әдістермен алынатындығына қарамастан олардың табысы болып есептеледі.
Қорытынды
Сонымен тақырыбымды қорыта келсем, салық – мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің ең басты көзі. Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер. Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады. Сонымен қатар салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекетке түсетін салықтардың, алымдардың, баждардың және басқа төлемдердің жиынтығы және олардың құрылуының формалары мен әдістерінің жиынтығы салық жүйесін құрайды.