Құқық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2014 в 21:55, реферат

Описание работы

Құқық негіздері – қоғамдағы саяси экономикалық, әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмірдегі қарым-қатынастарды реттеу, басқару әдіс-тәсілдерін, объективтік заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым.
Сонымен қатар құқық – қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекет бекітіп, қамтамасыз ететін жалпыға міндетті, формальды анықталған заңдық нормалар жүйесі.

Содержание работы

Кіріспе
Негізгі бөлім
Құқықтың пайда болуы, ұғымдары мен санаттары
1. Құқықтың пайда болуы мен дамуы
2. Құқық ұғымы, мәні және ерекшеліктері
3. Құқық жүйесі мен нысандары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Құқық негіздері реферат.DOC

— 87.50 Кб (Скачать файл)

Құқықтың нысаны – мемлекеттік биліктің нормаға, заңға айналу түрлері, олар:

  1. Құқықтық әдет-ғұрып. Бұл құқықтың негізгі қоғам тарихында мемлекеттің қалыптасу кезеңінде өмірге келген құқық нысаны. Әдет-ғұрып нормалары адамдардың қарым-қатынасында ғасырлар бойы қолданылған, өмірде жан-жақты тәжірибе арқылы қалыптасқан.

2. Құқықтық прецедент – соттың және әкімшілік органның нақты бір істі – мәселені қарап, реттеп, шешім қабылдаған кесімдері басқа істерді, реттеп шешуге негізгі норма бола алады. Бұл шешімдер нормативтік актілердің бір түрі.

3. Нормативтік шарттар – қоғамдағы қатынастардың негізі бола алады. Мысалы: Германия Федеративтік Республикасы мен Германия Демократиялық Республикасының бірігу шарты, мемлекеттердің арақатынасындағы шарттар, кәсіпшілер одағының ұжымдық шарттары т.б.

4. Референдумда қабылданған нормативтік кесімдер – заңның бір түрі. Сондықтан бұл кесімдер құқықтың ең күрделі, ең басым негізі. Референдум жалпы мемлекеттік түрде және жергілікті мақсатпен өткізіледі. 

5. Нормативтік-құқықтық кесім – мемлекеттік органның қабылдаған, бекіткен кесімі. Қоғамдағы қарым-қатынастардың басым көпшілігі осы нормативтік кесімдер арқылы реттеліп, басқарылады.

Барынша көп тараған құқықтық қайнар көздерінің бірі, мінез-құлықтың жалпы міндетті ережесі, мемлекеттің органдары жасаған не бекіткен ресми іс-құжаттардың жиынтығын нормативтік-құқықтық актілер болып есептеледі. Нормативтік-құқықтық акт – референдумда қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат.

Құқық жүйесінде заңдар ерекше орын алады. Өзінің заңдық күші және маңыздылығы жағынан жетекші орынға ие нормативтік-құқықтық актілердің бірі заңдар. Заңдар -  белгіленген тәртіппен қабылданғаннормативтік құқықтық актілердің жиынтығы. Заң – қоғамдық қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасының Парламенті және Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайтын нормативтік құқықтық акт. Заң басқа нормативтік-құқықтық актілерден заңдық күші жағынан жоғары тұрады. Сондықтан басқа нормативтік-құқықтық актілер заңға қайшы келмей соның аясында, шеңберінде әрекет жасайды.

Нормативтік - құқықтық актілер ішінде заңдық күші жағынан ең жоғары тұрған Қазақстан Республикасы Конституциясы. Конституция – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттің негізгі заңы.

 Нормативтік - құқықтық актілердің бірі кодекс. Кодекс  - дегеніміз біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар біріктіріліп, жүйеге келтірілген заң.

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Құқық мемлекет тағайындаған және мемлекетте әрекет ететін құқық нормаларының жүйесі. Құқық қоғамдағы адамдардың қарым-қатынасын реттейді, құқықтың қоғамдағы адамдардың қатынасын реттеуі қызметі құқықтық нормалар қоғамдық практикаға, адамдар мен ұйымдардың, органдардың іс-әрекетіне енген жағдайда толық орындалады.

Құқық мемлекет белгілеген немесе санкциялаған жалпыға бірдей міндетті мінез-құлық ережелерінің жүйесі, олар арқылы қоғам мен жеке тұлғалардың аса маңызды мүдделері жүзеге асырылады.

Құқық қоғамның саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік органдардың құрылымы және оларды жасақтау тәсілдері – лауазымды адамдарды сайдау және тағайындау, олардың билік аясы, өкілеттігі, іс-әрекеті мен оның әдісткрі құқықтық нормалар арқылы анықталады. Құқық қоғамның әлеуметтік өмірінде де зор рөл атқарады. Құқықтық нормалар білім алудың, денсаулық сақтаудың, отбасын құрып, оны нығайтудың заңдық шарттарын белгілейді.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында жеке меншіктің жан-жақты нысандары дамып келе жатқан, белсенді бастамашыл кәсіпкерлік қызмет пен адамның саяси және басқа құқықтарын еркін іске асыру мүмкіндіктеріне кең жол ашылып отырған жағдайларда, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған құқық жүйесі құрылуда.

Құқық - адамдардың өмір сүруі үшін қалыпты жағдайлар туғызуға, қоғамның барлық бағыттарда дамуын заңдық жағынан қамтамасыз етуге тиісті мемлекеттік қуатты құрал болып табылады. Құқық тек жұртты жазалау үшін, күштеу шараларын қолдану үшін ғана қажет емес. Құқық азаматтардың өздеріне берілген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланғанда, құқық нормаларының талаптарын орындағанда, мемлекеттік органдар тарапынан құқық нормаларының талаптарын бұзғандарға шара қолданылғанда ғана нақты іс жүзіне асқан болып табылады.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. «Құқық негіздері» оқу құралы. Оспанов Қ.И., Алматы: Жеті Жарғы, 2006ж.
  2. «Мемлекет және құқық негіздері» оқу құралы. Дулатбеков Н.О., Амандықова С., Турлаев А., Астана: 2001ж.
  3. «Құқық негіздері» оқулық. Баққұлов С.Д., Алматы: 2004
  4. «Құқық негіздері» барлық мамандықтардың студенттеріне практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар.                     Ахметова Г. Т., Алматы: 2005ж.
  5. «Мемлекет және құқық теориясы» оқу құралы. Булгакова Диляра Асхановна., Алматы : Заң әдебиеті, 2006ж.

6. «Мемлекет және құқық негіздері» оқулық. Е.Баянов., Алматы: Жеті жарғы, 2001ж.

 

 

 


 



Информация о работе Құқық негіздері