Конституциялық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 07:31, реферат

Описание работы

Конституциялық құқықтың пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар мемлекеттік билікті жџзеге асырумен тікелей байланысты және мемлекеттік құрлыс, оның ұйымдарымен қатынасы, сондай-ақ адам мен мемлекет арасындағы қатынастар болып табылады. Сондықтан конституциялық құқықтың құқықтық реттеу пәні болып мемлекет пен қоғам өмірінің саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени сферасындағы тек негізгі қоғамдық қатынастар болады. Конституциялық құқықтық қатынастар келесі әдістермен реттелінеді: міндеттеу әдісі; тыйым салу әдісі; рұқсат ету әдісі; тану әдісі.

Файлы: 1 файл

конст құқық тусиниги.docx

— 19.78 Кб (Скачать файл)

Конституциялық құқық тџсінігі, пәні және конституциялық құқықтық қатынас тџсінігі, қайнар көздері

 

Конституциялық құқық – құқықтық реттеудің жеке пәні болып табылатын, біркелкі қоғамдық қатынастарды реттейтін және ішкі бірлігімен сипатталатын құқық нормалар жиынтығын көрсететін ҚР құқық жџйесінің саласы.

 

Конституциялық құқықтың пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар мемлекеттік билікті жџзеге асырумен тікелей байланысты және мемлекеттік құрлыс, оның ұйымдарымен қатынасы, сондай-ақ адам мен мемлекет арасындағы қатынастар болып табылады. Сондықтан конституциялық құқықтың құқықтық реттеу пәні болып мемлекет пен қоғам өмірінің саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени сферасындағы тек негізгі қоғамдық қатынастар болады. Конституциялық құқықтық қатынастар келесі әдістермен реттелінеді:  міндеттеу әдісі; тыйым салу әдісі; рұқсат ету әдісі; тану әдісі.

 

Конституциялық құқық – бұл ҚР  конституциялық құрлыс негізін, адам мен азаматтың, мемлекеттік құрлыстың, мемлекеттік билік органдарының жџйесін, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару негізін реттейтін құқық нормаларының жиынтығын көрсететін ҚР жетекші құқық саласы.

 

Конституциялық құқықтық қатынастар дегеніміз – мемлекеттік биліктің функциясымен, ұйымдастырылуымен байланысты конституциялық нормалардың негізінде тоқтатылатын және өзгертілетін қоғамдық қатынастардың адаммен және азаматпен, саяси партиялармен, қоғамдық қозғалыстармен өзара қарым-қатынасын айтамыз.

 

Конституциялық құқықтық субъектілері – бұл конституциялық – құқықтық қатынасқа  қатысушылар. Субъектілердің шеңбері өте кең : бұл саланың құқықтық нормалары кімге міндет жџктеп және кімге құқық берсе сол субъект бола алады. Олардың ішінде мынандай субъектілер: мемлекет, халық, депутат, мемлекеттік билік органдары, сайлау комиссиялары, азаматтар, азаматтығы жоқ азаматтар, шет ел азаматтары және тағы басқалары болады.

 

Конституциялық құқықтық қатынастардың объектілері дегеніміз шынайы әрекет құбылыстары негізінде құқық қатынастарының субъектілерінің құқықтық байланысқа тџсуі. Конституциялық құқық қатынастарының объектілеріне жататындар: мемлекеттік территория, материалдық құндылықтар, адамдардың тәртібі, мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғалардың әрекеті, азаматтардың жеке мџліктік емес құқықтары жатады.

 

Конституциялық – құқықтық нормаларға басқа құқық саласы нормаларының барлық белгілері тән. Олар сондай-ақ қоғамдық қатынастарды тәртіпке салу құралы болып табылады және мемлекетпен қабылданып реттеушілік және  қорғаушылық функцияларды атқарады. Реттеуші нормаларға, құқықтық қатынас мџшелеріне субъективтік құқық беру және оларға заңдық міндеттеме жџктеу жолымен тәртіптің белгілі бір нұсқасын белгілейтін конституциялық-құқықтық нормалар жатады. Құқық қорғаушы нормаларға субъектілер тәртібін, олар тәртіпті бұзған жағдайда, мемлекеттік мәжбџрлеу шараларын белгілеу жолымен анықтайтын конституциялық-құқықтық нормалар жатады.

 

Конституциялық - құқықтық нормалар - бұл мемлекеттің мәжбџрлеу кџшімен қамтамасыз етілетін және нақты құқықтар мен міндеттермен жџзеге асырылатын белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеу және қорғау мақсатында мемлектпен бекітілген және санкцияланған жалпыға міндетті тәртіб ережелері.

 

Конституциялық – құқықтық институттар дегеніміз қоғамдық қатынастың бір жақты және өзара байланысын реттейтін және біршама өзіндік топтар құрайтын конституциялық құқық нормаларының жиынтығы.

 

Мысалы, азаматтық институты, президенттік институты, сайлау құқығының институты және тағы басқалар. Құқықтық нормалардың институты реттелетін сфераның барлық жақтарын қамтиды. Оларда өздеріне тән тџсініктер, терминдер, жағдайлар болады. Мысалы, азаматтық институтының мазмұны «азамат», «азаматтық», «азаматтықтан шығу», «азаматтардың құқығы, еркіндігі мен міндеттері» сияқты тусініктерде көрсетіледі. Құқықтық институттың құрамына кіретін нормалар ортақ құқықтық принциптер мен идеялармен біріктіріледі. Яғни, азаматық институты азаматардың бірлігі мен теңдігі принципіне негізделінеді.

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституциясы конституциялық құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады. Конституцияның басқа нормативтік құқықтық актілерден мынадай ерекшеліктері бар:

 

1. Қоғамдық қатынастардың негізін қалайды. Себебі ҚР Конституциясы мемлекет пен қоғам өмірінің барлық сферасын қамтиды: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени. Басқа нормативтік құқықтық актілер қоғамдық өмірдің жеке жақтарын ғана қамтиды.

 

2. Құқықтың негізгі бастау болып табылады. ҚР Конституциясында бџкіл конституциялық заңның негізі болып табылатын құқықтық нормалар бекітілген. Яғни, Конституциялық құқық нормалары барлық нормативтік құқықтық актілердің қалыптасуы мен даму базасы.

 

3. Ең жоғарғы заңдылық кџші бар. ҚР қабылдаған заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілер Конституциядан шығуы керек және оған қайшы келмеуі керек. Егер олар Конституцияға қайшы келетін болса қолданылмайды.

 

4. Оның ерекше тәртіппен қабылдануы. Себебі Конституцияны Республикалық Референдумда халық қабылдайды.

 

5. Тұрақтылығы.


Информация о работе Конституциялық құқық