Қазақстан республикасы аумағындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2013 в 18:40, реферат

Описание работы

Әр елде мемлекет азаматтарының құқықтық жағдайы онда тұрып жатқан шетел азаматтарының құқықтық жағдайынан өзгеше екені баршамызға мәлім. Бұл ерекшелік белгілі бір мемлекет аумағына қатысты шетел азаматтары құқықтарының кейбір жағдайларда шектелетіндігінен көрініс табады. Мысал ретінде айтар болсақ, кейбір мемлекеттерде жергілікті жұмыс күштерінің мүдделерін қорғау мақсатында шетелдіктердің заңды еңбек етулеріне қатаң шектеулер қойылған [1].
Ал басқа мемлекеттерде этникалық тепе-теңдікті сақтау мақсатында азаматтық алу мен тұруға рұқсатнама алудың ерекше күрделі процедурасы белгіленеді. Жалпы ереже бойынша, заң шетел азаматтарына мемлекеттік қызметтермен айналысуға, сайлауға қатысуға, кейбір істермен айналысуға және т.б. тыйым салады.

Файлы: 1 файл

реф чп.docx

— 31.05 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ  ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС  ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК 

                                        УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

                              

 

 

 

БАЯНДАМА

 

Тақырыбы: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУМАҒЫНДАҒЫ ШЕТЕЛ

АЗАМАТТАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                          Орындаған: Ақышбаева А.

                                                          Тексерген: Буканова З.

 

 

                                              Өскемен қ,2013 жыл

    

       Әр елде мемлекет азаматтарының құқықтық жағдайы онда тұрып жатқан шетел азаматтарының құқықтық жағдайынан өзгеше екені баршамызға мәлім. Бұл ерекшелік белгілі бір мемлекет аумағына қатысты шетел азаматтары құқықтарының кейбір жағдайларда шектелетіндігінен көрініс табады. Мысал ретінде айтар болсақ, кейбір мемлекеттерде жергілікті жұмыс күштерінің мүдделерін қорғау мақсатында шетелдіктердің заңды еңбек етулеріне қатаң шектеулер қойылған [1].  
Ал басқа мемлекеттерде этникалық тепе-теңдікті сақтау мақсатында азаматтық алу мен тұруға рұқсатнама алудың ерекше күрделі процедурасы белгіленеді. Жалпы ереже бойынша, заң шетел азаматтарына мемлекеттік қызметтермен айналысуға, сайлауға қатысуға, кейбір істермен айналысуға және т.б. тыйым салады. Ұлттық және мемлекеттік мүдделерді қорғаудың аталған шаралары кейбір адамдарға ұнамауы мүмкін, бірақ егер олар заң негізінде орындалатын болса, түсінікті әрі кең көлемде қолданылатын шаралар болып табылатыны даусыз. Жағдайлардың осылайша орын алуын Қазақстандағы шетелдіктерге берілетін құқықтар мен бостандықтарды талдау негізінде де байқауға болады.  
       Қазақстан Республикасында адам мен азаматтың құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдендірілген. Қазақстан Республикасының Конституциясы, өз кезегінде, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бекітуде халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларына сүйенеді. Қазақстанның егемендікке ие болып, тәуелсіз мемлекетке айналуы, оның көптеген мемлекеттермен дипломатиялық қатынастар орнатуына алып келді. Осыған байланысты жылдан-жылға Қазақстан Республикасына әртүрлі жағдайларға байланысты шетел азаматтарының келуі орын алуда. Осы тұста біздің мемлекет алдында оның аумағына келуші шетел азаматтары қандай құқықтар мен міндеттерге ие бола алады деген мәселелер кешені пайда болды. Бұл мәселе тек теориялық қана емес, тәжірибелік маңызға да ие екені даусыз. Бұл мәселелерді шешуде, әрине, кез келген мемлекет халықаралық-құқықтық нормаларға сүйенетіні сөзсіз, сондықтан да халықаралық құқық нормаларының шетел азаматтарының құқықтық жағдайын реттеуге бағытталған кез келген ішкі заңнама нормаларынан басым күшке ие болатыны белгілі. Бұл ереже Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 3-тармағында көрініс тапқан: «Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде тікелей қолданылады» [2]. «ҚР шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» ҚР Президентінің заңи күші бар 19 маусым 1995 жылғы Жарлығы азаматтардың үш санатын бөліп көрсетеді: 

  •  
    Қазақстан азаматтары;
  •  
    Шетел азаматтары;
  •  
    Азаматтығы жоқ тұлғалар [3].

      Олардың бір-бірінен ерекшелігі басқа мемлекеттердегі ерекшеліктермен ұқсас десе де болады. Қазақстанның азаматы ретінде тиісті құжаттық дәлелдемелері бар тұлғалар танылса; Қазақстан Республикасының азаматтары емес және өзiнiң басқа мемлекеттiк азаматтығына қатысты екендiгiнiң дәлелi бар адамдар Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары болып танылады. Қазақстан Республикасының азаматтары емес және өзiнiң басқа мемлекеттiң азаматтығына қатысты екендiгiнiң дәлелi жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар болып танылады. Қазақстан азаматтары құқықтар мен бостандықтардың ең көп көлеміне ие болса, ең аз құқықтар мен бостандықтар көлеміне азаматтығы жоқ тұлғалар ие екені айтпаса да түсінікті жайт. Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 4-тармағында: «Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады» [2], - деп көрсетілген. ҚР аумағында заң бойынша шетел азаматтарына келесідей құқықтар беріледі

  •  
    еңбек қызметiне және демалысқа;
  •  
    денсаулық сақтауға;
  •  
    әлеуметтiк қамсыздандырылуға;
  •  
    тұрғын үйге;
  •  
    тұрғын үй мен өзге де мүлікке меншік етуге;
  •  
    авторлық құқыққа ие болуға;
  •  
    білім алуға;
  •  
    қоғамдық бірлестіктерге қатысуға;
  •  
    мәдениет жетістіктерін қолдануға;
  •  
    некеге тұруға және оны бұзуға;
  •  
    шетел азаматтары үшін ашық Қазақстан Республикасы аумағында еркін жүріп-тұруға;
  •  
    ҚР заңнамаларымен бекітілген тәртіпте тұрғылықты жерді еркін таңдауға;
  •  
    шетел азаматтарына ар-ождан бостандығы кепілдендіріледі;
  •  
    тұрғын үйге, ар-намысына және қадір-қасиетіне қолсұғылмаушылық [3].

 
      Шетелдіктер өздерінің құқықтарын жүзеге асыруға қатысты туындаған барлық міндеттерін атқарады, алымдар мен салықтар төлейді, ҚР-да әскери қызметке тартылмайды, мемлекеттік өкілетті және өзге де сайланбалы органдар мен лауазымдарға дауыс бере алмайды және сайлануға құқығы жоқ, сонымен қатар ҚР референдумдарына қатыса алмайды. Қазақстан Республикасына шетел азаматтарының келу және оның аумағынан кету «ҚР шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» 19 маусым 1995 ж. ҚР Президентінің заңи күші бар жарлығымен, «Шетел азаматтарының Қазақстанға келуі мен Қазақстан Республикасынан кетуін тіркеудің тәртібі туралы» 12.12.1995 ж. № 301/249 Ережемен, 28 қаңтар 2000 ж. №136 «Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келуі мен онда болуы, сонымен қатар Қазақстан Республикасынан кетуінің ережелерімен», ҚР визаларын берудің тәртібі туралы Ережелермен реттеледі. ҚР-ға келу үшін шетел азаматына, негізінен, қолданыстағы төлқұжаты немесе оны алмастыратын құжаттарының болуы жеткілікті. Алайда қазіргі таңдағы құқықбұзушылықтар мен олардың үрейлі әлеуметтік нысаны – қылмыстардың халықаралық деңгейге көтерілуі мемлекеттер мен қоғамға, онда тұрып жатқан адамдардың өмірі, денсаулықтары мен мүлігіне қауіп төндіруі жиілеп кетті [4]. Бір мемлекетте басталған қылмыс өз жалғасын келесі мемлекеттерде тауып жатқан жағдайлар аз емес. Сондықтан кез келген мемлекет өз аумағына сырттан келетін шетел азаматтарына келу, ол жерде болу мен одан кетудің тәртіптерін немесе қандай жағдайларда келуге не кетуге тыйым салынатынын заң жүзінде егжей-тегжейлі ашып көрсетеді. Қазақстан Республикасына келу шетел азаматына мына жағдайларда рұқсат етiлмеуi мүмкiн: 

      а) мемлекеттiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, қоғамдық тәртiптi қорғау немесе халықтың денсаулығын сақтау мүдделерiне бола; 

      ә) егер ол Қазақстан Республикасының егемендiгiне қарсы шықса, оның аумағының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақыратын болса; 

     б) егер ол мемлекетаралық, ұлтаралық және дiни дұшпандықты өршiтетiн болса; 

     в) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса; 

      г) егер ол террористiк әрекетi үшiн сотталған болса немесе сот оны аса қауiптi рецидивист деп таныған болса; 

     ғ) егер ол бұрын Қазақстан Республикасынан қуылған болса; 

     д) егер Қазақстан Республикасында бұрын болған кезiнде Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы заңдарды, республиканың кедендiк, валюталық немесе өзге де заңдарын оның бұзу фактiлерi анықталған болса; 

      е) егер келу туралы өтiнiш жасалған кезде ол өзi жайында жалған мәлiметтер хабарлаған болса немесе қажеттi құжаттарды тапсырмаған болса [5].

        Келу визаларын немесе оларға сәйкес келетiн басқа құжаттарды Қазақстан Республикасының дипломатиялық және консулдық өкiлдiктерi немесе жекеленген жағдайларда Қазақстан Республикасының бұған арнайы уәкiлдiк алған өкiлдерi бередi. Қазақстан Республикасынан кету кезінде шетел азаматтары қолданыстағы шетелдiк төлқұжаттар немесе Қазақстан Республикасының бұған уәкiлдiк алған мемлекеттiк органдары берген кету визалары болған жағдайда сол төлқұжаттарды алмастыратын құжаттар бойынша, егер тиiстi елмен жасалған келiсiмде өзгеше тәртiп белгiленбесе, Қазақстан Республикасынан кетедi. Қазақстан Республикасынан кетуге шетел азаматына мына жағдайларда рұқсат етiлмейдi: 

а) егер оны қылмыстық  жауапкершiлiкке тарту үшiн негiздер болса - iстi жүргiзу аяқталғанға дейiн; 

ә) егер ол қылмыс жасағаны үшiн  сотталған болса - жазаны өтеп болғанға немесе жазадан босатылғанға дейiн; 

б) егер ол өзiне сот жүктеген мiндеттемелердi орындаудан жалтаратын болса - мiндеттемелер орындалғанға дейiн; 

в) Қазақстан Республикасының  заңдары белгiлеген өзге де негiздер бойынша [3]. Шетел азаматының Қазақстан Республикасынан кетуi ол Қазақстан Республикасы азаматтарының, басқа жеке және заңды тұлғалардың елеулi мүдделерiмен байланысты мүлiктiк мiндеттемелердi орындағанға дейiн кейiнге қалдырылуы мүмкiн. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған, әкiмшiлiк және басқа құқық бұзған шетел азаматтарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленгеннен басқа жағдайларда, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей негiздерде жауапкершiлiк жүктеледi. 

        Қазақстан Республикасында болу ережелерiн бұзған, яғни тұруға құқық беретiн құжаттарсыз тұрған немесе жалған құжаттар бойынша тұрып жатқан, тiркелудiң немесе жүрiп-тұру мен тұрғылықты жер таңдап алудың белгiленген тәртiбiн сақтамаған, өздерiне белгiленген болу мерзiмi өткеннен соң кетуден жалтарған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жүрiп өту ережелерiн орындамаған шетел азаматтары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылады. Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жүрiп өту ережелерiн өрескел бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген қылмыстық жауапкершiлiкке әкеп соқтырады. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы заңдарды бұзған шетел азаматына оның Қазақстан Республикасында болу жөнiнде белгiленген мерзiмi қысқартылуы мүмкiн. Шетел азаматының Қазақстан Республикасында болу мерзiмi одан әрi болуы үшiн негiздерi қалмаған жағдайларда да қысқартылуы мүмкiн. Шетел азаматы мына жағдайларда Қазақстан Республикасының шегiнен қуылуы мүмкiн:  
а) егер оның iс-әрекетi мемлекеттiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету немесе қоғамдық тәртiптi қорғау мүдделерiне қайшы келетiн болса; 

ә) егер бұл халықтың денсаулығы мен адамгершiлiк қасиетiн сақтау, Қазақстан Республикасы азаматтарының  және басқа адамдардың құқықтары  мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн  қажет болса; 

б) егер ол Қазақстан Республикасындағы  шетел азаматтарының құқықтық жағдайы  туралы заңдарды, Қазақстан Республикасының  кедендiк, валюталық немесе өзге де заңдарын бұзса; 

в) егер Қазақстан Республикасының  азаматымен некеге тұруы оны Қазақстан  Республикасында тұрақты тұруға қалдыру үшiн негiз болып табылып, заң актiлерiмен белгiленген тәртiппен неке заңсыз деп танылған жағдайда [6]. 

       Қуып жiберу туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының бұған уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдары қабылдайды. Шетел азаматы осы шешiмде көрсетiлген мерзiмде Қазақстан Республикасынан кетуге мiндеттi. Кетуден жалтарушылар мұндай жағдайда прокурордың санкциясы бойынша ұсталуға және ықтиярсыз қуылуға жатады. Бұл орайда қуып жiберу үшiн қажет мерзiмге ұстап қалуға жол берiледi. Олар Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен iшкi iстер органдарының арнаулы мекемелерiнде ұсталады. 

      Азаматтық қатынастарда шетелдіктерге заң бойынша кейбір шектеулер қойылатынына жоғарыда атап өттік. Алайда осы шектеулерге ерекше көңіл аударған жөн. Айрықша құқықтық мәнге ие айғақ – Қазақстан заңнамасы шетел азаматтарын келесідей бөліп қарастыратындығында: 

  •  
    Қазақстанда тұрақты тұратын шетел азаматтары;
  •  
    және уақытша жүрген шетел азаматтары [3].

      Шектеулердің көлемі Сіз осы екі топтағы шетел азаматтарының қайсысына жататындығыңызға байланысты. «Ерекшелікті көрсететін белгі не болып табылады?» деген сұрақ туындауы сөзсіз. Оған жауап: Қазақстан Республикасында тұрақты тұрушылар деп, соған iшкi iстер органдарының берген рұқсатын және шетелдiк азаматтың Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярлығын алған шетелдiк азаматтар танылады. Қазақстан Республикасында өзгедей заңды негiзде жүрген шетел азаматтары Қазақстан Республикасында уақытша болатындар деп есептеледi. Олар белгiленген тәртiппен келген кезден бастап санағанда 3 күн мерзім ішінде ішкі істер органдарында тiркелуге және өздерiне белгiленген болу мерзiмi өткен соң Қазақстан Республикасынан кетуге мiндеттi. Шетел азаматтарының орта есеппен алғандағы арақатынасы, тұрақты тұратын шетел азаматтарының көлемі 4% болса, уақытша жүрген шетел азаматтарының саны 96%-ға саяды [7]. Яғни, Қазақстан аумағындағы шетел азаматтарының негізгі бөлігі бизнес мәселесімен жүргендер десе де болады. Жоғарыда атап өткеніміздей, осы екі шетел азаматтары санаттары әртүрлі құқықтық мәртебеге ие. Қазақстанда тұрақты тұратын шетел азаматтары азаматтық қатынастарға түсу кезінде Қазақстан азаматтарымен тең негізде құқықтарға ие болады, мысалы: жұмысқа орналасуға, жылжымайтын мүлікті сатып алуда, Қазақстан аумағында ұзақ уақыт болуға және т.б. Ал уақытша жүрген шетел азаматтарының, Қазақстан азаматтары мен тұрақты тұратын шетел азаматтарымен салыстырғанда, құқықтары біршама шектелген. Мысал келтіретін болсақ, олар Қазақстан аумағында ұзағырақ болу үшін белгілі бір себептері болуы керек. Қазақстан аумағында компания ашатын болған жағдайда, уақытша жүрген шетел азаматы жұмысқа орналасып, сол еңбегіне жалақы алу үшін тек тиісті жұмыс істеуге арнайы рұқсат алғаннан кейін ғана кірісе алады. Егер тұрақты тұратын шетел азаматы, мысалы, Питер Қазақстанда пәтер немесе өзге де жылжымайтын мүлік сатып ала алса (шетелдіктер тек жалға ғана ала алатын жер учаскелерін қоспағанда), ал уақытша жүрген шетел азаматы Биллдың заң бойынша оған құқығы жоқ. Осылайша, Билл және сол секілді өзге де уақытша жүрген шетел азаматтарының Қазақстан аумағынан жылжымайтын мүлікке тікелей ие бола алу құқықтары шектелген. Ал тұруға ықтиярлық алып, тұрақты тұратын шетел азаматы болу, өзге де мемлекеттердегі сияқты оңай шаруа емес, әсіресе егер ол үшін дәйекті себептер болмаса. Әрине, жылжымайтын мүлік және өзге де мәселелерге қатысты жағдай ҚР-дағы уақытша жүрген шетел азаматтарының іскерлік мүмкіндіктерін шектейтіні даусыз. Сонымен бірге мұндай тең емес жағдайда болу мәселесі Питер мен Биллді, құқықтық тұрғыда, бизнестің тең емес қатысушыларына айналдырады. Ал бизнестің өз талаптары мен шарттарын белгілейтіні тағы бар. Себебі бизнеспен айналысуда жылжымайтын мүлікті өз меншігінде иемдену оны басқа біреуден жалға алғанға қарағанда тиімді әрі ыңғайлы болып есептеледі. Бірақ өкінішке орай, ҚР-да уақытша жүрген шетел азаматтарына жылжымайтын мүлікке тікелей иемденуге тыйым салынғанына қарамастан, Қазақстан заңнамасы оларға жылжымайтын мүлікке жанама иемденуге мүмкіндік жасаған десе де болады [7]. Заңнамаға сәйкес, тәжірибе жүзінде Қазақстандағы уақытша жүрген шетел азаматтары жылжымайтын мүлікке әртүрлі мақсатта жанама меншіктене алады. Мысалы, уақытша жүрген шетел азаматы бизнесмен болса, ол жылжымайтын мүлікті бизнеспен айналысудың құралы ретінде иемдене алады. Жылжымайтын мүлікке жанама иемденудің басты мәні – заңды бұзбай-ақ, уақытша жүрген шетел азаматы осы жылжымайтын мүлікке қатысты келесідей әрекеттер жасауда ешқандай кедергіге ұрынбайтындығын көрсетуге болады: 

Информация о работе Қазақстан республикасы аумағындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы