Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 23:50, реферат
Халықаралық құқық - бұл халықаралық құқықтың субъектілері туындататын және халықаралық құқықтың субъектілері (мемлекеттер, өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар, халықаралық ұйымдар арасындағы, сонымен қатар кейбір жағдайларда, жеке және заңды тұлғалар қатысатын) арасындағы қатынастарды реттейтін халықаралық- құқықтық қағидалар мен нормалардың жиынтығы.
Халықаралық құқықтың да өз реттеу пәні бар. Халықаралық – құқықтық реттеудің пәні болып табылатын қатынастарды екіге бөлуге болады:
а) мемлекеттер арасындағы қатынастар;
б) мемлекеттер мен өз тәуелсіздігі үшін күресуші ұлттар арасындағы қатынастар. Халықаралық құқықтың нормалары , ең бастысы, халықаралық қатынастардың негізгі субъектілері – мемлекеттер арасындағы қатынастарды белгілеуге бағытталған. Бастапқыда халықаралық құқық мемлекететр арасындағы құқық ретінде қалыптасқан болатын.
Халықаралық құқық түсінігі, пәні, салалары және қайнар көздері
Халықаралық құқық - бұл халықаралық
құқықтың субъектілері туындататын және
халықаралық құқықтың субъектілері (мемлекеттер,
өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар,
халықаралық ұйымдар арасындағы, сонымен қатар кейбір
жағдайларда, жеке және заңды тұлғалар
қатысатын) арасындағы қатынастарды реттейтін
халықаралық- құқықтық қағидалар мен нормалардың
жиынтығы.
Халықаралық құқықтың да өз реттеу пәні бар. Халықаралық – құқықтық реттеудің пәні болып табылатын қатынастарды екіге бөлуге болады:
а) мемлекеттер арасындағы қатынастар;
б) мемлекеттер мен өз тәуелсіздігі үшін күресуші ұлттар арасындағы қатынастар. Халықаралық құқықтың нормалары , ең бастысы, халықаралық қатынастардың негізгі субъектілері – мемлекеттер арасындағы қатынастарды белгілеуге бағытталған. Бастапқыда халықаралық құқық мемлекететр арасындағы құқық ретінде қалыптасқан болатын.
Бірақта, халықаралық құқық мемлекеттер арасындағы емес сипаттағы қатынастарды да, яғни қатысушыларының біреуі мемлекет болып немесе мемлекет мүлде қатыспайтын қатынастарды да реттеді. Қазіргі уақытта, халықаралық келісімге қатысушылардың ауқымы кеңейіп келеді және мемлекеттің ішкі құзырлығына кіретін көптеген қатынастар мемлекеттердің ортақ мүдделерінің сферасына көшті.
Мемлекеттер арасындағы емес халықаралық қатынастар:
а) мемлекет пен халықаралық ұйымдар арасындағы;
б) халықаралық ұйымдар арасындағы;
в) бір жағынан мемлекететр, халықаралық ұйымдар, екінші жағынан жеке және заңды тұлғалар арасындағы;
г) жеке және заңды тұлғалар арасындағы.
Халықаралық бұқаралық құқық және халықаралық жеке құқық бар.
Халықаралық бұқаралық құқық- халықаралық құқықтың субъектілері арасындағы саяси сұрақтар бойынша туындаған қатынастарды реттейді.
Халықаралық жеке құқық – мемлекеттер арасындағы, заңды тұлғалар (ұйымдар мен мекемелер) мен жеке тұлғалар (азаматтар) арасындағы халықаралық жобадағы жеке сұрақтар (авторлық құқық, мұрагерлік құқық, отбасы-неке сұрақтары) бойынша туындаған қатынастарды реттейді.
Халықаралық құқық – бұл ерекше құқық жүйесі болып табылады. Ғылым және оқу пәні болып табылады.
Халықаралық құқық құқық жүйесі ретінде барлық мемлекететрдің, барлық адамзаттың иглігі болып табылады, ол барлығына біреу. Бірақ та халықаралық құқық ғылымы барлық мемлекеттерге бірдей бола алмайды. Әрбір мемлекеттте өзінің халықаралық құқық ғылымы болады,мысалы, халықаралық құқықтың қазақстандық ғылымы.
Халықаралық құқық, кез келген мемлекеттің ұлттық құқығы сияқты салаларға бөлінеді. Халықаралық құқықтың салалары халықаралық қатынастардың белгілі бір тобын реттейді және халықаралық –құқықтық институттар мен нормалардың жиынтығы болып табылады. Мысалы, Халықаралық қауіпсіздік құқық саласы халықаралық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қатынастарды реттейді; Халықаралық ұйымдар құқығы халықаралық ұйымдарды құру мен қызмет ету тәртібін реттейді.
Халықаралық құқықта мынадай салалар қалыптасқан:
1) Халықаралық құқық субъектілік құқық;
2) Халықаралық ұйымдар құқығы;
3) Халықаралық гуманитарлық құқық;
4) Халықаралық теңіз құқығы;
5) Халықаралық әуе құқығы;
6) Халықаралық ғарыш құқығы;
7) Халықаралық атом құқығы;
8) Халықаралық экономикалық құқық;
9) Халықаралық қылмыспен күрес құқығы;
10) Халықаралық келісімшарт құқығы;
11) Халықаралық қоршаған ортаны қорғау құқығы;
12) Халықаралық қауіпсіздік құқығы.
Халықаралық-құқықтық институт – бұл халықаралық қатынастардың түрін реттейтін халықаралық нормалардың жиынтығы, мысалы, Халықаралық гуманитарлық құқықтағы - азаматтық институт, Халықаралық келісімшарт құқығындағы - келісімшарттың жарамдылығы институты.
Халықаралық құқық Халықаралық қатынасиарда үйлестіруші, реттеуші және қорғаушы қызмет атқарады.
Үйлестіруші қызметінің мазмұны – мемлекет өзі үшін әртүрлі сфераларда белгілі бір мінез-құлық стандарттарын белгілейді.
Реттеуші қызмет – белгіленген ережелер мен стандарттарды мемлекеттің қабылдауында және сақтауында көрінеді.
Қорғаушы қызмет – мемлекеттің мүддесін қорғауға бағытталған нормалар.
Халықаралық құқықтың дипломатиядан, мемлекеттің сыртқы саясатынан айырмашылығы бар.
Халықаралық құқық – мемлекеттер арасындағы қатынастарда өзін қалай ұстау керек екендігі жөніндегі келісімшарт нормаларының жиынтығы болса, дипломатия – сыртқы саясатты жүргізу амал-тәсілдердің жиынтығы, ал сыртқы саясат – бұл өзінің мүдделерін қанағаттандыру үшін халықаралық аренада оның жүргізетін негізгі бағыттары.
Халықаралық құқықтың қайнар көздері – бұл халықаралық -құқықтық нормаларды көрсететін формалар.
Оның 4 түрі бар:
1) Халықаралық келісімшарт;
2) Халықаралық – құқықтық әдет – ғұрыптар;
3) Халықаралық конференциялар мен мәжілістердің Қорытынды Актілері;
4) Халықаралық ұйымдардың резолюциялары.
Халықаралық құқықтағы
Халықаралық құқықтың субъектісі–халықаралық құқықтың нормаларына немесе халықаралық-құқықтық актілердің ұйғарымдарына сәйкес туындайтын халықаралық құқық мен міндетті тасушы. Халықаралық құқықтың субьектісі- субьективті құқық пен міндет берілген халықаралық-құқықтық қатынастардың қатысушылары.
Халықаралық құқықтың субьектілерін 2 топқа бөлуге болады
1) Алғашқы (егеменді) субъектілер,
оларға егемендігі бар
2) Туынды (егеменді емес) субъектілер халықаралық ұйымдар, мемлекет тәрізді құрылымдар.
Халықаралық құқықтың субьектілерінің ерекше тобы - жеке тұлғалар.
Ерекше құқықтық жүйесі ретінде халықаралық құқық ерекшелігі халықаралық құқықсубьектілік ерекшелігін айқындайды және сонында халықаралық субьектілерінің сапалы сипатында анықтайды.
Жалпы алғанда, халықаралық құқықсубьектілікті – тұлғаның халықаралық құқықтың субьектісі бола алатындай заңды қабілеттілігі ретінде анықтауға болады.
Халықаралық құқық субьектіліктің мазмұнын осындай субьектінің халықаралық-құқықтық нормалардан туындайтын негізгі құқықтары мен міндеттерін құрайды. Халықаралық құқық субъектілік өз табиғаты бойынша фактілі және заңды болып бөлінеді, және де осыған сәйкес алғащқы және туынды халықаралық құқықтың субъектілері болады.
Халықаралық құқықтың алғашқы субьектілері ( мемлекет, өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар мен ұлттар) оларға тән мемлекеттік және ұлттық егемендікке-суверенность-ipso facto- байланысты халықаралық-құқықтық құқықтар мен міндеттерді тасушылар болып табылады.
Егемендік (мемлекеттік немесе ұлттық) оларды халықаралық құқықтың басқа субьектілерінен тәуелсіз етеді және олардың халықаралық қатынастарға жеке қатысу мүмкіндігін алдын-ала анықтайды. Халықаралық құқықтың алғашқы субьектілерінің құқықсубьектілігін белгілейтін нормалар жоқ, бірақ олардың құрылған сәттен бастап құқықсубьектілігінің болатынын бекітетін нормалар ғана бар.
Халықаралық құқықтың егеменді емес (туынды) субьектілерінің құқық субьектілігінің заңды қайнар көзі болып олардың - құрылтай құжаттары болып табылады. Бұндай құжаттар халықаралық келісімшарт түріндегі халықаралық құқықтың алғашқы субьектілері қабылдайтын және бекітетін олардың жарғылары болып табылады. Туынды халықаралық құқықтың субьектілерінің құқықсубьектілігі шектеулі, сондықтан да олардың құқықсубьектілігінің көлемі мен мазмұны халықаралық құқықтың алғашқы субъектілерінің ерік-жігеріне байланысты болады.
Халықаралық құқықтың субьектілерінің ішкі мемлекеттік құқықтың субьектілерінен ажырататын белгілері болады:
1) Халықаралық құқықтық
нормалардан туындайтын
2) Ұжымдық құрылым болып табылады [мемлекет билік және басқару аппарат; күресуші халық - ел ішінде және халықаралық қатынастарда оны білдіретін - саяси орган. Халықаралық ұйымдар - тұрақты әрекет ететін органдары; Биліктік өкілеттіліктерін жүзеге асыруда халықаралық- құқықтың субьектілері салыстырмалы түрде тәуелсіз және бір-біріне бағытынышты емес. Әрқайсысының өзінің халықаралық мәртебесі бар және халықаралық қатынастарға өз атынан қатысады].
3) Халықаралық нормаларды
әзірлеуде және қабылдауда
Осы аталған үш элементтің болуы (халықаралық құқықтың нормалардан туындайтын құқықтар мен міндеттердің болуы, ұжымдық құрылым түрінде болуы, халықаралық құқықтық нормаларды құруда тікелей қатысуы) қандайда бір құрылымды халықаралық құқықтың субьектісі деп санауға болады.
Мемлекет халықаралық құқықтың негізгі субъектісі болып табылады. Халықаралық құқық субъектілік мемлекетке өзінің өмір сүру кезінен бастап тән.
Үкімет аралық емес халықаралық ұйымдар,
(дүниежүзілік кәсіподақтар федерациясы),
ереже бойынша, заңды және жеке тұлға
қрылды және «шетелдік элементі бар» қоғамдық
бірлестіктер болып табылады. Осындай
Халықаралық үкіметаралық
Халықаралық ұйымдaрдың
1. Халықаралық нормаларды құруға
2. Нақты биліктік өкілеттіктерді
3. Ұйымға және оның қызметкерлеріне берілген
4. Қатысушылары арасындағы дауларды қарастыру құқығы;
1991ж. 14.06. «Қазақ КСР-дегі валюталық реттеу» Заң, Қазақ КСР Президентінің жарлықтарының, министірлер кабинетінің бірқатар жарғыларының шығарылуы.
Халықаралық құқықта субъектті
1. Егемендік;
2. Дербес келісім-шарттық тәжірибе;
3. Шет мемлекеттермен дипломатиялық және консулдық өкілдіктермен алмасуы;
4. Егеменді мемлекеттің халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуы;
Осындай қасиеттер Қазақ КСР да болды, ортақ халықаралық құқықтық субъектілікте көрінді. Тек 1991 ж. бастап егеменді Қазақстан тікелей құқықтық субъектілікке ие болады. Ал бұл ҚР-сына дербес халықаралық мәртебе, халықаралық құқық негізінде қ мен м, халықаралық құқықтық шығармашылықтың қатысушысы болуға мүмкіндік берді.
ҚР халықаралық құқықтық
Халықаралық келісімшарттар
Халықаралық келісімшарт – оның субъектілерінің арасындағы құқық пен міндеттерді белглейтін, солар үшін заңды міндетті халықаралық - құқықтық нормаларды тудыру туралыанық көрсетілген келісім. Халықаралық құқықтың субъектілерінің келісімдерінің 1-ші стадиясы – келісімшарттың мәтінін құрастыру және келісу; 2-ші стадиясы келісімшарттың мәтінінде көрсетілген ережелерді заңды міндетті түрде мақұлдау. Халықаралық келісімшарт (келісім, пакт, конвенция) халықаралық құқықтың ең негізгі қайнар көзі ретінде танылады. Келісімшарт, ереже бойынша, жазбаша формада болады. Оның мәтінінің астына қолдар қойылып оны мөрмен бекітеді.
Халықаралық әдет-ғұрып – ұзақ уақыт қолданудың нәтижесінде әдетке енген және мемлекеттердің санкциялауы нәтижесінде міндетті болып табылатын мінез құлық ережелері. Ол халықаралық құқықтың да, ұлттық құқықтың да қайнар көзі болып табылады.
Ұлттық құқықта азаматтардың, адамдар топтарының және мемлекеттің күнделікті жай ережелерді сақтай отырып әрекет етуінен, әдеттегі әрекеттерінен әдет-ғұрып туындайды және оларға жалпыға міндетті статус беріледі.
Ал халықаралық құқықта мемлекеттердің өздері бір-бірінің арасындағы қатынастарды реттейтін халықаралық әдет-ғұрыптарды тудырады. Осыған байланысты, халықаралық құқықта халықаралық байланыс жасаған кезде мемлекететрдің мінез-құлықтарының бірыңғай нормаларын белгілейтін бір орталық жоқ немесе болған емес, сондықтан халықаралық қатынастарды келісімшарттық реттеуде кемшіліктер болуы мүмкін. Осыған байланысты, әдет-ғұрыптар және салт –дәстүрлер ІМҚ қарағанда халықаралық құқықта өте зор маңызы бар. Келісімшарт халықаралық құқықтың негізгі қайнар көзі ретінде салыстырмалы түрде жақын арада бекіді. Мемлекеттердің өзара қатынастарының даму тарихында әдет-ғұрып халықаралық құқықтың бірден-бір маңызды қайнар көзі болып табылады. Бұл тұжыоырым еуропа және азия елдері үшінде ақиқат. Дипломатиялық, сыртқы сауда қатынастары негізінен әдет-ғұрыптардың көмегімен реттелгенін халықаралық қатынастардың тарихы куәландырады. Ежелгі кезден бастап халықаралық байланыстарды жүзеге асыруда бірнеше рет қолданылған мемлекеттердің әрекеттерінен халықаралық қатынастар сферасында мемлекеттердің мінез- құлқын реттейтін кәдімгі ережелер қалыптасты. Оларды сақтаудағы мемлекеттің үнсіз келісімі, оларды ұзақ уақыт қолдану, олардың заңды күшін мақұлдау туралы міндетттемені өзіне қабылдау нәтижесінде олар халықаралық құқықтың қайнар көзінің күшіне ие болды.Олар халықаралық сауда әдет- ғұрыптары деп деп аталады және тарапардың екеуімен де орындалатын болады.
Информация о работе Халықаралық құқық түсінігі, пәні, салалары және қайнар көздері