Коммерциялық банктер операциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2015 в 17:32, статья

Описание работы

Қазақстанда жұмыс істеп жүрген банктердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінен басқасының бәрі, екінші дәрежелі банктер болып есептеледі. Олардың қызметтерінің заңды негізі, Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылы 31 тамызда шыққан №2443 заңдық күші бар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы» Жарлығы. Қазақстан Республикасында бұл банктер ашық және жабық акционерлік қоғам болып қалыптасты.

Файлы: 1 файл

Коммерциялық банктер операциялары.docx

— 19.62 Кб (Скачать файл)

          Коммерциялық банктер операциялары.

Қазақстан Республикасы коммерциялық банктерінің белсенді (активтік) операциялары.

Коммерциялық банктер операциялары.

Қазақстанда жұмыс істеп жүрген банктердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінен басқасының бәрі, екінші дәрежелі банктер болып есептеледі. Олардың қызметтерінің заңды негізі, Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылы 31 тамызда шыққан №2443 заңдық күші бар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы» Жарлығы. Қазақстан Республикасында бұл банктер ашық және жабық акционерлік қоғам болып қалыптасты.

Аталмыш заңға сәйкес, Қазақстандағы екінші дәрежелі банктер заңды тұлға болып табылады. Олардың бәрі, меншіктігіне қарамастан коммерциялық жұмыспен шұғылданады. Сөйтіп, олардың басты мақсаты пайда-табу.

Екінші дәрежелі банктерге, заңды түрде, басқа заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаржыларын жұмылдырып, оларды өз атынан өз қаражатына, қайырымдылық, мерзімділік және төлемділік жағдайларда орналастыру және де клиенттердің тапсыруы мен есеп айрысу, тағы басқа да операцияларды жүргізуге құқық берілген.

Сөйтіп, басқа елдердегідей, Қазақстанда да екінші дәрежелі банктер, бір жағынан шаруашылық жүргізуші субьектілердің, жеке тұлғалардың, уақытша бос қаржыларын жұмылдырып, оларға пайда табуға мүмкіншңлңк жасайды, екінші жағынан жұмылдырылған қаржыны басқа шаруашылық жүргізуші субьектілер мен жеке тұлғаларға қосымша қаржыға қажеттігін жабуға берді. Сонымен қатар, банктер өз мүдделерін де ұмытпайды. Уақытша пайдалануға берілен қаржы үшін тиісті өсім (процент) алады. Обьективтік процесс ретінде, банктердің мұндай операцияларының эконмикалық негізі болып, қарызға беретін құнды қалыптастыруға және пайда табуға әсер ететін ақшалай қаржылардың қозғалысы болып табылады. 

Екінші дәрежелі банктер, Қазақстан Республикасының аумағында және оның сыртында, өздерінің бөлімшелерінің еншілес банктерін ашуға құқықты. Бұл банктердің қызметтері Қазақстан Республикасының конституциясымен, басқа да заңдармен және олардың негізінде, оларды орындау мақсатында, өзінің құзіретіне берілген мәселелер жөнінде шығаратын нормативтік,  құқықтық актілермен реттелінеді.

Әдетте, банк операциясын жүргізгенде, ақшалай қаражаттың қозғалысы туады. Мысалы, несие операциясының нәтижесінде, несиегердің несиеге алған сомасы оның есеп шотына түседі. Бұл жағдайда несие алумен қатар есеп айрысу операциясы да жүргізіледі-сатып алушы, несиенің жәрдемімен өзінің тауар жөнелтушісі мен жөнелтілген тауар үшін (болмаса орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет үшін) есеп айырысады. Ақшалай қаражат бір субьектілерден екінші субьектіге ауысады. Кассада қолма-қол ақшамен операция жүргізгенде нақты ақша, банкінің кассасынан шаруашылық жүргізуші субьектінің кассасына ауысады және керісінше, шаруашылықтың кассасынан банктің кассасына түседі. Ақша аудару операциясында да ақшалай қаражаттың қозғалысы туып, ол аударушыдан аларманға ауысады. 
Мұндай ақшалай қаражаттың қозғалысы, мысалы сейфтік операцияларды жүргізгенде, болмаса, банктің аппаратының күшімен банкноттарды, монеттерді кассаға жинағанда, оларды тасымалдағанда, немесе айырбастағанда тумайды. Бұндай жағдайларда ақшалай қаражаттың көлемі азаймайды да, көбеймейді де, түпкілікті де немесе уақытша да оларға меншіктік өзгермейді. Осының негізінде банктің операциялары, олардың қызметтерінен өзгеше деп түсіну керек және оларды бөлек қарау (зерттеу) керек. Бірақ қазіргі жағдайда банктердің өз жұмыстарын коммерциялық жолға көшіргенде, барлық операциялары да қызметтері де төлемді болғандықтан бұл екі ұғымды бір бірінен ажырату оңай емес. Дегенмен де, теориялық еңбектерде бұларды бөліп қарау керек. 
Банктің операцияларын жүргізгенде, немесе, банк қызметтерін көрсеткенде туатын банктер арасындағы, немесе банк пен оның клиенттерінің арасындағы қарым қатынастың бәрі, екі жақтық шарттасу негізінде реттелінеді. 
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы» Заңның 41 бабына сәйкес банктің қаржы жөніндегі орнықтылығын сақтау, депазиторлардың мүддесін қорғау және де елдің ақша-несие жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк банктердің қызметін мынадай жолдармен реттейді:

-Екінші дәрежелі банктерге  пруденциялық (экономикалық) нормативтер  басқа да міндетті түрде орындалуға  тиісті мөлшерліктер мен шектемелер, оның ішінде резервтік талаптарды, күмәнді және үмітсіз қарыздарға  қарсы қоятын мәжбүрлі шығындарды бекіту;

-Екінші дәрежелі банктер  үшін міндетті түрде орындалуға  тиісті нормативтік, құқықтық актілер  шығару; 
-Екінші дәрежелі банктердің жұмысын инпекциялау (тексеру) және оның нәтижесінде, банктің қаржы жағдайын сауықтандыруға бағытталған ұсыныстар енгізу, немесе ықпалын тигізетін шаралар қолдану, ең ақыры, лицензиясын алып қоюға дейін;

Нарықтық экономика жағдайында екінші дәрежелі банктердің барлық операцияларын үш негізгі топқа бөлуге болады:

-Пассивтік операциялар  (қаржы жұмылдыру);

-Активтік операциялар (қаржыны орналастыру);

-Активтік-пассивтік операциялар (делдалдық және басқа да қызметтер). 
Пассивтік операциялар. Бұл операциялардың басты мақсаты, банктің   ресурстарын қалыптастыру және оны ұлғайту. Сондықтан, бұл операцыялардың банктің өзінің, несиелік мекеме ретінде жұмыс жасауы үшін төтенше маңызы бар. Пассивтік операциялар қатарына мыналар жатады:

-Заңды немесе жеке  тұлғалардың есеп, немесе ағым  шоттарына қаржы жұмылдыру (талап етілмелі депозиттер);

-Басқа банктерден қарыз алу (банкаралық несие);

-Заңды және жеке тұлғалардың  қаржыларын мерзімді салымға жұмылдыру;

-Құнды қағаздарды шығарып, оларды орналастыру; 
-Орталық (Ұлттық) банктен орталықтандырылған несие алу т.б. 
Банктің ресурстары дегенде ойымызда болатыны, басқаларға уақытша пайдалануға беріле алатын болмаса басқа да активтік операцияларды жүргізуге пайдалануға болатын банктің бос қаржысы. 
Мұндай бос қаржы ресурстар меншікті капиталы мен қарызға алған жұмылдырылған қаржыдан құралады.

Банктің меншікті капиталы бастапқыда сатылған акциялардан түскен ақшадан немесе акционерлердің кіріс жарнасынан құралады. Олар банктік қызметтерді атқаруды қамтамасыз етуге арналған. Сондықтан оны, кейде акционерлік капиталл деп те атайды. Жаңадан ашылатын банктер үшін Ұлттық банктің басқармасының 1997 жыл 5 желтоқсандағы №412 қаулысы бойынша, меншікті капиталдың төменгі шегі миллион теңге. Оның, банкті есепке алыну тұсында кем дегенде 50% төленуі керек. Қалғаны банк есепке тұрғаннан кейінгі, бір календарлық жылдың ішінде төленуі керек. Бұл талапты орындамаған күнде, Ұлттық банк есепке отыруға өзінің тұжырымын бермейді. 
Қазақстан Республикасының заңдарының бір ерекшелігі-банктің құрылтайшылары мен акционерлері алған акцияның құнын түгелімен ақшалай төлеулері керек деген талап (аталмыш заңның 16 бабының 2тармағы). Басқа елдерде банктің меншікті капиталы тек ақшалай емес, басқа да материалдық және материалдық емес активтер мен үшінші тұлғаның құнды қағаздарымен де төленуі мүмкін. Мысалы, кезінде, кейбір Ресейлік банктердің меншікті капиталының 70%-ке дейінгісі материалдық активтер болды. Бірақ, мұны қолайлы жағдай деп айтуға болмайды. Өйткені банктің меншікті капиталын несие берудің көзі ретінде пайдалану мүмкіншілігі азаяды. Сондықтан Ресейдің Орталық банкісінің 1994 жылы 11-желтоқсанда орнатқан тәртібі бойынша, банктің меншікті капиталының 10,0%-ке дейінгі бөлігі материалдық емес активпен құралуы мүмкін.  
Банктің меншікті капиталының әрі қарай көбеюі банктің таза пайдасынан аударым жасаумен немесе жаңадан акция шығарып, оны орналастырумен іске асырылады. Банктің меншікті капиталын көбейтудің тағы бір көзі, оның өткен жылы бөлінбей қалған пайдасы.

Егемендік алғаннан кейінгі бастапқы жылдарда мұндай тәртіп Қазақстанда да болған, кейін жойылды.

Банктің ресурстарының құрамына меншікті капиталдың үлесі онша көп емес-10-12%-тің шегінде, 88-90%-ті жұмылдырылған қаржылар. Мұның өзі, банктің пассивтік операциясының қандай маңызы бар екенін тағы да дәлелдейді. Жұмылдырынған резервтің ішінде елеулі орын алатындар депозиттік ресурстар. Олар мерзімді және талап етілмелі депозиттер болып бөлінеді. Депозиттің бұл түрінің өзара айырмашылықтары бар. Оның бастысы: мерзімді депозит белгіленген мерзімге салынады. Сол мерзім өткенге дейін оның иесіне банктен ол депозитті алу өте тиімсіз. Онда ол көп табыс жоғалтады. Сондықтан банк, бұл қаржыны мерзімі өткенге дейін ешбір қауіпсіз активтік операцияларға пайдалана алады.

Ал, талап етілмелі депозитте олай істеуге болмайды. Өйткені оның иесі кез келген уақытта қаржысын түгелімен немесе жартылай талап етуі мүмкін. Сондықтан банк, қаржысын сұрап келген депозиттердің талабын орындау үшін талап етілмелі депозиттың сомасын көбінесе бос ұстауға тырысады. 
Олар құру әдістерімен де бірінен бірі ерекшеленеді. Егер мерзімді депозит банкіге табыс табу үшін арнаулы шарт жасалып салынатын болса, талап етілмелі депозит, банктегі есеп, немесе ағымдағы және басқа да арнаулы шоттары

 


Информация о работе Коммерциялық банктер операциялары