Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 15:48, реферат
Еңбекті қорғау мақсаты — жұмысшылардың қауіпсіздігін арттырып қауіпті жағдайлардың минималдылығына әкеледі сонымен қатар соған орай еңбек орындарында соған лайықты шарттар қолдану тиіс.
Еңбекті қорғау міндеті — жұмысшылардың жұмыс барысында денсаулықтарын сақтауға және олардың атқарып жатқан еңбек көрінісіндегі қауіпсіз және гигиеналық талаптарға сай жұмыс орындарымен қамту.
Адам ағзасына электр тогының әрекеті жылулық күю, механикалық (ет бұлшықтарының үзілуі), химиялық (электрлиз) және биологиялық (ет бұлшықтарының тартылуы, дем алудың және жүректің параличі) болады.
Зақымдалмаған, құрғақ және таза тері, ал сонымен бірге адамның денесі 10000-нан 100000 Ом-ға дейін қарсылығы болады.
Зақымдалған, таза емес және ылғалды терінің қарсылығы төмен болады. Ол 1000 Ом-ға дейін төмендеуі мүмкін. Адам терісінің электрлі қарсылығы болуы 1000 Ом-мен есептеледі.
Тері қарсылығы,
сонымен қатар дененің
Электр жарақат ауырлығы ток параметрі мен әсер ету ұзақтығына байланысты. Электро жарақат кезінде ең қауіптісі дененің күюі емес, ең қауіптісі - өмірлік маңызды органдар арқылы ток өткен кезде болатын физиологиялық бұзылулар.
Электр тогы адамды соққаннан кейін алғашқы медициналық көмек дереу, оқиға орнында көрсетілуі керек.
Адамға әсер етіп жатқан токты тоқтату; разеткадан сымды суыру, рубильникті өшіру; Адамға тиген токты үзу және т.б.
Токты өшірген кезде, зиян шеккен адам биікте болған жағдайда оны құлаудан сақтандыру.
Естен тану мен ауыр жарақат болса, зиян шегушінің тынысы мен жүрек соғысын қадағалау керек. Жүрек соғуы тоқтап қалған жағдайда, тоқталмай, лезде жасанды тыныстандыу және тікелей жүректі уқалау керек. Жүрек соғысы қайта жалғасу үшін, жүрек тұсынан алақанмен соғып қалу әдісін қолдануға болады және осы әрекеттерді «жедел жәрдем» келгенше, керек болған жағдайда қайталап отыру.
Жүрек соғысы мен тыныс алу қалпына келгеннен кейін, күйген жерлерге құрғақ асептикалық таңу қою керек. Сүйек сыну болса, қолда бар заттармен сынған жерге зақым келмейтіндей етіп таңу.
Егер дененің күйген жері кішкентай болса, кәдімгі бинт қолдану керек. Егер үлкен болып күйген болса, стерильденген мата қолдану керек.
Күйген жерлерге дәрілік заттар қолдануға болмайды — сұйықтық , мазь, ұнтақ.
Электро ток әсеріне ұшыраған барлық адамдарды күйіне қарамастан көтеріп емдеу орталықтарына жеткізу міндетті түрде орындалуы керек. Өйткені жүрек соғысы мен тыныс алу жүйесі қайта бұзылуы мүмкін.
4. 4 Өндіріс орнына қойылатын санитарлық талаптар
4.4.1Өндірістік жарықтандыру
Желілік энергия көзінің табиғатына байланысты: ол қарапайым, жасанды және аралас жарық болып бөлінеді.
Қолдану түріне қарай жасанды жарық: жұмыстық, апаттық, эвакуациялық және қорғаныстық болып бөлінеді.
Апаттық жарық жұмыс жарығы кенеттен өшіп қалған жағдайда автоматты түрде іске қосылады да жұмысты аяқтауға мүмкіндік береді.
Эвакуациялық жарық апаттық жағдайларда адам өмірін сақтап қалу үшін және құнды бұйымдарды алып қалу мақсатында қолданылады.
Жүйелік жарық үшін келесі шарттар орындалу керек:
4.4.2 Дірілден және дыбыс өрістерден қорғану
Дірілден — бұл күнделікті өмірдің бөлінбес бөлшегі. Адамның ағзасына теріс әсерін тигізбейтін шудың максималды деңгейі 80 дБ құрайды. Шудың ұзақ әсері адамның есту деңгейінің төмендеуіне әкеп соқтырады. Орта деңгейде (50-70 дБ) адамның есту қабілеті 5 жылдан кейін төмендеуі мүмкін, ал 80 дБ-дан жоғары көрсеткіште 1 жылдың ішінде нашарлауы мүмкін.
Діріл тудыратын негізгі факторларға негізінен инженерлі және санитарлы-техникалық құралдар, сонымен қатар өндірістік және жұмыста үлкен динамикалық ауырлық туғызатын және құрылыс алаңдарында діріл туғызатын траспорттық құралдар (метрополитен, ауыр жүк машиналары, теміржол пойыздары, трамвайлар) жатады.
Дірілдің екі түрі бар:
1. қондырғылардың, машиналардың жалпы дірілі;
2. жергілікті тербеліс
Дірілдің әсері адамның орталық жүйке жүйесіне ғана емес, жүректің қан тамырлар жүйесіне, сүйек-буын мүшелеріне зиян келтіреді. Адам ағзасына тигізетін әсері жазылмайтын «діріл дерті» деген дертке әкеп соғады.
.
4.4.3 Өндірістік сәулеленуден қорғану
Электрлі магниттік және рентген сәулелерінің зиянды әсерлерін азайту үшін маниторларға қорғаушы экран қойылады.
Электрлі магниттік өрістен сақтану, өзіне «уақытпен сақтануды» (4 сағат жұмыс, 1 сағат үзіліс) қосатын ұйымдастырылған техникалық шаралар кешенінен тұрады. Магнитті өрістен сақтану үшін «қашықтан сақтану» (экраннан қашықтық 70 см кем болмауы тиіс) ұсынылады. Сәулеленудің рұқсат етілген мөлшерлері радиобелсенді қауіпсіздігі мен иондаушы сәуле көздері мен жұмыстың негізгі санитарлық ережелерімен анықталады.Қызметкерлердің қауіпті аймақта болу уақыты ол рұқсат етілген сәулелену дозасын алу уақытынан аспауы тиіс.
4.5 Өрт қауіпсіздігі
Өртке қарсы қорғаныс — адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, өртті тоқтатуға, өрттің таралуына жолбермеуге және өртті сәтті сөндіруге байланысты шараларға бағытталған әрекеттердің техникалық және ұйымдасқан кешені.
4.5.1 Өрт сөндіргіш құралдар және өрт сигнализациясы
Кіші көлемді өртті жоюға арналған өрт сөндіргіштерге келесі құрал-саймандар жатады: өртке қарсы су жүргізушілер, от сөндіргіштер, құрғақ топырақ, асбесті көрпелер және т.с.с.
ДК машиналық залдарда, басқарып өлшеу құрылыстары бар бөлмелерде салмақты зақымдандыру немесе қымбат қондырғының толық істен шығу мүмкіндігін еске ала отырып, сумен сөндіруге тек ерекше кезде, яғни өрт үлкен қауіпті көлемде болса ғана рұқсат етіледі.
Бастапқы кезеңдегі өртті тоқтатуға көбіне өртсөндіргіштер пайдалынылады. Отты сөндіретін заттардың құрамына байланысты өртсөндіргіштер келесі негізгі топқа бөлінеді:
Көбікті өртсөндіргіштер жанғыш сұйықтар, әртүрлі материалдар, ток көзіне қосылған электр құралдарынан басқа конструктивті элементтер мен құралдарды сөндіргенде қолданылады.
Газдық өрт сөндіргіштер, бұл көбінесе сұйықтар мен қатты заттарды және де қуат астындағы электр қондырғыларды сөндіруге қолданылады.
Көмірқышқыл өртсөндіргіштер, бұлар өрт сөндіруде жоғары сапалы болып саналады, себебі өртті басу кезінде олар электр қондырғыларды аман сақтайды, көмірқышқыл газдың диэлектрикалық қасиеттерін жоймайды және электр қондырғыларды токтан тез арада өшірмеген кезде де осы өртсөндіргішті қолдануға болады.
Қазіргі кезде сулы және көбікті өрт сөндіргіштердің 2 типі қолданылады:
Спринклерлі орнатқыш — өрттің алғашқы кезеңіндегі тез өртенетін материалдардың өртенуін сөндіру үшін қолдануға болатын құрал. Спринклерлі орнатқыштар температураның қорғау көлемінің берілген шамасынан асып кеткенде автоматты түрде іске қосылады.
4.4.2 Өртке қарсы профилактикалық шаралар
Өрт профилактикасы — өрт болған жағдайда жұмысшыларды қауіпсіз жерге шығару ыңғайлы болатындай, оттың таралуына жол бермейтін өртке қарсы ескертулер мен іс-шаралар жиынтығы.
Өндірістік
ортада негізінен көмірқышқыл
Информация о работе Еңбек қорғауды ұйымдастырудың құқықтық негіздері