Есірткі қылмыстары мен нашақорлық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2013 в 13:15, реферат

Описание работы

Статистикалық бақылаудың мақсаты: бұл құбылыстың даму заңдылықтарын анықтау үшін қажетті
шынайы ақпарат алу, алынған
материалдарды талдау, жалпыға қолданысқа жариялау.

Файлы: 1 файл

статистика.docx

— 37.36 Кб (Скачать файл)

Есірткі қылмыстары мен нашақорлық.

1. Статистикалық бақылаудың мақсаты: бұл құбылыстың даму заңдылықтарын анықтау үшін қажетті

шынайы ақпарат алу, алынған

материалдарды талдау, жалпыға қолданысқа жариялау.

Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, қазіргі таңда республиканың  денсаулық сақтау органдары 56 мыңнан астам есірткі, психотропты және токсикалық заттарды пайдаланушыларды есепке алған. Оның 4559 әйелдер болса, 3939 кәмелетке толмағандар

 

2010

2011

2012

Жалпы

561,6

3962

56 мың

Ерлер арасында

384,5

1514,4

47502

Әйелдер арасында

167.1

873,8

4559

Жасөспірімдер арасында

10

48

3939




 

 

Есірткі затын пайдаланушылардың 45 пайызы 18-30 жас аралығындағылар  болса, 7 пайызы 17 жасқа дейінгілер. Тек 2008 жылдың өзінде героин есірткісін қолданған 334 адам қайтыс болса, оның 90 пайызы 30-ға толмаған жастар көрінеді.

Шығыс Қазақстанда  статистикалық мәліметтер бойынша, 2010 жылы бірінші рет психобелсенді  заттегілер қолдану кесірінен психикасы  мен жүріс-тұрысы бұзылған диагнозымен  тіркелгендер 561,6 құрайды (100 мың тұрғынға шаққанда), бұл  республикалық көрсеткіштен (381,5) 1,5 есе жоғары.

Облыс бойынша  жоғары  көрсеткіштер: Семей қаласында (1514,4), Риддер қаласында  (873,8),  Өскемен қаласында (384,5), Зырян ауданында (643,8).

Облыста 2011 жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша  нарколог- дәрігерлердің  қарауында  3962 адам тіркелген, оның ішінде жасөспірімдер -46, балалар – 2.

Объективті талдау көрсеткендей, қабылданып жатқан іс-әрекеттерге қарамастан, облыстағы есірткі жағдайы күрделі  болып қалуда, есірткі заттарын заңсыз тарату және оның медициналық емес жолмен пайдалануға байланысты қылмыстар  мен өзге де құқық бұзушылықтардың  өсуінің тұрақты  беталысы сақталған. 
Облыста есірткінің заңсыз айналымына байланысты 937 қылмыс, оның ішінде есірткіні өткізудің 210 фактісі тіркелген. Қабылданған шаралардың нәтижесінде заңсыз айналымнан 154 кг есірткі заттары, оның ішінде 3 кг. героин алынды.

Нәтижесі: Есірткі пайдаланатындардың 60%-ға жуығы 30 жасқа дейінгі тұлғалар. Балалар және жасөспірімдер нашақорлығы өсуде. Есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды алғаш пайдаланатын орындардың бірі-жалпы білім беру мектептері, колледждер және басқа оқу орындары болып табылады. Әйелдер арасында есірткіге құмарлық саны өсіп келеді. 
Істің нақты мән-жайын ескере отырып, нашақорлық проблемаларын шешу кезінде ең бастысы кәмелетке толмағандар және жастармен алдын алу жұмыстарын жүргізу керек. «Жастар есірткіге қарсы» және тағы басқа акцияларын белсендіру, мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерін шақыра отырып, барлық мектептерде «дөңгелек үстелдер» өткізуді ұйымдастыру қажет. 
 


Информация о работе Есірткі қылмыстары мен нашақорлық