Салық және басқа да міндетті төлемдерді төлеуге құқықтық бақылау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2014 в 15:20, реферат

Описание работы

Бақылау мәселесі экономика ғылымында бірінші жоспарда тұр, яғни, өте актуалды мәселе болып отыр. Бақылау мәселесін зерттеген көптеген авторлардың көзқарастары бақылаудың-басқарудың құрамдас бөлігі екендігін, оның кез – келген дәрежеде біліктіліксіз басқару мүмкін еместігін айтуда түйісіп отыр, және де басқарылушы жүйе неғұрлым көпжақты және кәсіби болса, соғұрлым бақылау да күрделі болуы тиіс.

Содержание работы

1. Кіріспе……………………………………………………..……………………3
2. Негізгі бөлім
а) Жалпы мемлекеттік салықтарға құқықтық бақылау жүргізу...…………4
б) Жергілікті салықтар мен алымдарға құқықтық бақылау жүргізу……...6
в) ҚР-дағы алымдарды жинау және төлеу реті..............................................8
3. Қорытынды…………………………………………………………………....11
4. Әдебиеттер тізімі……………………………………………………………..12

Файлы: 1 файл

Kukik 2 semstr.docx

— 34.33 Кб (Скачать файл)

       6. Осы Кодексте белгіленген жағдайларда салық төлеушінің уәкілетті өкілі салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару кезінде төлем құжаттарында ақшаны жөнелтуші салық төлеушінің тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) немесе атауын және оның сәйкестендіру нөмірін көрсетеді.  
      7. Салық төлеушінің салық агенті орындайтын, салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесі салық ұсталған күннен бастап орындалған болып есептеледі.  
      8. Салықты, төлемақыны төлеу жөніндегі салық міндеттемесі, сондай-ақ өсімпұлдар төлеу бойынша міндеттеме осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен есепке жатқызулар жүргізу арқылы орындалуы мүмкін.  
      9. Салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесі, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдар төлеу бойынша міндеттеме осы Кодексте, Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдардың қызметін реттейтін заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың ережелерінде төлеудің заттай нысаны немесе шетелдік валютада төлеу көзделген жағдайларды қоспағанда, ұлттық валютамен орындалады.

 

       32-бап. Салық міндеттемесін орындау кезінде салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу ерекшеліктері      

1. Төлем көзінен ұсталатын  салықтың сомасын есептеуді салық  агенті жүзеге асырады. 

      2. Осы Кодекстің ерекше бөлімінде көзделген жағдайларда салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлерінің сомасын есептеу жөніндегі міндет салық органына және уәкілетті мемлекеттік органдарға жүктелуі мүмкін.    

  

      33-бап. Салық міндеттемесін орындау мерзімдері     

 Салық міндеттемесін орындау мерзімдері осы Кодексте белгіленеді. Бұл ретте, осы Кодексте белгіленген мерзімнің өтуі салық міндеттемесін орындау мерзімінің басталуы айқындалған нақты оқиғадан немесе заңдық іс-қимылдан кейін келесі күні басталады. Мерзім осы Кодексте белгіленген кезеңнің соңғы күнінің соңында аяқталады. Егер мерзімнің соңғы күні жұмыс күні болмаса, мерзім келесі жұмыс күнінің соңында аяқталады.   

   34-бап. Салық берешегін өтеудің тәртібі

Салық берешегін өтеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:

1) бересі сомасы;

2) есептелген өсімпұлдар;

3) айыппұлдар сомасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       Қорытынды

 

            Салықтық бақылауды әр түрлі аспектілерде: ұйымдастыру, әдістемелік, техникалық жағынан қарастыруға болады. Салықтық бақылаудың әдістемесіне келер болсақ бұл дегеніміз нақты жүзеге асырылатын әдістер мен айлалар. Салықтық бақылауды әр түрлі негіздерін құрай төмендегіше жіктеуге болады. Салықтық бақылауды жүзеге асыру формасы бойынша: 1)тікелей бақылау; 2) сырттай бақылау деп бөлуге болады. Салықтық бақылау ішкі және сыртқы сипатта болады. Ішкі бақылау түрі – бақылау субъектісі мен бақылау объектісі бір ұйымдық жүйенің бөлімдері болған жағдайда жүргізіледі. Мысалы, Министрлік өзіне қатысты ведомстволарды өз салық міндеттемелерін, заңдылықтырын қалай орындап жатқандығын тексереді. Сыртқы бақылау өзіне қарасты емес субъектілерге қатысты жүзеге асырылады. Мұндай бақылау салық комитеті органдарының тексеруіне тән. Салықтық бақылаудың ішкі бақылау түрі қажет екендігі күмәнсіз: әрбір салық төлеуші өзінің алықтық міндеттемелерін толық және дер кезінде орындауға ұмтылуы керек. Бірақ бұл бақылауды ішкі бақылау мемлекеттік бақылау деп айтуға да болмайды – мұнда салық төлеуші өзін - өзі бақылайды. Сондықтан ішкі шаруашылық бақылау қажет бола тұрса да, оның салық тәртібін жақсартуға әсері бар болса да, оны салықтық бақылауға жатқызуға болмайды. Салықтық бақылау тек салықтық қатынастырға ғана билеуші және бағынушы моделі түрінде жүзеге асырылып отырады, мұнда бақылаушы мемлекеттік, яғни, мемлекет өкілеттік берген салық органы болып табылады. Салықтық бақылау негізінен үкім орындаушы органының іс-әрекеті арқылы, ал нақтылай айтқанда – мемлекеттік салық органы арқылы ғана іске асырылады. Бірақ құқық қорғау органдары да салықтық бақылау жасай алатындығын айтпауға болмайды, тек салық органының қатысуымен. Салық жүйесінің тиімді болуы экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                            Әдебиеттер тізімі

 

1. Оспанов Қ.И. Құқық негіздері. Оқулық. – Алматы, 2006.

2. Алтынбасов  Б.О. Құқық негіздері. Оқулық. – Алматы, 2013.

3. ҚР Азаматтық  кодексі. – Алматы, 2014.

4. Жайлин  Ғ.А. ҚР Азаматтық құқығы. Жалпы  бөлім. – Алматы, 2012.

5. Танирбергенова  Р. К. Құқық негідері. Дәрістер жинағы. – Алматы, 2014

 

 


Информация о работе Салық және басқа да міндетті төлемдерді төлеуге құқықтық бақылау