Салықтық құқық бұзушылықтар, ұғымы, топтастырылуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2013 в 14:43, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының ағымдағы тиісті заңдары салықтық тексеру, бақылау нәтижесіне қарай салық төлеуші нақты заңды және жеке тұлғаларға мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдануды көздейді. Мемлекеттік мәжбүрлеудің айтарлықтай бөлігі әкімшілігін тәртіппен жүзеге асырылады.
Осы ретте салық салу аясындағы мәжбүрлеу шараларына мынадай айырықша белгілер тән болады:
- Мәжбүрлеу шараларын қолдану кезінде заңдылықтың сақталуына қатаң назар аударылады және оның сақталуы іс кезінде қамтамасыз етіледі;
- Салық салу аясында қолданылатын мәжбүрлеу шараларының жүйесі әртүрлі бағыт сипатта болады.

Содержание работы

1. Салықтық құқық бұзушылықтың ұғымы. Объектісі мен субъектісі.
2. Қаржылық құқықтың сипатты салықтық құқық бұзушылықтар, олардың сипаттамасы.

Файлы: 1 файл

РЕФЕРАТ.docx

— 18.65 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Салықтық құқық бұзушылықтар, ұғымы, топтастырылуы

 

 

 

 

 

Орындаған: Азирбаева Айгерим ҚҚС 321

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Талдықорған 2013 жыл

 

Жоспары:

1. Салықтық  құқық бұзушылықтың ұғымы. Объектісі  мен субъектісі.

2. Қаржылық  құқықтың сипатты салықтық құқық  бұзушылықтар, олардың сипаттамасы.

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Қазақстан  Республикасының ағымдағы тиісті  заңдары салықтық тексеру, бақылау  нәтижесіне қарай салық төлеуші  нақты заңды және жеке тұлғаларға  мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын  қолдануды көздейді. Мемлекеттік  мәжбүрлеудің айтарлықтай бөлігі  әкімшілігін тәртіппен жүзеге  асырылады.

       Осы ретте салық салу аясындағы  мәжбүрлеу шараларына мынадай  айырықша белгілер тән болады:

-  Мәжбүрлеу  шараларын қолдану кезінде заңдылықтың  сақталуына қатаң назар аударылады  және оның сақталуы іс кезінде  қамтамасыз етіледі;

- Салық салу  аясында қолданылатын мәжбүрлеу  шараларының жүйесі әртүрлі бағыт  сипатта болады.

        Салық салу аясындағы мемлекеттік  мәжбүрлеу мемлекет тарапынан  құқықтық нормаларда белгіленеді.  Сондықтан оларды қолдану қашанда  және қайда болмасын мемлекеттік  мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз  етіледі.

        Дегенмен салық салу аясында  қолданылатын қандай болмасын  заңи жауапкершіліктің құрамында  әрдайым мемлекеттік мәжбүрлеу  шарасы көрініс табады.

       Демек салық салу аясындағы  мемлекеттік мәжбүрлеу мынадай:

- салықтың  құқықтық бұзушылық жасағаны  үшін қолданылатын заңи жауапкершілік  шаралары бойынша;

- салық заңдарының  әмірлі талаптарын орындамағаны  немесе тиісінше орындамағаны  үшін дербес шара ретінде қолданылатын  мемлекттік мәжбүрлеу шаралары  заңи жауапкершілік шараларына  жатпайды.

        Бұл орайда екінші бағыт бойынша  жасалған іс-қимылдың салықтық  құқық болып саналмағандықтан  қолданатын мемлекеттік мәжбүрлеу  шаралары заңи жауапкершілікке  жатпайды.

Қандай болмасын құқық бұзушылықтың тұрақты белгісі  осы құқық бұзушылықты білдіретін іс-қимылды жасағаны үшін мемлекет көздеген заңи жауапкершілік болып  табылады.

Еш бір  салық төлеуші салықтарды өз бетімен  дербес және патриоттық-азаматтық сана-сезіммен төлеуге ешқашанда белсенділік  танытпайтыны белгілі. Алайда салық  төлеуден ешкімнің қашып құтыла алмайтыны  да баршаға мәлім.

Салық төлеушінің салық заңдарының әмірлі талаптарын орындамауы немесе қалай болса солай  орындауы заңның бұзылуына әкеп соқтырады. Оның үстіне салық органдарының құқыққа  сай емес әрекеттері, банк мекемелерінің  салық заңдарының өздеріне тиесілі  бағыттағы талаптарын орындамаулары  да заңға қайшы, кінәлі іс-қимылдар болып саналады.

Осы орайда салық заңдарының бұзылуы өз салықтық міндеттемелерін тиісінше орындамаған  немесе мүлдем орындамаған салық  төлеушілердің, салық заңдары арқылы өздеріне жүктелген міндеттерді  орындамаған банк мекемелері мен  басқа да қаржылық-кредиттік органдардың, сондай-ақ салық төлеушілерге және басқа да субъектілерге қатысты  уәкілетті салық органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының құқыққа сай емес әрекет-қызметтеріне байланысты салық заңдарының әмірлі талаптарын ойдағыдай атқармаулары сипатында көрініс табады.

     Егер құқыққа қарсы осындай  әрекеттерді (әрекетсіздіктерді)  құқық бұзушылық деп атасақ, онда  оны құқық бұзушы іс-әрекет, яғни  құқықтық нормалардың талаптарына  қарама-қарсы келетін әрекет деп  түсіндіруге болады.

Демек құқық  бұзушы тұлға құқық нормаларының талаптарына орай өзіне жүктелген  міндеттер мен шектеулерді орындамайтын тұлға болып табылады.

Сонымен, салықтық құқық бұзушылық-салықтық қатынасқа  қатысушылардың салық заңдарының нормаларымен белгіленген өздеріне қатысты міндеттерді  тиісінші орындамауларына не мүлдем орындамауларына байланысты тиісті заң актілерінде заңи жауапкершілік  көзделген құқыққа қайшы, кінәлі әрекет не болмаса әрекетсіздік болып  сипатталады.

Салықтық  құқық бұзушылықтың басқа да құқық  бұзушылықтар сияқты өзіне тән белгілері  мен құрамы болады.

    Салықтық  құқық бұзушылық белгілеріне:

  • жиі көрініс табуына байланысты қоғамға қауіптілігі;
  • құқыққа қайшылығы (қарсы);
  • кінәлілігі;
  • зардап-залалдың болуы;
  • құқыққа қайшы әрекетпен оның нәтижесі (салдары) зардапты зиян және олардың арасындағы себептік байланыс;
  • құқыққа қайшы, кінәлі әрекеттің (әрекетсіздіктің) жазалануы, яғни теріс әрекеттің жазалануы жатады.

Салықтық  құқық бұзушылықтар тек мемлекеттің  салық жүйесіне тікелей бағытталған  құқық бұзушылықтар болып саналады. Алайда салықтық құқық бұзушылықтарға тек салық төлеуші тарапынан  жасалынған құқыққа қайшы әрекеттерді  ғана жатқызуға болмайды.

Құқыққа қайшы  іс-әрекеттердің нақтылы бағыт-бағдарларына байланысты салықтық құқық бұзушылық  мынандай түрінде көрініс табады:

  • салықтар жүйесіне (салық салу жүйесі) қарсы құқық бұзушылықтар;
  • салық төлеушілердің экономикалық мүдделеріне, құқықтары мен бостандықтарына қарсы құқық бұзушылықтар;
  • бюджеттердің кіріс бөліктерін салықтық түсімдер арқылы орындалуына қарсы құқық бұзушылықтар;
  • салық төлеушілердің салықтық міндеттерін орындауға кепілдік беретін жүйеге қарсы құқық бұзушылықтар;
  • салық органдарының бақылау функцияларын жүзеге асыруға қарсы құқық бұзушылықтар;
  • бухгалтерлік есепті жүргізу, бухгалтерлік және салықтық есептемелердің әзірлеу және табыстау тәртібіне қарсы құқық бұзушылықтар;
  • салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерге қарсы құқық бұзушылықтар.

Құқыққа қайшы  іс-әрекет салық заңдары нормаларының әмірлі талаптарын орындамау болып  табылады. Салықтық құқық бұзушылықтың келесі белгісі кінәлілігі құқық  бұзушы тарапынан қасақана немесе абайсызда  жасалған іс-әрекетке оның тікелей  психикалық қатыстығын білдіретін белгі  болып есептелінеді.

Салықтық  құқық бұзушылықтың нәтижесінде  мемлекетке зиян келтіретіні көпшілікке белгілі.

Қандай болмасын салықтық құқық бұзушылықтың зиянды зардапты салдары болатындықтан, оларда материалдық ауыртпашылығы бар  және салық салу аясындағы құқықтық тәртіпті бұзу түріндегі зияны бар  салықтық құқық бұзушылықтар деп  бөлген дұрыс болады.

Материалдық құқық бұзушылықтың барысында мемлекетке немесе салық төлеушіге айтарлықтай  көлемде мүліктік-заттай зиян келтіріледі. Құқық бұзушылық жасалған жағдайда оның міндетті түрде зиянды салдары  болады.

Құқыққа қайшы  әрекет пен оның нәтижесі – келтірілген  зардаптың арасындағы себептік байланыс салықтық құқық бұзушылықтың төртінші белгісі болып саналады. Себептік байланыстың құқық бұзушыға қатыстығы  зиянның тікелей және кінәлі әрекеттің  нәтижесінде келтірілуі арқылы көрініс  табады.

Салықтық  құқық бұзушылықтың бесінше белгісі  кінәлі, құқыққа қайшы әрекеттің, яғни оны жасаған тұлғаның заңи жауапкершілікке  тартылып мемлекет тарапынан қарсы  ауыр ықпалға ұшырауы жазалануы  болып табылады.

Құқық бұзушылық  жасалған жағдайда ғана заңи жауапкершілік  қолданылады. Салықтық құқықтық қатынастар аясында құқық бұзушылық орын алмаса заңи жауапкершілікті қолдану  негізі де болмайды.

Заңи жауапкершіліктің өзіне тән мынадай ерекше белгілері  болады:

  1. құқық бұзушылыққа және оны жасаған тұлғаға мемлекеттік теріс баға беру;
  2. мемлекеттік мәжбүрлеуге – ауыртпашылыққа ұшырату заңды негізде қысым көрсету – жазалау;
  3. құқық бұзушының жеке басына (заңды тұлғалардың лауазымды адамдарына) қатысты келеңсіз, ауыр жағдайға душар еткізу.

Салықтық  құқық бұзушылық жасаған субъектіні заңи жауапкершілікке тарту кезіңде  мемлекет мынадай мақсаттарға:

  • салықтың толығымен төленуін қамтамасыз етуге;
  • құқық бұзушылықтық қайталанбауын қарастыра отырып құқық бұзушыны жазалауға қол жеткізуді көздейді.

Бұл ретте  айта кететін бір жәйт, құқық бұзушылар  қатарынан уәкілетті салық органдары  мен банк мекемелерінің және т.б. орын алуына байланысты заңи жауапкершілікке  тарту-жазалауды кең мағынасында, яғни барлық салықтық қатынасқа қатысушылардың салықтық заңдарды сақтауларын қамтамасыз ететін құрал деп түсінгеніміз дұрыс  болады. Осының нәтижесінде уәкілетті  салық органдары мен салық  төлеушілердің тиісті заңға бағыныштылығы  жарқын көрініс табады және салықтық құқықтық қатынастар тиімді қорғалады.

Салықтық  құқық бұзушыларды заңи жауапкершілікке  тарту сот арқылы не болмаса соттан тыс жағдайда жүзеге асырылады.

Жауапкершіліктің  тиісті түрін қолдану салықтық құқық  бұзушылықтың сипатына, құқық бұзушының  тұлғасына, жауапкершілікке тартатын мемлекеттік органның өкілеттілігіне байланысты болады. Мысалы, әкімшілік  құқықтық сипаттағы салықтық құқық бұзушыларға салық органдары тарапынан әкімшілік айыппұл түріндегі шара қолданылады.

Салықтық  қылмыстар үшін қолданылатын қылмыстық  құқықтық шараларға – айыппұл, түзеу  жұмыстары, бас бостандығынан айыру (мүлікті тәркілеуді алғанда) жатады. 

Салықтық  құқық бұзушылықтың құрамына келсек, олардың құрамындық элементтеріне  мыналарды:

  • салықтық құқық бұзушылықтың объектісін;
  • салықтық құқық бұзушылықтың объективтік жағын;
  • салықтық құқық бұзушылықтың субъектісін;
  • салықтық құқық бұзушылықтың субъективтік жағын жатқызуға болады.

Салықтық  құқық бұзушылықтың объектісі мемлекеттің  салық жүйесі болып саналады. Ал объективтік жағы әрекет не болмаса  әрекетсіздік нысанында жасалған құқыққа  қарсы іс-қимылдар немесе құқыққа  қайшы әрекетті сырттай сипаттайтын  белгілер арқылы айқындалады.

Салықтық  құқық бұзушылықтың субъектісі құқық  бұзушылықты жасағаны үшін заңи жауапкершілікке  тартылатын тұлға. Субъективті жағынан  құқық бұзушының кінәлілігін  жатқызуға болады немесе оның өзі  жасаған әрекетіне деген психикалық қатыстығының барлығын білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1.Налоговое право: Учебное пособие /под ред.С.Г. пепеляева, М.ИД ФБК-ПРЕСС,

2.Петрова Г.В. Налоговое право: Учебник для вузов. М.:Издатаельская группа МНФРА-М-НОРМА, 1997..С,271.

3.Порохов Е.В. Теория налоговых обязательств, Алматы: Жеті жарғы, 2001, 168 с.

4.Худяков А.И. Налоговое право Республики Казахстан. Общая часть:Учебник.-Алматы: ТОО»Издательство НОРМА-К»,-2003, 512 с.

5.Найманбаев С.М.Салықтық оқулуқ: Оқулуқ.- Алматы: Жеті жарғы, 2005, 400 бет


Информация о работе Салықтық құқық бұзушылықтар, ұғымы, топтастырылуы