«Қылмыс» ұғымы және оның белгілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2013 в 10:41, реферат

Описание работы

Қылмыс – бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді. «Қылмыс» ұғымы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9 – бабында берілген: «Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет – қылмыс деп танылады».

Файлы: 1 файл

«Қылмыс» ұғымы және оның белгіері. қылмыстық жауапкершілік және оның құрамы..doc

— 46.50 Кб (Скачать файл)

Жоспар

 

  1. «Қылмыс» ұғымы және оның белгілері.
  2. Қылмыстың жіктелуі.
  3. Қылмыстық жауапкершілік туралы түсінік.
  4. Қылмыс құрамы турлы түсінік және оның түрлері.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қылмыс» ұғымы  және оның белгіері.

«Қылмыс»  ұғымы және оның белгілері.

   Қылмыс – бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді. «Қылмыс» ұғымы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9 – бабында берілген: «Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет – қылмыс деп танылады».

   Қылмыстың төмендегідей  белгілерін атап өтейік.

  1. Қылмыс әрқашан іс – қимыл болып табылады, яғни, ол әрекетпен де, әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін.

Әрекет – бұл қылмыс жасаудың белсенді нысаны. Әрекетсіздікте кінәлі адам өзі жасай алатын әрекетті және жасалуы тиіс әрекетті жасамайды. Адамның ойлау қызметі жазаланбайды, өйткені ол қоғамға қауіпті теріс қылық жасауға алып келмейді.

  1. Қылмыс – бұл қоғамға қауіпті әрекет, яғни ол қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе зиян келтіруге нақты қауіп төндіреді.
  2. Қылмыс - әрқашан құқыққа қайшы болады. Құқыққа қайшылық – бұл қылмыстық заңның әрекетке тыйым салуы. Құқыққа қайшылық деп қылмыстық кдексте бекітілген тыйымды қылмыс жасаған адамның бұзуын айтады.
  3. Қылмыстың міндетті белгісінің бірі адамның кінәсінің болуы. Қасақана немесе абайсызда жасалған әрекет қылмыс болуы мүмкін.
  4. Жазалану. Егер әрекет жазаланбайтын болса, онда ол қылмыс ретінде қарастырылмайды. Әрбір қылмыс үшін қылмыстық кодексте жаза қарастырылған.

 

 

 

Қылмыстың жіктелуі.

   Қылмыстарды жіктеу  – бұл қоғамға жасалған қауіпті  әрекетті ауырлық дәрежесі мен  сипатына байланысты топтарға  бөлу болып табылады. Қылмыстық кодексте барлық қылмыстар төрт топқа бөлінген: онша ауыр емес қылмыстар, орташа ауыр қылмыстар, ауыр қылмыстар және ерекше ауыр қылмыстар.

  • Жасалғаны үшін ең ауыр жаза екі жыл бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай – ақ жасалғаны үшін ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсыза жасалған әрекет – онша ауыр емес қылмыс деп танылады.
  • Жасалғаны үшін ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай – ақ жасалғаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза абайсыза жасалған әрекет – орташа ауыр  қылмыс деп танылады.
  • Жасалғаны үшін ең ауыр жаза он екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет – ауыр  қылмыс деп танылады.
  • Жасалғаны үшін ең ауыр жаза он екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы қасақана жасалған әрекет – аса ауыр  қылмыс деп танылады.

 

Қылмыстық жауапкершілік туралы түсінік.

   Қылмыстық жауапкершілік құқықтық жауапкершіліктің інішдегі ең қатаң түрі болып есептеледі. Қылмыстық жауапкершілік қылмыс жасағаны үшін қылмыстық заңмен белгіленеді.

   Қылмыстық жауапкершіліктің мағынасы кінәлі адамның өзінің құқыққа қайшы әрекеті үшін мемлекет атынан сотталатындығын білдіреді. Соған орай, мемлекет құқық бұзушының еркінен тыс мәжбүрлеу тәртібінде қылмыстық жауапкершілікті жүктейді.

   Қылмыстық жауапкершілік – бұл адамның жасаған қылмысы үшін жазалануы немесе қылмыстық – құқықтық сипаттағы басқа да шаралармен жазаланатын қылмыстық заңмен бекітілген міндеті.

   Қылмыстық жауапкершіліктің  мынадай элементтері болады:

  • жасаған қылмысы үшін адамның жауап беру міндеті;
  • соттың адамның жасаған әрекетін теріс бағалаудан көрінетін соттау;
  • кінәлі адамға қылмыстық – құқықтық сипаттағы шаралар қолдану;
  • жаза тағайындаудың құқықтық салдары ретіндегі соттылық.  

Қылмыс  құрамы турлы түсінік және оның түрлері.

   Қандай қылмыс  жасалғанын анықтау үшін «қылмыс құрамы» сияқты ерекше ұғым бар, мысалы, ұрлық немесе бұзақылық, кісі өлтіру немесе қарақшылық.

   Қылмыс құрамы деп қоғамға қауіпті әрекетті қылмыс ретінде сипаттайтын объективті және субъективті белгілердің жиынтығын айтады.

   Қылмыс құрамы  элементтерден құралады. Егер осы  элементтің біреуі болмаса қылмыс  жасалды деп айта алмаймыз. Қылмыс  құрамының элементтері бұл –  объект және объективті жағы, субъект және субъективті жағы.

  • Қылмыс субъектісі жай, белгілі бір жаса толған және есі дұрыс боғандықтан өз әрекетін (немесе әрекетсіздігін) бағалай алатын қабіеті бар адам болуы керек.
  • Қылмыс объектісі – бұл қылмыстық іс – қимылға бағытталған және зиян келтіруі мүмкін қоғамдық қатынастардың жиынтығы, мысалы, өмір, жеке меншік, ар – ұят, абырой.
  • Қылмыстың объективтік жағы - әрекет деген жалпы ұғымды беретін адамның әрекет немесе әрекетсіздік нысанындағы сыртқы көрінісі.
  • Қылмыстың субъективтік жағы – бұл адамның өз іс – қимылына психикалық көзқарасы. Ол қасақаналық және абайсыз нысанында көрініс табады.

 

Қорытынды.

   Сонымен, қылмыс  – бұл Қылмыстық кодекспен  тыйым салынған қоғамға қауіпті  іс - әрекет.

   Барлық қылмыстар  сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай төртке бөінеді: онша ауыр емес қылмыс, орташа ауыр қылмыс, ауыр қылмыс және аса ауыр қылмыс.

   Қылмысқа қатысу, бірнеше адамның біртұтас қоғамға  қауіпті нәтижеге жету үшін  өз күш әрекеттерін біріктіруін  білдіретін қылмыстық әрекеттердің  ерекше нысаны. Қылмысқа қатысу  тек қасақана қылмыстарда ғана  болады, қылмысқа қатысушылардың барлығы қасақаналықпен әрекет етеді. Қылмыс жасау салалары – бұл адамның қылмысты қасақана жүзеге асыруының белгілі бір сатылары боып табылады.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. ҚР Конституциясы  1995 жылы 30 тамыз; 2007 жылы 21 мамырда өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

2. ҚР Қылмыстық Кодексі 1997 жылы 16 шілде (№167-I); 2007 жылғы 15 мамырдағы  №253-III енгізілген өзгерістер мен  толықтырулар енгізілді.

3. ҚР Қылмыстың құқығы Жалпы  бөлім Абдрашит А.А.  Алматы. Жеті Жарғы, 2001.- 134.

4. ҚР Қылмыстық құқығы Жалпы  бөлім Борчашвил И.Ш. Алматы, 2001.

5. Қазақстан Республикасы Жоғарғы  Соты Пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы  қаулысы.


Информация о работе «Қылмыс» ұғымы және оның белгілері