ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ
МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ
САҚТАУ МЕН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КУРСЫ
СОӨЖ
Тақырыбы: Арал теңізінің дағдарысы
және салдары
Орындаған:
Факультет:Стоматология
Топ:
Тексерген:
Алматы 2013
Жоспар:
Кіріспе
1. Арал теңізінің зерттелуі
2. Арал теңізінің экологиялық
мәселелері
3. Арал экологиялық дағдарысы
4.Арал теңіз мәселесі жөніндегі
іс-шаралар
5.Арал теңізін сақтау жөніндегі
халықаралық шаралар
Қорытынды
Қосымша
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
АРАЛ ТЕҢІЗІ — Өзбекстан мен Қазақстан
(Қызылорда және Ақтөбе обл.) жерінде, Тұран
ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің
шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы
қарқынды антропогендік әрекеттерге дейін
(1960 — 70 ж.) дүн. жүз. теңіз деңгейінен 53,0
м биіктікте жатқан (кестені қ.). Осы деңгейдегі
айдынының ауд. 66,1 мың км2 (аралдарымен
қоса), суының көл. 1064 км3, орташа тереңд.
16,1 м (ең терең жері 67 м), ұз. 428 км, ені 235
км, су жинау алабының ауд. 69000 км2 болған.
Алабындағы шарлашылық мақсаттарға үздік
өңдеу алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі
18 м-ге төмендеді (1997). Нәтижесінде теңіз
2 суқоймаға — Үлкен Арал және Кіші Аралға
бөлініп қалды (қ. Арал апаты). А. т. көне
замандардан белгілі. Ежел гректер мен
римдіктер теңізді Каспийдің «сақ шығанағы»
есептесе, А. Македонский кезінде , Окс
теңізі (Окс — Сырдарияның грекше аТЫ)
деп атаған. Кейін Птолемей оның геогр.
орнын анықтаған. А. т-нің Хорезм т., Жент
ті Кердері т. сияқты аттарында бар. Араб
саяхатшылары Әбу Әли Ахмед ибн Русте
(10 ғ.), Әбу Исхак әл-Истахри (10 ғ.), ӘбуАбдал-лаһ
Мүхаммед әл-Идриси (12 ғ.), Әбу-л-Фида (14
г.), сондай-ақ Әбілғазы жазбаларында А.
т. туралы деректер кездеседі. Теңіз табиғатын
жан-жақты зерттеу Ресей империясының
шығысты отарлау саясатын жүргізу кезінде
іске асырыла бастады. 1848 — 49 ж. әскери
теңізші әрі зерттеуші А.И. Бутаковтың
экспедициясы А. т-нің су айдынын алғаш
рет толық зерттеді, нәтижесінде 1850 ж.
Аралдың алғашқы толық картасы жасалды.
Теңіздің морфометриялық сипаттамаларын
тұңғыш рет (1874, 1889) И.А. Стрельбицкий анықтады.
1874 ж. геодезист А.А. Тилло теңіз деңгейін
өлшеп, солт.-батыс жағасына қада орнатты.
Теңіз суының хим. құрамы туралы зерттеулердің
нәтижесі 1870 — 73 ж. жарық көрді. 1900 — 03
ж. теңіздегі және оның маңайындағы кешенді
геогр. және гидрол. зерттеулер Л.С. Бергтің
басшылығымен жүргізілді. Одан кейінгі
жылдары теңізді зерттеумен көптеген
ғыл.-зерт. Және жобалау ин-ттары шұғылданды.
Қазақстанның, сонымен бірге бірқатар
шетелдік ғыл.-зерт. мекемелері А. т-н зерттеу
мәселесімен айналысты. Бірнеше халықаралық
қоғамдар, ұйымдар құрылған. Арал ойысы
жоғарғы плиоценде жер -қыртысының төменге
майысуы нәтижесінде қалыптасқан. Табанының
бедері жота-жоталы жазық болып келеді.
Деңгейі күрт төмендегенге дейінгі теренд.
20 — 25 м, А. т-нде жалпы ауд. шамамен 2235 км2
(айдынның 3,5%) болатын 1100 аралдар тобы
болған, кейін олардың бірқатары түбектерге
айналып, құрлыққа қосылған. Кезіндегі
ең ірі аралдары: Көкарал, Барсакелмес,
Возрождение (бұл аралда КСРО-ның бактериол.
қаруын сынау алаңы болған). Солт-нде биік
және жайпақ жағалаулар кезектесіп отырады.
Олар терең шығанақтармен тілімделген;
шығыс жағасы жазық және құмды, шағын шығанақгар
мен жаға маңы аралдары көптеп кездеседі,
оңт. жағасы Әмударияның атырауынан тұрады;
батыс жағасының тілімденуі шамалы, бұл
тұстағы биікт. 250 м- ге жететін Үстірттің
жарлауыт қабақтарынан тұрады. А. т-не
Орталық Азияның 2 аса ірі өзені (Әмудария
мен Сырдария) құяды. Климаты континенттік,
құрғақ ауаның орташа темп-расы жазда
24 — 26°С, қыста -7,0 — 13,5°С. Жылдық жауын-шашынның
орташа мөлш. шамамен 100 — 150 мм. Табиғи
жағдайдағы теңіздің су тендестігінің
құра-мы: кел бетіне жауатын жауын-шашынның
мөлш. 5,9 км3, өзен ағындысы 54,8 км3, көл бетінен
буланған ылғал 60,7 км3. 1970 ж. бастап көлге
құятын өзен ағындысы жоққа тән болғандықтан,
булануға кеткен шығынды толтыруға4 шамасы
жетпейді, сондықтан теңіз суы жылдан
жылға тартылып келеді (1-картаны қараңыз).
Су деңгейінің маусымдық тербелісінің
орташа мәні 25 см, көп жылдық (ғасырлық)
ауытқуы 3 м-ге дейін жеткен. Соңғы кезде
маусымдық құбылмалылық, болмаса су деңгейінің
көпжылдық ауытқу көрсеткіші тек төменге
бағытталған (картаны қ.). Судың беткі қабатының
темп-расы жазда 26 — 30°С, қыста 0°С-тан
төмен. Қыс бойы теңіз айдынын толығымен
мұз басады. Суының тұзд. табиғи жағдайда
9 — 14%о болатын, соңғы он жыл ішінде (1988
— 98) 25 — 30%с-ге дейін өсті. Суы өте мөлдір,
25 м-ге дейінгі тереңдікті көруге болатын
еді. Теңіздегі ағыстар сағат тілінің
бағытьмен айналым жасайды. А. т-нде балықтан
арал шоқы-ры, сазан, қаяз, торта, т.б. бар.
Соңғы кезде камбала жерсіндірілген. Кеме
байланысы шамамен 7 айға созылатын, казіргі
кезде тек иірімдерде ғана қатынайды.
Маңызды айлақтары мен негізгі экон. қ-лары
бұрын Арал (Кіші Аралда) және құрлықта
қалған Мойнақ (Үлкен Аралда) қ-лары болған.
А. т-нің жағалауында халық аз тұрады, жергілікті
халық балық аулау, мал ш-мен және көкөніс-бақша
өсірумен айналысады. Арал балық аулау
ауданына А. т-не құятын өзендердің атырау
аумағы кіреді. Балық өндеу (тұздау) зауыттары
бұрын Әмударияның атырауында, Аван кентінде
(Көкаралда), Бөген ауылында (шығыс жағалау),
бұрынғы Ұялы және Ұзын-қайыр аралдарында
орналасқан болатын. Алғаш Әмударияның
атырау тұсы к. т. аталып (аралдардың өте
көп болуы себепті, картаны қараңыз), кейін
теңіз түгелімен Арал аталған.
Арал теңізінің экологиялық
мәселелері
Арал тенізі – Қазақстаныың інжу-маржаны,
шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір
су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға
дейінгі көлемі -1066 км2, тереңдігі — 30-60
метр, тұздылығы — 10-12 % болған. Қойнауы
кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы
қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде
жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан
едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.
Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға
дейін әлеуметтік-эконо-микалық тұрғыда
жақсы қамтамасыз етілген тіршілік көшті.
Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық
колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2
балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.
1960 жылдардан бастап Арал өңірін
игеру қолға алынды. Осы аймақтағы
игерілетін жер көлемі бұрынгыдан
Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5, Түрікменстанда
2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал
Әмудария мен Сырдария бойындағы
халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында
2,2 есеге артты. Халық санының
өсуіне орай суға деген кажеттілік
те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар
аралығында Аралға құйылатын
су мөлшері азайды. Онын негізгі
себептері — антропогендік факторлар
еді. Екі өзен бойындағы суды
мол қажет ететін күріш пен
мақта өсіру ісі қаркындап
дамыды (Шардара).
Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа
да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары
игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге
асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында
44 мың м3 су құйылса, бұл көрсеткіш 1974-1978
жылдары 13 мың м3, ал 1990 жыл-дары екі есеге
қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің
деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның
су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың
тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның
үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда
тыңайтқыштар мен химиялык препараттарды
қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке
жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге
өскен. Осындай антропогендік факторлар
Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты.
Құргап қалған теңіз түбінен жыл сайын
айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн.
т тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай
бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған
факторларға:
- жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін
ескермеу;
- ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау,
судың қорын есепке алмау;
- суды өте көп қажет ететін күріш, мақта
дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
- жерді игерудің агротехникалық шараларын
сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;
табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген
қателіктср мен оны меңгерудің ғылыми
тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.
Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі
тіршілік атаулыны экологиялык дағдарысқа
әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының
қолдан істеген қателігі ретінде дүние
жүзіне белгілі болды.
Арал өңірінде туындап отырған қазіргі
экологиялык апаттар нышаны жыл өтксн
сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы
мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың
тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде
балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы
1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы
түрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп
кетті. Теңіз түбінсн көтерілгсн улы тұздың
мөлшері жылына 13-20 млн. т деп есептеледі.
Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта
Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл
шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың
тұздануы Өзбекстанда — 60 %, Қазақстанда
-60-70 %-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылыққа
зиянын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың
өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтарьш
бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік
экожүйелерге қарай ығыстыруда.
Арал өңіріндегі антропогендік факторлар
ондағы тұрғындардың салт-дәстүріне, экономикалық-әлеуметтік
жағдайына тікелей әсер етуде. Жүмыссыз
қалған балықшылар әлеуметгік жағынан
қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз
қоныс аударуда.
Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы
күрт төмендеп кетті. Бүл өңірде соңғы
мәліметтер бойынша туберкулез, буйректе
тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс жолдарының
қабынуы, жұқпалы аурулар рсспубликаның
басқа өңірімен салыстырғанда жоғары
көрсеткішті беріп отыр.
Арал экологиялық дағдарысы
Арал экологиялық дағдарысы
— адам қарекетінің әсерімен болған экологиялық
дағдарыстың неғұрлым айқын мысалы, Арал
теңізі экологиялық жүйесінің құлдырауы.
Соңғы ондаған жылдар бойында
халық санының көбеюі, суармалы жерлер
аумағының 2-3 есе ұлғайтылуы, Арал
алабында су тұтынудың едәуір артуы теңіз
деңгейінің апатты түрде төмендеуінің
негізгі себебі болды. Әмудария мен Сырдария сулары ағымының күрт азаюы
(1960 жылдардағы 50—60
км3-ден 1990 жылдардағы 5-7 км3-ге дейін) садцарынан оның деңгейі 1960 жылғы 53 метрден 1987ж. 40,3 метрге дейін
жоне 1992 ж. 37,2 метрге дейін
төмендеді.
1990 жылдардың басында теңіз айдынының
ауданы 45%-дан астам
кішірейіп, судың көлемі 65%-ға кеміді,
судың тұздылығы 3 еседен астам артты.
Суы тартылған 30 мың шаршы километрден
астам орасан зор аумақ тұзды шөлге айналып,
одан жылына 40 млн тоннадан 150 млн тоннаға
дейін тұзды жел көтеріп теңізден мындаған
шақырым шалғайға дейін тарап жайылатын
болды. Арал төңірегіндеантропогендік
шөлдену процесі жедел өршіп, бұл орайда климаттың
континенттенуі күшейді, шанды дауылдар
жиілеп, топырақ қабаты, өсімдік жамылғысы
күрт нашарлады, балықты айтпағанның өзінде,
ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігі
мүлдем азайды. Жайылымдар мен шабындықтардың өнімділігі азайып, дәрі-дәрмектік
өсімдіктер қоры кеміді. Табиғи орта сапасының
нашарлауы салдарынан жергілікті халықтың
денсаулығына қауіпті төтенше экологиялық,
әлеуметтік- экологиялық және санитариялық-
эпидемиологиялық жағдай қалыптасты.
Арал теңіз мәселесі жөніндегі
іс-шаралар
Арал теңізінің болашағы дүние
жүзі халықтарын толғандыруда. Оның бір
жолата жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды
ғана емес көптеген Шығыс елдеріннің тыныс-тіршілігіне
өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгеруі, шөлге айналу, атмосферадағыауытқушылықтар, антропогендік экожүйелердің тұрақтсыздығын тудырады. Арал
мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ
және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі
пікірталастар туғызуда. Арал мәселесі
туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті
елдер, халықаралық қоғамдастықтар қаржылай
көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта
Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер. Қазақстан
жағы өз тарапынан тым құрыса Кіші Аралды
сақтап қалу үшін көптеген жұмыстар атқарды.
Екіге бөлінген теңіздің Қазақстандық
аймағындағы Кіші Аралдың деңгейі баяу
болса да көтереліп келеді. Арал теңізін
қалпына келтіріп жандандыру жөніндегі
бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар
бар. Олар:
Сібір өзендерін Қазақстанға
бұру.
Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын
реттеу арқылы суды молайту.
Арал теңізін жартылай сақтап
қалу.
Каспий теңізінің суын жасанды
канал арқылы әкелу.
Жер асты суларын пайдалану.
Арал теңізінің өздігінен табиғи
ретттеулерін немесе толысуын күту.[4]
Әрине, бұл жобалар болашақтың
ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді.
Бәрі де қаражатқа кірелуі мүмкін. Ал оның
іске асуы адамзат қауымының білімі мен
біліктілігіне байланысты екені анық.
Қазіргі кезде аралды құтқаруда
бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми
негізде жұмыстар жасалуда. «Арал тағдыры
– адам тағдыры» болғандықтан, ғажайып
су қоймасын оны сақтап қалу қазіргі ұрпақтың
болашақ алдындағы борышы.
Арал теңізін
сақтау жөніндегі халықаралық шаралар
Арал теңізін сақтау жөніндегі халықаралық
шаралар, Арал апатынан зардап шеккен
елдер басшыларының іс-қимылдарына көмектесуге
бағытталған алғашқы халықаралық келісім 1990жылдың 24–26 қаңтарында БҰҰ-ның
қоршаған орта Бағдарламасының (ЮНЕП)
ұсынысымен жасалды.
Бұл халықаралық құжат «Арал теңізін сақтауға арналған
нақтылы іске дайындыққа қатысу» деп аталды. 1990 жылғы 11–12 қарашада Хаттамаға қол қойылып,
келісім заңды түрде бекітілді. Келісім
бойынша дүниежүзілік дәрежедегі оқымыстылар
мен мамандардың қатысуымен «Диагностикалық
құжат» жасалды. Бұл үлкен ғылыми-тәжірибелік
зерттеу Арал апатыкеселінің бетін ашып берді,
нақтылы іске бағдарлама жасауға себін
тигізді. «
Диагностикалық құжат» 1992 ж. 4 тамызда ЮНЕП-тің басқаруымен Женева қаласында бекітілді, оған Қазақстан Республикасы атынан Ұ.Қараманов, К.Салықов, Н.Мұқитанов қол қойды. Келесі сатыда Дүниежүзілік Банк пен ЮНЕП, ПРООН, ЮНЕСКО, т.б. мекемелер қосыла отырып,
Орталық Азия елдерінің мемлекетаралық
кеңесінің және халықар. Арал қорының
басшылығымен «Арал теңізі мәселелеріне
нақтылы көмек бағдарламасын» іске қосты.
Бұл тарапта 7 бағдарлама, 18 жоба жасалып, ауқымды жұмыс
қолға алынды.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақстан ұлттық жэнциклопедиясы. Алматы
1998 ж.
2. Г.С. Оспанова., Г.Т. Бозшатаева «Экология»
Алматы 2002.
3. Есназарова Ұ.А. Темірбеков А.Т. «Түркі
тілдес елдер географиясы» Анкара -1999
ж.
4. Қ.Н. Жалмишова «Экологиялық білім және
тәрбие» Шымкент 2006.
5. Сағымбаев Ғ. «Экология негіздері», Алматылық
баспа кабинеті 1995 ж.
6. Орынбаева Ғ «Оқушыларға экологиялық
тәрбие беру» Алматы Рауан, 1998 ж.
7. Ю.П. Одум «экология» Мәскеу 1986 ж.
8. П. Аресс «Экология кілттері» санкт-петербург
1982 ж.
9. А.Ш. Алматьев «табиғи ортаның дамуы,
өзгеруін және қорғалуы». Санкт-Петербург.
1983 ж.
10. И.Д. Лаптев «Экологиялық проблемалар»
Мәскеу 1982 ж.
11. П. Бердокс, Д. Родд «Қоршаған ортаны
ластанудан қорғау стратегиясы. Мәскеу
1979 ж.
12. «Егемен Қзақастан», 2005 жыл 30 қараша
13. «Отырар алқабы», 2002 жыл 15 наурыз.
14. Фейзуллах Будан, «Қазақстан: өткені,
бүгіні мен ертеңі». Анкара 2000 жыл.
15. Қазақстан Республикасы: Энциклопедиялық
анықтамалық «Қазақстан энциклопедиясы»
Алматы 2001 ж.