Қоршаған орта ластануының генетикалық салдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2014 в 19:41, реферат

Описание работы

Адамдардың шаруашылық қызметі қазіргі кезде биосфераны ластаушылардың негізгі көзі болып отыр. Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары түсіп отырады.Осы калдықтардағы әр түрлі химиялық заттар ауаға, суға және топыраққа түсіп, бір трофикалық тізбектен екіншісіне өте отырып, соңынан адам организміне келіп түседі.Бүкіл жер шарында осы ластаушы заттардың түспеген жері жоқ деп айтуға болады. Тіпті ешқандай өнеркәсіп орындары жоқ Антарктиданы алайық. Бүл жерде адамдар кішігірім гылыми станцияларда тұрып, ғылыми бақылаулар ғана жасайды. Ғалымдар осы заманғы өнеркәсіптердің әр түрлі улы заттарын осы Антарктидадан да тапқан.

Содержание работы

І. Кіріспе
Қоршаған ортаның ластануына түсінік
ІІ. Негізгі бөлім
Ластану түрлері
Тұрғындардың денсаулығына қоршаған ортаның ластануының әсері
Ластанудың генетикалық салдары
ІІІ. Қорытынды

Файлы: 1 файл

наргиза коршаган орта ластануы.doc

— 76.50 Кб (Скачать файл)

Кафедра: Қоғамдық денсаулық сақтаумен профилактикалық медицина                                    курсы

 

 

 

Реферат

Тақырып: Қоршаған орта ластануының генетикалық салдары

 

 

 

 

 

Орындаған:  Бакирова .Н

Факультет: Жалпы медицина                                                                                                         Тобы: 101 «А»

Тексерген: Айтжанова Г.М.

 

 

 

Алматы

2014 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар:

І. Кіріспе

Қоршаған ортаның ластануына түсінік

ІІ. Негізгі бөлім

Ластану түрлері

Тұрғындардың денсаулығына қоршаған ортаның ластануының әсері

Ластанудың генетикалық салдары

ІІІ. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                                          

 

 

 

 

 

 

Адамдардың шаруашылық қызметі қазіргі кезде биосфераны ластаушылардың негізгі көзі болып отыр. Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары түсіп отырады.Осы калдықтардағы әр түрлі химиялық заттар ауаға, суға және топыраққа түсіп, бір трофикалық тізбектен екіншісіне өте отырып, соңынан адам организміне келіп түседі.Бүкіл жер шарында осы ластаушы заттардың түспеген жері жоқ деп айтуға болады. Тіпті ешқандай өнеркәсіп орындары жоқ Антарктиданы алайық. Бүл жерде адамдар кішігірім гылыми станцияларда тұрып, ғылыми бақылаулар ғана жасайды. Ғалымдар осы заманғы өнеркәсіптердің әр түрлі улы заттарын осы Антарктидадан да тапқан. Олар бұл жерге басқа жерлерден ауа ағындарымен келіп түскен.Табиғи ортаны ластаушы заттар әр түрлі болып келеді. Ол заттар өзінің табиғатына, шоғырлануына және адам организміне әсер ету уақытына қарай. әр түрлі жағымсыз ; нәтижелер туғызады. Осындай заттардың қысқа мерзімде болса да адамға әсері— адам-ның басын айналдырады, құсқысын келтіреді, тамағын жыбырлатып, жөтелтеді. Егер адам организміне осындай улы заттар көп молшерде әсер етсе қатты уланып есінен танады, тіптен өліп кетуі де мүмкін. Ондай улы заттарға ірі өнеркәсіптк қалалардың үстіне желсіз күндері жиналған қара түтіндер немесе өнеркәсіптік кәсіпорындардың қалдықтары мысал бола алады. Электр станциялары, түрлі-түсті металл өндіретін зауыттар, химиялық және мұнайды кайта өңдейтін кәсіпорындар атмосфераға үлкен түтін шығаратын мұржалар аркылы көптеген адам организміне зиянды улы заттарды ауағашығарады.Қазіргі кезде ауаны ластайтын улы заттардың 150-ден астамы белгілі. Бұл заттар ауада күн сәулесінің әсерімен бір-бірімен реакцияға түсіп, жаңа косындылар түзеді.Өнеркәсібі дамыған елдерде ауаны ластаушы улы заттың бірі күкірттің қос тотығы (80з) коксохимия зауыттарымен, тау-кен өндіру және целлюлоза-қағаз өнеркәсіптерінің жұмысы нәтижесінде ауаға шығарылады. Олар ауада ылғалдың әсерінен күкірт қышқылына айналады. Құрамында күкірт кышқылы бар тұман немесе ылғалды ауа адамның, жануарлардың тыныс жолдарының кілегей қабаттарына, терісіне әсер етеді. және өсімдік те көп зардап шегеді. Ауадағы күкіртті сутек адам организмін улап қана қоймайды, сонымен қатар адамдардың жүйке ауруларын туғызады.  
Ауадағы фторлы сутек өте улы. Азық-түліктің құрамындағы фторлы сутек адамды,жануарларды құстырып өте жаман ауру туғызады. Хлорлы сутек пластмасса қалдықтарын жақканда пайда болады. Осы газбен тыныс алғанда; адамның тыныс жолдарының кілегейлі қабығын закымдандырып, өкпенің ісік ауруын туғызады. Қоңыр көмірді жағудың нәтижесінде ауаға күл бөлініп шығады. Ол ауылшаруашылығы мен орман өсімдіктеріне әсер етеді. Әсіресе, көкөніс, жеміс-жидек өсімдіктеріне де зиянын тигізеді Ластанған өсімдікпен қоректенген жануарлардың адамдарды организмдерінде физиологиялық өзгерістер болады.Цемент зауыттарынан шыққан цемент шаңдары топырақта калий, кальций, магний элементтерінің көбеюіне себеп болады. Ал фосфор зауытына жақын жерлерде фосфордың мөлшері көбейеді. Құрамында мырыш пен қорғасын бар металлургия зауытының калдықтары да өте улы әсер етеді. Осындай улы заттар жиналған өсімдікпен адам не жануар қоректенгенде олардың денсаулығына қауіп төнуі мумкін. Организмнің осы улы заттарға төзімділігі әр адамнның өзінің жеке басының гигиенасына байланысты, ең алдымен денсаулығы- жасы мен жынысына байланысты болып келеді.  
Аталған улы заттарға балалар,қарт адамдар және денсаулығы нашар ауру адамдар өте сезімтал қеледі.Улы заттар адам организміне біртіңдеп жүйелі турде жинала берсе, онда созылмалы улануға ұшырайды. Оның басты белгілері: адамның тез шаршағыштығы немесе үнемі шаршап тұратыны, сезімі, ұйқы басуы немесе ұйқысының қашуы, бейжайлық, ұмыт-шақтық, көңіл-күйінің тез өзгеруі, зейінінің төмендеуі. Улы заттар адамдардың қан айналым мүшелеріне, жүйке жүйесіне, бауырына әр түрлі әсер етеді. Улы химиялық қосылыстар адамның әрбір органдарының созылмалы қабынуына, жүйке жүйесінің өзгеруіне, адам ұрығының дамуына, жас нәрестенің ауру болып тууына әкеліп соғады. Дәрігерлер адамдардың әртурлі аллергиялық аурулары, өкпе демікпесі, қатерлі ісік ауруларының болуы сол аймақтың экологиялық жағдайымен тығыз байланысты екенін анықтап отыр. Сонымен катар, хром, никель, бериллий, бензопирин, асбест, түрлі улы химикаттар сияқты тағы басқа өнеркәсіп қалдықтары —канцерогендік заттар болып табылады. Олардың адамдарда қатерлі ісік ауруларын туғызатындығы анықталды. Егер өткен ғасырда балалардың қатерлі ісік аурулары сирек болса, қазір балалардың арасында ол ауру өте жиі кездесіп отыр. Ал, химиялық заттармен ластану нәтижесіңде бұрын кездеспеген жаңа аурулар пайда болуда.Адам денсаулығына зиян келтіретін улы химиялық заттардың қатарына темекі мен есірткі заттары да жатады. Темекі түтінінің құрамына 4 мыңға жуық химиялық заттар кіреді, олардың көбі улы заттар. Олардың қырыққа жуығы қатерлі ісік ауруын туғызады. Темекінің уы сонымен қатар қолқаның созылмалы ауруын туғызады, сол себептен де темекі шегетіндер жиі жөтеледі. Темекі шегетін ата-аналардың жаңа туған нөрестелерінің организміңде улы газ бірінші жылы олардың канында бірнеше сағатқа дейін болады. Есірткі заттары да қолка, өкпенің қатерлі ісік ауруларын туғызады. Көптеген органикалық еріткіштер: авиациялық, желім, бензин, эфирі еріткіштер мен аэрозольдер буланып ауаға шығарылады. Егер осы заттардың буы көп мөлшерде организмге түссе жүйкені, миды, асқазанды жөне өкпенің ауруын туғызады. Кейде ол өлімге де әкеліп соғуы мұмкін. 
Ендігі жерде біз, қоршаған ортаның қазіргі заманға нақты -проблемаларына тоқталамыз. Қазіргі кезде бізді қоршаған ортаның ластаушы көздері төмендегідей топқа бөлінеді: Физикалық ластану — радиоактивті заттар, электромагнитгі толқындар, жылу, шулар және тербелістер.Химиялык ластану – көміртегі өнімдері, күқірт, көмірсулар, шайыңды сулар, пестицидтер, гербицидтер, фторлы қосылыстар, ауыр металдар, аэрозолдар. 
Биологиялық ластану — ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар, құрттар, карапайымдылар, шектен тыс көбейіп зиян келтіретін жәндіктер.Эстетикалық зиян —_табиғаттың қайталанбас сұлу ландшафтарының бүліңуі, ормаң-тоғайлардың жойылуы, т.б.Қоршаған ортаның мутагендері және мутагенділіктің салыстырмалы бағасы. Қоршаған ортаның физикалық, химиялық және биологиялық факторлармен ластануының генетикалық салдары. Қоршаған ортаның мутагенді , канцерогенді, таратогенді эффекттері. Семей ядролық полигоның радияциялық салдары. Биологиялық алуантүрлілікті сақтау. Өсімдіктердің, жануарларың, сирек кездесетін және жойылу қаупі төніп турған түрлердің гендік қорын сақтау.Қоршаған ортаның мутагендері және мутагенділіктің салстырмалы бағасы. Қоршаған ортаның физиклық, химиялық және биологиялық факторлармен ластануының генетикалық салдары. Қоршаған ортаның мутагенді , канцерогенді, таратогенді эффекттері. Семей ядролық полигоның радияциялық салдары. Биологиялық алуантүрлілікті сақтау. Өсімдіктердің, жануарларың, сирек кездесетін және жойылу қаупі төніп турған түрлердің гендік қорын сақтау.Индивидуальды мутагенез құбылысының ашылуы жасуша материалының өзгертетін бірқатар факторлар, заттар мен агенттерді анықтауға мүмкіндік берді. Мутагендер табиғатына сәйкес үш классқа бөлінеді: физикалық, химиялық және биологиялық. 1. Физикалық мутагендер. Бұл класстың негізгі мутагендері иондаушы сәулелер, ультрокүлгін сәулелер және жоғарғы температура. Иондаушы сәулелер тобына рентгенді сәулелер жатады, γ- сәулелер және ß-бөлшектер, протондар, нейтрондар және басқа факторлар. Иондаушы сәулелер , жасушаға ене отыра ,жолындағы барлық молекулалардың электрондарын жұлып аладығ, сондықтан олар қарама-қарсы зарядталады. Босаған электрондар басқа молекулаларға жабысады да теріс зарядталады. Жасушаны сәулелендіру нәтижесінде сутектің(Н) және гидроксил(ОН) бос радикалдары пайда болады , олар сол мезеттен бастап жаңа қосылыстар береді, соның ішінде белсенді сутек пероксиді. ДНҚ мен кариотип молекулаларындағы жаңарулар, жасушаның генетикалық аппаратының өзгеруіне әкеп соғады, хромосомалардың аберрациясына және точкалық мутациямен аяқталады. Иондаушы сәулелер соматикалық жасушалардың бөліну процесін нашарлатады, соның салдарынан процесстердің жұмысы бұзылып және қатерлі түзілістер пайда болады. Қатты сәулелену нәтижесінде адам мерт болады. Радиацияның көзі, негізінен атомдық және сутектік бомбалардың жарылуынан пайда болады.2. Химиялық мутагендер. Бұл табиғаты химиялық заттар, мутацияны индуцировать етеді. Шаруашылықта, тұрмыста қолданылатын химиялық заттар мутагендік қасиеттерге ие. Солардың ішіндегі ең мықтысы алкилярлық қосылыстар болып есептеледі. (диметил- и диэтилсульфат, иприт и его производные, нитрозометил- и нитрозоэтилмочевина, этилметансульфонат, фотрин, фосфемид). Алкилярлық қосылыстардың мутагендік эффектісі ДНҚ –ның құрамына метил, этил, пропил және басқа да радикалдардың енуімен байланысты, соның нәтижесінде метилдену, этилдену реакциялары жүреді. Мутагендік эффектісі аса қатты байқалатындар азот негіздерінің аналогы және нуклеин қышқылдары (5-бромурацил, 5-бромдезоксиуридин, 5-фтордезоксиуридин, 8-азогуанин, аминопурин, кофеин и др.) болып табылады, акридиндық бояғыштар (акридин желтый и оранжевый, 5-аноакредин, профлавин и др.), және азоттық қышқылдар , гидроксилдер , формальдегид, переоксидтер , утеран жатады. Мутагендік әсерге ие пестициттер, гербициттер агрономияда арам шөптерге және зиянкес жәндіктермен күресте пайдаланады.Мутациялар минеральды тыңайтқыштармен индуцирланады, ең алдымен нитраттармен , олар алғашында нитрат болады, кейін белсенді нитрозаминге айналады. Химиялық мутагендер гендер ретінде индуцирланады, сондай-ақ хромосомалық мутацияларда солай жүреді. 3. Биологиялық мутация. Қарапайым тірі ағзалар , жануарларда мутацияны туғызады, биологиялық мутагендер классын құрайды. Оларға: вирустар, бактериялар, гельминттер және де басқалар. Қоршаған ортада- ауада, топырақта, суда мутагенді және тератогенді қасиеті бар заттар жинақталады. Солардың ішінде ерекше маңызы бар химиялық мутагендер- ДДТ, гексахлорбензол және басқалар. Семей полигонының радиациялық зардабы зор болып табылады. Осы күнге дейін ауа, су, топырақ радиациялық элементтермен қаныққан. Ғалымдар ауыл шаруашылығы малдарына цитогенетикалық , химиялық, биохимиялық популяция мониторингі зерттеулер жүргізіледі.Біздің республикамызда Семей ядролық сынақ аймағы жайында тоқталып  кетейік. Мұнда 40 жылдан астам уақыт ішінде 500-ден астам жер асты және жер бетінде түрлі жарылыстар болып, жарылған заттардьң қуаты Чернобыль апаты кезіндегі жарылғыш заттардың қуатынан бірнеше мың есе асып кеткен. Осы жарылыстың 27-сі атмосферада, 113-і жер бетінде, ал қалғаны жер астында жүргізілген. Олардың радиоактивті калдықтары жарты миллион адамға зиянын тигізгені белгілі болып отыр. Семей полигонынан басқа Казақстан жерінде 27 әр түрлі термоядролық сынақтар өткізілетін әскери полигондар болтанын жасыруға болмайды. Олар негізінен Батыс Қазақстандағы Азғыр, Тайсойған, Нарын полигондары. 
Күнделікті тұрмыста да түрлі түрмыстық техникалардан, компьютерлерден, рентген аппараттарынан да сәуле алады. Мысалы, адам баласы телевизор караудан бір жылда 0,5 мбэр сәуле алса, компьютер мен рентген аппараттарынан бір жылда 370 мбэр сәуле алады.Атмосфераның озон қабатының жұқаруы күн радиациясы сәулесінің жер бетіне өту қаупін туғызуда. Міне, осы кезде ядролық энергияны пайдалану адамзат алдында көптеген мәселелерді шешуді талап етуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Қазақстан  Республикасының Конституциясы, Алматы.2000 ж. 
2. Садыкова А. Конституционное право гражданина на благоприятную окружаюшую среду. ҚазМҰУ - ң хабаршысы - 2002 - №3 -112- бет. 
3. Декларация по окружающей среде и развитию. Рио-де-Жанейро, 14-маусым 1992жыл. 
4. Галямова З. «Право человека на благоприятную окружаюшую среду (право на возмещение ущерба причиненного здоровью неблагоприятной окружающей средой» // Сборник статей слушателей юридического университета-1998 жыл -27-28 бет. 
5. «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасының заңы, 4-желтоқсан 2002 жыл. 
6. Куратов С. Права человека и радиоактивные отходы //Правовая реформа в Казахстане - 2002 №1 -54-бет. 
7. Қоршағаң ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңы, 15-шілде 1997 жыл.


Информация о работе Қоршаған орта ластануының генетикалық салдары