Атқарушы билік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2014 в 18:33, реферат

Описание работы

Атқарушы билік — “биліктің тармақталуы” заңдарына сәйкес құқық қолданушы билік. Оған парламенттің яғни заң шығарушы биліктің қабылдаған заңдарын атқару міндеті жүктеледі. Атқарушы билік жетекші, бірінші билік ретінде саналатын заң шығарушы билікке тәуелсіз. Атқарушы билік не президентке — мемл. басшысына және үкіметке (президенттік респ-ларда), не мемлекет басшысына (парламенттік елдерде) тиесілі болады. ҚРКонституциясында республикасының Атқарушы билікгін Үкіметтің жүзеге асыратындығы, атқарушы органдар жүйесін басқарып, олардың қызметіне басшылық жасайтындығы көзделген. Үкімет өзінің бүкіл қызметі үшін ел Президентінің алдында жауап береді, сондай-ақ Конституция бабында көзделген реттерде Парламентке есеп береді. Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі конституция заңмен белгіленеді (64-бап). Атқарушы билік заң шығарушы бастаманың қайнар көзі ретінде, әрі парламенттің заң шығарушылық қызметіне нәтижелі әсер ете отырып, заң шығарушы биліктің өз уәкілеттерін ойдағыдай жүзеге асыруына тікелей ықпал етеді.
Атқарушы билік органдары жоғары, орталық және жергілікті болып бөлінеді. Мемлекеттік биліктің жоғары атқарушы-өкімдік етуші органы Үкімет болып табылады. Үкіметті Республика Президенті құрады және ол қаулылар шығарады. Республика Премьер-министрі өкімдер шығарады. Үкімет қызметі республиканың барлық аумағын қамтиды. Үкімет өзіне бағынышты өзге де барлық атқарушы билік органдарын біріктіреді және олардың жұмысына бағыт беріп отырады.
Тиісті министрліктер, агенттіктер, ведомстволар атқарушы биліктің орталық органдары болып табылады. Министрліктер басты атқарушы орган болып табылады, ол мемлекеттік баскарудың тиісті саласына басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте, салааралық үйлестіруді жүзеге асырады.
Министрліктер Үкіметтің тікелей басшылығымен атқарушы - өкімдік етуші қызметті жүзеге асырады, ал министр Үкімет мүшесі болып табылады. Барлық министрліктердің жалпы міндеттері мыналар: өз саласында мемлекеттік саясатты жасап, оны іске асыру; заң шығарушылық және нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу; салааралық үйлесімділікті жүзеге асыру және мемлекеттік баскару саласына басшылық жасау; әдістемелік басшылықты жүзеге асыру; кадрлар даярлау; олардың біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау, т. б. министрлікке жүктелген өзге де міндеттер.
Агенттік — Үкімет құрамына кірмейтін биліктің орталық атқарушы органы. Ол салааралық үйлестіруді, сондай-ақ арнаулы атқарушы және рұқсат етуші қызметтерді жүзеге асырады. Агенттікті Премьер-министрдің ұсынуы бойынша Президент құрады, қайта құрады және таратады.
Ведомство — өз құзыретінің шегінде арнаулы атқарушы және бақылаушы-қадағалаушы қызметтерді, сондай-ақ салааралық үйлестіруді немесе мемлекеттік басқарудың бағынышты саласына басшылықты жүзеге асыратын республиканың орталық атқарушы органының комитеті болып табылады. Ведомствоны тиісті орталық атқарушы органның басшысының ұсынуы бойынша республика Үкіметі құрады, қайта құрады және таратады.
Министрлік, агенттік, ведомство шығаратын акті нысаны — министр, агенттік төрағасы, ведомство басшысының бұйрығы болып табылады. Жергілікті атқарушы органдар — әкімдіктер. Жергілікті жерде атқарушы билікті республиканың әкімшілік- аумақтық құрылымына сәйкес облыстың, ауданның, қаланың, ауылдың, селоның, поселкенің әкімдіктері жүзеге асырады.
Жергілікті атқарушы органдар — жоспарлар, аумақты дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті жасауды жүзеге асырады және олардың атқарылуын қамтамасыз етеді,коммуналдық меншікті баскарады. Жергілікті атқарушы органдардың басшыларын тағайындайды және қызметтерінен босатады, жергілікті атқарушы органдардың жұмысына байланысты өзге де мәселелерді шешеді.
Атқарушы билік органдары — қоғам мен мемлекеттің әкімшілік-саяси, әлеуметтік-мәдени, шаруашылық және қызметтің салааралық аяларындағы міндеттерді шешу мақсатында атқарушы және әкімдік қызметті жүзеге асыратын біртұтас құрылымдық жағынан қалыптасқан дербес әлеуметтік құрылым.
Олардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі — атқарушы билік органдары қызметінің жүйелі түрде заңға тәуелділігімен сипатталады, яғни атқарушы билік органдары басқару қызметін заң негізінде және заңды орындау мақсатында жүзеге асырады. Атқарушы билік органдарының өз құзыреті шегінде құқықтың актілер шығаруға (мысалы, қаулылар, өкімдер, бұйрықтар және басқалары) қақы бар және олардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Атқарушы билік органдарының қолында мемлекеттік - биліктік өкілеттіктердің болуы оларды қолында мұндай өкілеттігі жоқ ұйымдардан ерекшелеп тұрады (мысалы, мемлекеттік кәсіпорындары мен мекемелерінен, түрлі мемлекеттік емес құрылымдардан)

Файлы: 1 файл

Атқарушы билік.doc

— 50.50 Кб (Скачать файл)

Информация о работе Атқарушы билік