Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 13:07, реферат
Қасиетті қазақ жерін татулықтың талбесігі етіп, бейбітшілікке бөлеген Қазақстан халқы Ассамблеясы биыл кәмелетке толды. Ел тәуелсіздігінің ең жауапты кезеңінде бірлігіміздің бастауы болсын деп қолымызбен құрған Ассамблеяның дүниеге келгеніне 18 жыл. Осы аралықта ол өзінің өміршеңдігін көрсетіп, біздің бейбіт қоғамның ажырамас бөлігіне айналды.
Елдіктің өлшемі, тұрақтылықтың тұтқасы болды.
Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: бір халық — бір ел — бір тағдыр» атты тақырыппен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясында сөйлеген сөзі
Қасиетті қазақ жерін татулықтың талбесігі етіп, бейбітшілікке бөлеген Қазақстан халқы Ассамблеясы биыл кәмелетке толды.
Ел тәуелсіздігінің ең
жауапты кезеңінде
Осы аралықта ол өзінің өміршеңдігін көрсетіп, біздің бейбіт қоғамның ажырамас бөлігіне айналды.
Елдіктің өлшемі, тұрақтылықтың тұтқасы болды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық 20 сессиясын «Бір халық — бір ел — бір тағдыр» деп атауымыздың астарында үлкен мән бар.
Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен еді.
Бүгінде олар тегі басқа болғанымен, теңдігі бір, қаны бөлек болғанымен, жаны бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналды.
Туған елдің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді.
Осылай, елдігіміздің ертеңі ошақтың үш тағаны сияқты «бір халық – бір ел – бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып тұр.
Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырыс-несібесі мол болмақ.
Осыны халқымыз бек түсініп, бірлігіне бекем болды.
Ел иесі — қазақ халқы да ешкімге шетқақпайлық көрсеткен жоқ.
Ұлтына, тілі мен діліне қарамай барша этнос өкілдерінің теңдігін ата заңымызда айқындап алдық.
Табысқа тоқмейілсіп, тоқырап қалмай, алыс болашағымыздың темірқазығы — «Қазақстан 2050» стратегиясын қабылдадық.
Онда ең басты 7 басымдықтың бірі — Жаңа Қазақстандық патриотизмнің түп қазығы ретінде ел бірлігін басты назарға алдық.
Менің тапсырмаммен дайындалған Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы да айрықша маңызды құжат.
Бүгінгі сессияда салиқалы ойлар айтылып, тағдырлы шешімдер қабылданарына сенемін.
Құрметті қазақстандықтар!
Бүгін біз Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясын өткізіп отырмыз.
Бұл біздің үлкен жолды жүріп өткенімізді білдіреді.
Осы жылдар ішінде Ассамблея кәмелет жасына жетіп, ұлтымыздың аса маңызды жалпыазаматтық институтына айналды.
Қазақстан — этностық жанжалдардан азат аумақ.
Экономикалық және әлеуметтік-саяси реформалар этносаралық тағаттылық пен үйлесімнің арқасында табысты жүргізілді.
Бейбітшілік пен тыныштық әр үйдің баға жетпес байлығына айналды.
Біздер мен сіздер атқарған жұмыстың, Ассамблея жұмысының басты нәтижесі міне, осы!
Бүгін біз Ассамблея — тұтастай Қазақстан халқы деп толық негізбен айта аламыз!
Барлық он жеті миллион!
Бүгін Ассамблея — тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің сенімді, берік іргетасы.
Ассамблея тарихы — ел тарихы, халық тарихы.
Құрметті отандастар!
Біздің сессиямыздың күн тәртібіне маңызды мәселе енгізіліп отыр. Ол: «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық — бір ел — бір тағдыр».
Неге біз бұлай айта аламыз?
Өйткені «бір халық» — бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер.
«Бір ел» — бұл барлығымыз үшін ортақ Отан.
«Бір тағдыр» — бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!
Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп-өркендеген Қазақстан!
Осының барлығын қоса алғанда, Стратегияны табысты жүзеге асыру үшін қоғамның бірлігі қажет дегенді білдіреді.
Бүгінде әлемдік экономикада «белгісіздік белесі» келе жатыр.
Дамыған елдердің рейтингтері төмендеуде, рецессияның жаңа толқынын күту күшейе түсуде.
Кипрде болған жақындағы оқиғалар адамдардың игілігіне тікелей ықпал ететін қаржы тәуекелдері қаншалықты күрделі болатынын көрсетіп берді.
Бұл – алаңдатарлық дабыл.
Әлемдегі экономикалық жағдай біз мұқият бақылап отырған этномәдени ахуал трендтеріне ықпал етеді.
Қазіргі дәуірдің шешуші парадоксі әлемде бір мезгілде екі үрдіс: унификация жағына және үлкен әртүрлілік жағына іс-қимыл танытатынына барып тіреледі.
Әлем қарапайымданып емес, күрделіленіп барады.
Тек Еуропаға ғана миллион-миллиондаған мигранттар келіп жатыр.
Біреулер үшін бұл құбылыс табиғи, ал екіншілері үшін апатты көрінеді.
Барған сайын шетін риториканың дауысы қатты естілуде.
Мультикультурализмнің бұрынғы практикасы өзін тауысқаны айқындала түсуде.
Тіпті болашақта Еуропа мемлекеттерінің «өзін-өзі жоятыны» туралы кітаптар пайда болуда.
Мен ашық мемлекеттік стратегия мен ізгі ниет бар жағдайда бірлік пен көпқырлылық трендтері бір-біріне қайшы келмейтініне, керісінше, бірін-бірі толықтыратынына сенімдімін.
Біз Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық жиырма сессиясы бойына нақ осындай саясат жүргізіп келеміз.
Және бұл саясат өзін толық ақтады!
Тәуелсіздік жылдарында біз этносаралық бірліктің өз моделін жасадық.
Іс жүзінде азаматтарымыздың тең құқығы мен мүмкіндігін, өмір сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз еттік.
Зураб Бобохидзе Атыраудан былай деп жазады:
«Менің үйім, менің отбасым, бауырларым, үш балам, бес немерем осында.
Тәуелсіздік жағдайында мен грузин болғаным үшін бірде-бір рет өз елімнің өмірінен шет қалу сезімін басымнан өткерген емеспін».
Бүгінде біздің көптеген азаматтарымыз осылай дей алады.
Құрметті қазақстандықтар!
Бүгінде әлем өзгеріп жатыр.
Онда көптеген оқшаулағыш сызықтар: өңірлік және конфессиялық, әлеуметтік және мәдени, тілдік және этностық сызықтар пайда болуда.
Жаңа жағдайларда, біз 2050 жылға дейінгі Стратегияға аяқ басқан кезде қоғамның көпқырлылығын өзіміздің пайдамызға жарата білуге тиіспіз.
Жаңа жағдайларда Ассамблея нағыз жалпыазаматтық, саясатүстілік және жалпыхалықтық институт болуы тиіс.
Мен мынаны атап көрсетемін: Ассамблеяның XXI ғасырдағы миссиясы тарылып емес, кеңейіп келеді!
Өкінішке қарай, мұны барлығы бірдей, тіпті шенеуніктер де түсіне бермейді.
Кейбіреулер «ескіше» ҚХА — бұл этностық азшылықтың өкілдігі деп ойлайды.
Мен түсінбейтіндерге немесе түсінгісі келмейтіндерге бүгінде Ассамблеяның не екенін айтқым келеді.
Оны БҰҰ-да, ЕҚЫҰ-да, АӨСШК-де таныды.
Ассамблея – бүкілхалықтық өкілдік!
Нақ сондықтан Ассамблеяға өзім жетекшілік етемін!
Нақ сондықтан мен бүгінде Ассамблея — бұл барлық 17 миллиондық қазақстандық дедім!
Ардақты ағайын!
Ассамблеяның ең басты міндеті— еліміздегі қоғамдық келісім.
Ал ұлтаралық татулық мәселесі Ассамблеяның сан қырлы қызметінің бір парасы ғана.
Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екенін мықтап есте ұстаған абзал.
Татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде, ең алдымен, қазаққа керек.
Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес.
Халқымыз «тар жерде табысқан, кең жерде келіседі» демейтін бе еді?!
Ең тар замандарда қазақ құшағына алған өзге этнос өкілдері бүгінде өз бауырларымыз атанып, бізбен бір халыққа айналды.
Құрметті отандастар!
Біз «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруға кірісудеміз.
Бүгінде біздің 2050 жылға дейінгі этносаралық саладағы стратегиялық болжамымызды қалыптастыруға толықтай негіз бар.
Қазақстан 2050 жылы қандай ел болады?
2050 жылы Қазақстанның жұдырықтай жұмылған біртұтас халық, үлгілі ұлттық мемлекет болатынына мен сенімдімін.
Қоғамдық келісім біртұтас полиэтностық халық, мемлекет пен азаматтық қоғам институттары, саяси партиялар, діни конфессиялар өмірінің басты ерекшелігі болуы тиіс.
Қоғамдық келісім Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының ереже тұтар қалыбы болуы тиіс.
Менің өз тәжірибемде талай мәрте көз жеткізген нәрсем – кез келген еңбек ұжымда өзара түсіністік пен келісім болғанда ғана табысты.
Сессиялардың бірінде мен Парахат Хаджиметоваға «Бірлік» медалін тапсырдым.
Ол 67 жаста, 10 гектар жерге бау-бақша өсіріп, осының есебінен балалар үйіне 156 баланы өсіруге көмектесіп жүр!
Бұл – нағыз патриот! Біз осындайларға көмектесуге тиіспіз! Бұл – барша үшін үлгі!
Жаңа жағдайларда Қазақстан халқы Ассамблеясының жауапкершілігі тек арта түсетін болады.
Қоғамдық келісім тиімді инновациялық экономикаға негізделеді.
Орта тап қоғамдық келісімнің діңгегіне айналады.
Қазақстанның әрбір азаматы айқын перспективалар, болашағына сенімділік, кәсіби өсу үшін барлық мүмкіндіктерге ие болады.
Мен мерейтойлы XX сессия қарсаңында қол қойған ҚХА-ны дамытудың 2020 жылға дейінгі Тұжырымдамасында нақ осы мәселелер көрініс тапқан.
Бұл – жаңа стратегиялық құжат.
Оның жібек желісі – қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік.
Тұжырымдаманы табысты жүзеге асыру үшін бізге мыналар қажет:
Біріншіден, облыс әкімдеріне жергілікті ерекшеліктер мен этнодемографиялық құрылымдарды есепке ала отырып, өңірлік ҚХА-ны дамытудың Тұжырымдамасын жасау тапсырылады.
Екіншіден, Қоғамдық келісім мен әлеуметтік бастамалардың орталығы ретінде Достық үйлері жұмысының тиімділігін арттыру қажет.
Мұндай үйлер барлық өңірлерде болуы тиіс.
Бұл жай нәрсе емес.
Бірақ мен баршаңыз нақты ұғынып алғандарыңызды қалаймын, Қазақстандағы бейбітшілік пен келісім үшін қандай баға да көптік етпейді.
Ассамблея жанынан Достық үйлері директорларының республикалық әдістемелік кеңесін құрып, жұмыстың ең озық және тиімді тәсілдерін табуды және ортақтандыруды тапсырамын.
Мәдениет және ақпарат
министрлігі Ассамблея
Олардың бейбітшілік пен келісімнің өңірлік орталықтары ретіндегі құқықтық мәртебесін айқындаған жөн.
Үшінші. Ассамблеяның «тігі» мен «көлденеңі» әр қазақстандыққа, әсіресе, әр жас қазақстандыққа жетуі міндет.
Жастарды Ассамблеяның қоғамдық келісім қалыптастыру жөніндегі барлық деңгейдегі шараларына тартуды қамтамасыз ету маңызды.
Төртінші. Қоғамдық келісім бүкіл халық өмірінің басты қағидаты болуы тиіс.
Ассамблеяның туы астында барлық өңірлерде Қоғамдық келісім кеңестерін жасақтауды тапсырамын.
Сессия қарсаңында біздің өңірлеріміздің этномәдени байлығын көрсеткен, халықтың бірлігін нығайтқан және бастамашылық танытқан «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасы мәресіне жетті.
Бесінші. Қоғамдық келісім халықаралық аспектілерге ие.
Қазақстанның этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім моделі оның таяу және алыс шетелдердегі брендіне айналды.
Ассамблеяның саяси қуғын-
Жақында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Атқарушы хатшылығы Ассамблеямен ынтымақтастық туралы Хаттамаға қол қою бастамасын көтерді.
Ол бастаманы қолдауға шақырамын.
Тағы бір мысал. Украинада қазақстандықтардың «Бірлік» Харьков қоғамдық бірлестігі бар.
Соның арқасында жүздеген қазақ отбасылары осыдан 70 жыл бұрын бауырлас Украина халқының бостандығы үшін Харьковті азат ету ұрыстарында қаза тапқан өздерінің ұлдарының, әкелерінің, бауырларының зираттарын біліп, басына барды.
Мен оларға қазақ халқының ризашылық сөзін жеткіземін.
Мен Харьков бастамашы тобының мүшелері Макка Сағынғалиқызы Қаражанованы, Татьяна Николаевна Крупаны, Леонид Михайлович Карцевті «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалімен» марапаттау туралы шешім қабылдадым.
Алтыншы. Ассамблеяны дамытуға ЭКСПО-2017-ге дайындық қуатты серпін беруі тиіс.
Көрмеге әлемнің ондаған елдерінен, оның ішінде қазақстандық этностар шыққан елдерден делегациялар қатысады және олар өздерінің үлкен мәдени бағдарламасын әкеледі.
Ассамблея, этномәдени бірлестіктер, халық дипломатиясының жанды көпірі ретінде, көрменің этностық топтар жетістіктерінің жарқын көрінісіне айналуы үшін жағдай жасаулары керек.
Қазақстан халқы біздің меймандарымыздың қонақжай қожайынына айналуы тиіс.
Жаңа кезеңде ұлттық бірлесу үдерісіндегі қазақ халқының рөлін нығайту міндеті бірінші кезекке шығады.
Біріншіден, қазақ халқы Қазақстандағы барлық этностық, әлеуметтік топтар үшін ұлттық мемлекеттік қауымдастықтың қуатты тарихи діңі ретінде көрініс табады.
Біз қазақ әлемінің тарихи тұрғыда ешқашан тар моноэтносты және мономәдениетті болмағанын білеміз.
Біз ешқашан да әлемдік өркениет үдерісінен бөлек дамыған емеспіз.
Одан да бетер — біздің ата-бабаларымыз осынау әлемдік үдерісті өздері қалыптастырды!
Біздің Қазақстанда тұратын барлық этностық топтармен — Еуразия ауқымында — талай ғасырлар бірлесе өмір сүріп жатқанымызды атап көрсету қажет.
Біздің ата-бабаларымыз әлемге мәдениет пен руханилықтың қуаттандырушы үлгілерін көрсетті — біздер олардың істерін жалғастыруымыз керек!
Қазіргі заманғы қазақтар ата-баба дәстүрлерін ұстана отырып, бірліктің, толеранттылық пен патриотизмнің, мемлекет пен қоғамға қалтқысыз қызмет етудің үлгісін көрсетуі тиіс.
Екіншіден, бізге ұлттар үшін ортақ тарихи сана-сезім қажет.
Біздің тарихты тануымыз тұтас, оң сипатта болуға, қоғамды бөлініске салмай, біріктіруге тиіс.
Ұлттық рухты қажетті биіктікке көтеру үшін біздің шынайы тарихымыздың, мәдениетіміздің, дініміздің қандай екенін айқын сезінуіміз қажет.
Қазақтардың ұлттық тарихы, олардың этногенезі мыңдаған жылдарға созылған бірегей ажырамайтын үдеріс ретінде қарастырылуы тиіс.
Осы тұрғыда қазіргі заманғы Қазақстан ұлы дала өркениетінің ежелден келе жатқан шешуші мұрагерлерінің бірі ретінде заңды түрде көрініс табады.
Мен жоғарыда атап өткендей, Қазақстан ешқашан оқшауланған емес.
Информация о работе Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы