Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 20:28, реферат
Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекет басшысы, оның ең жоғары лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Президент халықтар бірлігінің нышаны болып табылады, көпұлтты Қазақстан Республикасының халқы сайлайды, оның халық атынан сөйлеуге құқығы бар, ел ішінде және халықаралық қатынастарда мемлекет атынан өкілдік етеді. Конституцияға сәйкес республикада мемлекеттік билік біртұтас, бірақ, сонымен қатар билік үш: заң шығарушы, атқарушы және com тармақтарына бөлінеді.
Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекет басшысы, оның ең жоғары лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Президент халықтар бірлігінің нышаны болып табылады, көпұлтты Қазақстан Республикасының халқы сайлайды, оның халық атынан сөйлеуге құқығы бар, ел ішінде және халықаралық қатынастарда мемлекет атынан өкілдік етеді. Конституцияға сәйкес республикада мемлекеттік билік біртұтас, бірақ, сонымен қатар билік үш: заң шығарушы, атқарушы және com тармақтарына бөлінеді.
Заң шығарушы билікті — Парламент, атқарушы билікті — Үкімет, сот билігін — соттар жүзеге асырады. Әрқайсысы Конституция және заң арқылы белгіленген міндеттерін атқаруға тиісті. Мемлекеттік биліктің үш тармағы күнделікті қызметінде өзара тығыз және келісімді байланыста болуы керек. Президент мемлекет билігінің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Сондықтан Президент мемлекеттік биліктің кепілі болып табылады.
Президент мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Ол, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, лауазымды және тағы баска тұлғалардың Конституция мен заңдардың талаптарын бұлжытпай сақтауын камтамасыз етеді. Президент адам мен азаматтардың құқығы мен бостандықтарының кепілі болып табылады. Президентті Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайлайды. Қазақстан Республикасының Президенті болып, тумысынан республика азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген және Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұрған республика азаматы сайлана алады.
2005 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті сайлауы болып өтті. Президент болып Н.Ә. Назарбаев сайланды. Президент халыққа ант берген сәттен бастап қызметіне кірісті. Бұл салтанатты сәт инаугурация (ұлықтау) деп аталады. Ол 2006 жылдың 11 қаңтарында өтті.
Республика Президентіне кең ауқымды өкілеттіктер берілген. Бұл өкілеттіктер Конституция мен "ҚР-ның Президенті туралы" Конституциялық заңда көрсетілген.
Мемлекеттік органдар арасындағы жанжалдарды болдырмаудың елеулі механизмі Президенттің вето (тыйым салу) құқығы. болып табылады. Вето құқығы: "Парламент қабылдаған заңды Президент түзетуге қайтара алады" дегенді білдіреді. Бұл "кейінге қалдырушылық ветосы" деп аталады.
Президенттің түзетуге қайтарған мына заңдарын көрсетейік: "Қазақ КСР-дағы меншік туралы" (1990 ж.), "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінін бақылау палатасы туралы" (1993 ж.), "Нотариат туралы" (1997 ж.) "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" (2005 ж.) және басқалары. Заңдарды түзетуге қайтарудың себептері: Конституция талаптарына сәйкес келмеуі, заңдарды талдаудың әлсіздігі, құқықтық сараптаманың төмен денгейі, заңдарды өмірде пайдаланудың мүмкін еместігі.
Конституцияда Президент өкілдігін шектейтін жағдайлар да көзделген. Президенттің Парламент, мәслихат депутаты болуына, басқа да жалақылы қызмет атқаруына және кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы жоқ. Президент өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде саяси партиядағы қызметін тоқтатады. Президент өзінің міндеттерін атқаруы кезінде іс-әрекеті үшін тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда жауап береді жөне бұл үшін Қазақстан Республикасының Парламенті оны қызметінен кетіруі мүмкін. Бұл институт импичмент деп аталады.
Президент – бұл бірінші кезекте
Ел басшысы, мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің негізгі ішкі және сыртқы саясатының бағыттарын айқындап береді.
Мемлекеттік органның Конституциямен белгіленетін құқықтық мәртебесі мемлекеттік
билік органдары жүйесінде бөлінетін орнымен анықталады. Конституция
Президенттің ерекше жағдайын тани келіп, Президенттің мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді түрде жұмыс істеуін және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ететіндігін
орнықтырды. ҚР-ның Конституциясында
мемлекеттік билікті заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлу орнықтырылған. Осы принципке орай
биліктің әр тармағына өз қызметтерін орындау үшін қажетті деңгейде жеткілікті түрде өкілеттіктер берілген.
Тек парламент заң шығару өкілеттігін берген
жағдайда ғана шектеулі уақыт ішінде Президент
заң қабылдай алады. Сот
билігін жүргізуге Президенттің құқығы жоқ. Сондай-ақ атқарушы билікке қатысты да Президент
заңда көзделген шараларды ғана қолдана алады. Одан әрі, ҚР-сы Конституциясында
көзделген тежеушілік
және тепе-теңдік жүйесі Президенттік
биліктің барлық билік тармақтарынан жоғары тұруына мүмкіндік бермейді.
Президентке Парламенттің және сот билігінің қызметін бақылау құқығы берілмеген. Президентті
жабық дауыс беру жолымен
жеті жылға тікелей сайлау негізінде
халық сайлайды. Және сайлау баламалы
сипатта өтеді. Конституция
бір адамның Президенттік лауазымға қатарынан екі мерзімнен
артық сайлануына жол бермейді.
Президент өзінің норма шығармашылық өкілеттігін шеңберінен артық пайдаланған жағдайда Конституциялық Кеңес оның нормативтік актілерін
заңсыз деп тани алады.
ҚР-сы Президенті халық пен мемлекеттік биліктің, Конституцияның мызғымастығының, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарынның рәмізі және кепілі болып табылады. Президенттің халық бірлігінің рәмізі болып табылатынының себебі, оны мемлекет басшылығына көпұлтты халық сайлайды. Президент халық еркінің бірлігін білдіреді. Сондықтан Президент халық атынан сөйлеуге құқылы. Президент Конституцияның, мемлекеттің басқа заңдарының сақталуында мемлекеттік билік органдарының жауапкершілігін қамтамасыз етуі тиіс.
ҚР-сы Президентінің өкілеттігі президенттік басқару жүйесінің мазмұнымен алдын ала айқындалады. Президентке тізімі Конституцияда және Президенттің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы «ҚР-ның Президенті туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлығымен белгіленген кең өкілеттіліктер берілген:
1. Мемлекеттік билік органдарының құру жұмыстарына байланысты Президент өкілеттіктерге ие.
2.Атқарушы билік тармағы саласында Президентке өте көп өкілеттіліктер берілген. Президент үкімет жиналыстарында Төрағалық ете алады, атқарушы биліктің Актілерін тоқтата алады.
3. Мемлекет басшысы ретінде Президент сыртқы саясат және әскери салада да өкілеттіктерге ие. Ол елдің негізгі сыртқы саясат бағытын нақтылайды, келіссөздер жүргізеді және халықаралық шарттарға қол қояды. Президент сонымен бірге ҚР-ның әскери доктринасын бекітеді.
4. Президенттің өкілеттілігіне азаматтық мәселесі, саяси баспана беру, ҚР-сы мемлекеттік наградаларымен марапаттау, жоғары әскери және арнаулы шен, дәреже беру, кешірім жасау сияқты өкілеттіктер кіреді.
ҚР-сы Парламенті Республикасының заң шығарушылық қызметін атқаратын, өкілетті органы болып табылады. Міне осылайша Конституция бойынша Парламент өкілеттілікке халық тарапынан ие болады және конституциялық өкілеттілігі шеңберінде халық атынан сөйлей алады (ҚР-сы конституциясы, 3 бабы). Парламентке заң шығарушылық қызметінің берілуі – бұл оған заң шығарушылық қызметі билігінің берілуін білдіреді.
Ел конституцияның 53-ші және 61-ші баптарында көрсетілген жағдайларға сәйкес, Ел Президентінен басқа бірден-бір мемлекеттік органның заң қабылдау құқығы жоқ. Демек заң шығару тек Парламентке ғана беріледі. Заң шығарушы орган бола отырып, Республика Парламенті атқарушы билікке қатысты бірқатар бақылаушылық қызметін де жүргізе алады.