Биогенды элементер айналымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2014 в 23:50, реферат

Описание работы

Адвокатура қылмыстық iстер бойынша қорғау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша, сондай-ақ қылмыстық және азаматтық істер мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өкілдік ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мен iске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегiнiң өзге де түрлерiн көрсету жөнiндегi адвокаттардың қызметiн ұйымдастырады.
Адвокаттық қызмет шеңберiнде адвокаттар көрсететiн заң көмегi кәсiпкерлiк қызмет болып табылмайды.

Содержание работы

Кіріспе
1.Адвокатура және оның міндеттері.
2. Адвокатура институтының даму тарихы.
3.Адвокаттың азаматтық іс жүргізуге қатысуы – сот өкілінің. адвокаттың өкіл ретінде іс жүргізуге қатысуының құқықтық .
3. Адвокаттың бірінші инстанциядағы сотта іс жүргізуге қатысуы.
3.Адвокаттың сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексеруге сәйкес азаматтар.

Файлы: 1 файл

реферат.doc

— 152.00 Кб (Скачать файл)

1. Адвокаттың нақты істі жүргізуге  өкілеттігі заң консультациясы  немесе адвокат кеңсесі, ал ол өз қызметін заңды тұлғаны тіркемей жеке жүзеге асырған кезде адвокаттар алқасының төралқасы берген ордермен куәландырылады. Ордердің нысанын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі  бекітеді. Ордерлердің берілуін бақылау мен есепке алуды адвокаттар алқасының төралқасы жүзеге асырады.  
      Өзінің қызметін Қазақстан Республикасы бекіткен тиісті халықаралық шарт негізінде жүзеге асыратын шетелдік адвокаттың өкілеттігі жеке басын, адвокат мәртебесін және заң көмегін көрсету өкілеттігін белгілейтін құжатпен расталады.  
      2. Адвокат Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында, сондай-ақ, егер бұл қабылдаған тапсырманы орындау үшiн қажет болса және тиiстi мемлекеттердiң заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қайшы келмесе, оның аумағынан тыс жерлерде адвокаттық қызметпен айналысуға құқылы.  
      1. Адвокат көмек сұрап келген адамға ол мұқтаж болған кез келген заң көмегiн көрсетуге құқылы.  
      2. Адвокат өзiне өтiнiш жасаған адаммен заң көмегiн көрсету туралы өз атынан жазбаша шарт жасасады. 
      3. Адвокат, қорғаушы немесе өкiл ретiнде әрекет жасай отырып, iс жүргiзу заңына сәйкес:  
      1) барлық соттарда, құзыретiне тиiстi мәселелердi шешу кiретiн мемлекеттiк, өзге де органдар мен ұйымдарда заң көмегiн сұрап өтiнiш жасаған тұлғалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға және бiлдiруге;  
      2) барлық мемлекеттiк органдардан және мемлекеттiк емес ұйымдардан адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға қажеттi мәлiметтердi сұратуға және алуға;  
      3) заң көмегiн көрсету үшiн қажет нақты мәлiметтердi дербес жинауға және дәлелдер табыс етуге;  
      4) көмек сұрап өтiнiш жасаған адамға қатысты материалдармен, соның iшiнде iс жүргiзу құжаттарымен, тергеу және сот iстерiмен танысуға және олардағы ақпаратты заң актiлерiнде тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен белгiлеп алуға;  
      5) iске қатысуға жiберiлген сәттен бастап жолығулар санын, олардың ұзақтығын шектемей және мұндай жолығулардың құпиялығын қамтамасыз ететiн жағдайларда өзi қорғайтын адаммен оңаша жолығып тұруға;  
      6) заң көмегiн көрсетуге байланысты туындайтын және ғылым, техника, өнер мен басқа да қызмет салаларында арнайы бiлiмдi қажет ететiн мәселелердi түсiндiру үшiн шарттық негiзде мамандардың қорытындыларын сұратуға;  
      7) өтiнiштер мәлiмдеуге, әдiлет, прокуратура, анықтау, алдын ала тергеу органдары мен соттың лауазымды адамдарының, сондай-ақ көмек сұрап өтiнiш жасаған адамдардың құқықтарына және заңдармен қорғалатын мүдделерiне қысым жасайтын өзге де лауазымды адамдардың әрекеттерiне белгiленген тәртiппен шағым жасауға;  
      8) мемлекеттiк құпияларды құрайтын ақпаратпен, сондай-ақ әскери, коммерциялық, қызметтiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын ақпаратпен, егер бұл анықтау, алдын ала тергеу кезiнде және сотта қорғау немесе өкiлдiк ету үшiн қажет болса, заң актiлерiнде көзделген тәртiппен танысуға;  
      9) заң көмегiн сұрап өтiнiш жасаған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғаудың заңдарда тыйым салынбаған барлық құралдары мен тәсiлдерiн пайдалануға;  
      10) заңдарға қайшы келмейтiн өзге де әрекеттердi жасауға құқылы.  
      4. Мемлекеттiк орган немесе лауазымды адам адвокаттың заң көмегiн сұрап өтiнiш жасаған адамның мүддесiн бiлдiру құқығын танудан бас тарта алмайды.  
      5. Адвокат соттардың, прокуратураның, қылмыстық процесті жүргізуші органдардың әкімшілік ғимараттарына белгіленген тәртіппен өзінің адвокаттық куәлігін көрсетуі бойынша еркін кіру құқығын пайдаланады. 
      Адвокаттың ұсталғандар, тұтқынға алынғандар және жазасын өтеп жатқандар отырған орындарға кiруi белгiленген рұқсаттық режимге сәйкес жүзеге асырылады.  
      6. Адвокат мiндеттi сақтандыру қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын мемлекет кепiлдiк берген әлеуметтiк қорғалуға құқылы.  
      Әлеуметтiк сақтандыруға арналған жарналарды адвокаттар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес төлейдi.  
            1. Адвокат: 
      1) өзiнiң кәсiптік мiндеттерiн орындаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын және Адвокаттардың кәсiптiк әдебі кодексiнiң нормаларын сақтауға; 
      2) өзiнiң кәсiптік қызметiнде адвокатураны ұйымдастыру мен оның қызметiнiң қағидаттарын басшылыққа алуға; 
      3) өзiнiң кәсiптік бiлiктiлiгiн үнемi арттырып отыруға; 
      4) заң көмегiн көрсетуге байланысты өзiне мәлiм болған мәлiметтердi құпия сақтауға және көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның келiсiмiнсiз оларды жария етпеуге; 
      5) адвокаттар алқасына мүше болып кіргеннен кейін, сондай-ақ коммерциялық ұйым құрылғаннан кейін бір ай ішінде, өзіне заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, өз меншігіндегі, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлесті (акциялар топтамасын) және пайдаланылуы табыс алуға әкелетін өзге де мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беруге міндетті. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты нотариатта куәландыруға жатады. Адвокат өзіне тиесілі облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын сенімгерлікпен басқаруға бермеуге құқылы. Адвокаттың сенімгерлікпен басқаруға берілген мүліктен табыс алуға құқығы бар; 
      6) сенім білдірушінің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған іс жүзіндегі мән-жайларды анықтау бойынша заңмен тыйым салынбаған кез келген іс-әрекетті орындауға міндетті. 
      2. Адвокат, егер: 
      1) заң көмегiн сұрап өтiнiш жасаған адамның мүддесiне қайшы келетiн iстiң нәтижесінде жеке мүддесi болса; 
      2) Қазақстан Республикасының процессуалдық заңнамасында көзделген негіздер болса, заң көмегiн көрсету туралы тапсырмадан бас тартуға мiндеттi. 
      3. Адвокаттың іс бойынша көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның жағдайын нашарлататын құқықтық ұстанымда болуына, өз өкiлеттiгiн өзі мүдделерiн қорғайтын немесе бiлдiретiн адамға нұқсан келтiріп пайдалануына тыйым салынады. 
      4. Адвокаттың қылмыстық iс бойынша қабылданған тапсырмадан бас тартуға құқығы жоқ және қорғалатын адамның немесе адвокаттың өзiнiң көзқарасы бойынша сот төрелігіне сай емес үкiм шығарылған жағдайда, оған белгiленген тәртiппен шағым жасауға мiндеттi. 
      5. Адвокаттың коммерциялық ұйымның байқау кеңесiнiң құрамына кіру, сондай-ақ оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық қызметпен айналысу жағдайларын қоспағанда, мемлекеттiк қызметте болуына және кәсіпкерлік қызметпен айналысуына, өзге де ақылы лауазымда болуына тыйым салынады. 
      Адвокат адвокаттар алқасында, Республикалық адвокаттар алқасында және адвокаттардың халықаралық қоғамдық бірлестіктерінде ақы төленетін сайланбалы немесе тағайындалатын лауазымға сайлануға құқылы..     

 Адвокат заң көмегiн көрсету  кезiнде мынадай кәсiптiк ережелердi  сақтауға тиiс:  
      1) көп күш-жiгер не уақыт жұмсауды талап ететiн қажеттi әрекеттер жасаудан жасқанбай ыждағаттылық пен құлшыныс бiлдiру;  
      2) заң мәселелерiн қарап жатқан органдар мен лауазымды адамдарға қатысты өзiн әдептi ұстау;  
      3) өз кәсiби мiнез-құлқын көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның құқықтары мен заңды мүдделерiне сәйкес қалыптастыра және тежей отырып, iстi негiзсiз сөзбұйдаға салуға, заң көмегiн көрсетудiң заңсыз әдiстерiне, алдауға жол бермеу;  
      4) көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның мүдделерiне адал болу және оның мүдделерiне қарсы қандай да болмасын әрекет жасамау.     

  1. Заңнамаға сәйкес жүзеге асырылатын адвокаттық қызметке араласуға не осы қызметке қандай да болмасын тәсілмен кедергі жасауға тыйым салынады. 
      2. Адвокатты ол заң көмегiн көрсетiп отырған адаммен теңдестiруге тыйым салынады.  
      3. Адвокаттан өз кәсiби мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты оған мәлiм болған мән-жайлар туралы куәгер ретiнде жауап алуға тыйым салынады.  
      4. Адвокаттардан, олардың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілерінен, адвокаттар алқасы төралқасының, заң консультацияларының, адвокаттық кеңселердiң басшылары мен қызметкерлерiнен, заңмен белгiленген жағдайларды қоспағанда, белгiлi бiр адамға заң көмегiн көрсетуге байланысты қандай да болмасын мәлiметтер берудi талап етуге тыйым салынады.  
      5. Адвокаттық іс жүргізу, онымен байланысты өзге де материалдар мен құжаттар, сондай-ақ адвокаттың мүлкі, оның ішінде ұялы байланыс құралдары, аудиоаппаратурасы, компьютерлік техникасы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен басқа жағдайларда, тексеруге, қарауға, алуға, алып қоюға және тексеріске жатпайды. 
      6. Адвокатқа өзi қорғайтын адаммен оңаша жолығудың құпиялылығын қамтамасыз ететін жағдайларда осылайша жолығуына рұқсат беруден бас тартуға, сондай-ақ олардың саны мен ұзақтығына шек қоюға тыйым салынады.  
      8. Анықтау және алдын ала тергеу органдары, iс жүргiзу заңында көзделген жағдайларда, адвокатпен келiсiлген мерзiмде тергеу және өзге iс жүргiзу әрекеттерiне оның қатысуы қажеттiгi туралы адвокатқа хабарлауға мiндеттi.  
      9. Мемлекеттiк қызметшiлер мен мемлекеттiк емес ұйымдардың басшылары адвокаттың нақты iс бойынша заң көмегiн көрсетуiне байланысты өтiнiшiне он күн мерзiмнен кешiктiрмей жазбаша жауап беруге мiндеттi. 
      10. Адвокаттардың қызметiне заңсыз араласуға жол берген немесе осындай қызметтi жүзеге асыруға кедергi келтiретiн адамдар заңға сәйкес жауапқа тартылады.  
     .     

1. Адвокат құпиясын адвокатқа  жүгiну фактiсi, көмек сұрап өтiнiш  жасаған адаммен және басқа  да адамдармен жасалған ауызша  және жазбаша келiссөздердiң мазмұны туралы, көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның мүдделерiнде жасалатын әрекеттердiң сипаты мен нәтижелерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ заң көмегiн көрсетуге қатысты өзге ақпарат құрайды.  
      2. Адвокаттардың, олардың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілердің адвокаттар алқасы төралқасы, заң консультациясы, адвокат кеңсесi қызметкерлерiнiң заң көмегiн көрсетуге байланысты алынған мәлiметтердi жария етуге, сондай-ақ өз мүдделерi немесе үшiншi бiр адамдардың мүдделерi үшiн пайдалануға құқығы жоқ.  
      3. Адвокат құпиясына жататын мәлiметтердi көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның келiсiмiнсiз жария еткен адвокат заңға сәйкес жауапты болады. 
      4. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәліметтер мен ақпарат беру адвокаттық құпияны жария ету болып табылмайды.      Адвокат өз қызметiн заң консультациясы арқылы жүзеге асыруға не дербес немесе басқа адвокаттармен бiрлесiп, сондай-ақ заңды тұлғаны тiркемей-ақ жеке дара адвокаттық кеңсе құруға құқылы.  
      Адвокат тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында құрылған және әрекет ететін адвокаттар алқасының мүшесі болуға тиіс. 
      Заңды тұлғаны тіркемей-ақ кәсіптік қызметін дара жүзеге асыратын адвокаттың азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауға, адвокаттық іс жүргізуді сақтауды және адвокаттық құпияны сақтауды қамтамасыз ету үшін жағдай жасауға қажетті қызметтік үй-жайы болуға міндетті..       

1. Адвокаттар алқасын адвокаттық  қызметпен айналысуға құқығы  бар адамдар құрады.  
      2. Адвокаттар алқасы жеке және заңды тұлғаларға бiлiктi заң көмегiн көрсету үшiн, адвокаттардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiру және қорғау үшiн, осы Заңда белгiленген өзге де мiндеттердi орындау үшiн құрылатын адвокаттардың коммерциялық емес, кәсiби, өзiн-өзi басқаратын және өзiн-өзi қаржыландыратын ұйымы болып табылады.  
      3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында адвокаттардың бiр ғана алқасы құрылып, жұмыс iстеуi мүмкiн, оның басқа облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында өзінің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктерін) құруға құқығы жоқ. S 
      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында адвокаттар алқасы болмаған жағдайда, ол осы Заңның 7-бабының талаптарына сәйкес келетiн кемiнде он құрылтайшының бастамашылығымен құрылады.  
      Адвокаттар алқасын құруға мемлекеттiк органдардың арнайы рұқсаты талап етiлмейдi.  
      Адвокаттар алқасының атауы аумағында өзi құрылған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң атауын қамтуға тиiс.  
      4. Адвокаттар алқасының негiзгi мiндеттерi:  
      1) адвокаттық қызметтi жүзеге асыру кезiнде алқа мүшелерiне жәрдемдесу, кәсiби көмек көрсету және оларды қорғау;  
      2) алқа мүшелерiнiң қызметiн материалдық-техникалық және анықтамалық-ақпараттық қамтамасыз ету;  
      3) адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға кәсiптiк бақылауды ұйымдастыру;  
      4) алдын ала тергеу және сот органдарының белгiлеуi бойынша тегiн заң көмегiн көрсету (осы Заңның 6-бабы) мен қорғауды ұйымдастыру болып табылады.  
      5. Адвокаттар алқасы заң консультацияларын құрады. 
      6. Адвокаттар алқалары Республикалық адвокаттар алқасына бірігеді. 
     

1. Адвокаттар алқасының жарғысы:  
      1) адвокаттар алқасының атауын, қызметiнiң мәнi мен мақсаттарын;  
      2) адвокаттар алқасы мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн;

3) адвокаттар алқасына мүшелiкке  қабылдау, мүшелiктi тоқтата тұру  мен тоқтату тәртiбiн;  
      4) адвокаттар алқасының құрылымын, оның органдарының қалыптасу тәртiбi мен құзыретiн;  
      5) заң консультацияларын құру мен олардың жұмыс iстеу тәртiбiн;  
      6) мүлiк жинау көздерi мен оған иелiк ету тәртiбiн;  
      7) мүшелiк жарнаны төлеу тәртiбiн;  
      8) адвокаттардың тегiн заң көмегiн көрсету тәртiбiн және адвокаттар арасында сот, анықтау және алдын ала тергеу органдарының тағайындауы бойынша заң көмегiн бөлу тәртiбiн;  
      9) Адвокаттарды аттестаттаудан өткізу тәртібі туралы қағиданың негізінде адвокаттарды аттестаттаудан өткізу тәртібін; 
      10) адвокаттар алқасы мүшелерiнiң және адвокаттардың тағлымдамадан өтушiлердiң тәртiптiк жауапкершiлiгi мен оған тарту тәртiбiн;  
      11) адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясының қолданысын тоқтату туралы талап-арызды дайындау туралы өтiнiш жасау тәртiбiн;  
      12) адвокаттар алқасын қайта ұйымдастыру мен тарату тәртiбiн;  
      13) адвокаттар алқасы таратылған жағдайда мүлiктiң тағдырын көздеуге тиiс.  
      2. Адвокаттар алқасының жарғысы заңдарға қайшы келмейтiн өзге ережелердi де қамтуы мүмкiн.  
     

1. Адвокаттар алқасының жоғары  органы алқа мүшелерiнiң жалпы  жиналысы (конференциясы); оның атқарушы  органы - төралқа; бақылаушы органы - тексеру комиссиясы болып табылады.  
      2. Жарғыда көзделген реттерде адвокаттар алқасында адвокаттар алқасы мүшелерiнiң жалпы жиналысы (конференциясы) қабылдайтын ережелер негiзiнде жұмыс iстейтiн басқа органдар құрылуы мүмкiн.      

1. Жалпы жиналыс (конференция)  адвокаттар алқасы қызметiнiң кез келген мәселелерiн шешуге құқылы.  
      2. Жалпы жиналыстың (конференцияның) ерекше құзыретiне мыналар жатады:  
      1) адвокаттар алқасының Жарғысын және Жарғыға өзгерiстер енгiзу туралы шешiмдер қабылдау;  
      2) төралқаны, төралқа төрағасын, тексеру комиссиясын, тексеру комиссиясының төрағасын сайлау;  
      3) Жарғыда көзделген басқа органдарды және олардың басшыларын сайлау, осы органдар туралы ережелердi бекiту;  
      4) адвокаттар алқасы органдарының, адвокаттар алқасы басшылары мен қызметкерлерiнiң қызметi туралы есептердi тыңдау және бекiту;  
      7) органдардың және адвокаттар алқасы басшылары мен қызметкерлерiнiң шешiмдерiне адвокаттардың шағымдарын қарау;  
      8) адвокаттар алқасының басшылары мен қызметкерлерiн мерзiмiнен бұрын керi шақыру; 
      9) адвокат өзін алқаға мүшелікке қабылдаған күннен бастап алты айдың ішінде төлейтін және тек қана адвокаттар алқасының материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік базасын нығайтуға жұмсалатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде белгіленген айлық есептік көрсеткішке еселенген мөлшерде есептелетін бастапқы нысаналы жарна ставкаларын белгілеу; 
      10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде белгіленген айлық есептік көрсеткішке еселенген мөлшерде есептелетін ай сайынғы мүшелік жарна ставкаларын белгілеу жатады, бұл ретте кәсіптік қызметін ауылдық елді мекендерде жүзеге асыратын не бір жылдан аспайтын адвокаттық қызмет өтілі бар адвокаттар белгіленген ставканың елу пайызы мөлшерінде ай сайынғы мүшелік жарналарды төлейді. 
      3. Жалпы жиналыс (конференция) адвокаттар алқасы мүшелерiнiң жалпы санының үштен екiсi немесе, тиiсінше, конференция сайлаған делегаттар құрамы болған жағдайда шешiмдер қабылдауға құқылы.  
      4. Жалпы жиналысты (конференцияны) жылына кемiнде бiр рет адвокаттар алқасының төралқасы шақырады. Тексеру комиссиясының немесе алқа мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде төрттен бiрiнiң талап етуi бойынша алқа төрағасы отыз күн iшiнде жалпы жиналысты (конференцияны) шақыруға мiндеттi.  
      5. Адвокаттар алқасының Жарғысында жалпы жиналыстың (конференцияның) ерекше құзыретiне жататын өзге мәселелер көзделуi мүмкiн. 
     

1. Адвокаттар алқасының төралқасы  жасырын дауыспен төрт жыл  мерзiмге сайланады.  
      2. Адвокаттар алқасының төралқасы:  
      1) адвокаттар алқасының жеке және заңды тұлғаларға заң көмегiн, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегін көрсету жөнiндегi жұмысын ұйымдастырады; 
      2) жалпы жиналыстың (конференцияның) шешiмдерiн орындауды ұйымдастырады, жалпы жиналысты (конференцияны) шақырады;  
      3) адвокаттардың кәсiби және өзге де құқықтарын қорғайды;  
      4) адвокаттар алқасының мүшелiгiне қабылдауды жүзеге асырады, алқа мүшелiгiнен шығарады, адвокаттардың тағлымдамадан өтушiлерiн даярлауды ұйымдастырады; 
      4-1)      4-2) адвокаттардың қызметі туралы олардың жинақталған есептерін Республикалық адвокаттар алқасына тоқсан сайын ұсынады; 
      4-3) адвокаттық қызметін ауылдық елді мекенде кемінде үш жыл міндетті түрде жүзеге асыру шартымен адвокаттар алқасына мүше болып қабылданатын адвокаттарды бастапқы нысаналы жарна төлеуден босатады; 
      4-4) жүктілігі және тууы бойынша не бала үш жасқа толғанға дейін оны күтіп-бағу бойынша демалыста болған кезеңінде адвокаттарды және уақытша еңбекке жарамсыздығы салдарынан қатарынан екі айдан астам адвокаттық қызметті жүзеге асырмаған адвокаттарды ай сайынғы мүшелік жарнаны төлеуден босатады; 
      5) адвокаттың әрекеттерiне жеке және заңды тұлғалардан түскен шағымдарды (ұсыныстарды) тексеру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;  
      6) адвокаттардың тәртiптiк терiс қылықтары туралы материалдарды қарайды және кiнәлi адамдарға тәртiптiк жаза қолданады;  
      7) адвокаттарды аттестациялауды өткiзудi және олардың кәсiби бiлiктiлiгін арттыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;  
      8) осы Заңда көзделген негiздер бойынша лицензиарға адвокатқа қатысты адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату туралы талап-арызды дайындау туралы өтiнiш береді; 
      9) адвокаттардың кәсiби деңгейiн көтеру жөнiндегi шараларды жүргiзедi, оң жұмыс тәжiрибесiн талдайды, қорытады және таратады;  
      10) кодификациялық-анықтамалық жұмысты жүргiзудi ұйымдастырады, адвокаттық қызмет мәселелерi бойынша әдiстемелiк құралдар мен ұсынымдар әзiрлейдi және басып шығарады;  
      11) заң консультацияларын құрады, олардың меңгерушiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;  
      12) адвокат куәлiгiн бередi, оның нысанын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi бекiтедi;  
      13) адвокаттар алқасының қаражатына Жарғы мен жалпы жиналыс (конференция) белгiлейтiн тәртiппен иелiк жасайды;  
      14) бухгалтерлік есептің, қаржылық есептіліктің жүргізілуін, іс қағаздарын жүргізуді және алғашқы статистикалық деректерді қалыптастыруды ұйымдастырады; 
      14-1) адвокаттар алқасының мүлкіне билік ету тәртібін белгілейді; 
      15) адвокаттар алқасы мүшелерiнiң жалпы жиналысының (конференциясының) ерекше құзыретiне жатқызылғандарды қоспағанда, адвокаттар алқасы қызметiнiң өзге де мәселелерiн шешедi.  
1. Өзі сайланған күнге дейін кемiнде екi жыл тiкелей адвокаттар алқасының мүшесi болған адвокат адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы болып сайлана алады. 
      Адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайланады. 
      Бұл ретте бір адам қатарынан екі мерзімнен артық адвокаттар алқасының төрағасы лауазымында бола алмайды. 
      2. Алқаның жарғысына сәйкес адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы: 
      1) төралқаның жұмысын ұйымдастырады, оның отырыстарында төрағалық етеді және төралқа, алқа мүшелерiнiң жалпы жиналыстары (конференциялары) шешiмдерiнiң орындалуына бақылауды жүзеге асырады; 
      2) төралқа аппаратының жұмысына басшылық жасайды, алқа аппаратының қызметкерлерiн жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады; 
      3) мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерде, басқа да ұйымдар мен мекемелерде адвокаттар алқасы атынан өкілдік етеді; 
      4) адвокаттық қызметті ұйымдастырудың адвокат таңдаған нысанын және заңды мекенжайын көрсетіп, адвокаттар алқасына мүше болып кірген лицензиаттар туралы, сондай-ақ шығарылу себебін көрсете отырып, адвокаттар алқасы мүшелігінен шығарылғандар туралы мәліметтерді лицензиарға ұсынуды қамтамасыз етеді; 
      5) адвокаттар көрсеткен заң көмегі туралы статистикалық мәліметтерді қоса алғанда, адвокаттар алқаларының қызметі туралы есепті Республикалық адвокаттар алқасына ұсынуды қамтамасыз етеді; 
      6) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және мерзімдерде бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсеткен заң көмегіне ақы төлеу туралы және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы өтінімді тиісті республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің аумақтық органына уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді; 
      7) адвокаттардың тағылымдамадан өтушiлерінің тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етеді; 
      8) адвокаттарды кәсiптік оқыту бағдарламасын iске асыруды қамтамасыз етедi. 
      Адвокаттар алқасының төралқасы төрағасының басқа да өкілеттіктері адвокаттар алқасының жарғысында айқындалады. 
     

Информация о работе Биогенды элементер айналымы