Мемлекеттің пайда болу тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 21:16, курсовая работа

Описание работы

В общей теории права признано, что субъектом права является лицо, на которое распространяется действие его норм. Однако международное право это самостоятельная правовая система. Поэтому понятия и категории, используемые в национальном праве различных государств, не всегда идентичны по содержанию понятиям и категориям международного права. Особенности международного права как особой системы права предопределяют специфику международной правосубъектности и в конечном итоге качественные характеристики субъектов международного права.

Файлы: 1 файл

Мемлекеттің пайда болу тарихы.doc

— 137.50 Кб (Скачать файл)

Азаматтық құқықтық қатынастардың  элементтері субъектілері, объектілері  мен мазмұны, ал негізгі бастаулары Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық Кодексі, оған сәйкес қабылданған  өзге де заңдар және заңға тәуелді  кесімдер болып табылады. 
Азаматтық кұкықтың субъектілері 
Азаматтық заңдармен реттелетін катынастардың субъектілеріне: жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтың, бөліністер жатады. 
Жеке тулға - Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар. Азаматтарда өз құқықтары мен іс-әрекетін жүзеге асыру үшін құқықтық және әрекет қабілеттілігі болуы тиіс.  
Заңды тұлға жарғысында: ұйымның түрі, атауы, тұрған жері; басшының өкілеттілігі, басқару және бақылау органдары, құрылу тәртібі мен олардың құзыреті, жұмыс режимі; ұйым мүлкінің құралу және табысты бөлу тәртібі; ұйымды қайта құру және оның қызметін тоқтату ережелері көрсетіледі. Жарғыда заңға қайшы келмейтін басқа да ережелер болуы мүмкін. 
Тағы да бір маңызды мәселе, кіші кәсіпкерліктің субъектісі болып табылатын заңды тұлға өз қызметін, ҚР Үкіметінің 1998 жылдың қыркүйегінің 28 жұлдызында № 928 қаулысымен бекітілген Жарғы үлгісінің негізінде жүргізе алады. 
Заңды түлғалар әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Тіркеу тәртібі Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың 17 сәуіріндегі заң күші бар "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы" Жарлығымен реттеледі. 
Мемлекеттік тіркеу құрылып жатқан заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарын заңға сәйкестігін тексеруді, оларға тіркеу нөмірін бере отырып, тіркеу куәлігін берілуін, заңды тұлғалар туралы мәліметттерді бірыңғай Мемлекеттік рестрге енгізуді қамтиды. Мемлекеттік тіркеуге, құрылу мақсатына, өз қызметінің түрі мен сипатына, қатысушыларының құрамына қарамастан Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық заңды тұлғалар жатады. Олардың филиалдары мен өкілдіктері, заңды тұлға құқығы берілмей-ақ есептік тіркеуге алынады. 
Мемлекеттік тіркеу, кажетті құжаттар тіркеліп, арыз берген кезден бастап 15 күннен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. 
Мемлекеттік қауіпсіздікті, құқық тәртібін қамтамасыз етуді, қоршаған ортаны, азаматтардың меншігін, өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында тауарлардың, жұмыстың немесе қызметтің кейбір түрлерін өндіру мен сату істері мемлекеттік лицензиялар арқылы жүзеге асырылады. 
Лицензия дегеніміз шаруашылық жүргізуші субъектінің белгілі бір қызмет түрімен айналысуға немесе белгілі бір іс-әрекет жасауға құзырлы мемлекеттік орган беретін рұқсат. Лицензиялар беру тәртібін, жоғарыда айтылған тауарлардың, жұмыстың немесе қызметтің тізбесін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі "Лицензиялау туралы" заң күші бар Жарлығымен реттеледі. 
6 Азаматар азаттық құқықтың субъектілері ретінде 
Азаматтық кұқық қатынастарының негізгі субъектілері ретіндегі азаматтардың құкықтық жағдайы, олардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі арқылы сипатталады. 
Азаматтық құқық қабілеттілігі дегеніміз — азаматтардың азаматтық құқықтарға ие болу және азаматтық міндеттерді атқару қабілеті. Ол барлық азаматтарға бірдей деп танылады. Азаматтардың тең құқықтығы экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени өмірдің барлық салаларында қамтамасыз етіледі. Республикадағы шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың заңмен көзделген құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беріледі. 
Азаматтардың құкықтық қабілеттерінің мазмұны құқықтың мейлінше кең шеңберін қамтиды. Азаматтың ҚР шегінде де, одан тыс жерлерде де мүлікті, соның ішінде шетел валютасын меншіктенуге; мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыруға; республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; заң кұжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп занды тұлғалар құруға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысуға; өнертабыстарға ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, санаткерлік кызметтің өзге де туындыларына санаткерлік меншік құқығы материалдық және моральдық зиянның орнын толтырады талап етуге; басқа да мүліктік және жеке құқықтарды төленуге құқылы (АК-тің 14-бабы). Азаматтардың құқық қабілеттілігі заңмен қорғалады. Мысалы, бас бостандығынан айрылып, сотталған азамат жазасын өтеп болғанша, кейде соттылығы жойылғанша не алынғанша тиісті заңдардан көзделген белгілі бір құқықтарынан айрылады. Алайда, азамат тек жекелеген субъективтік құқықтарынан ғана айрылуы немесе оның құқық қабілеті жартылай ғана шектелуі мүмкін. Ал, тұтастай алғанда ол құқық қабілетінен ажырамайды. Азаматтық құқық қабілеттілігі қылмыстық заңда көзделген белгілі бір мерзімге дейін ғана қатаң шектелуі мүмкін. Сондай-ақ АК-тің 18-бабы бо-йынша құкық қабілеттілігін немесе әрекет қабілеттілігін шектеуге бағытталған мәмілелер де жарамсыз деп табылады. Азаматтық құқық қабілетгілігі азамат туған кезден басталып, қайтыс болғаннан кейін тоқтатылады. Осы сияқты занда әлі тумаған баланың, болашақ азаматтың құқығын қорғау жағдайы да кезделген, осы секілді жәйттер АК-тің мұрагерлік құқыққа қатысты VI бөлімімен реттеледі. 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                 Мемлекеттің міндеттемелік құқығы

 

Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышкер) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына белгілі бір әрекет жасауға, атап айтқанда: мүлік беруге, жұмыс орындауға, ақша төлеуге және тағы осылар сияқты әрекеттер жасауға, не болмаса белгілі бір әрекеттер жасауға тартынуға міндеттенеді, ал несие берушінің борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге хақысы бар. Тараптар (борышкер мен несие беруші) және үшінші жақ міндеттемеге қатысушылар болып табылады. Міндеттемеде оның әр тарабы-несие беруші немесе борышқор ретінде бір мезгілде бірнеше адам қатыса алады, яғни үлесті, ынтымақты немесе жәрдем берушілік міндеттеме пайда болады. 
Міндеттеме қабылдаудың мақсаты - борышкерді өз міндетін уақтылы және сапалы орындауға тарту. Міндеттеме көбінесе оның орындалуымен аяқталады, ал орындалмаған жағдайда қарызды қарызбен жабады, екі жақ келіседі, заңды тұлғаларды жояды. 
Міндеттемелердің пайда болу негіздері. Міндеттемелер әртүрлі негізде туындайды. Бұл негіздер заңда көрсетілген, сондай-ақ заңда көрсетілмесе де, азаматтық заңдардың жалпы негіздері мен мәнісіне байланысты азаматтар мен ұйымдардың құқықтарды және міндеттерді тудыратын әрекеттерінен пайда болады.

Пайда болу негіздері: заңда көрсетілген  негіздер; заңда көрсетілмесе де, бірақ  оған кайшы келмейтін келісімдер; әкімшілік актілер; жаңалықтар ашу, өнер табыстар, ұтымды ұсыныстар жасау, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларын жасау нәтижесінде; басқа адамға зиян келтіру салдары, сондай-ақ жеткілікті негіздер болмаса да, адамның қаржысы есебінен мүлік иелену немесе жинау салдары; заңдар азаматтық-құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады. Міндеттемені орындамау не тиісті дәрежеде орындамау (мезгілінде орындамау, тауарлар мен жұмыстарды толық орындамау, міндеттеме мазмұнында белгіленген басқа жағдайларды бұзып орындау оның бұзылуы деп есептелінеді. Орындау мүмкін болмаған жағдайда тараптар бір-біріне шұғыл хабарлауға міндетті. Міндеттемені орындамағаны үшін жауапқа тарту несие берушінің талап етуі бойынша жүргізіледі. Шарттың құқықтық институт ретінде қалыптасуы және шарттық құқық нормаларының дамуы сауда айналымының дамуымен етене байланысып жатыр. Шарт зат алмасудың негізгі құқықтық нысаны болып табылады, яғни тауар бір меншік иесінен екіншісіне ауысып отырады. Қолтаңбалар мен мөрлері бар қағазды шарт деп түсіну, аңғалдық болар еді. Ол дұрыс емес. Шарт дегеніміз тараптардың арасында туындайтын өзара міндеттемелер жүйесі екенін түсінбеушілік көпшілікті тығырыққа тіреп жүр. Шарт талаптары тең қарастырылмаған қандай шаралар қолданса да қиындық туып, орындалмаған күйде қалуы мүмкін. Ойластырылмаған, ретсіз міндеттемелер жиынтығы пайдалы істерден гөрі көп қиындықтарға душар етеді әрі әр тарап өзін қысым көруші ретінде қабылдап, екінші тарап айыпты деп санайтын дау-шарлардың көзі болады. Ал бұл жағдай шынтуайтына келгенде, шарт жасау кезінде оның талаптарын дайындауға шала-шарпы, үстірт қарағандықтан болған нәтиже деп қарау керек.

Сонымен, шарт дегеніміз не? Алдымен  ұғымның өзін қарастырайық. 
Барлық дамыған елдерде шарт міндеттемелік құқықтың негізгі институты болып табылады. Еуропа елдерінде - қатысушылармен белгілі құқықтар мен міндеттер белгіленетін келісім, ағылшын-американ заңы бойынша бір тарап басқа тұлғаға қатысты қабылдайтын уәде немесе кепілдік ретінде қарастырылады. Мұндай уәдеден құкықтық салдар туғызу үшін оны басқа тарап қабылдайтын болуы тиіс. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (жалпы бөлімі) 378 - бабында "екі немесе бірнеше тұлғалардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді орнату, өзгерту және тоқтату туралы келісімі шарт болып танылады" деп айтылған. Сонымен, шарт-оның тараптарының арасындағы дербес еркінің актісі, бірнеше құжатпен бекітілген болса да, өзара келісімі болып табылады. Шарттың атқаратып қызметі, мақсаты - құқықтар мен міндеттерді орнату, өзгерту немесе тоқтату. Бір тараптың ғана ықтияры (іс-әрекеті) жеткілікті болатын мәмілелер (шарттар) бір жақты болып табылады. Бұл жағдайда басқа тараптың оған деген ықтияры болмайды. Мәселен, өсиетхат жазу, сенімхат, чек беру, мұрадан бас тарту және басқалары бір жақты шарт (мәміле) болып табылады. Бір жақты мәмілені (мысалы, өсиетхат) көбіне-көп бір ғана тұлға жасайды, дегенмен бір жақты мәмілелердің қайсыбірін, мәселен, ортақ сенімхат беруді, жұрт алдында награда беруге уағда етуді, меншік иелерінің (жалға берушінің) мүлік жалдау шартынан бас тартуын және тағы осындайларды бір тарап ретінде әрекет ететін екі немесе одан да көп тұлғалар бірлесе отырып жасауға хақылы. Құқықтың қатынастар құқық нормасымен реттеген отбасы мүшелері арасындағы қатынастар Отбасылық құқық қатынастарының субъектілері: ерлі-зайыптылар; балалар; басқа отбасы мүшелері мен жақын туысқандары; 
заңмен белгіленеген басқа да адамдар әке мен шешенің, өз балалары жөніндегі құқықтары мен міндеттері бірдей болады. Сондықтан егер ата-аналардың ортақ тегі болса, онда балалар сол текпен жүруі тиіс, егер олар ортақ текпен жүрмесе, балалардың тегі ата-ананың келісуі бойынша белгіленеді. Неке жойылған немесе некені заңсыз деп танылған жағдаида, балалар туған кезде алған тегін сақтайды. Баланың ұлты ата-анасының ұлтымен белгіленеді. Егер ата-ананың ұлты түрліше болса, баланың ұлты оның қалауы бойынша оған төлқұжат берген кезде әкесінің немесе шешесінің ұлтымен жазылады. 
Балалар жөніндегі ата-аналардың міндеттері: балаларды тәрбиелеу; балалардың күшқкуатын дамыту; оларды міндетті түрде оқыту; балаларды пайдалы еңбекке үйретіп өсіру; жасы толмаған балаларын және көмекке мұқтаж, еңбекке қабілеті жоқ балаларын асырау. Ал көмек көрсетуден, алимент төлетуден бас тартқан жағдайда мәселе сот арқылы шешіледі. Жасы толмаған балаларға мынадай мөлшерде алимент өндіріліп алынады: бір балаға төрттен бірі, екі балаға үштен бірі, үш және одан да көп балаға әкесінің немесе шешесінің табысының тең жартысы.

Қорғаншылық пен камқоршылық ата-анасының қамқорлығынсыз қалған (мысалы, жетім  балалар) балаларды асырау, тәрбиелеу  және білім беру мақсатында, сондай-ақ олардың мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін белгіленеді. Қорғаншылық - жасы он төртке толмаған балаларға, сондай-ақ ақыл-есі ауысуы немесе ақыл-есінің төмендігі салдарынан сот әрекет кабілеттілгі жоқ деп танылған кәмелеттік жастағы адамдарға белгіленеді; Қамқоршылық - 15 жастан 18 жасқа дейінгі жасы толмағандарға, денсаулық жағдайына байланысты құкықтарын өздігінен жүзеге асыра алмайтын жасы толмағандарға, сондай-ақ спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салынып кету салдарынан әрекет қабілеттілігі шектелген деп сот таныған азаматтарға белгіленеді. Негізгі қорғаншылық және қамқоршылық органдарына ауылдық, селолық, поселкелік, аудандық, қала ішіндегі аудандық, қалалық әкімшіліктер жатады. Мемлекеттің пайда болуына өзінің сипатына, бағытталуы мен ерекшеліктсріне сәйкес, нысандарын қажет етпеген және мемлекет болғанға дейінгі, басқа нысандарды пайдаланып келген алғашқы қауымдық қоғамның даму кезеңдері тікелей ізашар болып отыр. Экономика мен басқа да тіршілік ету салаларының өте төмен деңгейімен ерекшеленетін алғашқы қауымдық қоғам алдын ала қоғамдық өмірдің жабайы сатысынан объектитві түрде өтіп, мемлекеттік деңгейіне дейін "өсуі" керек.

Ол жануарлар әлемінен енді ғана бөлініп шыққан, өзінің өткен өмірінің ашық та анық таңбасы бар адамның көп жағдайда табиғаттың дүлей де соқыр күштерінің адында дәрменсіз болып қалатындығымен, жағдайды бірден бағдарлай алмайтындығымен, өзінің іс-әрекеті мен қылыптының аяғы неге апарып соғатындытын болжай алмайтындығымен сипатталатын. Ол тамақ, киім және басқа тіршілікке қажетті заттарды табудын жетілмеген, дерекі құралдарын пайдаланды, соған қарай қоғамда еңбек өнімділігі табыстың жинақталып, осынша қалып қалуына мүмкіндік жасай алмады ол қалдықсыз пайдаланылды.Мемлекет дегеніміз бұл — адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдері тән саяси ұйым. Қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың, топтардың, 
және басқа да әлеуметтік субъектілердің қарым-қатынасын реттеп, бағыттау, олардың бірлескен іс-қимылына жағдай жасау жүктелген; оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кеңтармақты органдар жүйесі және биліктің ұйымдастырушылық күш құралдары бар;  
тапсырмасының орындалуын қоғамдық өмірдің барлық суъбектілері қамтамасыз ететін әкімшілік-мәжбүрлеу өкілеттігі берілген. Мемлекет функциясының сипаттамасы түрлі негіздер бойынша топтастыруға болады. Фунмкцияларды қоғамдық өмірдің салаларына байланысты топтастыру неғұрлым кең тараған.

Адамдардың өндіріс, орналастыру  және алмастыру саласындағы қатынастарын қамтитын мемлекеттің экономикалық функциясы жетекші орындардың бірін алады. Экономикалық функцияның көлемі, масштабы және өрісі түрлі мемлекеттерде әр түрлі болады. Алайда қандай жағдайда да мемлекет мына төмендегі жағдайларға ықпал ете алады және әдетте, ықпал етеді де: экономиканы дамытудың сара жолын талдау (мысалы, нарықтық, ди-рективалық жоспарлы немесе аралас экономиканы таңдау); мемлекеттік реттеу дәрежесі, оның жетекші салаларын ынталандыру және қолдау;  
экономикалық дамудың неғұрлым перспективалы бағыттары үшін жайлы жағдай тудыру; жеке меншіктің түрлі нысандары мен шаруашылық қызметінің түрлі субъектілерінің мәртебесін анықтау; экономикалық инфрақұрылым құралдарын (шаруашылық басқарудың қаржы ақша құралдары, несие беру, заем беру, инвестициялық саясат) пайдалану. Салық саясаты экономикалық функцияның айырықша компоненті болып табылады, өйткені мемлекет бюджетінің құралуы, мемлекеттің кірістері мен шығыстарының балансталуы осыған тікелей байланысты. Мемлекет функцияларын түрлі негіздер бойынша топтастыруға болады. Функцияларды қоғамдық өмірдің салаларына байланысты топтастыру неғұрлым кең тараған.

Егер мұндай саланы ең ірі түрінде (қоғам мен мемлекеттің ішкі және сыртқы саладағы өмір тіршілігі) алатын болсақ, онда мұндай жағдайда мемлекеттің  барлық функцияларын ішкі және сыртқы деп топтастыруға болады. Мемлекеттің ішкі функциядарына қоғамның ішкі өмірінің ірі салаларына мемлекетгік ықпал ету немесе мемлекетгік басқару бағыттарың жатқызуға болады. Бұл функцияның мақсаты халықтың арасында мемлекеттің саясатын түсіндіру, осы азаматтардың көпшілік тобының қолдауы мен мақұлдауын қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдарын, ғылыми-білім беру, мәдени-ағарту және мекемелердің басқа да идеолгиялық бағытын аталған міңдеттерді шешуте жұмылдыр.  Сыртқы функциялар халықаралық қатынастар сапасына қатынасты және оның сыртқы саяси міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін мемлекет қызметінің бағыттарын қамтиды. Ішкі функциямен салыстырғанда олар, әдетте, басымдық таныта алмайды; керісінше, ақыр соңында біріншісінен туындайды, олардың табысты жүзеге асырыуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға бейім түрады.Тарихқа көз жүгіртіп қарасақ Конституция ұғымын ерте заманда сонау Грецияда Аристотель қалыптастырған болатын. Ол кезде "конституция" деген сөз "саяси құрылыс" ұғымын білдіретін. Конституцияның ерекше белгілерін айқындай отырып, құқықтанушылар, оны ұлттық құқықтың басқа көздеріне қарағанда қоғам мен мемлекетте жоғары заңдық (күші бар, бір жа- 
ғынан адам мен коғамның, екінші жағынан адам мен мемлекеттің арасындағы қатынастар негізін, қоғамдық және конституциялық құрылыстың негіздерін, адам азаматгың негізгі құқықтарын, бостандықтарын, міндеттерін, мемлекеттің құрылысын, ел басының екілетгілігін, өкіметтің заң шығарушы, атқарушы және сот органдарын, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару буындарын ұйымдастыру және олардың қызметі қағидаларын бекітушілері реттеуші.

Негізгі Заң ретінде тұжырымдайды. Оның басты мақсаты-азамат- 
тардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауды, конституциялық құрылыстын мызғымайтындығын, еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуын оның халықаралық қатынастарын қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан Конституцияны орындау талабы бүкіл Қазақстаи үшін де, әрі оның әкімшілік-аумақтық қүрылымдары үшін де қажет. Тек осы мақсаттар ғана Конституцияның жоғарлылығын, ең жоғары заңдылық күші барын және оның нормаларының Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолдана тындығын нақтылай түседі. Қазақстан Республикасының қазіргі Ата Заңы 1995 жылға 30 тамызда республикалық бүкілхалықтылық дауыс беру (референдум) арқылы қабылданды. Ата Заң қабылданған күн демалыс мелекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні дей жарияланды.

Ата Заңды қабылдау әдісінің орасан зор маңызы бар, өйткені оның мазмұнын сайлаушылар көпшіліктің қатысуымен мақұдайды. Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы кіріспеден (преамбуладан), негізгі мәтіннен, қорытынды және өтпелі ережелерден тұрады. Кіріспеде, едетте, Ата Заңның мақсаты баяндалып, оны қабылдаудың тарихи жағдайы, кейде құқықтар мен бостандықтары немесе мемлекеттік саясатта басшылыққа алатын негіздер көрсетіледі. Қазақстан Республикасы Конституциясының кіріспесі Ата Завды қабылдаудың себептері мен мақсаттарын былай түсіндірген. "Біз, ортақ тарихи тағдыр бірілген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекетті құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы тарихи жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз. Ата Заңның негізгі белігіне азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері туралы, конституциялық құрылысы жайлы, мемлекеттік нысандар жөнінде, мемлекеттік буындардың жүйесі мен мәртебесі туралы (Президент, Парламент, Үкімет, Конституциялық Кеңес, соттар және сот төрелігі, жергілікті мелекетгік басқару және өзін-өзі басқару туралы) нормалар енген. Яғни, бұл нормалар Қазақстан Республикасы Конституциясының І-ҮІІІ бөлімдерінде баяндалған. Қорытынды және өтпелі ережелер бандалған ақырғы IX белімде Ата Заңға өзгерістер мен толық-тырулар енгізу төртібі туралы, конституциялық заңдар мен өзге де заңдарды кабылдау рәсімі мен басқалар жайлы сөз болады.Cонымен қатар, мүліктік қатынастар байлянысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар да азаматтық зандармсн реттеледі, өйткені олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туыңдамайды.

Информация о работе Мемлекеттің пайда болу тарихы