Мемлекеттің пайда болуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2012 в 13:22, реферат

Описание работы

Адам қоғамы мындаған жылдар өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсайды. Көне заманнан адамдар мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді - деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеу жасап келді.

Содержание работы

1. Мемлекет функциясының түсінігі, оның белгілері
2. Мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы.
3. Құқықтық қатнастар және мемлекеттің пайда болу теориялары

Файлы: 1 файл

мемл пайда болуы.doc

— 106.50 Кб (Скачать файл)

                              Жоспар:

 

 1. Мемлекет функциясының түсінігі, оның белгілері

2. Мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы.

3. Құқықтық қатнастар және мемлекеттің пайда болу  теориялары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                

 

Мемлекет функциясының түсінігі, оның белгілері

 

Адам қоғамы мындаған жылдар өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің  азаматы болып, сол мемлекеттің  билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсайды. Көне заманнан адамдар мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді - деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеу жасап келді.

Мемлекеттің динамикалық процесінің дамуына, жаңаруына, нығаюына, оның өзінің саяси, экономикалық, әлеуметтік міндетгерін қалай орындауына, қандай қызмет атқаруына назар аударайық. Осыларға толығырақ тоқтап, түсінуіміз керек. Міне осы мәселелердің бәрі бірігіп мемлекеттің функциясын құрады.

      Функция — заң ғылымында мемлекет пен құқықтың алдында тұрған мүдде-мақсатгарды, міндеттерді орындау кызметінің негізгі бағыттарын және оның әдіс-тәсілдерін анықтап, іске асыруды біріктіреді. Осы тұрғыдан мемлекеттің, үкіметтің, мемлекет аппаратының функциясы деген занды ұғым қалыптасады.

       Мемлекеттің функциясы Кеңестік дәуірде өте кең түрде пайдаланылды. Функция мемлекеттің таптық мазмұнына сәйкес өзгеріп, ескіріп, жаңарып отырады. Қазіргі кезеңде Кеңес Одағы ыдырап, республикалар дүниежүзілік қауымдастыққа бет бүрып, либерал-демократиялық даму процесіне көшкенде мемлекеттің функциясын тек қоғамның таптық мазмұнына сәйкес қарастыру дұрыс болмады. Себебі, функцияның дамуына таптармен бірге халықтың рухани сана-сезімі, мәдениеті, глобалдық мәселелері зор өсер етеді. Бұл дүниежүзілік саяси көзқарас.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     Мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы.

 

  Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық , әлеуметтік, құрылымдық , басқарушылық салаларындағы обьективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырды. Малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келіп, адамның тәжірибесі өсіп молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді:

1) Малшылық

2) Жер игеру

3) Өндірістік 

4) Саудагерлер  тобы

 Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның шығысынан кірісінасырды. Сөйтіп қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. Олар төмендегі негізгі обьективтік заңдардың – қосымша өнімнің пайда болуы; жеке меншіктің қалыптасуы; топтар мен таптардың арасындағы күрестің басталуы әсерінен туындайтын қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін өмірге мемлекет пен құқық келді.

        Мемлекеттің дамуы – мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы. Мемлекет жария үкіметтің пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны мен оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда мемлекеттің күш-қуатына үйренетін басқару жүйесі.

        Мемлекеттің пайда болуының, дамуының бірнеше түрлері бар:

1. Шығыс елдерінде  ( Иран, Индия, Қытай, Араб т.б.  шығыс типті елдерде) мемлекеттің  қалыптасуы негізінен қоғамдық меншікті қорғаумен байланысты. Себебі алғашқы қоғам ыдырау кезінде бұл елдерде күрделі құрылыстар болды:

1) Ірі су каналдарын  жасау;

2) Суармалы ирригациялық  жүйелер құру;

3) Құрғақшылықпен күресу.

 Міне осы күрделі  жұмыстарды жақсы жүргізу үшін қоғамдық-мемлекеттік меншік қалыптасты. Сол меншіктің иелері: шенеуніктер, ру, тайпа басшылары, хандар, корольдер мен императорлар болды.

 Сонымен, Шығыс елдеріндегі  мемлекеттердің қалыптасу себептеріне:

- ірі ирригациялық жүйелерді  жасау;

- оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды жүйелі түрде топтастыру, біріктіру;

- барлық жұмысшыларды  бір орталықтан басқару жатады.

 Мемлекеттің басқару  аппараты бұрынғы ру, тайпаны  басқарған аппараттан өсіп қалыптасты. Жаңа аппарат қалың бұқарадан  алыстай түсіп әділетсіздікті, қанаушылықты күшейтті. Азия типті мемлекеттер өте бәсең дамып, XIX-XX ғасырларға дейін көп өзгермей, сақталып келді.

 Еуропалық  елдерде мемлекет жеке меншіктің  шапшаң, күрделі дамуы, қоғамның  тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты.

        Афины мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық күшті таптар мен топтар мемлекеттік билікті өз қолдарына алып, өз мүдде-мақсаттарын орындайтын мемлекеттік аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер, көбінесе, демократиялық жүйедегі саяси бірлестік болып қалыптасты.

         Германияда мемлекеттің қалыптасуы басқаша болды. Қалың бұқара байларға тәуелді болды, феодалдық қатынастар дами бастады. Осы типті мемлекеттер Еуропаның бірнеше елдерінде Ресейде, Ирландияда және т.б. қалыптасты.

        Құқықтың дамуы – адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі обьективтік заңдылықтарының бірі. Ол - әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалары) қоғамның даму процесінде бірте-бірте құқықтық нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді келісімдер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері.

       Құқық екі жолмен дамыды. Біріншіден, мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моралдық-діни нормаларға сүйенді. Мысалы, Индияда Ману заңына сүйенді, ал мұсылман елдерінде – Құран заңы. Екіншіден, жеке меншік бағытындағы қатынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп, басқарды.

 Адам қоғамы  мыңдаған жыл өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің  азаматы болып, сол мемлекеттің  билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып,  өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін  қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға  жұмсап келеді. Адамдар ежелгі заманнан мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді?-деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келеді.

 Қазақ жерінде  алғашқы қауымдық қоғам заманында  рулық қауым пайда болып, ұзақ  ғасырлар бойы адамдар туыс, қандастығы ұйымның шеңберінде өмір сүрді. Бұл аймақта мекендеген көшпелі тайпаларда мемлекеттің құрылуы ғасырларға созылып, ол ерекше күрделі түрлер арқылы қалыптасты, ал барша жұрт ертеден келе жатқан ауызша заңдар жүйесі “әдет” заңына бағынып келген.

Құқықтық норма ұғымы. Норма дегеніміз – бір қатынасты ретеп, басқаратын ереже.

 Құқықтық  норма құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы  дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының,  тәртібінің шеңберін анықтап,  олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.

 

 Құқықтық  нормалардың белгілері:

1. Норма мемлекеттік  органның қабылдаған, бекіткен актісі, оның заңды күші бар. Мұндай  нормалар қоғамдағы тәртіптің  үлгісіне айналады, өйткені ол  нормаларды халықтың басым көпшілігі  дұрыс орындайды.

2. Нормада  субьектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық әрі  нақты көрсетіледі. Егер көрсетілмесе, субьектілер өз еркімен іс-әрекет  етуге, тек заңға нұқсан келтірмеулері  керек.

3. Норма ерікті  түрде орындалмаса, мемлекет орындатуға мәжбүр етеді.

4. Құқықтық  нормалардың жүзеге асырылуын,  орындалуын мемлекет қамтамасыз  етеді.

5. Құқықтық  норма адамдардың, қоғам тәртібінің  кепілдігі ретінде жұмыс істейді.

 

 Сонымен,  құқықтық норма – қоғамдағы  қатынас субьектілерінің құқықтары  мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен қамтамасыз етілетін ереже-қағида.

 

 Құқықтық норманың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция.

 

  Диспозициця – қатынас мазмұны мен субьектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Мысалы, екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі. Диспозицияның үш түрі болады:

 Жалпылама  түрі: нормада субьектілердің міндеттері  мен құқығы айқын көрсетілмейді.

 Толық айқын  түрі: мазмұны нормада айқын көрсетіледі. Мысалы, Қылмыстық кодекстің баптарында диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі.

  Сілтеу түрі: мазмұны туралы басқа бір нормаға сілтеу жасалады. Мысалы, Азаматтық кодекстің бірнеше баптарында сілтеме қолданылады.

  Гипотеза – диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік кесім қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек. Гипотезаның жалпылама күрделі , альтернативтік түрлері бар.

 Санкция  – құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын көрсетеді. Санкцияның түрлері: абсолютті анық, баламалы, салытырмалы.

 

 

 

 

 

 

 Құқықтық қатнастар және мемлекеттің пайда болу  теориялары

 

Мемлекеттің пайда болуы қоғамның ұйымдық  құрылымды объективті түрде қажет  ететін ішкі эволюциясымен байланысты. Мемлекеттің пайда болуының бірнеше түсіндірмелері бар. Ең алдымен –тологиялық теория ол мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен байланыстырады. Бұл теорияның негізгі идеология Августин (554-450) және Фома Аквинский (1225-1274жж) болып табылады. Оның негізгі мынандай постулаттық бар, мемлекеттің айнымайтындығы және қасиеттілігі, барлық билік құдайшылық бастаушылардан шықты, оны ешкім де шайқала алмады. Осы теорияға сәйкес барлық мемлекеттер басшылары өздерінің биліктерін құдайдың ерік-жігерін орындаушылар ретінде жүзеге асырады. Патриархалық теориялар мемлекет отбасының өсіп -өркендеуінің пайда болады да түсіндіріледі. Оның өкілдерінде ежелгі грек философы Аристотель б.д.д. 384-322 жж сонымен бірге оырс социологы Михайловский (1842-1904жж) жатады. Мемлекеттілік құрылысының орнына келеді. Алғашқы қауымдық теңдік пен шешеннің қоғамдық формасы өз-өңірін ескереді де қашан әлеуметтік қабаттарда бөліне бастайды. Ұжымдық өндірістік қатынастар қалыптан тыс шығады. Оның еңбек бөлінісі келеді, тайпалық құрлым қиындай түседі. Модан келіп әлеуметтік құрылымдарды бөлу дами бастады. Мемлекетт қоғамының ұйымдық құрылымды объективті қажет ететін ішкі эволюцияда мемлекет қоғамды басқару үшін қажет ұйым ретінде, билік ету механизмі ретінде жұмыс жүргізді. Мемлекеттік биліктің өзіндік белгілері жалпыға бірдейлік және (барлық) әмбебаттық болып табылады. Жалпыға бірдейлік бар аумақтық және бар тұрғындарға таратылудан , ал әмбебаптық ортқ мүдделерді қорының кез келген мәселелерді шешу мүмкіндігінен көрінеді. Бұқаралық билік мемлекеттік орындарды жүзеге асады және мемлекеттік билік ретінде іс-әрекет жүргізіді. Оны мен аппаратын құрайтын адамдардың ерекше санына жүргізе арттырады.

 Құқық мемлекет  сияқты қоғам дамуының белгілі  бір кезеңдегі өнімі болып  табылады. Жалпыға бірдей міндетті  әлеуметтік нормалардың пайда  болуы бір әлеуметтік топ үшін  нысардарға иелік ету және пайдалану белгілі бір әлеуметтік топ үшін нысандарға иелік ету және пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты. Жалпылардың көмегі арқылы аталған әлеуметтік әлеуметтік топтың сұраныстары қанағаттандырылып, мүделері жүзеге асырылады. Құқықтың дамуы мемлекеттің дамуымен нағыз байланысты. Мемлекет белгілі бір кезеңде осы маңызды әлеуметтік нормаларды, оларды құқықтық нормаларға айналдыра отырып, қамтамасыз етеді. Сонымен, бірге құқықтық жаңа нормаларын анықтау бойынша жұмыс жүргізеді. Құқық нормасы мемлекетпен рұхсат етілмей немесе белгіленеге жеке тұлғаның мүддесін жүзеге асыру барысындағы міндетті немесе мүмкін құран ретінде шартты түрде бекітемінжалпыға бірдей міндетті мінез-құлықтардың ережесі. Құқықтық қатынастар – құқық нормаларымен реттелген, құрамында өз ара алмастырып отыратын құқықтар және міндеттермен айшыққан құқық субъектілері арасында заңдық байланысы бар қоғамдық қатынастар. Құқықты қатынастардың субъектілері (қатысушылары) құқық қаблеттілігі бар нақты және заңды тұлғалар бола алады.

 Құқық қаблеттілігі  деген құқыққа және міндетке  не болу қаблеттілігі, ал әскет  қаблеттілігі деген олар жүзеге  асыру қаблеттілігі. Құқықтық қатынастардың  пайда болуы, өзгерілуі және  нақтылануы заңдық жағдайлармен  заңдық маңызы бар нақтылы  мән-жайлармен байланысты, олармен құқық нормасы құқық субъектілерінің құқықтары мен міндеттерінің пайда болуы. өзгерілуі және тоқтатылуын байланыстырады.

 Мемлекет  қоғамның көп салалы, көп жүйелі  құбылыстарына сәйкес дамып, өмірге  келген бірлестік. Оның себептерін қоғамдағы болып жатқан объективтік факторлар құрастырады: биологиялық, психологиялық, экономикалық, әлеуметтік, діни, ұлттық т.б. құбылыстар. Сондықтан бір теорияның көлемінде мемлекет пен құқықтың пайда болуын ғылыми тұрғыдан толық түсінуге болмайды.

 Қоғамның тарихи даму процесінде адамдардың ара қатынасында кайшылықтар басталды. Сондықтан қоғамда бостандықты, еділеттілікті, тендікті сақтау үшін адамдар өзара шарт жасап мемлекетті құрды. Бұл шарттың мазмұны көп елдің Конституциясына кірді деп түсіндіреді.

 Психологиялық  теория — XIX ғ. бұл теорияны  уағыздаған: Ч.Тард, Л.И. Петражицкий.  Коғам мен мемлекетті бұл теория  адамдардың психологиялық біріккен  көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі  — бәрі келісіп ұжымдық түрде  басқаруы. Коғам мен мемлекет  адамдардың табиғи психологиялық даму заңдылық процесінің нәтижесінде пайда болды деп түсіндіреді.

Информация о работе Мемлекеттің пайда болуы