ҚР Конституциялық Кеңесі, оның құқықтық мәртебесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Сентября 2013 в 15:40, реферат

Описание работы

ҚР Үкіметі атқару өкіметін жүзеге асырады, атқару органдарының жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық етеді. ҚР Президентінің 1995 ж. 29 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" Конституциялық заң күші бар Жарлығына сәйкес құрылды.
Конституциялық Кеңес республиканың барлық аумағында ҚР Конституциясының жоғары тұруын қамтамасыз ететін мемлекеттік орган ретінде өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде дербес және мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, лауазымды адамдар мен азаматтарға тәуелсіз, республика Конституциясына ғана бағынады әрі саяси және өзге себептерді негізге ала алмайды.

Содержание работы

КІРІСПЕ.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.


Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің жүйесі және тарихы.
Конституциялық Кеңестiң құқықтық мәртебесi.

Конституциялық Кеңестің құрамы мен құзыреті, шешімдерінің түрлері.


ҚОРЫТЫНДЫ.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.

Файлы: 1 файл

СРС Конституция.docx

— 68.07 Кб (Скачать файл)

 

   Конституциялық Кеңес шешімдерінің түрлері - Конституциялық Кеңестiң шешiмдерi Конституциялық Кеңестiң конституциялық өкiлеттiгiн жүзеге асыратын қорытынды шешiмдер және Конституциялық Кеңестiң өзге де өкiлеттiгiн жүзеге асыратын басқа да шешiмдер болып бөлiнедi. Шешімдер қаулылар, солардың ішінде нормативтік қаулылар, қорытындылар және жолдаулар нысанында қабылданады. Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары қолданыстағы құқықтың құрамдас бөлігі болып табылады.

      Конституциялық Кеңес шешiмдердi алқалы түрде, өз мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен ашық дауыс беру арқылы, ал Конституциялық Кеңестiң тiптi бiр мүшесi талап етсе де - жасырын дауыс беру арқылы қабылдайды. Егер шешiм қабылдау кезiнде Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң дауыстары тепе-тең бөлiнген болса, Конституциялық Кеңес Төрағасының даусы шешушi дауыс болып табылады, ол барлық жағдайларда өз даусын ең соңында бередi. Конституциялық Кеңестiң мәжiлiсi кезiнде оның отырысқа қатысқан мүшелерiнiң ешқайсысының да қалыс қалуға немесе дауыс беруге қатыспауға хақы жоқ. Конституциялық Кеңестiң қорытынды шешiмiмен келiспеген оның мүшесi өз пiкiрiн жазбаша түрде бiлдiруге хақылы.

       Конституциялық  Кеңестің шешімін ол Қазақстан  Республикасы Президентінің бастамасы  бойынша немесе өз бастамасы  бойынша, егер қабылданған шешімге  негіз болған Конституция нормасы  өзгерсе не болмаса өтініштің  мәні үшін жаңа елеулі мән-жайлар  ашылса, қайта қарауы мүмкін. Адамның  және азаматтың құқықтары мен  бостандықтарын қорғау, ұлттық қауіпсіздікті,  мемлекеттің егемендігі мен тұтастығын  қамтамасыз ету мүддесінде Конституциялық  Кеңестің шешімін ол Қазақстан  Республикасы Президентінің бастамасы  бойынша қайта қарауы мүмкін. Шешімді қайта қарау туралы Конституциялық Кеңес қаулы шығарып, ол арқылы осы шешімнің толығымен немесе бір бөлігінде күшін жояды.

     Конституциялық Кеңес шешімдерінің заңдық күші -   Конституцияда Конституциялық Кеңес шешімдерінің жалпыға бірдей міндетті заңдық күші бекітіліп, кешіктірмей қолданысқа енгізілу тәртібі белгіленген. Конституциялық Кеңес шешімінің түпкіліктігі оның заңдық күшінің ажырамас сипаты болып табылып, қорытынды қаулы қабылдау арқылы конституциялық іс жүргізудің қисынды түрде аяқталғанын айғақтайды. Конституциялық Кеңес шешімінің түпкіліктігі сондай-ақ оның өтініш субъектісі үшін сол бір себеп бойынша кері қайтпайтынын білдіреді, өйткені, Конституцияның 74-бабының 3-тармағына сай, Конституциялық Кеңестің шешімдері «шағымдануға жатпайды». Бұл Кеңестің шешімдеріне шағымдану құқығының да, мұндай шағымдарды қарайтын тиісті инстанциялардың да жоқ екенін білдіреді. Сонымен бірге, ерекше жағдайларда Конституциялық Кеңестің өзі қолданыстағы қаулыны қайта қарауы немесе оны түсіндіру жөнінде қосымша қаулы қабылдауы мүмкін екені конституциялық құқық нормаларында жоққа шығарылмайды. Конституциялық Кеңестің қаулылары тек Конституцияға ғана негізделеді және өзге нормативтік құқықтық актілердің бәрі оларға қайшы келмеуге тиіс. Конституциялық Кеңестің қаулыларында баяндалған құқықтық позициялардың күші Кеңес конституциялық емес деп тапқан нормаларды қайта қабылдау арқылы еңсеріле алмайды. Конституцияның 73-бабының 4-тармағына сай Конституциялық Кеңестiң шешiмiне толығымен немесе бiр бөлiгiне Республика Президентi қарсылық бiлдiруi мүмкiн, бұл қарсылық Конституциялық Кеңес мүшелерi жалпы санының үштен екiсiнiң даусымен еңсерiледi. Президент қарсылығы еңсерiлмеген жағдайда, Конституциялық Кеңестiң шешiмi қабылданбады деп есептеледi. Қарсылық Республика Президенті шешімнің мәтінін алған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей енгізіледі. Конституциялық Кеңес өзі қабылдаған шешімдерді орындау тәртібі мен мерзімін белгілей алады. Егер Конституциялық Кеңестің шешімі мемлекеттің шығысты ұлғайтуды немесе мемлекеттік кірісті қысқартуды көздейтін болса, онда Конституциялық Кеңес өзі қабылдаған шешімдерді орындау мерзімін Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісе отырып белгілейді. Конституциялық Кеңестің шешімін орындау мақсатында қабылданған шаралар туралы оған тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар Конституциялық Кеңес белгілеген мерзімде хабарлайды.  Конституцияның сол бір нормасы бойынша Конституциялық Кеңестің жаңа шешім қабылдауы өтініш субъектінде басқа бір жағдайда түсінбеушілік туындаған өзге бір мәселеге, осы бір конституциялық норманың нақты талабын не талаптарын қолдануға немесе орындауға байланысты болуы мүмкін. Конституциялық Кеңестің Конституцияның сол бір нормасы бойынша жаңа қаулысы осы конституциялық нормаға қатысты бұдан бұрынғы қаулысына қайшы келмеуге тиіс. Мұндай қаулы Конституциялық Кеңестің Конституцияның осы нормасын ресми түсіндіру жөніндегі бұдан бұрынғы қаулысының құқықтық позицияларын толықтырып, дамыта түсуі мүмкін.

       Қазақстан Республикасы  Конституциялық Кеңесінің шешімдері  елеулі құқықтық салдарға әкеп  соқтырады. Конституциялық емес  деп танылған заңға және Республиканың  шарттарына қол қойылмайды не  олар бекітілмейді және қолданысқа  енгізілмейді. Конституциялық емес  деп танылған, соның ішінде адамның  және азаматтың Конституцияда  баянды етілген құқықтары мен  бостандықтарына нұқсан келтіреді  деп танылған заңдар мен өзге  де нормативтік құқықтық актілер  заңдық күшінен айрылады, қолданылмайды  және жойылады. Соттар мен өзге  де құқық қолданушы органдардың  осындай заңға немесе өзге  бір нормативтік құқықтық актіге  негізделген шешімдері орындалмайды. Конституциялық Кеңес Конституцияға сәйкес емес деп таныған Президент және Парламент депутаттарының сайлауы жарамсыз деп жарияланады.

     Конституциялық Кеңес қызметінің кейбір көрсеткіштері -  өзі қызмет істеп келе жатқан кезең ішінде Конституциялық Кеңес 140-тан астам нормативтік қаулы қабылдады. 25 заң және халықаралық шарт толығымен немесе бір бөлігінде конституциялық емес деп танылды. Конституциялық бақылау практикасын қорыту нәтижесі бойынша Парламентке елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы 14 жолдау жіберілді. Осы жолдаулардағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі ұсыныстардың көпшілігі заң шығармашылығы мен құқық қолдануда ескерілді, соның нәтижесінде 65 заңға Конституциялық Кеңестің құқықтық позицияларына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Елдегі конституциялық заңдылықтың нығаюына, сондай-ақ Конституциялық Кеңестің беделі артуына көп ретте Мемлекет басшысының Республика Конституциясына және Конституциялық Кеңеске деген ерекше ықыласы септігін тигізуде. 2008 жылы Республика Президентінің заң шығарушылық бастамасы тәртібімен «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, солар арқылы Конституциялық Кеңестің шешімдеріне жоғарырақ дәрежедегі салмақ берілді. Мұндағы енгізілген жаңалық сол, Конституциялық Кеңестің шешімдеріндегі заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды уәкілетті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар міндетті түрде қарап, қабылданған шешім туралы Конституциялық Кеңесті міндетті түрде хабарландыруға тиіс. Бұл мәселелер Президент Әкімшілігінің бақылауында тұр.

       Конституциялық Кеңестің қызметінде адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау жөніндегі өтініштер басым орын алады. Бірқатар жағдайларда заңдардың, халықаралық шарттардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің даулы нормалары Конституцияға сәйкес емес деп танылады. Конституциялық Кеңестің қаулыларымен сондай-ақ азаматтардың жеке құқықтары, саяси, экономикалық және әлеуметтік құқықтары қамтамасыз етілді. Бірқатар қаулылар құқықтар мен бостандықтардың сот арқылы қорғалуы мәселелері бойынша қабылданып, олар заңда көзделген соттылыққа құқығы, әкімшілік істердің сотта қайта қаралуына, қылмыстық істі алқабилер қатысуымен қарау туралы өтінішті сотқа дейінгі сатыда ғана емес, сот ісін жүргізудің бастапқы сатысында да мәлімдеуге құқығы, қылмыстық қудалау органдарының қылмыстық іс қозғау туралы қаулыларына сотқа шағымдану құқығы және т.б. секілді құқықтарды бекітуге бағытталды. Конституциялық Кеңестің практикасында Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестiгiн Президент қол қойғанға дейін қарау маңызды орын алады. Конституциялық Кеңестің бұл функциясы ұлттық заңнаманы жетілдіруге септігін тигізеді. Өзі қызмет атқарып келе жатқан жылдар ішінде Кеңес Парламент қабылдаған заңдардың Негізгі Заңға сәйкестігін тексеру туралы 23 өтініш қарады. Қолданыстағы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің конституциялығын тексеру Республика соттарының ұсынымдары бойынша іске асырылып, негізінен ол адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған. Өткен жылдар ішінде Конституциялық Кеңес соттардың 64 өтінішін қарады. Соттар өздерінің іс жүргізуінде жатқан іс бойынша қолданылуға тиіс заңдар және өзге де нормативтік құқықтық актілер (конституциялық заңдар және заңдар (кодекстер), Республиканың халықаралық шарттары, Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары, Үкіметтің, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері және т.б. нормаларының конституциялығын тексеру туралы ұсыныммен Конституциялық Кеңеске жүгіне алады. Негізгі Заң Конституциялық Кеңеске Конституция нормаларын ресми түсіндіру құқығын береді, ол конституциялық нормалардың мазмұны мен мағынасын анықтаудан және түсіндіруден тұрады. Конституцияның нормаларын ресми түсіндіру – бұл Конституция нормаларының мәнін анықтаудың түрлі тәсілдері арқылы олардың сөзбен білдірілу мағынасына сәйкес Конституциялық Кеңес беретін нормативтік түсіндіру. Түсіндірудің көлемін күні бұрын анықтап болмайды, өйткені Конституциялық Кеңес Конституция нормаларын түсіндірудің әдістерін таңдауда Конституцияны ғана негізге алады. Бұл жерде Конституция нормаларының оның жалпы ережелерімен және принциптерімен қисынды түрдегі өзара байланысы мен қабаттастығы назарға алынады. Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары, Конституция нормаларын тек өтініш субъектілерінің мәселелері бойынша ғана талдау прецеденттерін жасай отырып, тікелей конституциялық реттеу үшін бұл нормалардың мағыналық түсінігін толықтыра түседі. Конституцияның мағынасынан, ондағы жазылған нормалардан, жалпы ережелер мен принциптерден тікелей келіп шықпайтын ұйғарымдарды Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі жасамайды. Конституция нормаларын түсіндіре отырып, Кеңес конституциялық реттеу нысанының шегінен шықпайды.

      Конституциялық Кеңес құрылған күннен бері оған келіп түскен өтініштердің 40%-дан астамын Конституцияның нормаларын ресми түсіндіру туралы өтініштер құрайды. Конституцияның нормаларын ресми түсіндіру туралы қаулыларда Конституциялық Кеңес адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылуы және қорғалуы, Қазақстан Республикасының азаматтығы, Республика Президентінің мәртебесі мен өкілеттігі, Парламенттің құзыреті мен оның қызметін ұйымдастыру, Парламент депутаттарының мәртебесі, заң шығару процесі, биліктің заң шығарушы және атқарушы тармақтарының өзара қарым-қатынасы, сайлау жүйесі, Үкіметтің, соттардың және өзге де мемлекеттік органдардың құзыреті мен қызметі мәселелерін және т.б. қарады. Конституциялық Кеңес шетелдердің конституциялық юстиция органдарымен, Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссия (Венециялық комиссия), Жас демократиялы елдердің конституциялық бақылау органдары конференциясы секілді мәртебелі халықаралық ұйымдармен байланыс орнатқан. Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелері шетелдердің конституциялық соттарына, өзге де органдарына іссапарлармен барып, конференцияларға және өзге іс-шараларға қатысу арқылы конституциялық бақылауды жүзеге асыру мәселелері бойынша тәжірибе алмасады.

 

        Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерiнiң анты -   Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерiнен олар тағайындалғаннан кейiн Парламент Палаталарының бiрлескен отырысында салтанатты жағдайда Республика Президентi мынадай мазмұнда ант қабылдайды: Өзiме жүктелген Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң төрағасы (мүшесi) мiндетiн адал атқаруға, әдiл болуға және басқа ешкiмге, еш нәрсеге емес, тек Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана бағынуға салтанатты түрде ант етемiн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

 

      Қорыта айтқанда, Конституциялық Кеңес республиканың барлық

аумағында ҚР Конституциясының жоғары тұруын қамтамасыз ететін мемлекеттік  орган. Конституциялық Кеңес өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде дербес және мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, лауазымды адамдар мен азаматтарға тәуелсіз, республика Конституциясына ғана бағынады әрі саяси және өзге себептерді негізге ала алмайды.

      Конституциялық Кеңес  - Қазақстанның саяси жүйесінде  айрықша орынға ие. Қазақстан  Республикасы Конституциялық Кеңесі  өкілеттіктері алты жылға созылатын  жеті мүшесінен құралған. Конституциялық  Кеңестің өмір бақилық мүшелігіне  Республиканың Экс-Президенттері  құқылы болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 

  1. ҚР Конституциясы. 1995 ж 30 тамыз.
  2. 1995-2000 жж. кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер: Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары(1991 ж. 16 желтоқсан - 2001 ж. 1 қаңтар).
  3. "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" конституциялық заң күші бар ҚР Президентінің 1995 ж. 29 желтоқсандағы № 2737 Жарлығы(ҚР Парламентінің Жаршысы, 1995, №24, 173-бап).
  4. 1995-2000 жж. кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер: Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (1991 ж. 16 желтоқсан - 2001 ж. 1 қаңтар).  
  5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым. Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007.
  6. С.Боранбаев  «Президенттік биліктің тиімділігі» Алматы, 2009.
  7. Дулатбеков Н.О., Жұмабекова Г.Х. «Мемлекет және құқық негіздері» курсы бойынша әдістемелік нұсқаулар- Қарағанды, 1998.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе ҚР Конституциялық Кеңесі, оның құқықтық мәртебесі