Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Сентября 2013 в 11:52, реферат
2002 жыл біздің республикамызда Денсаулық жылы болып жарияланды. Еліміздегі денсаулық сақтау саласының даму және нығаю тарихы Қазақстанның бүкіл халық шаруашылығының даму тарихын көрсетеді. Республикадағы денсаулық сақтау саласы бүгінгі күні қиын жағдайда: бюджеттегі емдеу мекемелері азаматтарға қолайылы, ақысыз, білікті медициналық жәрдем көрсете алмайды, ал ақылы жәрдем алуға жұрттың бәрінің мүмкіндігі жоқ, жаңа жүйе болса әлі игерілмеген. Біз денсаулық сақтау саласын алға ілгерілету үшін ең алдымен оның даму тарихын, оны құрушыларды білуге, оларды қиын экономикалық жағдай кезінде ұзақ жылдар бойы сіңірген еңбегін ардақтауға тиістіміз.
Қазақстанның медицинасы төңкеріске дейінгі кезеңде өз бетінше дамыды, тұрғындар негізінен халық медицинасын кеңінен қолданды.
А. Васильев, А. Ячмин, А. Диваев және басқалар көрсеткендей, XIX ғасырда Қазақстанда медициналық қызметпен негізінен бақсылар, сынықшылар, тәуіптер айналысқан.